"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгімен мен Әзербайжан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi арасындағы ынтымақтастық пен кеден құжаттарын және кедендiк қамтамасыз етулердi өзара тану туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 1 қараша N 1645

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгімен мен

Әзербайжан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi арасындағы

ынтымақтастық пен кеден құжаттарын және кедендiк қамтамасыз етулердi өзара

тану туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                                    Жоба


                      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ


      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі мен

         Әзербайжан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi

      арасындағы ынтымақтастық пен кеден құжаттарын және кедендiк

     қамтамасыз етулердi өзара тану туралы келiсiмдi бекiту туралы


     2000 жылғы 7 сәуiрде Баку қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Әзербайжан

Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi арасындағы ынтымақтастық пен

кеден құжаттарын және кедендiк қамтамасыз етулердi өзара тану туралы

келiсiм бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті


       Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі мен

         Әзербайжан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнің

      арасындағы Ынтымақтастық және кедендiк құжаттар мен кедендік

                  қамтамасыз етулердi өзара тану туралы

                                 КЕЛІСIМ



 
       Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi және Әзербайжан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi,
      Тараптар мемлекеттерiнің кеден қызметтерi арасындағы ынтымақтастықты алдағы уақытта дамытуға және нығайтуға ұмтыла отырып,
      тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу кезiндегі кедендік шарттылықтарды оңайлату мақсатында,
      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Әзербайжан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Кеден iстерiндегi ынтымақтастық туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру мақсатында,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:
 

                                  1-бап



 
 
       Қазақстан тарабынан осы Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру жөнiндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi болып табылады.
      Әзербайжан тарабынан осы Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру жөнiндегі уәкiлеттi орган Әзербайжан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi болып табылады.
      Жоғарыда аталған уәкiлеттi органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптарға дипломатиялық арналар бойынша уақтылы хабарланатын болады.
 

                                  2-бап



 
 
       Тараптар кедендiк және валюталық ережелердiң сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әрбiр Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңдарының шеңберінде кеден мәселелерi бойынша жан-жақты ынтымақтасатын және бiр-бiрiне қажеттi көмек көрсететiн болады.
 

                                  3-бап



 
 
       Осы Келісiмде көзделген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Тараптар жүк және жолаушылар қатынасындағы, пошталық айырбастағы кедендiк ресiмдеудi жеделдетуге, кедендiк бақылаудың нысандары мен тәсiлдерiн жетiлдiруге, сондай-ақ көлiк құралдарының, жүктер мен жолжүгiнiң, пошталық жөнелтiмдердiң, валютаның, басқа да төлем құралдары мен валюталық құндылықтардың (бұдан әрi мәтiн бойынша - тауарлар) заңсыз әкелiнуiн, әкетiлуiн және транзитiн болдырмауға бағытталған қажеттi шараларды қабылдайтын болады.
 

                                  4-бап



 
 
       Тараптар шекара арқылы өтетiн тауарларды Тараптар мемлекеттерiнің кедендiк және валюталық ережелерiне жауап беретiн, сондай-ақ жүк, жолаушылар және пошталық қатынаста қолданылатын тиiстi құжаттармен қамтамасыз ететiн болады.
 

                                   5-бап



 
 
       Тараптар мемлекетiнiң бiрiнiң аумақтары арқылы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына транзитпен өткiзiлетiн, сондай-ақ бiр Тарап мемлекетiнiң аумағында ресiмделген және Тараптар мемлекеттерiнің аумақтары арқылы транзитпен өтетiн тауарлар олардың әкелiнуiне, әкетiлуiне және транзитiне Тараптар мемлекеттерiнің ұлттық заңдарымен тыйым салынған деп санайтын негiздемелер болған жағдайды қоспағанда кедергiсiз тасымалданатын болады немесе Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес тасымалданатын тауарлар қатысында кеден баждары мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету сомаларын төлеу туралы талап қолданылады.
 

                                   6-бап



 
 
       Тараптар кедендiк құжаттарды, көлiк құралдарындағы, жүктердегi және пошталық жөнелтiмдердегі кеден мөртабандарын, мөрлер мен мөртаңбалардың бедерлемелерiн, ресми белгiлердi өзара танитын болады. Олар, сондай-ақ экспедиторлық және көлiк ұйымдарының мөртабандары мен мөрлерiн, көлiк құралдарындағы олардың ресми белгiлерiн де мойындайтын болады.
 

                                   7-бап




 

     Тараптар осы Келiсiмнiң 6-бабында аталған кедендік құжаттар мен

кедендiк қамтамасыз етулердiң үлгілерiмен, сондай-ақ олардың

мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы әкелу, әкету немесе транзитi шектелген

немесе Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарымен тыйым салынған

тауарлардың тiзiмдерiн алмасады.


                                   8-бап


     Тараптар өзара уағдаластық бойынша кеден құжаттарын үйлестiруге

ұмтылады.


                                   9-бап



 
       Егер бiр Тарап мемлекетiнiң аумағына екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағынан әкелiнетiн тауарлар кедендiк, валюталық, карантиндiк немесе малдәрiгерлiк ережелердiң және/немесе әкелу нұсқаулықтарының негiздерiнде немесе қауiпсiздiк шаралары бойынша өткізуге жатпайтын болса, Тараптардың кеден органдары өз мемлекеттерiнiң аумағына осы тауарларды өткiзуден бас тартудың себептерi туралы хабарлайды.
 

                                   10-бап



 
 
       Тараптар Қазақстан Республикасының және Әзербайжан Республикасының азаматтары осы елдердiң аумақтары арқылы үшiнші елдердiң аумақтарына өткен кезде қол жүгi мен жолжүгін кедендік бақылау және шығару Тараптар мемлекеттерiнің ұлттық заңдарын сақтаумен жүргiзiледi деп келістi.
      Осы мақсатпен:
      - Қазақстан Республикасының кеден органдары Әзербайжан Республикасы азаматтарының қол жүгi мен жолжүгіндегі тауарларды шығаруды Әзербайжан Республикасының кеден органдарымен куәлендiрiлген кедендiк декларацияның негiзiнде жүзеге асырады.
      - Әзербайжан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасы азаматтарының қол жүгi мен жолжүгiндегі тауарларды шығаруды Қазақстан Республикасының кеден органдарымен куәлендiрiлген кедендiк декларацияның негізiнде жүзеге асырады.
 

                                   11-бап




 

     Тараптар кеден iсi мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актілер

туралы ақпаратты бiр-бiрiне беретiн болады.

     Тараптар нормативтiк құқықтық актiлердегi, қызметтiк жазбалардағы

және кедендiк құжаттар мен қамтамасыз етулердiң нысандарындағы өзгерiстер

мен толықтырулар туралы бiр-бiрiне уақтылы хабарлайды.

     Тараптар кеден iсi мәселелерi жөнiнде тәжiрибе алмасуға жәрдем

көрсетедi.


                                   12-бап


     Кедендiк құжаттар жөнелтетiн мемлекеттiң ұлттық заңдарында көзделген

тiлде және/немесе орыс тiлiнде жасалады.

     Тараптар арасындағы хат хабар орыс тiлiнде жүргiзiледi.


                                    13-бап



 
       Осы Келiсiмдi орындауға, талқылауға және өзгертуге байланысты

 

туындаған барлық даулы мәселелер Тараптар арасындағы консультациялар мен

келiссөздер арқылы шешiледi.

     Осы Келiсiмге екi Тараптың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң

ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалар түрiнде ресiмделетiн өзгерiстер

мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.


                                    14-бап


     Осы Келiсiмнiң ережелерi басқа халықаралық шарттарға сәйкес Тараптар

мемлекеттерiнiң қабылдаған мiндеттемелерiне ықпал етпейді.


                                    15-бап



 
       Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Әзербайжан Республикасы Кеден комитетiнiң арасындағы кедендiк құжаттар мен кедендiк қамтамасыз етулердi тану туралы 1993 жылғы ақпандағы келiсiм өз қолданысын тоқтатады.
 

                                    16-бап



 
 
       Осы Келiсiм бес жылдық мерзiмге жасалады және Келiсiмнің күшiне енуiн қамтамасыз ететiн қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы бiр-бiрiне дипломатиялық арналар бойынша хабарлағаннан кейiн күшiне енедi. Тараптардың бiрде-бiрi тиiстi мерзiмi өтерден алты ай бұрын осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша нысанда мәлiмдемесе, ол

 

келесi 5 жылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылады және күшiнде қала беретiн

болады.


     Баку қаласында 2000 жылғы 7 сәуірде қазақ, әзербайжан және орыс

тiлдерiнде жасалды және де барлық мәтiннiң күшi бiрдей.

     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде пікiр алшақтықтары туындаған

жағдайда, орыс тілiндегi мәтiн пайдаланылатын болады.


     Қазақстан Республикасының          Әзербайжан Республикасының

     Мемлекеттік кіріс министрлігі      Мемлекеттік кеден комитеті

     үшін                               үшін




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады