"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 3 қараша N 1660

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне толықтырулар мен

өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан

Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                                  Жоба


                       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ


              Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне

                 толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы


     Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мынадай толықтырулар

мен өзгерiстер енгізiлсiн:


 
       1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне K941000_ (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 жылғы 3 және 7 тамызда "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 3 және 5 тамызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегі Z990436_ Заңы; 1999 жылғы 9 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазыналық кәсiпорындар қызметiнің мәселелерi жөнiндегі Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 4 қарашадағы Z990472_ Заңы):
      1) 49-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1)-тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) заңды тұлғаны әрекетсiз деп тану.
      Қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асырмаған, белгiленген ұсыну мерзiмiнен кейiн бiр жыл өткен соң жиынтық жылдық табысы туралы декларация ұсынбаған және көрсетiлген кезеңде банктiк шоттарда қаражат қозғалысы болмаған заңды тұлға әрекетсiз заңды тұлға болып табылады.".
      2. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Z952200_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 3-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 784-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 жылғы 14 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2000 жылғы 13 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шiлдедегі Заңы):
      9-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 52) тармақшамен толықтырылсын:
      "52) заңды тұлғалардың мөрлерiн әзiрлеуге байланысты қызмет.".
      3. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 25 сәуiрдегі Z952235_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; N 17-18, 224, 225-құжаттар; 1999 ж., N 5, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар; 2000 жылғы 8 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шiлдедегі Z000065_ Заңы):
      1) 65-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Тауарларды, жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) жөнелтудi iс жүзiнде жүзеге асырмаған қосылған құн салығын төлеушi жазып берген шот-фактура, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша есепте тұрмаған салық төлеушi жазып берген және қосылған құн салығының сомасы енгізiлген шот-фактура жалған шот-фактура деп танылады.
      Салық төлеушiлердiң жалған шот-фактураларды пайдалануы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген салдарларға әкеп соғады.".
      2) 139-1-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл ретте, аумақтық салық органдары салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер бойынша берешегі жоқ әрекетсiз заңды тұлғаларды салық есебiнен шығаруға құқылы.";
      3) 171-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы - 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) сотта:
      оны әрекетсiз деп тану негізiнде заңды тұлғаны тарату туралы;
      заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда талап-арыз беруге.".
      4. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Z970067_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Әрекетсiз борышкер - көрсетiлген кезеңде өзiнiң банк шоттары бойынша қандай да болсын операция жүргiзбеген және белгiленген мерзiмнен кейiнгi бiр жыл өткеннен кейiн жиынтық жылдық табысы туралы декларация тапсырмаған, қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асырмаған және несиелiк берешегi бар заңды тұлға.";
      2) 3-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың нормалары әрекетсiз борышкерге несие берушiлердiң талаптарына қолданылмайды.";
      3) 94-бапта:
      тақырыбындағы "жоқ" деген сөзден кейiн "және әрекетсiз" деген сөздермен толықтырылсын;
      мәтiндегі "жоқ" деген сөзден кейiн "әрекетсiз" деген сөзбен толықтырылсын;
      1-тармақта "жағдайларда" деген сөз "болмаса борышкер әрекетсiз болып табылған, не" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Жоқ (әрекетсiз) борышкерде конкурстық масса болмаған жағдайда, сот уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша салық органы тапсырған растаушы құжаттар негізiнде банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
      Несие берушiлердiң келiсiмiмен сот конкурстық iс қозғамай-ақ жоқ әрекетсiз борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарады.
      Мұндай жағдайда, соттың жоқ (әрекетсiз) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiмiнде мыналар көрсетiлуi тиiс:
      1) борышкердi конкурстық iс қозғаусыз тарату туралы;
      2) әрекетсiз борышкердi таратуды жүргізудi уәкiлеттi органға тапсыру туралы;
      3) шешiм шығарылғанға дейiн сотқа жүгiнген несие берушілер мәлiмдеген талаптардың мөлшерi туралы.";
      3-тармақта "борышкердi таратуды" деген сөздерден кейiн "осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 95-бапта:
      тақырыбында "жоқ" деген сөзден кейiн "және әрекетсiз" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Конкурстық масса болмаса, әрекетсiз борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы хабарландыруды уәкiлеттi орган орталық әдiлет органының ресми баспа басылымында жариялайды. Хабарландыруды жариялаумен байланысты баспа басылымының шығындары несие берушiлердiң талаптары тiзiлiмiне енгiзiледi.

 

     Уәкiлеттi орган осы Заңда белгiленген тәртiппен несие берушiлердiң

талаптары тiзiлiмiн жасайды.

     Несие берушiлер талаптары тiзiлiмiн бекiту әрекетсiз борышкердi

тарату үшiн негіз болып табылады.

     Егер борышкердi тарату процесiнде оның мүлкi бар екенi анықталса, сот

конкурстық iс тағайындау туралы ұйғарым шығарады, ол осы Заңның 6

тарауында белгiленген ережелер бойынша жүзеге асырылады.".


     Қазақстан Республикасының

           Президентi


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады