Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 қаңтардағы N 90 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 529 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2017 № 529 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) құру туралы Келiсiмге қосылу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiн орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

      1. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қажеттi үйлестiру жөнiндегi алғашқысының қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құрылсын.

      Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес Халықаралық ғылыми-техникалық орталыққа ұсыну үшiн кәсiпорындар, ғылыми ұйымдар мен институттар әзiрлеген ғылыми-техникалық жобаларды қарайды, аталған жобалар бойынша басым мәнi бар ұсыныстарды iрiктеп, жинайды, жобаларды Халықаралық ғылыми-техникалық орталыққа жiберудiң мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды жасайды, осы жобалар бойынша жұмыстың орындалуын бақылайды, ұлттық қауiпсiздiк мүдделерi талаптарының сақталуын, мемлекеттiк және коммерциялық құпияны құратын ақпарат пен интеллектуалдық меншiктiң қорғалуын қамтамасыз етедi.

      2. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестiң құрамы берiлiп отырған қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      3. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңеске үй-жай бөлiп, оның ұйымдастыру-техникалық қызметiн қамтамасыз етсiн.

Қазақстан Республикасының


Премьер-министрi



  Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 25 қаңтардағы
N 90 қаулысымен
бекiтiлген

Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын
жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі
ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің
құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ұлттық биотехнология орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы

      "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Әскери стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 25 қаңтардағы
N 90 қаулысымен
бекiтiлген

Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын
жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi
Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. бүкіл мәтін бойынша "Энергетика және минералдық ресурстар" деген сөздер "Білім және ғылым" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.08 N 2039 Қаулысымен.

      1. осы Ережеге Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестiң (бұдан әрi - Кеңес) негiзгi мiндеттерi мен қызметiн белгiлейдi.

      2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасының мүдделерiнiң тұрғысынан ХҒТО тарапынан қаржыландырылатын жобалар бойынша басым мәнi бар ұсыныстарды жинақтау мен iрiктеу, Қазақстан Республикасы өкiлiнiң ХҒТО Басқарушылары Кеңесiндегi келiсiлген көзқарасын қалыптастыру, iрiктелген жобаларды ХҒТО-ға тапсыру болып табылады.

      3. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Кеңес ХҒТО-ға табыс ету үшiн кәсiпорындар, ғылыми ұйымдар мен институттар әзiрлеген ғылыми-техникалық жобаларды қарайды, қорытындылар жасайды, жобаны ХҒТО-ға жiберуге рұқсат бередi, жобалар бойынша жұмыстардың орындалуын бақылайды, мемлекеттiк, коммерциялық құпияларды құратын Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн, ақпаратты, интеллектуалдық меншiктi қорғау талаптарын қамтамасыз ету мәселелерiн қарайды.

      4. Ғылыми-техникалық жобаларды қарау және iрiктеу жөнiндегi өз қызметiнде Кеңес Халықаралық ғылыми-техникалық орталықты құру туралы Келiсiмнiң ережелерiн ХҒТО-ның жарғысы мен нормативтiк құжаттарын, мемлекеттiк, интеллектуалдық және коммерциялық құпияларды қорғау саласында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен нормативтiк актiлерiн басшылыққа алады.

      5. Ғылыми-техникалық жобаларды ХҒТО-ға жiберу үшiн оларды әзiрлеу мен қараудың мынадай тәртiбi белгiленедi:

      5.1. Кәсiпорындар мен ұйымдар жобаларды әзiрлеудi ХҒТО мiндеттерiне, мақсаттарына, қабылданым өлшемдерiне, нормативтiк талаптары мен процедураларына сәйкес жүзеге асырады.

      Ғылыми-техникалық жоба туралы ұсыныс Кеңеске осы жұмысты жүргiзудiң пайдалылығы мен орындылығы, оның ғылыми-техникалық деңгейi, мемлекеттiк және коммерциялық құпиялардың сақталуы, интеллектуалдық меншiктi қорғауы туралы кәсiпорынның ҒТК (НТС) қорытындысымен, сондай-ақ мемлекеттiк құпиялардың сақталуы туралы кәсiпорынның тұрақты түрде жұмыс iстейтiн техникалық комиссиясының қорытындысымен бiрге жiбередi.

      Жекелеген ғалымдар мен шығармашылық ұжымдар жобалар туралы ұсыныстарды Кеңесте қарау үшiн Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арқылы табыс ете алады.

      5.2. Жоба туралы ұсынысты Кеңес ұсынысты алғаннан кейiн 15 күннен кешiктiрмей қарайды, оны талқылауға жобаның ғылыми жетекшiсi немесе оған өкiлеттi адам табыс етедi.

      5.3. Кеңеске жоба осы Ереженiң 4-тармағының талаптарымен сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ мемлекет мүддесiн, салалар мен ведомстволардың мiндеттерiн басшылыққа ала отырып, ұсынылған жобаны пысықтауға қайтаруға, жобаның ХҒТО-ға жiберуге мүмкiн еместiгi туралы қорытынды беру немесе жобаның жiберiлу мерзiмiн кейiнге көшiру құқы берiлген. Кеңес мақсаты жағынан жақын жобаларды үйлестiру, тиiстi кәсiпорындар мен ғылыми ұйымдарды жобаларды орындауға тарту, олардың ғылыми-техникалық және өндiрiстiк әлеуетiн пайдалану жөнiнде ұсыныстар бере алады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.02.12 N 201, 2001.05.24 N 703 Қаулыларымен.

      6. Кеңестiң қорытындысы жоба бойынша жұмыстарды жүргiзуге және жоба туралы ұсынысты ХҒТО-ға жiберуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің келiсiмiн рәсiмдеуге арналған негiз болып табылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2001.05.24 N 703 Қаулысымен.

      7. Жүзеге асыру үшiн жобалар бойынша ұсыныстарды ХҒТО-ға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі табыс етедi.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.02.12 N 201, 2001.05.24 N 703 Қаулыларымен.

      8. Кеңес өз қызметін Кеңес төрағасы бекіткен тәртіппен және жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.

      Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін комиссияның ғалым-хатшысы хаттама ресімдейді, оған төраға мен ғалым-хатшы қол қояды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      Кеңестің жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Кеңес отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуі тиіс.

      Ескерту. Ереже 9-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      10. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңестің есеп-хатына қоса берілуі тиіс.

      Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен ғалым-хатшы қол қояды.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, ғалым-хатшы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді.

      Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.

      Ескерту. Ереже 10-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      11. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.

      Ескерту. Ереже 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады