"Байқоңыр" ғарыш айлағынан 2001 жылы ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынау үшін ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 желтоқсан N 1933

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан 2001 жылы ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынау үшін ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) беру және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан 2001 жылы ғарыш

 

аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынау үшін ұшыру жоспарлары бойынша

қорытынды (бұдан әрі - Қорытынды) бекітілсін.

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапына

дипломатиялық арналар арқылы Қорытындыны жіберсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

      бірінші орынбасары


                                         Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

                                         2000 жылғы 29 желтоқсандағы

                                         N 1933 қаулысымен бекiтiлген


     "Байқоңыр" ғарыш айлағынан 2001 жылы ғарыш аппараттарын

   ұшыру және зымырандарды сынау үшін ұшыру жоспарлары бойынша

                       ҚОРЫТЫНДЫ



 
       Ресей Тарапы ұсынған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан 2001 жылы ғарыш аппараттарын ұшыру туралы жоспары ("Протон-М" ЗТ пайдалануды қоспағанда, 1 және 2-қосымшалар) "Байқоңыр" кешенi бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында жасалған халықаралық шарттарға сәйкес келедi және 1-қосымшада көрсетiлген өзгерiс шығарылғаннан кейiн келiсiлген деп саналатын болады.
      "Байқоңыр" ғарыш айлағынан 2001 жылы зымырандарды сынау үшiн ұшыру жоспары (3-қосымша) Ресей Тарапы СШҚ туралы шарт бойынша халықаралық келiсiмдерге сәйкес СШҚ туралы шартқа (СКСИ, Женева қ.) байланысты сақтау және инспекциялау жөнiндегi бiрлескен комиссия шеңберiнде барлық Тараптарды (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Америка Құрама Штаттары, Украина) қатыстыра отырып РС-18 және РС-20 КБЗ үшiн ШЖҚ-ны қолданудың құқықтық негiзiн ресiмдемегенше келiсiм беруге жатпайды. Қазақстан Тарапының Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 2 ақпандағы N 146 P000146_ қаулысымен бекiтiлген "Байқоңыр" ғарыш айлағынан 2000 жылы ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынау үшiн ұшыру жоспарлары бойынша қорытынды арқылы Ресей Тарапына жеткiзiлген тиiстi хабарламасы орындалмаған. Қазақстан Республикасының Лиссабон Хаттамасы бойынша мiндеттемелерiне сәйкес көрсетiлген РС-18 және РС-20 КБЗ үшiн ШЖҚ 2001 жылғы 5 желтоқсанға дейiн жойылуы керек. РС-18 және РС-20 зымырандарын сынау үшiн ұшыру жоспарын келiсу Ресей Тарапының жоғарыда көрсетiлген ШЖҚ-ны қолдану және ШЖҚ-ны жою және тиiстi жер учаскелерiн қайта өңдеу бойынша кейiнгi болатын жұмыстарды қаржыландыру мәселелерiн шешу үшiн құқықтық негiздi ұсынған соң жүргiзiлуi мүмкiн.
      2001 жылы "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкiне бөлшектенбейтiн жаңартуларды енгiзу жоспары (N4 қосымша) келiсу мәтiнi үшiн қарауға мынадай себептерге байланысты жіберілуі мүмкін емес:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында 4 қазанда 1997 жылғы жасалған Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенiн жалға алған жағдайында оның аумағындағы экология және табиғатты пайдалану жөнiндегi келiсiмнiң 3 және 4-қосымшаларына сәйкес "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң жаңадан салынатын және қолданыстарын қайта жаңартатын жобаларын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық сараптамасына ұсыну және "Байқоңыр" кешенiнде жаңадан салынатын объектiлерi үшiн табиғатты пайдалануға рұқсат алу қажет.
      2. Жоспарға "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкiне жаңарту енгiзбейтiн, объектiлердi ұдайы пайдалану даярлығында ұстауды қамтамасыз ететiн регламенттiк жоспарлы-алдын алу, ұшырылғаннан кейiнгi жөндеу - қайта қалпына келтiру болып табылатын бiрқатар жұмыстар енгiзiлген. Бұл жұмыстардың нәтижелерi объектiлердiң жұмыс iстеуiнiң бұрын қабылданған нормативтi көрсеткiштерiн арттыруға әкеп соқтырмайды, оларға кететiн шығындар пайдаланушылық болып табылады, ал жұмыстар объектiлердiң пайдаланушылық құжаттарына сәйкес орындалуға жатады.
      2001 жылы "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкiне бөлшектенбейтiн жаңарту енгiзу туралы жоспарды келiсу Ресей Тарапының аталған Келiсiмнiң талаптарын орындағаннан кейiн жүргiзiлуi мүмкiн.
      "Байқоңыр" ғарыш айлағынан 2000 жылы ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынау үшiн ұшыру жоспары бойынша қорытындыны бекiту кезiнде аталған негiздер бойынша "Байқоңыр" ғарыш айлағының жердегi ғарыштық инфрақұрылымының жалға берiлген мүлкiне бөлшектенбейтiн жаңартуды 2000 жылға жоспарлау бойынша мәлiметтер" келiсiлмеген болатын. Осыған байланысты "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкiне бөлшектенбейтiн жаңартуды 2000 жылы енгiзу жоспарын орындау туралы есебi" (5-қосымша) келiсiлмей-ақ назарға алынады.
      Сонымен қатар, Қазақстан Тарапы Ресей Тарапының назарын мыналарға аударуды қажет деп санайды:
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және Ресей Федерациясы Yкiметiнiң арасында 4 қазанда 1997 жылғы жасалған Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенiн жалға алған жағдайында оның аумағындағы экология және табиғатты пайдалану жөнiндегi келiсiмнiң, "Протон-М" жетiлдiрiлген зымыран тасығышын ұшырғанға дейiн - оның қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiне қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық сараптамасын жүргiзу туралы 3-бабын орындау қажеттiгi;
      "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынау үшiн ұшыру туралы хабарламаларды уақытынан кеш жiберуi (5 тәулiктен кеш) жағдайының бiрнеше рет қайталануы (2000 жылғы 18 сәуiрде "Сесат" ғарыш аппаратымен "Протон" зымыран тасығышының ұшырылуы, 2000 жылғы 13 қазанда әскери мақсаттағы ғарыш аппаратын "Протон" зымыран тасығышымен ұшыру), сондай-ақ олардың ұшырылғандығы туралы бұрыс ақпарат беру (2000 жылғы 20 наурызда "Думсат" ҒА-мен "Союз" зымыран-тасығышын ұшыру; биылғы жылғы 25 тамызда "Днепр" зымыран тасығышын ұшыру; 2000 жылғы 26 қыркүйекте ғарыш аппараттары тобымен РС-20 КБЗ ұшыру);
      алдағы болатын ұшыру туралы хабарламада көрсетiлетiн зымыран тасығыштардың ыдырайтын бөлiктерiнiң құлау аудандары координаттарының Тараптар келiскен "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартының U952195_ 2-қосымшасындағы координаттарға сәйкес келмеуi (2000 жылғы 31 қазандағы "Союз" ЗТ-мен "Союз ТМ" ҒА ұшыру, 2000 жылғы 1 қарашада РС-18 КБЗ ұшыру);
      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасында 1999 жылғы 18 қарашада бекiтiлген "Байқоңыр" кешенiн Ресей Федерациясының жалға алуы жағдайында оның аумағындағы экология және табиғатты пайдалану жөнiндегi келiсiмдi iске асыру жоспарында көзделген "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымыран тасығыштарды ұшырудың қоршаған ортаға әсер етуiн бағалау, ластаушы заттарды қоршаған ортаға тастаудың "Байқоңыр" кешенi үшiн нормативтерiн әзiрлеу, "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн экологиялық паспорттау жүргiзу, қоршаған ортаны нормадан тыс ластағаны үшiн төлемдер төлеудi жүзеге асыру жөнiндегi шаралар толығымен орындалмағандығы.

 

     Қазақстан Тарапы Тараптардың "Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс iстеуiне

қатысты халықаралық шарттар бойынша өздерiне қабылдаған мiндеттемелерiн

бұлжытпай уақытында орындайтындығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен

Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенiн пайдалану мәселелерiн шешудегi

ынтымақтастығының одан әрi нығая түсетiнiне сенiм бiлдiредi.



     Ескерту. Қосымшалар РҚАО-ға түскен жоқ.

              1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 30 

              қазандағы N 1377 қаулысымен. 


P011377_






Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады