Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Мына ведомстволар:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөнiндегі комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi;
3) <*>
4) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің Геология және жер қойнауын қорғау комитетi болып қайта ұйымдастырылсын.
Ескерту. 2-тармақтың 3)-тармақшасы алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1040
қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне 3, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрдiң болуына рұқсат етiлсiн.
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1040
қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657
қаулысының
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 224-құжат) 3-тармағы;
2) "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 қарашадағы N 1807
қаулысының
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 517-құжат) 1-тармағы.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) атом энергетикасын қоса алғанда энергетика, минералдық ресурстар, мұнай-химия және атом өнеркәсiбi салаларында басқаруды жүзеге асыратын, өз құзыретi шегінде мемлекеттiк басқару мен бақылау қызметiн орындауға уәкiлеттi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1040
қаулысымен.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкiде шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес осындай уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан iс-қимыл жасауға құқығы бар.
4. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында міндеттi күшi бар Министрдiң бұйрығымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 37.
7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" мемлекеттiк мекемесi.
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiк қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiкке өз қызметi болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жолданады.
2. МИНИСТРЛIКТIҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI, ҚЫЗМЕТI МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ
10. Министрлiктiң негiзгі мiндеттерi:
1) атом энергетикасын қоса алғанда, энергетика, минералдық ресурстар, мұнай-химия және атом өнеркәсiбi салаларында мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және iске асыру;
2) өз құзыретi саласында ресурстық және технологиялық базаны қайта құру негiзiнде отын-энергетика кешенiн, өнеркәсiп салаларын дамыту және реформалау бағдарламаларын әзiрлеу осы салаларда жарғылық капиталдарына мемлекет қатысатын шаруашылық жүргізушi субъектiлердi қайта ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу, пайдалану және қорғау саласындағы қатынастарды мемлекеттiк реттеу;
4) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы туралы заңнаманы және жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн сақтауына бақылауды қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын әзiрлеу және iске асыруға қатысу;
6) Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалды жақсарту және тiкелей инвестицияларды ынталандыру жөнiнде шаралар әзiрлеуге және іске асыруға қатысу;
7) энергетика ұйымдары қызметiне мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жүргiзу;
8) мемлекеттiк активтердi тиiмдi басқару, республикалық меншiктi жекешелендiру саясатын жүргiзуге қатысу;
9) мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып экспорттық бақылау саласында мемлекеттiк саясат жүргізуге қатысу;
10) өз құзыретi саласында Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және технологиялық дамуының негiзгі бағыттарын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
11) өз құзыреті саласында ғылыми-техникалық салада кәсiпкерлiктiң, инновациялық қызметтің дамуына, ғылыми-техникалық өнiмдер рыногының қалыптасуына қажеттi жағдайлар жасау;
12) атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметтi мемлекеттiк қадағалау және реттеу, ядролық қаруды таратпау режимiн қамтамасыз ету;
13) бұрынғы Семей ядролық полигонының объектiлерiн тиiмдi пайдалану;
14) Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн құруға қатысу.
Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1040
қаулысымен.
11. Министрлiк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мына қызметтi жүзеге асырады:
1) атом энергетикасын қоса алғанда, энергетика, минералдық ресурстар, мұнай-химия және атом өнеркәсiбi салаларында мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi және iске асырады;
2) өз құзыретi саласында мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
3) өз құзыретi саласында өнеркәсiп саясатын iске асыру жөнiнде салалық және салааралық iс-қимыл жоспарларын әзiрлеудi және олардың атқарылуын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
4) өз құзыретi саласында ұйымдарға әлеуеттi инвесторларды тартуға және инвестициялық жобаларды iске асыруға жәрдемдеседi;
5) елдiң отын-энергетика кешенiн дамытудың стратегиялық жоспарларын әзiрлейдi;
6) отын-энергетика теңгерiмiн әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
7) энергия үнемдеу, энергия көздерiнiң толымды және дәстүрлi емес көздерiн пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеудi ұйымдастырады және iске асырады;
8) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу, пайдалану және қорғау саласындағы қатынастарды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырады;
9) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы туралы заңнаманы және жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн, соның iшiнде тиiстi бақылаушы органдармен олардың құзыретi шегiнде өзара әрекеттесе отырып, келiсiм-шарт ережелерiнiң орындалуын, берiлген лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
10) жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзуге құқық беру үшiн кен орындары мен аумақтар тiзбесiн, сондай-ақ мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, келiсiм-шарт жобасының экономикалық үлгісi мен салық салу жүйесiн қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiм-шарттар жасасу үшiн шектеулi өлшемдердi бекітуге дайындайды;
11) инвестициялық бағдарламалар конкурстарын ұйымдастырады және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге құқықтар беру жөнінде келіссөздер жүргізеді;
12) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттар бойынша кеңесшiлердi ірiктеу үшiн тендерлер ұйымдастырады;
13) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттар дайындауды және жасасуды жүзеге асырады;
14) жер қойнауын пайдаланушылармен жасалатын келiсiм-шарттардың өндiрiстiк-техникалық және экономикалық сараптамасын жасауды ұйымдастырады және оған қатысады;
15) жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келiсiм-шарттарды сақтауды, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығын кепілдікке салу шарттарының тiркелуiн жүзеге асырады;
16) жер қойнауын пайдалану саласындағы өнiмдi бөлу туралы келiсiмдерде мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi;
17) көмiрсутегiн өндiру, тасымалдау және қайта өңдеу мониторингiн, мұнай өнiмдерiн сатуды жүзеге асырады;
18) мұнай операцияларын жүргізуге, соның ішінде мұнай, газ және газ конденсаты кен орындарын әзiрлеуге, мұнай мен газдың жер асты қоймаларын пайдалануға, көмiрсутегі шикiзатының толықтай алынуына бақылауды қамтамасыз етедi;
19) әлемдiк өнеркәсiпте қабылданған стандарттарға негiзделген мұнай операцияларын жүргізудiң мейлiнше тиiмдi әдiстерi мен технологияларының қолданылуын бақылайды;
20) бас құбыр өткiзгіштерiн техникалық пайдалануды, олардың қауiпсiздiгi мен пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
20-1) магистральды мұнай құбырларымен мұнай мен газ тасымалдауға, кейiннен оларды сақтауға және көлiктiң басқа түрлерiне қотарып құюға байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жерге орналастыру жобаларын келiсудi және жер учаскесiн бөлуге қажеттi қорытындылар берудi жүзеге асырады;
20-2) магистральды мұнай құбырларымен мұнай мен газ тасымалдауға, кейiннен оларды сақтауға және көлiктiң басқа түрлерiне қотарып құюға байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiн жоспарлау, жобалау, салу мәселелерi бойынша, сондай-ақ мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымының бар объектiлерiн пайдалану мәселелерi бойынша құрылыс қызметi саласында реттеудi, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қатысады;
20-3) газды жеткізумен, тасымалдаумен, сақтаумен және сатумен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады; <*>
21) жер қойнауын пайдалану мәселелерi бойынша шетелдiк және отандық инвестициялар ағындарының қозғалысына талдау жүргiзедi, оларды тартудың және ынталандырудың әлемдiк тәжiрибесiн зерделейдi және қорытады;
22) Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсартуға, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiруге бағытталған, сондай-ақ халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi ұсыныстарды дайындауға қатысады;
23) республикада және шет елдерде тiкелей инвестициялар тарту жөнiндегi инвестициялық конференциялар, семинарлар, көрмелер мен басқа да тұсаукесерлiк шаралар өткiзудi қоса алғанда, жарнамалық-ақпараттық жұмыстарға қатысады;
24) өз құзыретi саласында инвестицияларды қолдау жөнiнде инвесторлармен, шетелдiк ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
25) тарифтiк және тарифтiк емес реттеу әдiстерiмен сыртқы экономикалық қызметтi реттеуге қатысады;
26) мемлекеттiк активтердi тиiмдi басқару саясатын әзiрлеуге және оның атқарылуын ұйымдастыруға қатысады;
27) өз қызметi саласында республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болады; <*>
28) республикалық меншiктi жекешелендiру процесiне, оның iшiнде жоспарланатын қаржы жылында жекешелендiруге жататын объектiлердi белгiлеуге, республикалық меншiк объектiлерiн сатуға қатысады;
29) Үкiметтiң шешiмдерi бойынша Министрлiк құзыретi саласында қызметтi жүзеге асырушы заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк үлестерi мен пакеттерiн иелену және пайдалану жөнiндегі қызметті жүзеге асырады;
30) өз қызметi саласында энергетикада, көлiкте, сондай-ақ өнеркәсiпте баға және тариф саясатын қалыптастыруға қатысады;
31) өз құзыретi саласында сыртқы және iшкi тауар рыноктарындағы конъюнктураны зерделейдi және экспорт пен импорт құрылымдарын жетiлдiру, өнiм экспорты мен импортын реттеу және шектеу жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
32) өз құзыретi саласында қызмет түрлерiн лицензиялауды және лицензиаттардың лицензия шарттарын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
33) өз құзыретi шегiнде толлингтiк операцияларға сараптама жүргізедi;
34) электр энергетикасы кешенiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн және дамуын қамтамасыз етедi;
35) энергия ұйымдарының күзгі-қысқы кезеңдегi жұмысқа дайындалуын ұйымдастырады;
36) өз құзыретi саласында өнеркәсiпте игеру үшiн ғылыми-техникалық зерттеулердiң жай-күйiне және даму барысына талдау жүргiзедi, технологиялық сараптаманы жүзеге асырады;
37) өз құзыретi саласында конкурстық негізде қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыруды жүзеге асырады;
38) өз құзыретi саласында ақпараттандыру жөнiндегі бағдарламаларды әзiрлейді және орындалуын ұйымдастырады;
39) инновациялық кәсiпкерлiкке қолдау көрсетедi, өз құзыретi саласында ғылымды қажетсiнетiн шағын және орта бизнестiң дамуына көмектеседi;
40) <*>
41) бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының объектілерін тиiмдi пайдалану жөнiнде iс-шараларды әзiрлеу мен iске асыруды үйлестiредi;
42) Жердi қашықтан зерттеу ғарыштық техникасы мен технологияларын қолдана отырып, жер қойнауын зерделеу және аймақтық геология, салалық геоақпараттық жүйе жасау саласында бағдарламалар әзiрлейдi және iске асырады;
43) атом энергиясын қауiпсiз пайдалану саласында мемлекеттік саясатты iске асырады;
44) ядролық қаруды таратпау және атом энергиясын қауiпсiз пайдалану режимiн қамтамасыз етумен байланысты қызметтi жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы басқа ұйымдарының Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiкпен (АТЭХАГ) және басқа да тиiстi халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылын жүзеге асырады және үйлестiредi;
45) өз қызметi саласында заңнаманы қолдану тәжiрибесiн талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын дайындауға қатысады, өз құзыретi шегiнде нормативтiк-құқықтық кесiмдер қабылдайды;
46) республикалық бюджетті әзiрлеуге қатысады;
47) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзiне жүктелген өзге де қызметтi жүзеге асырады.
Ескерту. 11-тармақ 20-1, 20-2-тармақшалармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.04.02. N 390
қаулысымен.
Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1040
қаулысымен.
Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.26. N 866
қаулысымен.
Ескерту. 11-тармақ 20-3-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.01.27. N 88
қаулысымен
.
12. Министрлiк заңнамада белгіленген тәртiппен және өз құзыретi шегінде:
1) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат сұратуға;
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға олар қабылдаған кесiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
3) нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға;
4) лицензиялауды жүзеге асыруға;
5) жер қойнауын тиiмдi пайдалану және қорғау жөнiндегi талаптарды бұзушыларды жауапкершiлiкке тарту бойынша шаралар қабылдауға;
6) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi келiсiм-шарт ережелерiнiң орындалмауына байланысты жұмыстарды тоқтата тұру туралы хабарламалар жiберуге және осы қызметтi тоқтату туралы ұсыныс енгiзуге;
7) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар мамандарын, сондай-ақ шетелдiк және жергiлiктi сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тартуға;
8) ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
9) халықаралық шарттар (келiсiмдер) жасасу бойынша ұсыныстар енгiзуге, шет елдердiң тиiстi ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзуге, шарттар (келiсiмдер) жасасуға;
9-1) Жер қойнауын пайдалану саласындағы өнiм бөлу туралы келiсiмдерде көзделген мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан кепiлдiктер беруге.
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 12-тармақ 9-1)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.05.03. N 598
қаулысымен.
Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.02. N 390
қаулысымен.
13. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
14. Министрлiктiң мүлкi республикалық меншiкке жатады. Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлік есебiнен қалыптасады әрi негiзгі және айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктерден тұрады.
15. Министрлiк өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқылы емес.
Министрлiкке республиканың заңнамасымен белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. МИНИСТРЛIК ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
16. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Министр басқарады.
Министрдiң Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз қызметiнiң жүзеге асырылуына дербес жауапкершiлiкте болады.
18. Министр осы мақсатта мына өкiлеттiктердi жүзеге асырады:
1) өз орынбасарларының және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейдi;
2) заңнамаға сәйкес министрлiк қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) бұйрықтарға қол қояды;
4) ведомстволарды қоспағанда Министрлiктiң құрылымын, сондай-ақ құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелердi бекiтедi;
5) Министрлiктi мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бiлдiреді;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және оларды көтермелейді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Министр жанынан құрамында Министр, оның орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер басшылары бар консультативтік-кеңесші орган - алқа құрылады.
Алқаның сан және жеке құрамы мен ол туралы ережені Министр бекітеді.
5. МИНИСТРЛІКТІ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінiң қарамағындағы ұйымдардың
ТIЗБЕСI
Мемлекеттiк мекемелер
1. <*>
2. Мұнай-газ өнеркәсiбiнiң оқу орталығы
3. <*>
3-1. "Мұнай-газ капиталы" мемлекеттік мекемесі <*>
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар
4. Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы
5. <*>
6. Уранкенiштарату
7. Алып тасталды - ҚРҮ-ң 2001.03.29. N 402
қаулысымен.
8. <*>
9. <*>
10. Алып тасталды - ҚРҮ-ң 2002.07.19. N 807
қаулысымен.
11. Алып тасталды - ҚРҮ-ң 2002.07.09. N 751
қаулысымен.
12. Алып тасталды - ҚРҮ-ң 2002.05.06. N 498
қаулысымен.
13. "Алматыэнерго" Алматы энергетика жүйесi
14. "Қарағандыэнерго" Қарағанды энергетика жүйесi
15. "Қазақстанэнерго" ұлттық электр энергетика жүйесi
16. Маңғышлақ атом энергетикасы комбинаты
17. Қарағандышахтатарату
18. Өндiрiстiк-пайдаланушы кәсiпорын
19. Алып тасталды - ҚРҮ-ң 2001.08.03. N 1025
қаулысымен.
20. <*>
ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.28. N 887
қаулысымен.
Ескерту. 3,5,9-жолдар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.12. N 996
қаулысымен.
Ескерту. 8,20-жолдар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1040
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-1-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.13. N 240
қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi" бөлiмiнде реттік нөмiрi 3-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" бөлiмiнде реттiк нөмiрлерi 29, 30а-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі" бөлiмi мына мазмұндағы реттiк нөмiрi 106а-2-жолмен толықтырылсын:
"106а-2 "Кентаукенiштарату"
республикалық мемлекеттік
кәсiпорны (шаруашылық Оңтүстiк Қазақстан
жүргiзу құқығында) облысы, Кентау қаласы";
мына мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 106а-3-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi
106а-3 "Инфракос" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық
жүргiзу құқығында) Байқоңыр қаласы";
мына мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 106а-4-жолмен
толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитеті
106а-4 "Мамандандырылған
гравиметрикалық кәсіпорын"
республикалық мемлекеттік
кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу Алматы облысы,
құқығында) Iле ауданы";
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнің Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөнiндегі комитетi" бөлiмiнің тақырыбындағы ", индустрия және сауда" деген сөздер "және минералдық ресурстар" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.09.12. N 995
қаулысымен.
3. <*>
Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1106
қаулысымен
.
4. <*>
Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1108
қаулысымен
.