Жарылғыш материалдардың - (ДШЭ-12 тұтандырғыш жiбінiң) Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 шілде N 960

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiм транзитiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. 2000 жылғы 28 ақпандағы N 54/2000-НВ келiсiм-шарт бойынша "Алмалық тау-кен металлургия комбинаты" ашық акционерлiк қоғамы үшiн (Алмалық қаласы, Өзбекстан Республикасы) "Нитро-Взрыв" ашық акционерлiк қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) беретiн жарылғыш материалдардың (ДШЭ-12 тұтандырғыш жiбiнiң) қосымшаға сай мөлшерде Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi қолданылып жүрген Халықаралық темiр жол жүк қатынасы туралы келiсiмге және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес қауiпсiздiктiң ерекше шараларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктi темiр жол көлiгiмен транзиттiк тасымалдаудың жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден

 

комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы

арқылы жарылғыш материалдардың (ДШЭ-12 тұтандырғыш жiбінің) транзитін

бақылауды қамтамасыз етсiн.

     4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi осы

қаулыны iске асыру мақсатында қажетті шаралар қабылдасын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң

                                           2001 жылғы 16 шiлдедегi

                                               N 960 қаулысына

                                                   қосымша


          2000 жылғы 28 ақпандағы N 54/2000-НВ келiсiм-шарт бойынша

           "Алмалық тау-кен металлургия комбинаты" ашық акционерлiк

          қоғамы үшiн "Нитро-Взрыв" ашық акционерлiк қоғамы беретiн

                             тауарлардың мөлшерi

---------------------------------------------------------------------------

р/с!    Тауар    !   СЭҚ ТН    !  Өлшем  ! Мөлшерi !   Бағасы   !  Жалпы

N !    атауы    !    коды     ! бiрлiгi !         !     АҚШ    ! құны АҚШ

   !             !             !         !         ! долларымен !долларымен

---------------------------------------------------------------------------

1.   ДШЭ-12         360300100     Мың        800       200.0     160000.00

     тұтандырғыш                  метр

     жiбi


     ЖИЫНЫ                                                       160000.00

---------------------------------------------------------------------------

     Жарылғыш материалдардың қозғалысы мынадай бағыттар бойынша жүзеге

асырылады:

     Шығатын станциясы: Пашино, Ресей Федерациясы;

     Баратын станциясы: Ахангаран, Өзбек темiр жолы;

     Шекарадан өту станциясы: Локоть - Шеңгелдi (Қазақстан).

     Алушы: "Алмалық тау-кен металлургия комбинаты" ашық акционерлiк

қоғамы, Алмалық қаласы, Өзбекстан Республикасы.



     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады