Экспорттық бақылауға жататын өнiм транзитiнiң ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 шілдедегі N 674 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 130 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.11.  N 130  (2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Экспорттық бақылауға жататын өнiм транзитiнiң ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 14  шiлдедегi
N 674 қаулысымен   
бекiтiлген   

  Экспорттық бақылауға жататын өнiм транзитiнiң ережесi

1. Жалпы ережелер

         1. "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы  Заңына  сәйкес құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi қоспағанда, экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң (бұдан әрi - өнiм) транзитi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) рұқсаты негiзiнде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының индустриялық, ғылыми-технологиялық, инновациялық дамуының мемлекеттiк саясатын iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. Осы Экспорттық бақылауға жататын өнiм транзитiнiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өнiм транзитiне рұқсат алу үшiн қажеттi құжаттарды дайындаудың, рұқсат берудiң, беруден бас тартудың және оның қолданылуын тоқтата тұрудың рәсiмiн айқындайды.
      3. Осы Ережеде белгiленген талаптар өнiм транзитiне байланысты Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына, шетелдiк заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) қолданылады.
      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Ережеде көзделгеннен өзге нормалар белгiленген болса, онда халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.

2. Өтiнiштi және рұқсат алу үшiн қажеттi құжаттарды берудiң тәртiбi

      4. Осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш (бұдан әрi - өтiнiш) уәкiлеттi мемлекеттiк органға берiледi.
      5. Өтiнiшке мыналардың:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiне және/немесе орыс тiлiне ресми аудармасы бар өтiнiш берушiнiң мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiне және/немесе орыс тiлiне ресми аудармасы бар өтiнiш берушi мемлекетiнiң қолданыстағы заңнамасына сәйкес өнiм транзитiне байланысты қызметтi жүзеге асыруға құқықты растайтын құжаттың;
      3) экспорттаушы елдiң экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органы берген өнiмдi әкетуге рұқсаттың болуы туралы құжаттың;
      4) сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасы (бұдан әрi - СЭҚ ТН) бойынша және бақылау тiзiмi бойынша кодтарын көрсете отырып, өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi (заттай және құндық мәнде) қоса берiлген, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiне және/немесе орыс тiлiне ресми аудармасы бар өнiмдi жеткiзуге арналған келiсiм-шарттың;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiне және/немесе орыс тiлiне ресми аудармасы бар азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартының және/немесе сақтандыру полисiнiң;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтiнiш берушi орналастырған және өнiм транзитi кезiнде iс-шараларды жүзеге асыруға байланысты күтпеген шығыстарды өтеу үшiн қажеттi депозит сомасы туралы банк анықтамасының;
      7) өтiнiш берушiнiң өнiмдi физикалық қорғауды жүзеге асыруды қамтамасыз еткенiн растайтын құжаттардың және физикалық қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруға құқығын растайтын құжаттың;
      8) жүк алушыдан тәуелсiз себептер бойынша жүктi оған беру мүмкiн болмаған жағдайда, өнiмдi жөнелтушiнiң осы жүктi қайтадан қабылдауға келiсiмiн растайтын құжаттардың;
      9) өтiнiш берiлген транзиттiк тасымалдауды жүзеге асыру кезiндегi қозғалыс бағыттарының, әкелудiң және әкетудiң шекаралық пункттерiнiң, көлiк түрiнiң Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органымен келiсiлгенiн растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесi қоса берiледi.
      6. Шетел мемлекетiнiң мемлекеттiк органы өтiнiш берушi болған жағдайда:
      1) осы Ереженiң 5-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;
      2) осы Ереженiң 5-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген келiсiм-шарт болмаған жағдайда өнiмдi жеткiзу қажеттiгiн негiздейтiн өзге де құжаттар ұсынылады.
      7. Қажет болған жағдайда осы Ереженiң 5 және 6-тармақтарында көрсетiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес консулдық заңдастыру немесе апостиль беру туралы талаптар сақтала отырып ұсынылады.
      8. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы экспорттық бақылауға жататын өнiмдi заңсыз алып өтудi болдырмау және оның жолын кесу мақсатында уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес осы Ереженiң 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн мемлекеттiк органдарға келiсуге жiбередi.
      9. Мемлекеттiк органдар осы Ереженiң 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетiлген, уәкiлеттi мемлекеттiк орган жiберген құжаттарды мынадай номенклатура бойынша он күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды:
      1) жай қару-жарақ пен әскери техника, оларды өндiруге байланысты шикiзат, материалдар, арнайы жабдықтар мен технологиялар, жұмыстар мен қызметтер - Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы уәкiлеттi органында;
      2) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдықтар, қондырғылар, технологиялар, иондаушы сәуле шығару көздерi, қосарлы қолданылатын өнiм, жабдықтар мен тиiстi технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен қызметтер - Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау режимiн қамтамасыз ету және атом энергиясын қауiпсiз пайдалануды реттеу саласындағы және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органдарында;
      3) халықаралық таратпау режимдерiнде белгiленетiн тiзiмдер, тiзбелер бойынша химиялық қару жасау кезiнде қолданылуы мүмкiн қосарлы қолданылатын химикаттар мен технологиялар - Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты, ветеринария, өсiмдiктердi қорғау, атом энергетикасын қоса алғанда, энергетика, минералдық ресурстар, мұнай-химия мен атом өнеркәсiбi саласындағы және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органдарында;
      4) тiзiмдерi, тiзбелерi халықаралық таратпау режимдерiнде белгiленетiн бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару жасау кезiнде қолданылуы мүмкiн ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық өзгертiлген нысандары және генетикалық материалдардың фрагменттерi - Қазақстан Республикасының ветеринария, өсiмдiктердi қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органында;
      5) тiзiмдерi, тiзбелерi халықаралық таратпау режимдерiнде белгiленетiн зымыран техникасы, зымыран техникасын жасау кезiнде қолданылатын қозғалтқыштар, олардың құрамдауыштары, жабдықтары, материалдар мен технологиялар - аэроғарыш қызметi саласындағы уәкiлеттi органда;
      6) қызметтiк, азаматтық қару мен оның патрондары, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, жарылыс құралдары, пиротехника - Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес саласындағы уәкiлеттi органында;
      7) әскери мақсаттағы өнiмге және қосарлы қолданылатын технологияларға байланысты ғылыми-техникалық ақпарат, қызметтер мен зияткерлiк қызмет нәтижелерi - Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым саласындағы уәкiлеттi органында.
      10. Мемлекеттiк органдар уәкiлеттi мемлекеттiк органды қарау нәтижелерi туралы хабардар етедi.
      11. Мемлекеттiк органдардың ұсынылған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган рұқсат беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның транзитке рұқсат беруден бас тарту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкiн.
      12. Құжаттарда көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн өтiнiш берушi жауапты болады.
      13. Рұқсат беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм осы Ереженiң 4, 5 және 6 тармақтарында көрсетiлген құжаттар түскен күннен бастап 30 күнтiзбелiк күн iшiнде қабылданады.

3. Рұқсат беру

      14. Транзитке рұқсат өнiм атауларының санына қарамастан, СЭҚ TH сәйкес кемiнде он белгiден тұратын деңгейдегi кодын көрсете отырып, тауардың бiр түрiне ресiмделедi.
      15. Транзитке рұқсат өтiнiш берушiге рұқсат берiлген күннен бастап бiр күнтiзбелiк жылдан аспайтын мерзiмге бiр транзит операциясын жүзеге асыру үшiн берiледi.
      Егер өнiм транзитi көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырылмаса, онда транзитке рұқсат автоматты түрде жойылады.
      16. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган аумақтық кеден органдарына хабарлау үшiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға мөрлердiң бедерлерiн және рұқсатты растайтын уәкiлеттi тұлғалар қолдарының үлгiлерiн ұсынады және уәкiлеттi тұлғалар өзгерген жағдайда үш күнтiзбелiк күн iшiнде кеден iсi жөнiндегi уәкілетті органға хабарлайды.
      17. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган үш күн мерзiмде кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға транзитке берiлген рұқсаттардың көшiрмелерiн жiбередi.
      18. Транзитке берiлген рұқсат басқа заңды немесе жеке тұлғаға берiлмейдi.

4. Рұқсат беруден бас тарту және оның қолдануын тоқтата тұру

      19. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай жағдайларда:
      1) осы Ереженiң 5 және 6-тармақтарында көрсетiлген құжаттар толық ұсынылмаса немесе өтiнiш дұрыс ресiмделмесе;
      2) рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi көрсеткен мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталса;
      3) мемлекеттiк органдардың бiрi келiсуден бас тартса;
      4) егер баратын елге немесе жөнелтушi елге оларға қатысты Қазақстан Республикасы осы салада оларды сақтау туралы мiндеттемелер қабылдаған халықаралық ұйымдар мен жекелеген мемлекеттердiң санкциялары салынса рұқсат беруден бас тартады.
      Рұқсат беруден бас тарту кезiнде өтiнiш берушiге рұқсат беру үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде уәжделген жауап берiледi.
      20. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өнiм транзитiнiң шарттары бұзылған:
      1) өтiнiш берушi транзитке рұқсатта қамтылған талаптарды орындамаған;
      2) өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрады.
      Берiлген рұқсаттың күшiн тоқтата тұру туралы шешiм өтiнiш берушiге және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға рұқсаттың қолдануын тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш күн мерзiм iшiнде жазбаша нысанда хабарланады.
      21. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрудың себептерi жойылғаннан кейiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган рұқсаттың жаңартылуы туралы шешiм қабылдайды, ол үш күн мерзiм iшiнде өтiнiш берушi мен кеден iсi жөнiндегi уәкiлеттi органға жазбаша нысанда хабарланады.

5. Мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау

      22. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн Қазақстан Республикасының кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органына осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес транзитке берiлген рұқсаттар туралы ақпаратты жiбередi.
      23. Қазақстан Республикасының кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органы тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiне дейiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нақты жүзеге асырылған өнiм транзитi туралы ақпаратты жiбередi.

Экспорттық бақылауға жататын
өнiм транзитiнiң ережесiне 
1-қосымша          

1-дана - өтiнiш берушiге,
2-дана - экспорттаушы елге,
3-дана - кеден органына,
4-дана - уәкiлеттi органға

Транзитке рұқсат беру  

1.                                             N Рұқсат

2. Жүк жөнелтушi ұйым, мекен-жайы, телефоны         |______

3. Жүк алушы ұйым,   |________
мекен-жайы, телефоны  

7. Жөнелтушiнiң елi  |______

4. Жүк тасымалдаушы  |________
ұйым, мекен-жайы,
телефоны

8. Алушының елi      |______

5. Жүк               |________
тасымалдаушының елi

9. Рұқсаттың қолданылу |____
мерзiмi

6. Кеден органы
 
Әкелу               |_________
 
Әкету               |_________

10. Төлем валютасы   |______
                     |
                     |
                     |
                     |

11. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы

12. СЭҚ ТН
бойынша тауар коды

14. Өлшем
бiрлiгi

16.   Тауардың жалпы
құны
(мың):

төлем
валютасында:

теңгемен:

USD
долларымен:

  

13. Бақылау
тiзiмдерi
бойынша тауар коды

15. Саны

17. Рұқсат сұрау үшiн негiздеме (келiсiм-шарт, шарт, инвойс N, оған қол қойылған күн)

19. Рұқсат беру туралы
шешiмдермен келiсетiн
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары

18. Өтiнiш берушi ұйымнан 
 
Аты-жөнi
 
Лауазымы
 
Қолы, МО               күні

20. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi

Аты-жөнi

Лауазымы

Қолы, МО                күні

21. Сақтандыру полистерiнiң нөмiрлерi, сақтандыру компаниясының атауы

22. Рұқсат берудiң ерекше шарттары

Экспорттық бақылауға жататын
өнiм транзитiнiң ережесiне 
2-қосымша         

                 Транзитке рұқсат беруге өтiнiш

1.                                           N рұқсат

2. Жүк жөнелтушi ұйым, мекен-жайы, телефоны         |_____

3. Жүк алушы ұйым,     |_____
мекен-жайы, телефоны

7. Жөнелтушiнiң елi    |_____

4. Жүк тасымалдаушы    |_____
ұйым, мекен-жайы,
телефоны

8. Алушының елi       |_____

5. Жүк тасымалдаушының |_____
елi

9. Рұқсаттың қолданылу |_____
мерзiмi

6. Кеден органы      |_______
 
Әкелу                |_______

Әкету                ________
                    |

10. Төлем валютасы    |______
                      |
                      |
                      |
                      |
                      |

11. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы 

12. СЭҚ ТН
бойынша тауар коды

14. Өлшем
бiрлiгi

16. Тауардың жалпы
құны (мың):

төлем
валютасында:

теңгемен:

USD
доллары-
мен:

  

13. Бақылау тiзiмдерi бойынша тауар коды

 15. Саны 

17. Рұқсат сұрау үшiн негiздеме
(келiсiм-шарт, шарт, инвойс N, оған қол қойылған күн)

19. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi
 
 
Аты-жөнi
 
Лауазымы

Қолы, МО              күні

18. Өтiнiш берушi ұйымнан
 
Аты-жөнi
 
Лауазымы
 
Қолы, МО              күні

20. Сақтандыру полистерiнiң нөмiрлерi, сақтандыру компаниясының атауы

21. Рұқсат берудiң ерекше шарттары

                                   Экспорттық бақылауға жататын өнім
                                          транзитінің ережесіне
                                                 3-қосымша
 
    Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитіне берілген
                   рұқсаттар туралы ақпарат

р/с
N

Транзитке рұқсаттың N және күні

Экспорттаушының (елдің) атауы

Импортаушының (елдің) атауы

Өнім атауы

ЕурАзЭҚ СЭҚ 
коды

бақылау тізімі сыныптамасы бойынша коды

Өлшем  бірлігі

Транзитке рұқсат етілген тауар
дың саны

ҚР аумағына кіру кезіндегі өту станциясы

ҚР аумағынан шығу кезіндегі өту станциясы

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

                                   Экспорттық бақылауға жататын өнім
                                          транзитінің ережесіне
                                                 4-қосымша

  Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитін нақты жүзеге асыру
                         туралы ақпарат

Р/
с
N

Транзитке рұқсаттың N және күні

Экспорттаушының (елдің) атауы

Импорттаушының (елдің) атауы

Өнім
атауы

ЕурАзЭҚ
СЭҚ ТН
коды

Бақылау тізімі сыныптамасы бойынша коды

Өлшем 
бірлігі

Іс жүзінде өткізілген жүктің саны

ҚР аумағына кіру кезіндегі кеден органы

ҚР аумағынан шығу кезіндегі кеден органы

ДКД
N

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2006 жылғы 14 шiлдeдегi
N 674 қаулысына  
қосымша   

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 42, 496-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 наурыздағы N 450  қаулысы .

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 шiлдедегi N 1033  қаулысы .

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 16 қазандағы N 1540  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 42, 496-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 151  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 45-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 және 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 31 қазандағы N 1155  қаулысы  1-тармағының 2) тармақшасы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын бақылау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi N 947  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 37, 383-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады