"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Z980272_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - "Қазақстан темiр жолы" РМК) одан заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды:
1) мүлiктiк кешен ретiнде "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның Ақтөбе материалдық-техникалық жабдықтау филиалының Ақтөбе жұмыстық жабдықтау бөлiмiн бөлiп шығару және осы мүлiктiк кешеннiң базасында "Ақтөбе сауда қызметiн көрсету орталығы" ашық акционерлiк қоғамын құру арқылы;
2) мүлiктiк кешен ретiнде "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның Алматы материалдық-техникалық жабдықтау филиалының Жамбыл жұмыстық жабдықтау бөлiмiн бөлiп шығару және осы мүлiктiк кешеннiң базасында "Жамбыл сауда қызметiн көрсету орталығы" ашық акционерлiк қоғамын құру арқылы;
3) мүлiктiк кешен ретiнде "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның Алматы материалдық-техникалық жабдықтау филиалының Алматы жұмыстық жабдықтау бөлiмiн бөлiп шығару және осы мүлiктік кешеннiң базасында "Алматы сауда қызметiн көрсету орталығы" ашық акционерлiк қоғамын құру арқылы;
4) мүлiктiк кешен ретiнде "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның Ақмола материалдық-техникалық жабдықтау орталығының Қарағанды жұмыстық жабдықтау бөлiмiн бөлiп шығару және осы мүлiктiк кешеннiң базасында "Қарағанды сауда қызметiн көрсету орталығы" ашық акционерлiк қоғамын құру арқылы;
5) мүлiктiк кешен ретiнде "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның Ақмола материалдық-техникалық жабдықтау орталығының Ақмола жұмыстық жабдықтау бөлiмiн бөлiп шығару және осы мүлiктiк кешеннiң базасында "Ақмола сауда қызметiн көрсету орталығы" ашық акционерлiк қоғамын құру арқылы;
6) мүлiктiк кешен ретiнде "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның Қызылорда облысында орналасқан санаторий-профилакторийiн бөлiп шығару және осы мүлiктiк кешеннiң базасында "Қызылорда" санаторий-профилакторийi" ашық акционерлiк қоғамын құру арқылы;
7) мүлiктiк кешен ретiнде "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның Қарағанды облысында орналасқан санаторий-профилакторийiн бөлiп шығару және осы мүлiктiк кешеннiң базасында "Арман" санаторий-профилакторийi" ашық акционерлiк қоғамын құру арқылы;
8) мүлiктiк кешен ретiнде "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның Ақтөбе облысында орналасқан санаторий-профилакторийiн бөлiп шығару және осы мүлiктiк кешеннiң базасында "Батыс аймағының жолдық сауықтыру орталығы" ашық акционерлiк қоғамын құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. "Қазақстан темiр жолы" РМК-ның "Темiржолмүлік" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны одан заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды:
1) мүлiктiк кешен ретiнде Оңтүстiк Қазақстан облысында орналасқан профилакторийдi бөлiп шығару және осы мүлiктiк кешеннiң базасында "Арыс" санаторий-профилакторийi" ашық акционерлiк қоғамын құру арқылы;
2) мүлiктiк кешен ретiнде Павлодар облысында орналасқан профилакторийдi бөлiп шығару және осы мүлiктiк кешеннiң базасында "Павлодар сауықтыру-оңалту орталығы" ашық акционерлiк қоғамын құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
3. Құрылатын ашық акционерлiк қоғамдардың негiзгi қызмет түрлерi болып мыналар белгіленсiн:
1) осы қаулының 1-тармағының 1)-5) тармақшаларына сәйкес - темiр жол станцияларында тұрғындарды халық тұтынатын тауарлармен және азық-түлiкпен қамтамасыз ету;
2) осы қаулының 1-тармағының 6)-8) тармақшаларына және 2-тармағына сәйкес - халыққа емдеу-профилактикалық қызметтердi көрсету.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгімен келiсiм бойынша осы қаулыға сәйкес құрылатын ашық акционерлiк қоғамдардың (бұдан әрi - Қоғамдар) жарғыларын бекiтсiн;
2) Қоғамдардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін;
3) мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн бiр айлық мерзiмде Қоғамдар
акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқығын
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне берсiн;
4) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгiмен бiрлесiп Қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн
жекешелендiру туралы ұсыныстар енгiзсiн;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.