Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 747 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 1 шілдедегі
№ 747 қаулысына  
қосымша     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде 2001 - 2002 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 450 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 13, 155-құжат).
      2. "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2003 - 2004 жылдарға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 сәуірдегі № 344 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 16, 164-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы № 272 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 11, 146-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 сәуірдегі № 344 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 441 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 18, 225-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 415-құжат).
      6. "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005 - 2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қарашадағы № 1146 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 44, 551-құжат).
      7. "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 108 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 48-құжат).
      8. "Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысы.
      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы № 150 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 8, 82-құжат).
      10. "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1246 қаулысы.
      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 21-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 54-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады