"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы 2000 жылғы 2 мамырдағы N NММС-00/27 келісім-шарты бойынша Навои тау-кен металлургиялық комбинаты (Өзбекстан Республикасы, Навои қаласы) "Siemens" Financial Services GmbH" фирмасы үшін (Германия, Мюнхен) беретін 2001 жылға арналған 230 тонна мөлшердегі уран концентратының (СЭҚ ТН коды 284410000) транзитіне рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес ерекше қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктің транзиттік тасымалдануын қамтамасыз етсін. Жөнелту кестесі мен шекарадан өту бағыты қосымша сәйкес.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден
комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен уран концентратының Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы транзитін бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті табиғи уран транзитін
бақылау жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 23 мамырдағы
N 702 қаулысына
қосымша
2001 жылғы табиғи уранды жөнелтудің
Кестесі
мамыр 115 тонна
қазан 115 тонна
Барлығы 230 тонна
Тасымалдау 20 тонналық контейнерлермен темір жол көлігінде жүзеге
асырылады.
Шекаралық өту станциясы - Шеңгелді-Өзенкі (Қазақстан Республикасы).
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.