"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 22 ақпан N 272

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. 

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

                                                    Жоба

                    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 

    Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне өзгерiстер мен 
                    толықтырулар енгiзу туралы 

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң iшкi әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 290-құжат; N 24, 592-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат, N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар): 
      32-бапта: 
      баптың атауындағы "сақтандыру және қаза болған немесе жарақат алған жағдайда зиянды өтеу" деген сөздер "қаза болған немесе жарақат алған жағдайда кепiлдiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлері қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарып жүрген кезеңiнде ол қаза болған (қайтыс болған), жарақат алған жағдайда оған не әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн құқықтық және әлеуметтiк қорғау туралы заңдарға сәйкес оны алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтемақы төлеу жүргiзiледi."; 
      үшiншi және төртiншi бөлiк алынып тасталсын; 
      бесiншi бөлiктегi "республика бюджетiнiң қаржысынан" деген сөздер "республикалық бюджеттен" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      2. "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 32-құжат; N 18, 429-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжаттар; N 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат): 
      1) 10-бапта: 
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Әскери қызметшiлерге ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiнiң негiзiнде жүзеге асырылады және ол: Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленетiн ақшалай қаражатты және қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстемеақыларды қамтиды. 
      Әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесi лауазымдық жалақысынан және әскери атағы бойынша жалақысынан тұрады."; 
      төртiншi бөлiктегi "әскери қызметшiнiң өзiне ақшалай үлестiң екi айлықақысы және онымен бiрге көшкен отбасы мүшелерiне ақша қаражатының айлық жалақысының жартысы" деген сөздер "әскери қызметшiнiң өзiне екi айлық лауазымдық жалақысы және онымен бiрге көшкен отбасы мүшелерiне лауазымдық жалақысының жартысы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      бесiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Әскери қызметшiлер мемлекеттiң есебiнен заттай мүлiкпен қамтамасыз етiледi. Мерзiмдi қызметiн өткерiп жатқан әскери қызметшiлер олардың қызметiн өткеру шарттарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi. Офицерлердiң, прапорщиктердiң, мичмандардың, әскери қызметшi әйелдердiң, келiсiм-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлердiң жекелеген санаттары олардың қызмет өткеруінің ерекше жағдайларын ескере отырып, азық-түлiкпен қамтамасыз етілуi мүмкiн. Әскери қызметшiлер санатының тiзбесiн және азық-түлiкпен қамтамасыз ету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi."; 
      алтыншы бөлiктегi "пен заттай түрiндегi азық-түлiктiң" деген сөздер алынып тасталсын; 
      2) 14-бапта: 
      тақырыбы және бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: 
      "14-бап. Әскери қызметшiлерге қаза болған (қайтыс болған) және жарақат алған жағдайда берiлген кепiлдiктер; 
      "Әскери қызметшi әскери қызметiн өткеру кезеңiнде немесе әскери жиынға шақырылған әскери мiндеттi қаза болған (қайтыс болған), жарақат алған жағдайда оларға бiр жолғы өтемақы төлеу жүргiзiледi"; 
      екiншi бөлiктегi "Сақтандыру сомасын" деген сөздер "Бiр жолғы өтемақыны" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      үшiншi бөлiктегi "мемлекеттiк сақтандыру органдары оның мұрагерлерiне (мұрагерлiкке құқығын дәлелдейтiн куәлiгiн табыс еткеннен кейiн) соңғы атқарған қызметi бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) күнiне дейiнгi он жылдық ақшалай қаражатын төлейдi" деген сөздер "оның мұрагерлерiне (мұрагерлiкке құқығын дәлелдейтiн куәлiгiн табыс еткеннен кейiн) соңғы атқарған қызметi бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) күнiне дейiнгi бiр жолғы өтемақыны алпыс айлық ақшалай қаражатының мөлшерiнде төлейдi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      алтыншы бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Әскери қызметшiнiң (әскери мiндеттiнiң) әскери қызметтi (жиынды) өткеру кезеңiнде немесе әскери қызметтi (жиынды) өткеруге байланысты контузия алу, мертiгу, ауыру салдарынан әскери қызметтен босатылғаннан (жиын аяқталғаннан) кейiн бiр жыл өткенге дейiн мүгедек болғаны анықталған жағдайда бiр жолғы өтемақы: 
      I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражаты; 
      II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражаты; 
      III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде төленедi"; 
      жетiншi бөлiктегi "үш айлық ақшалай қаражаты; жеңiл жарақат алған ретте бiр айлық мөлшерiнде сақтандыру сомасы" деген сөздер "бiр жарым айлық ақшалай қаражаты; жеңiл жарақат алған ретте жарты айлық мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      сегiзiншi бөлiктегi "сақтандыру сомасы" деген сөздер "бiр жолғы өтемақы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      бiрiншi абзацтағы "сақтандыру сомасы" деген сөздер "бiр жолғы өтемақы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      тоғызыншы бөлiкте: 
      екiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, сегiз және тоғызыншы абзацтардағы "ең төменгi жалақы" деген сөздер тиiсiнше "айлық есептiк көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3) 17-бапта: 
      бесiншi бөлiкте: 
      үшiншi абзацтағы "ақшалай қаражаттың алты айлықақысы және әскери қызметтiң жалпы ұзақтығы үшiн проценттiк үстеме" деген сөздер "ақшалай қаражаттың төрт айлықақысы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      төртiншi абзацтағы "ақшалай қаражатының жетi айлықақысы және әскери қызметтiң жалпы ұзақтығы үшiн проценттiк үстеме" деген сөздер "ақшалай қаражатының бес айлықақысы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      бесiншi абзацтағы "ақшалай қаражатының сегiз айлықақысы және әскери қызметтiң жалпы ұзақтығы үшiн проценттік үстеме" деген сөздер "ақшалай қаражатының алты айлықақысы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      алтыншы абзацтағы "ақшалай қаражатының тоғыз айлықақысы және әскери қызметтiң жалпы ұзақтығы үшiн проценттiк үстеме" деген сөздер "ақшалай қаражатының жетi айлықақысы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      жетiншi абзацтағы "ақшалай қаражатының он айлықақысы және әскери қызметтiң жалпы ұзақтығы үшiн проценттiк үстеме" деген сөздер "ақшалай қаражатының сегiз айлықақысы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      сегiзiншi абзацтағы "жұмысшылар мен қызметшiлердiң ең төмен бiр жалақысы" және "жұмысшылар мен қызметшiлердiң ең төмен бес жалақысы" деген сөздер тиiсiнше "айлық есептiк көрсеткiшi" және "бес айлық есептiк көрсеткiшi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      алтыншы бөлiктегi "мен әскери қызметтiң жалпы ұзақтығы үшiн проценттен үстемеге" деген сөздер алынып тасталсын; 
      3. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 181, 131-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар; N 10, 234-құжат): 
      177-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiнiң негiзiнде жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      4. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 13, 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 18, 367-құжат; 1997 ж., N 11, 144-құжат; N 12, 189-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 46-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 20, 717-құжат; N 3-4, 66-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; N 10, 244-құжат; 2000 жылы 16 қарашада "Егемен Қазақстан" және 2000 жылы 16 қарашада "Казахстанская Правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 қарашадағы Заңы): 
      1) 406-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
      "406-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары қаза тапқан немесе мертiккен жағдайда берiлетiн кепiлдiктер. 
      Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде қаза тапқан (қайтыс болған), мертiгу алған жағдайда оған, не оны алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтемақы төлеу жүргiзiледi. 
      Бiр жолғы өтемақы төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. 
      Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза тапқан адамның отбасына соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi. 
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақатының, жаралануының (контузия) мертiгуiнiң, ауруының салдарынан болған мүгедектiгi анықталған кезде оларға: 
      I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражаты; 
      II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражаты; 
      III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi. 
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiкке жатпайтын ауыр жарақат (мертiгу, жаралану, контузия) алған жағдайда, оларға жарты айлық ақшалай қаражаты, жеңiл жарақат - айлық ақшалай қаражатының жартысы мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы төленедi. 
      Осы бапта көзделген бiр жолғы өтемақыны есептеу үшiн қолданылатын ақшалай қаражат лауазымдық жалақыдан және арнайы атағы үшiн қосымша ақыдан тұрады. 
      Егер Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамының қаза табуы (қайтыс болуы), жарақат алуы, жаралануы (мертiгуi), ауруы қызметтiк мiндеттерiн атқаруынан тыс жағдайларға байланысты болғандығы белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiр жолғы өтемақы төленбейдi."; 
      2) 407-бап алынып тасталсын. 
      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 заң күшi бар  Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 19, 118-құжат; N 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184, 190-құжаттар): 
      19-бапта: 
      екiншi бөлiк алынып тасталсын; 
      үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiне ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне Еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiнiң негiзiнде белгiленедi және ол: Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленетiн қызмет өткеруiнiң ерекше шарттары үшiн ақшалай қаражатты және үстеме ақыларды қамтиды. 
      Әскери қызметшiлердiң ақшалай қаражаты лауазымдық жалақыдан және әскери атағы бойынша жалақыдан тұрады."; 
      төртiншi бөлiктегi "және басқа үлес түрлерiмен" деген сөздер "мүлiкпен" деген сөзбен ауыстырылсын. 
      6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық ұлан туралы" 1995 жылғы 5 желтоқсандағы N 2671 заң күшi бар  Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184, 190-құжаттар; 1998 жылғы N 11-12, 174-құжат; N 24, 436-құжат): 
      1) 12-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы алынып тасталсын; 
      2) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын: 
      "18-1-бап. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiне ақшалай үлес 
      Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiне ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiнiң негiзiнде белгiленедi.". 
      7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 заң күшi бар  Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар, N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат): 
      1) 26-бапта: 
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне Еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесiнiң негiзiнде белгiленедi және ол: Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленетiн ақшалай Қаражатты және қызмет өткеруiнiң ерекше шарттары үшiн үстеме ақыларды қамтиды. 
      2. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары қызметкерлерінің ақшалай қаражаты лауазымдық жалақыдан және арнайы атағы үшiн қосымша ақыдан тұрады."; 
      3-тармақ алынып тасталсын; 
      4-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын; 
      2) 28-бапта: 
      баптың тақырыбындағы "қызметкерлерiн сақтандыру және залалды өтеу" деген сөздер "қызметкерлерге берiлетiн кепілдiктер" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Iшкi iстер органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын орындап жүрген кезеңiнде қаза тапқан (қайтыс болған), мертiгу алған жағдайда оған не оны алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтемақы төлеу жүргiзiледi"; 
      2-тармақтағы "Сақтандыру сомаларын" деген сөздер "Бiр жолғы өтемақыны" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3-тармақтағы "он жылдық ақшалай үлесi мөлшерiнде бiр жолғы сақтандыру сомасы" деген сөздер "алпыс айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      4-тармақта:
      "сақтандыру сомалары" деген сөздер "өтемақы" деген сөзбен  ауыстырылсын;
      1) тармақшадағы "бес жылдық" деген сөздер "отыз айлық" деген  сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "үш жылдық" деген сөздер "он сегiз айлық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "бiр жылдық" деген сөздер "алты айлық" деген  сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта:
      "үш айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде, жеңiл зақым алған жағдайда - бiр айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде сақтандыру сомасы" деген сөздер "бiр жарым айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, жеңiл зақым алған жағдайда - жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтемақы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      екiншi сөйлем алынып тасталсын; 
      6-тармақтағы "сақтандыру сомасы" деген сөздер "бiр жолғы өтемақы" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709  Z952709_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 15, 208-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат): 
      1) 11-баптың 5) тармақшасындағы "штат саны мен бекiтiлген қаржы шегiнде прокуратура органдарында еңбекке ақы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат санының лимитi шегiнде прокуратура органдарындағы штат санын және еңбекақы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) 49-бапта: 
      1-тармақтағы "еңбек сiңiрген жылдарына" деген сөздер "арнайы қызмет стажына" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      4-тармақтағы "қызметтiк айлық ақысына қосымша ақы" деген сөздер "сыныптық шендерi үшiн қосымша ақы немесе әскери атақтары бойынша жалақы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3) 52-бапта: 
      1) тармақшада: 
      "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңымен" деген сөздер алынып тасталсын; 
      "және осы Жарлыққа қайшы келмейтiн бөлiгiнде" деген сөздер ", сондай-ақ осы Жарлыққа қайшы келмейтiн бөлiгiнде мемлекеттiк қызмет және" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2) прокуратура органдарының қызметшiлерiнiң (мамандарының) еңбек қатынастары мемлекеттiк қызмет және еңбек туралы заңдармен реттеледi"; 
      4) 53-бапта: 
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Прокуратура органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiнiң негiзiнде жүзеге асырылады."; 
      7-тармақ алынып тасталсын; 
      8-тармақта: 
      "он жылғы ақшалай үлесi мөлшерiнде бiржолғы сақтандыру сомасы" деген сөздер "алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiржолғы өтемақы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "адамдар мен мұрагерлерiне" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын; 
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Осы баппен көзделген бiржолғы өтемақыны есептеу үшiн қолданылатын ақшалай қаражат лауазымдық жалақыдан және сыныптық шенi үшiн (әскери атағы бойынша) қосымшақыдан (жалақыдан) тұрады."; 
      9-тармақтағы "тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде" және "және санаторий-курорттық" деген сөздер алынып тасталсын; 
      5) 54-бап алынып тасталсын; 
      6) 55-бап мынадай редакцияда жазылсын: 
      "55-бап. Арнайы қызмет стажы 
      1. Прокуратура органдарындағы қызмет (жұмыс) мемлекеттiк қызметтiң арнайы түрi болып табылады. Арнайы қызмет (жұмыс) стажына прокуратура органдарындағы қызметтен-ең (жұмыстан) басқа. 
      1) Қарулы Күштердегi, iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы және басқа да құқық қорғау органдарындағы; 
      2) сот органдарындағы; 
      3) мемлекеттiк қызметте болған қызмет (жұмыс) уақыты; 
      4) заң мамандығы бойынша ғылыми және педагогтiк жұмыс уақыты есептеледi.". 
      9. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710  Z952710_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат): 
      1) 19-бапта: 
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiне ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiнiң негiзiнде жүзеге асырылады."; 
      2-тармақтағы ", егер заңдарда белгiленген тәртiппен өзгеше көзделмесе, заңдарда Қарулы Күштердiң әскери қызметшiлерi үшін белгiленген бұйымдық және заттай үлеспен" деген сөздер "заңдарда белгiленген тәртiппен заттай мүлiкпен және азық-түлiкпен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) 20-баптың 1-тармағындағы "және қызмет өткерген жылдарына проценттiк үстемеақы белгiлеу" деген сөздер "лауазымдық жалақы есептеу" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      10. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Z970136_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат, N 23, 925-құжат): 
      1) 61-бапта: 
      1-тармақтағы "ақшалай үлестiң 60 процентi" деген сөздер "ақшалай қаражатының 45 процентi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2, 4-тармақтардағы "ақшалай үлестiң" деген сөздер "ақшалай қаражатының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      5-тармақта: 
      "ақшалай үлестiң 75 процентiнен" деген сөздер "ақшалай қаражатының 60 процентiнен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Осы баптың 1, 2, 3, 4-тармақтарына сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерiнiң ең көп мөлшерi жыл сайын тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн 75 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен асырылмайды."; 
      2) 63-бапта: 
      тақырыбындағы және 1, 3-тармақтардағы "ақшалай үлесiнiң" деген сөздер "ақшалай қаражатының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiн, iшкi iстер органдары қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражат мөлшерiне лауазымдық жалақысы, әскери (арнаулы) атағы бойынша жалақысы (қосымша ақы) кіредi."; 
      3) 64-баптың 1-тармағындағы "ақшалай ақы" деген сөздер "ақшалай қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      4) 65-бапта: 
      3-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасының әскери қызметiнде, iшкi iстер органдарындағы қызметте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 жылға жетпейтiн қызмет стажы бар Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, iшкi iстер органдары қызметкерлерi үшiн салымшының таңдауы бойынша тиiстi бюджеттiң қаражаты есебiнен мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорына, жеке зейнетақы шотына осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қаражаты мөлшерiнiң 20 процентi мөлшерiнде мiндеттi зейнетақылық жарналар төлеу тәртiбi енгiзiледi."; 
      үшiншi бөлiк алынып тасталсын. 
      11. "Дипломатиялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы  Z970187_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 21, 275-құжат): 
      26-баптың 2-тармағында: 
      бiрiншi бөлiгiнде: 
      "адамдарды ақшалай қамтамасыз ету" деген сөздер "адамдарға еңбекақы төлеу" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "еңбекке ақы төлеудi Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен бiртұтас жүйесiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiгiндегi "еңбегiне ақы төлеу ережелерiн" деген сөздер "еңбек ету шарттарын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.     

     Қазақстан Республикасының
           Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады