"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Z970163_ Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегі N 440 U000440_ және "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 U000471_ Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына, 2000 жылға арналған Z990473_ республикалық бюджетте табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға арналған, Үкіметтің резервінен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін 26 (жиырма алты) миллион теңге бөлсін.
2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің заңнамада белгіленген тәртіппен негізгі жабдықтарды мемлекеттік сатып алуды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігімен келісім бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен
жүзеге асыру туралы ұсынысына келісім берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.