2001 жылғы 14 қыркүйекте Алматы қаласында Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесiнiң Үкiметтер басшылары деңгейiндегi мәжiлiсiн өткiзуге дайындықты тиiмдi ұйымдастыруды және үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесiнiң Үкiметтер басшылары деңгейiндегi мәжiлiсiн дайындау және оны өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, өзге де мемлекеттiк органдары (келiсiм бойынша) және мүдделi ұйымдар (келiсiм бойынша) Жоспарда көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесiнiң Үкiметтер басшылары деңгейiндегi мәжiлiсiн өткiзуге 2001 жылғы республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен қоса берiлiп
отырған шығыстар сметасына сәйкес қаражат бөлсiн.
4. Жоспардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы
істер министрлігіне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 13 қыркүйектегі
N 1193 қаулысымен
бекітілген
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесiнiң
Yкiметтер басшылары деңгейiндегi мәжiлiсiн дайындау
және оны өткiзу жөнiндегi iс-шаралар
ЖОСПАРЫ
(Алматы қаласы, 2001 жылғы 14 қыркүйек)
---------------------------------------------------------------------------
Р/с! Iс-шара ! Орындау ! Жауапты орындаушылар
N ! ! мерзiмi !
---------------------------------------------------------------------------
1 Кездесу өткiзудiң 2001 жылдың Қазақстан Республикасының
бағдарламасын дайындау 7 қыркүйегі Сыртқы істер министрлігі,
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министр Кеңсесінің
Сыртқы байланыстар бөлімі
2 Кездесуге келетiн 2001 жылдың Қазақстан Республикасының
делегациялардың құрамын 10 Сыртқы істер министрлігі
келiсу: ресми делегация қыркүйегіне
(5 адам), бiрге жүретiн дейін
адамдар (10 адамға
дейiн), күзет
қызметкерлерi, баспасөз,
кездесуге қатысушылардың
келу және кету кестесiн
жасау
3 Шығыстар сметасын 2001 жылдың Қазақстан Республикасының
дайындау және келiсу қыркүйегiне Сыртқы істер министрлігі,
дейiн Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi
4 Ресми делегацияларды 2001 жылдың Қазақстан Республикасы
және бiрге жүретiн 13-14 Президентінің Іс Басқармасы,
адамдарды әуежайда күтiп қыркүйегі Қазақстан Республикасының
алу және шығарып салуды Сыртқы істер министрлігі,
соның iшiнде VIР арқылы Қазақстан Республикасы
ұйымдастыру Премьер-Министрінің
Протоколдық қызметi, Алматы
қаласының әкiмi,
Республикалық Ұлан (келiсiм
бойынша), Қазақстан
Республикасының Ұлттық
Қауiпсiздiк Комитетiнiң
Шекаралық қызметi (келiсiм
бойынша), Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк
Кiрiс Министрлiгiнiң Кеден
комитетi
5 Қазақстан Республикасы 2001 жылдың Қазақстан Республикасының
аумағының үстiнен ұшып 10-15 Көлік және коммуникациялар
өтуге рұқсат ету қыркүйегі министрлiгi, Қазақстан
Республикасының Сыртқы
істер министрлiгi,
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлiгi
6 Арнаулы ұшақтардың 2001 жылдың Қазақстан Республикасының
тұрағын, оларға қызмет 14 Көлік және коммуникациялар
көрсету және жанар - қыркүйегі министрлігі
жағар май құюды
қамтамасыз ету
7 Делегацияларға көлiктiк 2001 жылдың Қазақстан Республикасы
қызмет көрсету 14-15 Президентiнiң Iс Басқармасы
қыркүйегi (келiсiм бойынша), "Алматы
қаласының Шаруашылық
басқармасы" жабық акционерлiк
қоғамы (келiсiм бойынша)
8 Жүру бағыттары бойынша 2001 жылдың Қазақстан Республикасының
IIМ-нiң Жол полициясы 14 Ішкі істер министрлігі
комитетiнiң машиналарымен қыркүйегі
ерiп жүру
9 Күзетке алынған адамдар 2001 жылдың Қазақстан Республикасы
мен делегациялардың 14 Президентінің Күзет қызметі
әуежайда, жүру бағыттары қыркүйегі (келісім бойынша), Қазақстан
бойынша, iс-шараларды Республикасының Ұлттық
өткiзетiн және тұратын қауіпсіздік комитеті
орындарда (бағдарлама (келісім бойынша), Қазақстан
бойынша) қауiпсiздiгiн Республикасының Ішкі істер
қамтамасыз ету министрлігі
10 Ресми делегациялардың 2001 жылдың Қазақстан Республикасы
мүшелерi мен бiрге 14 қыркүйегi Президентiнiң Iс Басқармасы
жүретiн адамдарға (келiсiм бойынша),
медициналық қызмет "Алматы қаласының Шаруашылық
көрсету басқармасы" жабық акционерлiк
қоғамы (келiсiм бойынша),
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Күзет қызметi
(келiсiм бойынша)
11 Қабылдаушы тараптың 2001 жылдың Қазақстан Республикасы
есебiнен делегациялардың 14 қыркүйегi Президентiнiң Iс Басқармасы
басшылары мен мүшелерiн (келiсiм бойынша),
"Реджент-Анкара" қонақ Қазақстан Республикасының
үйiнде орналастыру мен Сыртқы iстер министрлiгi,
тамақтандыру ұйымдастыру "Алматы қаласының Шаруашылық
басқармасы" жабық
акционерлiк қоғамы
(келiсiм бойынша), Алматы
қаласының әкiмi
12 Делегациялар үшiн хатшылық 2001 жылдың Қазақстан Республикасы
пен штабтық бөлмелердi 13 Президентiнiң Іс Басқармасы
жабдықтау (ұйымдастыру қыркүйегiне (келiсiм бойынша),
техникасымен, телефон қарай Қазақстан Республикасы
байланысымен, кеңселiк Премьер-Министрiнiң
заттарымен жабдықтау) Протоколдық Қызметi,
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрлiгi
13 ЕурАзЭҚ-қа мүше 2001 жылдың Қазақстан Республикасы
мемлекеттер үкiметтер 14 қыркүйегi Премьер-Министрiнiң Баспасөз
басшыларының қатысуымен қызметi, Қазақстан
баспасөз конференциясын Республикасының Сыртқы
өткiзу iстер министрлiгi
14 Үкiмет басшыларының 2001 жылдың Қазақстан Республикасының
деңгейiнде ЕурАзЭҚ 13-14 Сыртқы істер министрлігі,
Мемлекетаралық кеңесiнiң қыркүйегі Қазақстан Республикасының
мәжiлiсiне құжаттар мүдделі министрліктері мен
жобаларын, ақпараттар ведомстволары
мен анықтамалық талдау
материалдарын дайындау
15 Қазақстан Республикасының 2001 жылдың Қазақстан Республикасы
Президентi Н.Ә. 14 қыркүйегі Президентінің Әкімшілігі
Назарбаевтың Ресей (келiсiм бойынша),
Федерациясы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының
Төрағасы М.М. Касьяновпен Сыртқы iстер министрлiгi
екi жақты кездесуiн
ұйымдастыру
16 Қазақстан Республикасы 2001 жылдың Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң екi 14 қыркүйегi Премьер-Министрiнiң
жақты кездесулерiн Протоколдық қызметi,
ұйымдастыру Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрлiгi
17 Қазақстан Республикасы 2001 жылдың Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң атынан 14 қыркүйегі Президентінің Іс Басқармасы,
ресми қабылдауды Қазақстан Республикасы
ұйымдастыру: Премьер-Министрінің
1) делегациялар басшылары Протоколдық Қызметі,
үшiн (қабылдауды өткiзу Қазақстан Республикасының
орнын анықтау және Сыртқы істер министрлігі
безендiру, отырғызу,
делегацияларға арналған
квоталарды келiсу, күзет
іс-шаралары, дастархан
мәзiрiн дайындау);
2) делегациялар мүшелерi
үшiн
---------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 13 қыркүйектегі
N 1193 қаулысына
қосымша
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесiнiң
Yкiметтер басшылары деңгейiндегi мәжiлiсiн өткiзудің
шығыстар сметасы
(2001 жылғы 14 қыркүйек)
(1+4 форматы)
----------------------------------------------------------------
N ! Қызметтердiң атауы ! Сома
! ! (теңге)
----------------------------------------------------------------
1. Көлiктiк қызмет көрсету
25 а/к х 700 теңгеден/сағ х 8 сағат 140 000
2. "Анкара" қонақ үйiндегi мәжiлiс залын жалдау
1250 АҚШ долл/күн х 148,5 теңгеден 185 625
3. ҚР Премьер-Министрiнiң атынан ресми қабылдау
ресми делегациялар үшiн - 40 адам х 6500
теңгеден 260 000
Фуршет
- iлеспе адамда 40 адам х 6500 теңгеден 260 000
4. Ресми делегациялардың мүшелерiне папкалар
25 дана х 7425 теңгеден 185 625
5. Буфеттiк қызмет көрсету
90 адам х 1040 теңгеден 93 600
Жиыны 1 124 850
----------------------------------------------------------------
Барлығы бiр миллион жүз жиырма төрт мың сегiз жүз елу теңге.
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.