Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2017 № 529 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы N 90 P950090_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің құрамы қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы ережеде:
5-тармақтың 5.1.-тармақшасының үшінші абзацындағы "Ғылым министрлігі-Ғылым академиясы" деген сөздер "Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінің" деген
сөздер "Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің" деген
сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "Ғылым министрі-Ғылым академиясының президенті" деген
сөздер "Энергетика және минералдық ресурстар министрі" деген сөздермен
ауыстырылсын;
8-тармақтың үшінші абзацындағы "Ғылым министрлігі-Ғылым академиясы"
деген сөздер "Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген
сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 мамырдағы N 703 қаулысына қосымша |
Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО)
жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру
жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің
Құрамы
Школьник - Қазақстан Республикасы Премьер-
Владимир Сергеевич Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі, төраға;
Нефедов - Қазақстан Республикасының
Петр Петрович Энергетика және минералдық
ресурстар вице-министрі, төрағаның
орынбасары;
Түсіпбаева - Қазақстан Республикасының
Мағрипа Әубәкірқызы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі ТМД, Таяу
Шығыс, Азия және Африка
елдерімен халықаралық
ынтымақтастық бөлімінің
бастығы, хатшы;
Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Тілеукен Зейнекенұлы Министрінің орынбасары -
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің кеңесшісі;
Әбсәметов - Қазақстан Республикасының Білім
Малис Құдысұлы және ғылым министрлігі Ғылым
департаментінің директоры;
Ескендіров - Қазақстан Республикасының
Тұрсынғали Қажымұратұлы Мемлекеттік құпияларды қорғау
жөніндегі агенттігі мемлекеттік
құпияларды техникалық қорғау
және құқықтық қамтамасыз ету
басқармасының бастығы;
Жантикин - Қазақстан Республикасының
Тимур Мифтахұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі Атом
энергетикасы жөніндегі комитетінің
төрағасы;
Жәрменов - "Қазақстан Республикасының
Әбдірасул Алдашұлы минералдық ресурстарын кешенді
қайта өңдеу жөніндегі ұлттық
орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының
бас директоры;
Жотабаев - Қазақстан Республикасының
Амантай Балтабайұлы Қорғаныс министрлігі Қару-жарақ
департаментінің бастығы;
Қазыханов - Қазақстан Республикасының
Ержан Хозеұлы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты
ынтымақтастық департаментінің
директоры;
Калюжный - Қазақстан Республикасының Әділет
Вячеслав Афанасьевич министрлігі Халықаралық құқық
және хаттама департаментінің
директоры;
Кәрібаев - Қазақстан Республикасының
Ержан Ғаббасұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі Геология
және жер қойнауын қорғау комитеті
төрағасының бірінші орынбасары;
Нүсіпов - "Республикалық инновациялық қор"
Саят Нұрмұхаметұлы жабық акционерлік қоғамының
вице-президенті, Санаткерлік
меншік департаментінің директоры
(келісім бойынша);
Сапелкин - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Александр Александрович қауіпсіздік комитетінің бөлім
бастығы (келісім бойынша);
Шарбақов - Қазақстан Республикасы мемлекеттік
Алтай Жиенбайұлы бас дәрігерінің орынбасары.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.