Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитетін таратудың кейбір мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 сәуір N 494 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 536  Жарлығын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті атқару құжаттарын орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штат саны мен мүлкі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке және оның облыстар мен Астана, Алматы қалаларындағы әкімшілеріне тапсырыла отырып, таратылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      1) <*>
      2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 151  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 45-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті туралы ережеде: 
      6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 45.". 
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1120  қаулысымен.
      4. Мыналардың: 
      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілдедегі N 931  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 34, 297-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1695  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 490-құжат) 1-тармағы 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары

        

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады