Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасынан Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң Басқарушылар Кеңесiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi туралы", "Азиялық Даму Банкiнiң Басқарушылар Кеңесiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi туралы", "Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң Басқарушылар Кеңесiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi туралы" Жарлықтарының жобалары Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасынан Халықаралық Қайта Құру және Даму
Банкiнiң Басқарушылар Кеңесiндегi Қазақстан Республикасының
өкiлдерi туралы
"Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта құру және даму банкiне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму қауымдастығына, Инвестициялар кепiлдiгiнiң көпжақты агенттiгiне және Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталыққа мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 26 маусымдағы Z921700_ Заңына сәйкес қаулы етемін:
Ержан Әбiлқайырұлы Өтембаев Қазақстан Республикасынан Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң Басқарушысы қызметiнен босатылсын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Ораз Әлиұлы Жандосов Қазақстан Республикасынан Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң Басқарушысы қызметiне тағайындалсын.
Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Азиялық Даму Банкiнiң Басқарушылар Кеңесiндегі
Қазақстан Республикасының өкiлдерi туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Азиялық Даму Банкiне мүшелiгі туралы" 1994 жылғы 10 қаңтардағы N 1496 Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
Александр Сергеевич Павлов Қазақстан Республикасынан Азиялық Даму Банкiнiң Басқарушысы қызметiнен босатылсын.
Жақсыбек Әбдiрахметұлы Құлекеев Қазақстан Республикасынан Азиялық Даму Банкi Басқарушысының орынбасары қызметiнен босатылсын.
Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Жақсыбек Әбдiрахметұлы Құлекеев Қазақстан Республикасынан Азиялық Даму Банкiнiң Басқарушысы қызметiне тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасынан Азиялық Даму Банкi Басқарушысының орынбасары қызметiне тағайындалсын.
Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкінiң Басқарушылар
Кеңесiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерi туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкiне мүшелiгi туралы" 1993 жылғы 25 мамырдағы N 1212 U931212_ Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
Ержан Әбiлқайырұлы Өтембаев Қазақстан Республикасынан Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң Басқарушысы қызметiнен босатылсын.
Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов Қазақстан Республикасынан Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкi Басқарушысының орынбасары қызметiнен босатылсын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Ораз Әлиұлы Жандосов Қазақстан Республикасынан Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң Басқарушысы болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Мұрат Тиышбекұлы Құдышев Қазақстан Республикасынан Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкi Басқарушысының орынбасары болып тағайындалсын.
Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті