Шылым шегу мен басқа да зиянды әдеттердің алдын алу және олармен күрес жөніндегі халықаралық және республикалық мақсатты бағдарламаларды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қоғамдық үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 17 ақпан N 250. Қаулының күші жойылды - 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Шылым шегу мен басқа да зиянды әдеттердің алдын алу және олармен күрес жөніндегі халықаралық және республикалық мақсатты бағдарламаларды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қоғамдық үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1436  қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Шылым шегу мен басқа да зиянды әдеттердің алдын алу және олармен күрес жөніндегі халықаралық және республикалық мақсатты бағдарламаларды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қоғамдық үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң           
2001 жылғы 17 ақпандағы     
N 250 қаулысымен       
бекiтiлген       

Шылым шегу мен басқа да зиянды әдеттердiң алдын алу және олармен күрес жөнiндегі халықаралық және республикалық мақсатты бағдарламаларды ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегі қоғамдық үйлестiру кеңесi туралы ереже Жалпы ережелер

      1. Қоғамдық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады және шылым шегу мен басқа да зиянды әдеттердiң алдын алу және олармен күрес жөнiндегі халықаралық және республикалық мақсатты бағдарламаларды ұйымдастыру және өткiзу үшiн құрылған. 
      2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 

Кеңестiң негізгі мiндеттерi

        3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi: 
      1) денсаулыққа, жеке адамға және қоғамға түзелмейтiн зиян келтiретiн қоғамдағы әлеуметке жат мiнез-құлықтың нысандары ретiндегі шылым шегудiң, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың, маскүнемдiктiң (әсiресе, жастардың арасында) проблемалары мен құбылыстарын зерделеу; зиянды әдеттерге қарсы әрекеттердiң әртүрлi баламалары мен нысандарын iздестiру, зерделеу және өмiрде қолдану; 
      2) мемлекеттiк, қоғамдық, халықаралық және дiни ұйымдардың, қорлардың шылым шегу және басқа да зиянды әдеттердiң алдын алу және олармен күресу жөнiндегі бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруды үйлестiру және өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыруға қатысу болып табылады. 

Кеңестiң функциялары 

      4. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттерге байланысты заңнамада белгіленген тәртiппен: 
      1) шылым шегу мен басқа да зиянды әдеттердiң алдын алу және олармен күрес мiндеттерiне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамалық-құқықтық базасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 
      2) ел Президентiнiң Қазақстан халқына "Қазақстан-2030"  Жолдауында , "Салауатты өмiр салты" кешендi бағдарламасында белгiленген халықты тиiмдi сауықтырудың, салауатты өмiр салтының басымдықтарын белгiлейдi; 
      3) шылым шегу мен басқа да зиянды әдеттердiң алдын алу және олармен күрес жөнiндегі бағдарламалардың мониторингiн жүзеге асырады, талдау нәтижелерi бойынша оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметiне есептер дайындайды; 
      4) шылым шегу мен басқа да зиянды әдеттердiң алдын алу және олармен күрес жөнiндегі бағдарламалар кезеңдерiнiң орындалуын талдауды жүзеге асырады.

Кеңестiң құқықтары 

      5. Кеңес заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне шылым шегу мен басқа да зиянды әдеттердiң алдын алу және олармен күрес мәселелерi жөнiндегі заңнамаға өзгерiстер енгізу жөнінде ұсыныстар ұсынуға; 
      2) шылым шегу мен басқа да зиянды әдеттердiң алдын алу және олармен күрес жөнiндегі бағдарламаларды әзiрлеуге қатысуға және оларды Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына ұсынуға; 
      3) мүдделi министрлiктермен, агенттіктермен, ведомстволармен және ұйымдармен бiрлесiп, шылым шегу мен басқа да зиянды әдеттердiң алдын алу және олармен күрес жөнiндегi бағдарламаларды іске асыру кезеңдерiн талдауды жүзеге асыруға; 
      4) бұқаралық ақпарат құралдарын, бiлiм беру ұйымдарын, мәдени және дiни ұйымдарды тарта отырып, көпшiлiк iс-шараларын, ақпараттық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге; 
      5) шылым шегу мен басқа да зиянды әдеттердiң алдын алу және олармен күрес жөнiндегi бағдарламалардың мiндеттерін iске асыруды қамтамасыз ететiн құралдарды тартуға; 
      6) өз құзыретiнiң шегінде мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, оның iшiнде халықаралық ұйымдардан тиiстi ақпарат сұратуға; 
      7) Кеңестiң жұмысына мемлекеттiк басқарудың мүдделi органдарының өкiлдерiн, шаруашылық қызметтің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың субъектiлерiн тартуға құқылы. 

Кеңестің жұмысын ұйымдастыру 

      6. Кеңестiң қызметiн Төраға басқарады, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Кеңес жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. Төраға болмаған кезде, оның функцияларын орынбасары орындайды. 
      7. Кеңестiң дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң қаулысымен бекiтiледi. 
      8. Кеңес шешiмдерi ұсынымдық сипатқа ие. 
      9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады. 
      10. Кеңестiң мәжiлiстерi қажеттілікке қарай, бiрақ кемiнде жылына 2 рет өткiзiледi. 
      11. Кеңестiң шешiмдерi ашық дауыс берумен, сондай-ақ факсимильдiк байланыс (телеконференция) арқылы қабылданады және егер олар үшiн Кеңес мүшелерiнiң, не Кеңес мәжiлiсiне қатысып отырған олардың өкiлдерiнiң жалпы санынан көпшiлiк дауыс берiлсе, қабылданған болып саналады.
      Дауыстар тең болған жағдайда, ол үшiн Төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
      12. Кеңес шешiмдерiнiң нәтижелерi бойынша Төраға, не оның орнындағы адам (телеконференция жағдайында - хатшы) қол қоятын хаттама жасалады.
      Кеңес мүшелерiнiң жазбаша түрде баяндалуы тиiс ерекше пiкiрi болуға құқығы бар.
      13. Кеңестiң қызметiн тоқтату заңнамада белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады