Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 30 наурыз N 417

      "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 қаңтардағы N 3330 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 желтоқсандағы N 517 U000517_ Жарлығының қолданысқа енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясына (бұдан әрі - Ұлттық комиссия) онда 2001 жылдың 1 қаңтарына жұмыс істеген Ұлттық комиссия қызметкерлерінің еңбекақыларының айырмасын

 

төлеу үшін, егер олардың 2000 жылғы орташа айлық еңбекақысы 2001 жылға

белгіленген еңбекақыдан асқан жағдайда 36 602 000 (отыз алты миллион алты

жүз екі мың) теңге бөлінсін.

     2. Осы қаулы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады