Украинадан Өзбекстан Республикасына жарылғыш заттың (аммониттің) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 сәуір N 496

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес мөлшерде Украинадан Өзбекстан Республикасына "Украрнайыэкспорт" әскери және арнайы мақсаттағы өнімдер мен қызметтердің экспорты мен импорты жөніндегі мемлекеттік компаниясы" (Киев қаласы, Украина) Өзбекстан Республикасының (Ташкент қаласы) "Көмір" көмір өндіру және өткізу жөніндегі акционерлік қоғамы үшін 2000 жылғы 2 наурыздағы N USЕ-18.1-32-К/КЕ-00 келісім-шарт бойынша беретін жарылғыш заттың (аммониттің) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Халықаралық темір жол жүк қатынасы туралы келісімнің Қауіпті жүктерді тасымалдаудың қолданылып жүрген ережелеріне және басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес ерекше қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы темір жол көлігімен жүктің транзиттік тасымалдануын жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағы

арқылы жарылғыш заттың (аммониттің) транзитін бақылауды қамтамасыз етсін.

     4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі осы

қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі


                                           Қазақстан Республикасы

                                                Үкіметінің

                                          2001 жылғы 16 сәуірдегі

                                             N 496 қаулысына

                                                 қосымша


       "Украрнайыэкспорт" әскери және арнайы мақсаттағы өнімдер мен

    қызметтердің экспорты мен импорты жөніндегі мемлекеттік компаниясы

    (Киев қаласы, Украина) Өзбекстан Республикасының (Ташкент қаласы)

      "Көмір" өндіру және өткізу жөніндегі акционерлік қоғамы үшін

   2000 жылғы 2 наурыздағы N USЕ-18.1-32-К/КЕ-00 келісім-шарт бойынша

               беретін жарылғыш заттың (аммониттің) мөлшері

________________________________________________________________________

Жөнелтуші, алушы, ! Номенклатура және ! СЭҚ ТН !Өлшем  !Мөлшері! Құны

шекаралық өту     !жеткізілімнің атауы!  коды  !бірлігі!       ! АҚШ   

   станциясы       !                   !        !       !       !долларымен

________________________________________________________________________

        1                   2               3       4       5        6

________________________________________________________________________

"Украрнайыэкспорт"   Аммонит жарылғыш   360200000  тонна    240   302400

мемлекеттік         заты диаметрі

компаниясы,         36 мм, салмағы

Украина, Киев,      300 грамм Т-19

Дегтяревская к-сі,  қорғаныш патроны

36.

Алушы:

Өзбекстан

Республикасының

"Көмір" көмір

өндіру және

өткізу жөніндегі

акционерлік

қоғамы

________________________________________________________________________


     Белгіленген станциясы Ташкент (Өзбекстан Республикасы)


     Шекарадан өту: Озинки (Ресей Федерациясы) - Шеңгелді (Қазақстан

Республикасы)




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады