"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 20 қыркүйек N 1219

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына

өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына

енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                          "Бюджет жүйесi туралы"

                     Қазақстан Республикасының Заңына

                өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы



 
       1-бап. "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Z990357_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 7, 225-құжат; N 20, 731-құжат; N 21, 783-құжат; N 23, 916, 928, 930-құжаттар; 2000 ж., N 21, 395-құжат; 2001 ж., N 1, 6-құжат; 2001 жылғы 5 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 8 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс iстеу мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 3 мамырдағы Z010182_ Заңы) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-бапта:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджеттiк өтiнiм - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген құрамда және нысандар бойынша бюджеттi әзiрлеу кезiнде бюджеттiк бағдарламаны негіздеу және оны қаржыландыру сомасын анықтау үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi ұсынатын құжаттардың жиынтығы;";
      он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджеттiк бағдарлама және кiшi бағдарлама - бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттiк басқару функцияларын және мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шаралар кешенi;";
      мынадай мазмұндағы он үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "несиелердi қайтару - бұрын бюджеттен берiлген несиелер бойынша негiзгi борышты қайтару сомасы;";
      он бесiншi абзацтағы "және бюджеттен қайтарымды негiзде бөлiнген кредиттердiң" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жиырма бiрiншi, жиырма екiншi және жиырма үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "бюджеттiң шығындары - қайтарымды негiзде бюджеттен бөлiнетiн қаражат;
      инвестициялық жоба - белгiленген тәртiппен ресiмделген құжаттарға сәйкес белгiлi бiр мерзiмде жүзеге асырылатын және материалдық объектiлердi жасау немесе жетiлдiру жолымен мемлекеттiң активтерiн көбейтуге бағытталған iс-шаралар кешенi;
      бюджеттiң атқарылуы - бюджетке түсетiн түсiмдердi қамтамасыз ету, бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру, сондай-ақ бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) жөнiндегi iс-шаралар кешенiн орындау;";
      жиырма бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджет профицитiн пайдалану - бюджет қаражатының қалдықтарын жұмсау түсiмдердiң мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден, қарыз алудан және негiзгi борышты өтеуге бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға, борышты басқару мақсатында бюджет қаражатының бос қалдықтарын қалыптастыруға бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатудан тартылған ақшаның бюджет шығыстарынан асып түсу процесi. Бюджеттiң профицитiн пайдалану көлемi негiзгi борышты өтеу және бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу көлемiнiң тартылған ақша мен бюджет қаражаты қалдықтарының көлемiнен артуымен өлшенедi.";
      жиырма екiншi абзацтағы "мен кредиттеу" және "бос" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жиырма үшiншi және жиырма төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "несиелер - белгiленген тәртiппен бюджеттен жеке және заңды тұлғаларға, төмен тұрған бюджеттерге қайтарымды және ақылы негiзде бөлiнетiн қаражат. Төмен тұрған бюджеттердi кредиттеу заңдарда көзделген жағдайларда тегiн жүзеге асырылуы мүмкiн;
      мемлекеттiк мекеменiң кредиторлық берешегi - белгiленген мерзiмде төленбеген қабылданған мiндеттемелердiң сомасы;";
      жиырма төртiншi абзацта:
      "мемлекеттiк мiндеттердi" деген сөздер "жергiлiктi мемлекеттiк басқару мiндеттерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жергiлiктi маңызы бар жобаларды" деген сөздер "жергiлiктi деңгейде мемлекеттік саясатты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жиырма бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "жергiлiктi уәкiлеттi орган - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң қаржысын басқаруға әкiм уәкiлеттiк берген, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;";
      мынадай мазмұндағы жиырма алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "бюджет қаражатының қалдықтары - қаржы жылының бас кезiндегi бос қалдықтардың және ағымдағы жылдың 1 сәуiрiндегi жағдай бойынша есептi кезеңнiң iшiнде пайда болған бюджет қаражаты қалдықтарының сомасы;";
      жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ресми трансферттер - гранттарды қоспағанда, бюджетке түсетiн қайтарымсыз негiзде және қайтарылмайтын түсiмдер немесе бюджеттiң шығыстары;";
      мынадай мазмұндағы жиырма сегiзiншi және жиырма тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "бюджеттiк бағдарламаның паспорты - Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе әкiмият бекiтетiн, бюджеттiк бағдарламаның мақсаттарын, күтiлетiн нәтижелерiн, жауапты атқарушыларын, орындалу мерзiмдерiн, ұлттық валютадағы құнын, қаржыландыру көздерiн және басқа да сипаттамаларын анықтайтын құжат;
      бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары - мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерiн қабылдаудың, экономикалық жiктеме бөлiнiсiнде оларды орындау үшiн төлемдердi жүзеге асырудың айлар бойынша кестесi;";
      жиырма сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "өтеу - үкiметтiк борышты және жергiлiктi атқарушы органдардың борышын қайтару сомасы;";
      жиырма тоғызыншы абзацтағы "бюджеттен бұрын берiлген кредиттер бойынша негiзгi борышты өтеудiң" деген сөздер "несиелердi қайтарудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы отыз екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "қабылданған мiндеттеме - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында тiркелген мемлекеттiк мекеменiң төлемдер жөнiндегi мiндеттемесi;";
      отыз екiншi абзац алынып тасталсын;
      отыз үшiншi абзацтағы "және қайтарымды негiзде берiлетiн" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы отыз төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "рұқсат - мемлекеттiк мекемелер оның шегiнде төлемдер бойынша мiндеттемелер қабылдайтын бюджет қаражатының лимитiн анықтайтын құжат;";
      отыз төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджет шығыстары - бюджеттiң шығындары мен несиелерiнiң жиынтығы;";
      отыз алтыншы абзацта:
      "мемлекеттiк мiндеттердi" деген сөздер "мемлекеттiк басқару мiндеттерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "республикалық маңызы бар жобаларды" деген сөздер "республикалық деңгейде мемлекеттiк саясатты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      отыз жетiншi абзацтағы "есептi кезеңдi ескере отырып" деген сөздер "есептi кезеңде инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қажеттi соманы шегере отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы отыз сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
      "қаржыландырудың жиынтық жоспары - кезеңдер бойынша бөле отырып, бюджет бөлiктерiнiң теңгерiмдi жиынтық қаржылық жоспары;";
      қырық бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "есептi кезең - жаңа қаржы жылына енбейтiн кезең, бұл кезең iшiнде өткен қаржы жылында бекiтiлген қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген инвестициялық жобаларға арналған бюджеттiк шығыстар бойынша, сондай-ақ ресми трансферттердi бюджеттерге есептеу бойынша қорытынды операциялар жүргiзiледi. Алдағы жылдың бюджетi үшiн есептi кезең ағымдағы жылдың 1 сәуiрiнде аяқталады;";
      қырық төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджет тапшылығын қаржыландыру - негiзгi борышты өтеу, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу, бюджеттiң тапшылығын жабу және борышты басқару мақсатында бюджет қаражатының бос қалдықтарын қалыптастыру үшiн осы ақшаны, сондай-ақ бюджет қаражатының қалдықтарын пайдалану мақсатында мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды қарызға алу және сату жолымен ақша тарту процесi. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемi тартылған ақша көлемiнiң және бюджет қаражаты қалдықтарының негiзгi борышты өтеуден және бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алудан асып түсуiмен

 

өлшенедi.";

     қырық жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

     "мақсатты инвестициялық трансферттер - заң актiлерiмен немесе

мәслихаттардың шешiмдерiмен бекiтiлген соманың шегiнде инвестициялық

жобаларды iске асыру үшiн жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрғанына беретiн

ресми трансферттер;";

     2) 5-баптың 5-тармақшасы алынып тасталсын;

     3) 6-бапта:

     1) тармақшаның үшiншi және төртiншi абзацтары мынадай редакцияда

жазылсын:

     "алынған ресми трансферттер,

     несиелердi қайтару;";

     2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

     "2) шығыстар:

     шығындар,

     несиелер;";

     4) мынадай мазмұндағы 6-2, 6-3 және 6-4-баптармен толықтырылсын:

     "6-2-бап. Бюджеттiк бағдарламалар

     1. Бюджеттік бағдарламалар:

     1) ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар;

     2) бюджеттiк даму бағдарламалары болып бөлiнедi.


 
       2. Ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк басқару мiндеттерiн орындауға бағытталған, тұрақты сипаты бар немесе бiржолғы iс-шараларды өткiзудi көздейтiн бюджеттiк бағдарламалар болып табылады.
      Бюджеттiк даму бағдарламалары адам ресурстарын дамытуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық және институционалдық дамуына бағытталған бюджеттік бағдарламалар болып табылады.
      6-3-бап. Инвестициялық жобалар
      1. Жалпы республикалық маңызы бар және орталық мемлекеттiк органдар iске асыратын инвестициялық жобалар республикалық инвестициялық жобалар болып табылады. Республикалық инвестициялық жобалар шығындық негiзде қаржыландырылады.
      Облыстық, қалалық немесе аудандық маңызы бар және жергiлiктi атқарушы органдар iске асыратын инвестициялық жобалар жергiлiктi инвестициялық жобалар болып табылады.
      2. Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынылатын республикалық инвестициялық жобалар мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс:
      Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарында көрсетiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарына сәйкес келуi;
      жобаның техникалық-экономикалық көрсеткiштерiмен бiрге жоба бойынша белгiленген тәртiппен ресiмделген жобалық-сметалық құжаттаманың болуы;
      салалық уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы;
      экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық атқарушы органның оң қорытындысының болуы.
      3. Жергiлiктi бюджет комиссиясының қарауына ұсынылатын жергiлiктi инвестициялық жобалар мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс:
      облыстың, Астана және Алматы қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарында көрсетiлген аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарына сәйкес келуi;
      жобаның техникалық-экономикалық көрсеткiштерiмен бiрге жоба бойынша белгiленген тәртiппен ресiмделген жобалық-сметалық құжаттаманың болуы;
      жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын экономикалық жоспарлау жөнiндегі атқарушы органның оң қорытындысының болуы;
      инвестициялық жобаны қайтарымды негiзде қаржыландыру кезiнде оның өтелiмдiлiгі туралы сарапшылық қорытынды.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары республикалық инвестициялық жобаларды iске асыруы үшiн облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне республикалық бюджеттен мақсатты инвестициялық трансферттер бөлiнедi.
      Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары инвестициялық жобаларды iске асыруы үшiн аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне облыстық бюджеттен мақсатты инвестициялық трансферттер бөлiнедi.
      5. Инвестициялық жобаларды қарау ережесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      6-4-бап. Бюджет комиссиясы
      1. Қазақстан Республикасының Президентi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органы тиiсiнше республикалық бюджет комиссиясын және облыстың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) бюджет комиссияларын құрады, олардың мiндеттерi мен жұмыс iстеу тәртiбiн анықтайды. Бюджет комиссиясы қызметiнiң құқықтық негiзiн осы Заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер құрайды.
      2. Республикалық және жергіліктi бюджет комиссиялары өз қызметiн тұрақты негізде жүзеге асырады. Бюджет комиссиясы жұмысының жоспар-кестесi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесiнде анықталған мерзiмге сәйкес белгiленедi.
      3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу және нақтылау мақсатында республикалық бюджет комиссиясы және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) бюджет комиссиялары:
      үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң негiзгi болжамды көрсеткiштерiн анықтайды;
      алдағы үш жылдық кезеңге арналған шығыстар лимиттерiн анықтайды;
      мыналар:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағдарламалары және аумақтарды

 

дамытудың салалық (секторлық) бағдарламалары, экономикалық және әлеуметтiк

бағдарламалары;

     бюджеттi нақтылау;

     бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын нақтылау және бюджеттiк

бағдарламаларды iске асырудың нәтижелерi туралы ақпараттың негiзiнде

бюджеттiк бағдарламаларды одан әрi iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды

қарайды және дайындайды;

     Қазақстан Республикасының Президентi немесе облыстардың, Астана,

Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары

анықтайтын басқа да мiндеттердi орындайды.";

     5) 7-бапта:

     1) а) тармақшада:

     екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

     "заңды тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс салығы;";

     үшiншi абзац алынып тасталсын;

     төртiншi абзацта:

     "өндiрiлген тауарларға" деген сөздерден кейiн ", орындалған

жұмыстарға және" деген сөздермен толықтырылсын;

     "жұмыстар мен қызмет көрсетулерге" деген сөздер алынып тасталсын;

     бесiншi абзацтағы "тауарларға" деген сөзден кейiн ", орындаған

жұмыстарға және" деген сөздермен толықтырылсын;

     жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он

үшiншi, он төртiншi, он бесiншi, он алтыншы, он жетiншi, он сегiзiншi, он

тоғызыншы, жиырма бiрiншi, жиырма екiншi, жиырма үшiншi, жиырма төртiншi,

жиырма бесiншi және отыз үшiншi абзацтар алынып тасталсын;

     отыз төртiншi абзацта:

     "алымдар" деген сөз "алым" деген сөзбен ауыстырылсын;

     "алымдардан" деген сөз "алымнан" деген сөзбен ауыстырылсын;

     отыз бесiншi және отыз алтыншы абзацтар алынып тасталсын;

     отыз жетiншi абзацтағы "аударымдық және жай вексельдерге қатысты"

деген сөздер алынып тасталсын;

     қырқыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

     "радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшiн төлемақы;";

     қырық үшiншi абзац алынып тасталсын;

     мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

     "азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;

     радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды

мемлекеттік тiркеу үшiн алынатын алым;

     теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк

тiркегенi үшiн алым;

     теледидар және радиохабар тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн

пайдалануға арналған рұқсатты бергенi үшiн алым;

     дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;

     республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды

пайдаланғаны үшiн төлемақы;

     республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының

бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнамалар орналастырғаны үшiн

төлемақы;

     консулдық алым;";

     2) б) тармақшада:

     бесiншi, он үшiншi, он бесiншi, он сегiзiншi, жиырмасыншы, жиырма

екiншi абзацтар алынып тасталсын;

     3) в) тармақшаның екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

     "республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге

бекітiлген мүлiктi сатудан түсетiн түсiмдер;";

     4) 2) тармақшада:

     бiрiншi абзацтағы "(гранттар)" деген сөз алынып тасталсын;

     екiншi абзац алынып тасталсын;

     5) 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:


 
       "3) бұрын берiлген несиелердi, мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен бағытталған қаражат бойынша республикалық бюджетке берешектi өтеу есебiне өндiрiп алынған және алынған мүлiктi сатудан (жалға, лизингке беруден) түсетiн түсiмдердi қоса алғанда, республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi қайтару;";
      6) 7-1 баптағы "24" деген сан "24-1" деген сандармен ауыстырылсын;
      7) 9-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы отыз екiншi және отыз үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "республикалық бюджеттен берiлген несиелерге және мемлекет кепiлдiк берген заемдарға қызмет көрсетудi, сондай-ақ мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен бағытталған қаражаттың қайтарылуын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген заңды тұлғаларға берiлетiн сыйақыларды;
      бұрын берiлген несиелер, мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен бағытталған қаражат бойынша республикалық бюджетке берешектi өтеу есебiне өндiрiп алынған және алынған мүлiктi сақтауға, есепке алуға, бағалауға және сатуға арналған шығындарды;";
      2-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн" деген сөздер "Орталық мемлекеттiк органдарды және олардың аумақтық бөлiмшелерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-1-тармақтағы "Республикалық бюджеттен шығыстар мен кредиттеудiң" деген сөздер "Республикалық бюджеттен шығыстардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 10-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтарымен толықтырылсын:
      "4. Тиiстi облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары мен аудандық (қалалық) бюджеттердiң әзiрлену және атқарылу процесiне, осы Заңда көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың және облыстардың жергілiктi атқарушы органдарының араласуына жол берiлмейдi.
      5. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тiзбесiн

 

жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтетiн әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктi басқару

схемасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар айқындайды.";

     9) 11-бапта:

     1) а) тармақшада:

     екiншi абзац алынып тасталсын;

     үшiншi абзацтағы "тауарларға," деген сөзден кейiн "орындалған

жұмыстарға және" деген сөздермен толықтырылсын;

     бесiншi және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

     "спирттiң барлық түрлерiне,

     алкоголь өнiмдерiне;";

     жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он

үшiншi абзацтар алынып тасталсын;

     мынадай мазмұндағы он төртiншi, он бесiншi, он алтыншы, он жетiншi,

он сегiзiншi және он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

     "темекi бұйымдары, құрамында темекi бар басқа да бұйымдар;

     бекiре және қызыл балық уылдырықтары;

     алтыннан, платинадан немесе күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар;

     бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда);

     дизель отыны;

     атыс және газ қаруы (мемлекеттiк өкiмет органдары мұқтаждары үшiн

сатып алынғаннан басқа);";

     он жетiншi, он сегiзiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

     "лотереялар ұйымдастыру және өткiзу;

     жеке табыс салығы;";

     жиырма бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

     "жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алым;";

     жиырма сегiзiншi абзацтағы аукциондық сатудан" деген сөздер

"аукциондардан" деген сөзбен ауыстырылсын;

     жиырма тоғызыншы және отызыншы абзацтар алынып тасталсын;

     отыз бiрiншi абзацтағы "алымдар" деген сөз "алым" деген сөзбен

ауыстырылсын;

     отыз екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

     "жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;";

     мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

     "консулдық алымнан басқа, мемлекеттiк баж;

     жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу және олармен

жасалған мәмiлелер үшiн алынатын алым;

     механикалық көлiк құралдары мен тiркеуiштердi мемлекеттiк тiркеу үшiн

алынатын алым;

     жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды

пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;

     жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының

бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнамалар

орналастырғаны үшiн төлемақы;

     жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;

     қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы.";

     2) б) тармақшада:

     алтыншы, оныншы, он бiрiншi, он үшiншi, он төртiншi және он алтыншы

абзацтар алынып тасталсын;

     3) в) тармақшада:

     екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

     "жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге

бекiтiлген мүлiктi сатудан түсетiн түсiмдер;";

     үшiншi абзац алынып тасталсын;

     4) 2) тармақшада:

     бiрiншi абзацтағы "(гранттар)" деген сөз алынып тасталсын;

     екiншi абзац алынып тасталсын;

     5) 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

     "3) жергiлiктi бюджеттерден берiлген несиелердi қайтару.";

     10) 12-бапта:

     1) 1-тармақтың он бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

     "жергiлiктi атқарушы органдар қоршаған ортаны қорғау жөнiнде

өткiзетiн iс-шаралар;";

     2) 2-тармақтың екiншi абзацында:


 
       "Жергілiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн" деген сөздер "Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "әкiмият" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 2-1-тармақтағы "Жергiлiктi бюджеттен шығыстар мен кредиттеудiң" деген сөздер "Жергiлiктi бюджеттен шығыстардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 13-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде:
      бiрiншi абзацтағы "күтпеген шығыстарды" деген сөздер "республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кiдiрiссiз қаржыландыруды талап ететiн шығыстарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзац "төтенше жағдайларды жоюға" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен анықталатын өзге де күтпеген шығыстарға" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу Қазақстан Республикасының тиiстi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары негiзiнде және Қазақстан Республикасының Yкiметi өткен қаржы жылында бекiткен үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып жүзеге асырылады.
      2. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне:
      1) республикалық бюджет комиссиясы белгiлеген республикалық бюджеттiң шығыстары лимиттерiнiң шегiнде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмдердi;
      2) алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi жөнiндегi ұсыныстарды енгiзедi.
      3. Орталық атқарушы органдар және басқа да мемлекеттiк органдар заңнамаға сәйкес өзге де ұсыныстар мен деректердi ұсынады.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне келiсуге мынадай болжамды көрсеткiштердi:
      облыстың, Астана және Алматы қаласының бюджеттерiне түсетiн түсiмдердi;
      облыстың, Астана және Алматы қаласының жергiлiктi атқарушы органының тиiстi қаржы жылының аяғына арналған борышының көлемiн;
      облыстың, Астана және Алматы қаласының жергiлiктi атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстарының көлемiн ұсынады.
      Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне заңнамаға сәйкес өзге де көрсеткiштер мен деректердi де ұсынады.
      5. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық атқарушы орган ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша республикалық бюджет комиссиясы анықтаған шығыстар лимитiнiң шегiнде инвестициялық жобалардың тiзбесi мен республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемi жөнiндегi ұсынысты республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) осы баптың 4-тармағында көрсетiлген облыстардың, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң болжамды көрсеткiштерiн келiседi;
      2) республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне республикалық бюджет шығыстарының лимиттерiн, сондай-ақ республикалық бюджеттiк бағдарламалардың және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына республикалық бюджет комиссиясы анықтаған алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тiзбесiн және республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемiн жеткiзедi;
      3) республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн қарайды және олар бойынша қорытынды дайындайды;
      4) республикалық бюджет комиссиясының қарауына:
      мемлекеттiк бюджеттiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн;
      шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн;
      республикалық бюджеттiң шығыстар лимиттерiн қоса алғанда, оның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша республикалық бюджеттiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн;
      республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдер жөнiндегi қорытындысын;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша кредиторлық берешегiнiң сомасын;
      алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын;
      осы Заңның 15-бабында белгiленген басқа да көрсеткiштердi енгiзедi;
      5) республикалық бюджет комиссиясы анықтаған алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасының негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын және Қазақстан Республикасының алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн жасайды және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынады;
      6) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметi мақұлдағаннан кейiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына осы баптың 4-тармағында көрсетiлген келiсiлген болжамды көрсеткiштердi жiбередi;
      7) үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзедi.
      Қаржы министрлiгi заңнамада көзделген өзге өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
      7. Республикалық бюджет комиссиясы:
      1) мыналарды:
      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн;
      республикалық бюджеттiң шығыстар лимиттерiн қоса алғанда, оның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша республикалық бюджеттiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн;
      ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды, оның iшiнде облыстарда, Астана және Алматы қалаларында iске асырылатын жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тiзбесi мен республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемiн;
      ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан республикалық бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн жоспарланған қаржы жылында өтеу көлемiн;
      алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын;
      осы Заңның 15-бабында белгiленген басқа да көрсеткiштердi қарайды және анықтайды;
      2) олардан түсетiн түсiмдердiң болжамды көлемдерiн анықтау және оны кейiннен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуi үшiн шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн қарайды;
      3) мыналар:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілiктi атқарушы органдары арасындағы жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерi жөнiндегі келiспеушiлiкті реттеу;
      республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкімшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi бойынша қарайды және шешiм шығарады.
      Республикалық бюджет комиссиясы заңнамада көзделген өзге өкiлеттiктердi де жүзеге асыруға құқылы.
      8. Мемлекеттiк, салалық (секторлық) бағдарламаларда бағдарламалық iс-шараларды iске асыруға көзделетiн шығыстардың жалпы көлемi мемлекеттiк және республикалық бюджеттердiң үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерi шеңберiнде анықталуы тиiс.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларының және салалық (секторлық) бағдарламаларының жобалары көздер және қаржыландыру мерзiмдерi бөлiнiсiнде бағдарламалық iс-шараларды қаржыландыру көлемi жөнiндегi республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы болған кезде бекiтiледi. Бұрын бекiтiлген мемлекеттiк бағдарламалар, салалық (секторлық) бағдарламалар республикалық бюджет комиссиясының тиiстi қорытындысы болған кезде өзгертiлуге жатады.
      9. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу Қазақстан Республикасының Үкіметi бекiткен Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      13) 15-бапта:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "кiрiстердiң, алынған ресми трансферттердiң, республикалық бюджеттен берiлген несиелердi қайтарудың, шығындардың, несиелердiң және бюджет тапшылығының (профицитiнiң) көлемдерiн;";
      тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы он екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "республикалық ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламаларының тiзбелерiн;";
      он төртiншi абзацтағы "өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша, оның iшiнде:" деген сөздер "республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң ағымдағы қаржы жылының басында қалыптасқан кредиторлық берешегiн өтеу сомасын қамтуы тиiс." деген сөздермен ауыстырылсын;
      он бесiншi және он алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
      14) 16-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн" деген сөздер "өздерi бекiткен республикалық бюджеттiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 17-бапта:
      бiрiншi бөлiк 1-тармақ болып саналсын;
      мынадай мазмұндағы 2 және 3-тармақтармен толықтырылсын:
      "2. Республикалық бюджеттi нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды республикалық бюджет комиссиясы қарайды.
      3. Республикалық бюджеттi нақтылау кезiнде республикалық бюджеттi әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк органдарға қойылатын талаптар сақталады.";
      16) 18-баптың 3, 4, 5, 6, 7, 7-1, 8, 9 және 9-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде облыстың, Астана, Алматы қаласының жергiлiктi уәкiлеттi органына:
      1) облыстың, Астана және Алматы қаласының бюджет комиссиясы белгiлеген облыстық бюджеттiң, Астана және Алматы қаласы бюджетiнiң шығыстары лимиттерi шегiнде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмдердi;
      2) алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын жергілiктi бюджеттiк бағдарламалар жөнiндегi ұсыныстарды енгiзедi.
      Облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар заңдарға сәйкес өзге ұсыныстар мен деректерді де ұсынады.
      4. Аудандардың, (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң болжамын жергiлiктi уәкiлеттi органға келiсуге ұсынады.
      Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органына заңдарға сәйкес өзге де көрсеткiштер мен деректердi ұсынады.
      5. Облыстың, Астана, Алматы қаласының жергiлiктi уәкiлеттi органы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде:
      1) осы баптың 4-тармағында көрсетiлген аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң болжамды көрсеткiштерiн келiседi;
      2) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне облыстық бюджеттiң, Астана және Алматы қалалары бюджетiнiң шығыстары лимиттерiн, сондай-ақ жергiлiктi бағдарламалардың әкiмшiлерiне және аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына облыстың бюджет комиссиясы анықтаған алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тiзбесiн және облыстық бюджеттен қаржыландыру көлемдерiн жеткiзедi;
      3) облыстық бюджеттен, Астана, Алматы қаласының бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн қарайды және олар бойынша қорытынды дайындайды;
      4) облыс, Астана және Алматы қалалары бюджет комиссиясының қарауына:
      облыс бюджетiнiң үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн;
      облыстық бюджеттiң шығыстары лимиттерiн қоса алғанда, оның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттiң, Астана және Алматы қалалары бюджетiнiң, болжамды көрсеткiштерiн;
      облыстың, Астана, Алматы қаласының бюджеттiк комиссиясы ағымдағы қаржы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимитiнiң шегiнде анықтаған инвестициялық жобалардың жергiлiктi бюджеттiң қаражатынан қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерi бойынша ұсыныстарды;
      облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қаласының бюджеттерiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi бойынша қорытындыны;
      ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан әрбiр тиiстi облыстық бюджеттiк бағдарлама (кішi бағдарлама) бойынша облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қаласының бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер кредиторлық берешектерiнiң сомасын;
      алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң жобасын;
      осы заңның 18-2-бабында белгiленген басқа да көрсеткiштердi енгiзедi;
      5) облыстың, Астана және Алматы қаласының бюджет комиссиясы анықтаған алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет жобасының түпкi нұсқасы негiзiнде облыстық бюджеттiң алдағы қаржы жылына арналған жобасын және облыстың, Астана, Алматы қаласы бюджетiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн облыстың, Астана, Алматы қалаларының әкімиятына ұсынады;
      6) облыстық бюджет жобасын облыстың, Астана, Алматы қаласының әкiмияты мақұлдағаннан кейiн осы баптың 4-тармағында көрсетiлген келiсiлген болжамды көрсеткiштердi аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына ұсынады;
      7) облыс, Астана және Алматы қаласы бюджетiнiң болжамын 1 тамызға дейiн Қаржы министрлiгiне ұсынады.
      Облыстың, Астана және Алматы қаласының жергiлiктi уәкiлеттi органы заңдарда көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
      6. Облыстың, Астана және Алматы қаласының бюджет комиссиясы:
      1) мыналарды:
      облыс бюджетiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн;
      облыстық бюджеттiң, Астана және Алматы қаласы бюджетiнiң, оның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимиттерiн қоса алғанда, облыстық бюджеттiң, Астана және Алматы қаласы бюджетiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн;
      ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды, оның iшiнде ауданда (қалада) iске асырылатын инвестициялық жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн;
      ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қаласының бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер кредиторлық берешегінiң жоспарланған қаржы жылындағы өтеу көлемiн;
      облыстық бюджеттiң, Астана және Алматы қаласы бюджетiнiң алдағы қаржы жылына арналған жобасын;
      осы заңның 18-2-бабында белгіленген басқа да көрсеткiштердi қарайды және анықтайды;
      2) мыналар:
      аудандар (қалалар) бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi бойынша облыстың жергiлiктi уәкiлетті органы мен аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органының арасындағы келiспеушiлiктердi реттеу;
      облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қаласы бюджетiнiң есебiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi бойынша қарайды және шешiм шығарады.
      Облыстың, Астана және Алматы қаласының бюджет комиссиясы заңдарда көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
      7. Аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламаларында бағдарламалық iс-шараларды iске асыруға көзделетiн шығыстардың жалпы көлемi облыс, Астана және Алматы қаласы бюджетiнiң үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерi шеңберiнде анықталуы тиiс.
      Аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламаларының жобалары қаржыландыру көздерi және мерзiмдерi бөлiнiсiнде бағдарламалық iс-шараларды қаржыландыру көлемдерi бойынша облыс, Астана және Алматы қаласы бюджет комиссиясының қорытындылары болған кезде бекiтіледi. Бұрын бекiтiлген аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламалары облыс, Астана және Алматы қаласы бюджет комиссиясының тиiстi қорытындысы болған кезде өзгертiлуге жатады.
      8. Облыстық бюджеттiң, Астана және Алматы қаласы бюджетiнiң жобасын әзiрлеу Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.";
      17) мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2, 18-3-баптармен толықтырылсын:
      "18-1-бап. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерiн әзiрлеу
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен және мерзiмде аудандардың (қалалардың) бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органына:
      1) ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы белгiлеген аудан (қала) бюджетiнiң шығыстары шегiнде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмдердi;
      2) алдағы қаржы жылы секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi бойынша ұсыныстарды енгiзедi.
      2. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде:
      1) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне аудан (қала) бюджетiнiң шығыстары лимиттерiн, сондай-ақ ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тiзбесiн және аудан (қала) бюджетiнен қаржыландыру көлемдерiн жеткiзедi;
      2) аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн қарайды және ол бойынша қорытынды дайындайды;
      3) ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына:
      аудан (қала) бюджетiнiң, оның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыс лимиттерiн қоса алғанда, алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн;
      ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, жобалар бойынша шығыстар лимитiнiң шегiнде анықтаған ауданның (қаланың) бюджет қаражатынан қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерi жөніндегі ұсыныстарды;
      ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi бойынша қорытындыларды;
      ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешек сомасын;
      ауданның (қаланың) алдағы қаржы жылына арналған бюджет жобасын;
      осы заңның 18-2-бабында белгiленген басқа да көрсеткiштердi енгiзедi;
      4) ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетi жобасының түпкi нұсқасының аудан (қала) бюджетiнiң жобасын және аудан (қала) бюджетiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерi негiзiнде ауданның (қаланың) әкiмиятына ұсынады;
      5) аудан (қала) бюджетiнiң жобасын ауданның (қаланың әкiмияты мақұлдағаннан кейiн аудан (қала) бюджетiнiң болжамын облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады.
      Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы заңнамада көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
      3. Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы:
      1) мыналарды:
      аудан (қала) бюджетiнiң, оның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыс лимиттерiн қоса алғанда, алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн;
      ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн;
      ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер кредиторлық берешегiнiң қаржы жылы жоспарланған өтеу көлемi;
      алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетiнiң жобасын;
      осы заңның 18-2-бабында белгiленген басқа да көрсеткiштердi қарайды және анықтайды.
      2) ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн қарайды және олар бойынша шешiм қабылдайды.
      Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы заңнамада көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
      4. Аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламаларында бағдарламалық iс-шараларды iске асыруға көзделетiн шығыстардың жалпы көлемi аудан (қала) бюджетiнiң үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерi шеңберiнде анықталуы тиiс.
      Аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламаларының жобалары қаржыландыру көздерi және мерзiмдерi бөлiнiсiнде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының бағдарламалық iс-шараларды қаржыландыру көлемдерi жөнiндегi қорытындысы болған кезде бекiтiледi. Бұрын бекiтiлген аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламалары ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының тиiстi қорытындысы болған кезде өзгертiлуге жатады.
      5. Аудан (қала) бюджетiнiң жобасын әзiрлеу Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобасын әзiрлеу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      18-2-бап. Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет туралы шешiмi
      1. Мәслихаттың тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмiнде:
      кiрiстердiң, алынған ресми трансферттердiң, жергiлiктi бюджеттерден берiлген несиелердi қайтарудың, шығындардың, несиелердiң, бюджет тапшылығының (профицитiнiң) және бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитiн пайдаланудың) көлемi;
      жергiлiктi атқарушы органдар резервтерiнiң мөлшерi;
      облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының тиiстi қаржы жылының аяғындағы борышының лимитi;
      облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардың көлемі;
      тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бiрлiк үшiн тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгiленген сомада Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жергілiктi бюджеттен берiлетiн ресми трансферттердiң сомасы;
      жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың функционалдық топтары, әкiмшiлерi бойынша және кiшi бағдарламалар бойынша шектi шығыстардың тiзбесi;
      ағымдағы бюджеттiк бағдарламалардың және даму бюджеттiк бағдарламаларының тiзбелерi;
      тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi атқару процесiнде қысқартуға жатпайтын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген тiзбесi;
      ағымдағы қаржы жылының басында қалыптасқан жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешектерiн өтеу сомасы;
      тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеу көлемi қамтылуға тиiс.
      18-3-бап. Жергiлiктi бюджеттi қарау және бекiту
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қаласының жергiлiктi атқарушы органдары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң күшiне енгеннен кейiн екi аптадан кешiкпейтiн мерзiмде бюджеттің бұрын жасалған көлемдерiн нақтылайды және оның бекiтiлдi бойынша екі апта iшiнде шешiм қабылдайтын облыстық бюджеттiң, Астана және Алматы қалалары бюджетiнiң жобасын тиiстi мәслихатқа бекiтуге енгiзедi.
      2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң арасында бөлiнетiн кiрiстер бойынша жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгімен келiсiлген мөлшерлерде жергiлiктi атқарушы органдардың ұсынысы бойынша жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтедi.
      Жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң көлемiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк үшiн тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген көлемде жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтедi.
      3. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары облыстық бюджет бекiтiлгеннен кейiн екi апта мерзiмде аудан (қала) бюджетiнiң жобасын тиiстi мәслихаттың бекiтуiне енгiзедi, ол екi апта мерзiмнен кешiктiрмей бюджеттiк бекiту туралы шешiм қабылдайды.
      4. Тиiстi мәслихаттар тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекiткенге дейiн 1-тоқсан бюджетiнiң атқарылуы тиiстi қаржы жылына арналған жылдық бюджет жобасының 1/4 бөлiгi мөлшерiнде жүзеге асырылады.
      5. Облыстардың, Астана және Алматы қаласының жергiлiктi атқарушы органдары аудандық мәслихаттар бюджеттi бекiту туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр апта мерзiмде облыстық (қалалық) бюджет және бекiтiлген жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде жиынтықталған облыстық бюджетi туралы деректердi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне табыс етедi.";
      18) 18-1-бап мынадай мазмұндағы 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-2. Жергiлiктi бюджеттi нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды тиiстi бюджет комиссиясы қарайды.
      1-3. Жергiлiктi бюджеттi нақтылау кезiнде атқарушы органдарға жергiлiктi бюджеттi әзiрлеу кезiнде қойылатын талаптар сақталады.";
      19) 18-1-бап 18-4-бап болып саналсын;
      20) 19-бапта:
      1) 1-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан республикалық бюджетте көзделген сомалар шегiнде:
      жергiлiктi бюджеттердi несиелендiрудi;
      арнаулы заң актiлерiне сәйкес қаржы институттарын несиелендiрудi жүзеге асыруға құқылы.";
      2) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен бағытталып бұрын берiлген кредиттер, қаражаттар бойынша талаптардың тоқтатылуы Қазақстан Республикасының заң актiлерi негiзiнде жүзеге асырылады.";
      21) 21-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жергiлiктi бюджеттен берiлген несиелер бойынша талаптарды тоқтату Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтайтын тәртiппен жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.";
      22) 22-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      екіншi абзацтағы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды" деген сөздер "инвестициялық жобаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацтағы "бағдарламаларды" деген сөз "жобаларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      23) 5-тарау "Бюджеттiң атқарылуы" мынадай мазмұндағы 24-баппен толықтырылсын:
      "24-бап. Бюджеттiң атқарылуы
      1. Бюджеттiң атқарылуы бiрыңғай қазынашылық шот және мемлекеттiк мекемелердiң шоты арқылы кассалық негiзде жүзеге асырылады.
      2. Түсiмдер бойынша бюджеттiң атқарылуы заңнамаларға сәйкес уәкiлеттi органдардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында немесе жергiлiктi бюджеттi бекiту туралы мәслихаттың шешiмiнде белгiленгеннен төмен емес мөлшерде бюджетке түсетiн түсiмдердi қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуден тұрады.
      3. Шығыстар мен несиелендiру бойынша бюджеттiң атқарылуы бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) орындауға бағытталған iс-шараларды тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде бекiтiлгеннен аспайтын соманың шегiнде жүзеге асырудан тұрады.
      Шығыстар мен несиелендiру бойынша бюджеттiң атқарылуы осы Заңның 24-1, 25-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Тапшылықты қаржыландыру бойынша бюджеттiң атқарылуы iс жүзiнде қалыптасып отырған шығыстар мен несиелендірудің түсiмдерден асып түсуiн өтеудi қамтамасыз ететiн iс-шараларды жүзеге асырудан көрiнедi.";
      24) 24-бапта:
      1) 1-1-тармақтың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi алынып тасталсын;
      2) 1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-2. Республикалық бюджеттiң шығыстар мен несиелендiру жөнiндегi атқарылуы мынадай сатылардан:
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру және республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы актiлердi қабылдауынан;
      бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын және республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасаудан және бекiтуден;
      қазынашылық органдарының, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң рұқсаттарын беруiнен;
      мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерiн қабылдауынан;
      республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына және бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзуден;
      бюджет ақшасының есебiнен төлемдер жүргiзуден;
      республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi операциялардың есебiнен тұрады.";
      3) 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру көздерiн айқындайды және бюджеттiң атқарылуы барысында мемлекеттiк мекемелердiң құрылымдары мен функцияларын жетiлдiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға байланысты ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлген бағдарламалар бойынша сомалар шегiнде бағдарламаларды iске асыратын мемлекеттiк органдардың тiзбесiне өзгерiстер енгiзуге құқығы бар.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiсiне және бюджетке түсетiн ақша түсiмiнiң күтiлiп отырған көлемiн ескере отырып, бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жобасын бекiтедi және өзгерiстер енгiзедi;
      бюджетке түскен iс жүзiндегi түсiмдердi республикалық бюджеттiң және облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң арасында, облыстық бюджеттер мен аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң арасында бөлiнуiн жүргiзедi;
      бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) паспорттарына, бюджетке түсетiн ақша түсiмiнiң күтiлiп отырған көлемiн ескере отырып, республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiне рұқсаттар бередi;
      республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң рұқсатына және бюджеттiк бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) паспортына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеудi жүзеге асырады;
      растайтын құжаттардың негiзiнде мемлекеттiк мекемелердiң қабылдаған мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асырады;
      республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi жүргiзiлген операциялардың, қабылданған мiндеттемелердiң, заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк мекемелер алдындағы орындалмаған мiндеттемелерiнiң, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiнiң, үкiметтік борыштың, заңды және жеке тұлғалардың республикалық бюджет алдындағы борыштық мiндеттемелерiнiң және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер активтерiнiң есебiн жүргiзедi;
      бюджетке түсетiн ақша түсiмiнiң күтiлiп отырған көлемi алдағы айларда мiндеттемелердi қабылдауға және төлемдердi жүргiзуге жеткiлiксiз болған жағдайда республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзудiң қажеттілiгi туралы ақпаратты табыстайды;
      ағымдағы қаржы жылының iшiнде бюджетке түсетiн ақша түсiмiнiң күтiлiп отырған жылдық көлемi республикалық бюджет тiзiмдемесiнiң жылдық сомасына сәйкес келмеген жағдайда республикалық бюджеттiң одан әрi атқарылуы жөнiндегi шешiм қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етедi;
      уақытша бос бюджет ақшаларын қазынашылық органдарының шоттарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң салымдарына (депозиттерiне) орналастырады;
      бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына сәйкес республикалық бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын бағалауды жүргiзедi;
      егер республикалық бюджеттік бағдарламаларды iске асыруды бағалау нәтижелерi бойынша бюджеттiк бағдарламалардың паспортына сәйкес келмеуi анықталса, республикалық бюджеттi нақтылау туралы ұсыныстар әзiрлейдi;
      бөлiнген қаражатты рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланған жағдайда, бюджет қаражатын қайтарып алуды жүргiзеді;
      қаржыландыруды:
      бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына;
      жүргiзiлген төлемдер қабылданған мiндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда, тоқтата тұрады.
      4. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi белгiленген тәртiппен:
      бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын бекiтедi және өзгерiстер енгiзеді;
      бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес келуiн қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарына бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын бередi;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi берген рұқсаттар шегінде бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес мемлекеттiк мекемелерге рұқсаттар бередi;
      бюджеттік бағдарламалардың iске асырылу мониторингi мен бағалауын жүргiзедi;
      республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiнде жасалған операциялардың есебiн жүргiзедi.";
      4) мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "4-1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеме белгiленген тәртiппен:
      бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын жасайды және республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне оны өзгерту жөнiнде ұсыныс енгiзуге құқығы бар;
      республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi рұқсаттарының шегiнде бюджеттiк бағдарламаның паспортына сәйкес мiндеттемелер қабылдайды;
      бюджеттiк бағдарламаның паспортына сәйкес қабылданған мiндеттемелер шегiнде шығыстар жүргiзедi;
      республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiнде жасалған операциялардың есебiн жүргiзедi;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi дайындауға қажеттi ақпаратты бередi.
      4-2. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер бекiтiлген сомалар шегiнде және республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына сәйкес республикалық бюджеттiк бағдарламалардың толық көлемде орындалуы үшiн жауап бередi.
      4-3. Қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары, бюджет қаражатының бос қалдықтары қаржы жылының iшiнде негiзгi үкiметтiк борышты өтеуге және бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға пайдаланылуы мүмкiн.";
      25) 24-бап 24-1-бап болып саналсын;
      26) 25-бапта:
      1) 1-1-тармақтың бiрiншi және үшiншi бөлiктерi алынып тасталсын;
      2) 1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-2. Жергiлiктi бюджеттiң шығыстар мен несиелендiру жөнiндегi атқарылуы мынадай сатылардан:
      әкiмияттың ағымдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетті бекiту туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы және жергілiктi бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы актi қабылдауынан;
      бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын және жергiлiкті бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасаудан және бекiтуден;
      жергiлiктi уәкiлеттi органдардың, жергіліктi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң рұқсаттарын беруден;
      мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелер қабылдауынан;
      жергiлiктi бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына және бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзуден;
      бюджет ақшасының есебiнен төлемдер жүргiзуден;
      жергілiктi бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi операциялардың есебiнен тұрады.";
      3) мынадай мазмұндағы 1-3, 1-4, 1-5, 1-6 және 1-7-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-3. Жергiлiктi уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен:
      ағымдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекiту туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы әкiмияттың актiсiне бюджетке түсетiн ақша түсiмiнiң күтiлiп отырған көлемiн ескере отырып, бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына сәйкес жергiлiктi бюджеттiк қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекiтедi және өзгерiстер енгiзедi және оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарына ұсынады;
      бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына, бюджетке түсетiн түсiмдердiң күтiлетiн көлемiн ескере отырып, жергiлiктi бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар бередi;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қазынашылық органдарының ақпараты негiзiнде жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi жасалған операциялардың, қабылданған мiндеттемелердiң, заңды және жеке тұлғалардың тиiстi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер алдындағы орындалмаған мiндеттемелерiнiң, тиiстi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiнiң, жергiлiктi атқарушы орган борышының, заңды және жеке тұлғалардың жергiлiктi бюджет алдындағы және тиiстi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер активтерiнiң есебiн жүргiзедi;
      алдағы айларда бюджетке түсетiн ақша түсiмiнiң күтiлiп отырған көлемi мiндеттемелер қабылдауға және төлемдер жүргiзуге жетiспеген жағдайда жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзудiң қажеттiлiгi туралы ақпаратты бередi;
      бюджетке түсетiн ақша түсiмiнiң күтiлiп отырған көлемi жергiлiктi бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомасына сәйкес келмеген жағдайда, ағымдағы қаржы жылының iшiнде жергiлiктi бюджеттiң одан әрi атқарылуы жөнiнде шешiмдер қабылдау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң әкімиятын хабардар етедi;
      бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын бағалауды жүргiзедi;
      егер жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруды бағалау нәтижелерi бойынша бюджеттiк бағдарламаның паспортына сәйкес еместiгi анықталса, жергiлiктi бюджеттi нақтылау туралы ұсыныс әзiрлейдi;
      бөлiнген қаражатты рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланған жағдайда, бюджет қаражатын қайтарып алуды жүргізеді.
      1-4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдары белгiленген тәртiппен:
      жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң рұқсатына және бюджеттiк бағдарламаның паспортына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеудi жүзеге асырады;
      растайтын құжаттардың негiзiнде мемлекеттiк мекемелердiң қабылдаған мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асырады;
      мемлекеттiк мекемелердiң тиiстi шоттары және бiрыңғай қазынашылық шот бойынша жүргiзiлген операциялар туралы ақпаратты ұсынады;
      төлемдердi:
      бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары жергiлiктi бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына;
      жүргізiлетiн төлемдердiң қабылданған мiндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда тоқтата тұрады.
      1-5. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi белгiленген тәртiппен:
      бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын бекiтедi және өзгерiстер енгiзедi;
      бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының жергілiктi бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес келуiн қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарына бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын ұсынады;
      мемлекеттік мекемелерге жергiлiкті уәкiлеттi органның берген рұқсаттарының шегінде олардың бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына, бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) паспорттарына сәйкес рұқсаттар бередi;
      жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы жөнiнде жүргiзiлген операциялардың есебiн жүргiзедi;
      бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылу мониторингi мен бағалауын жүргiзедi.
      1-6. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеме белгiленген тәртiппен:
      бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын жасайды және оны өзгерту жөнiнде ұсыныс жасауға құқығы бар;
      бюджеттiк бағдарламаның паспортына сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкімшiлерiнiң рұқсаттары шегiнде мiндеттемелер қабылдайды;
      бюджеттiк бағдарламаның паспортына сәйкес қабылданған мiндеттемелер шегiнде шығыстар жасайды;
      жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы жөнiнде жасалған операциялардың есебiн жүргiзедi;
      жергiлiктi уәкiлеттi органға жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есеп дайындауға қажеттi ақпаратты бередi.
      1-7. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер бекiтiлген соманың шегiнде және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың толық көлемде орындалуына жауап бередi.";
      4) 2-тармақтың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi алынып тасталсын;
      5) 2-1-тармақ алынып тасталсын;
      6) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтары жоғары тұрған бюджетке алуға жатпайды.
      Қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтары қаржы жылының iшiнде жергілiктi атқарушы органдардың негiзгі борышын өтеуге пайдаланылады.
      Ағымдағы қаржы жылында жергiлiктi атқарушы органдардың борышын өтеу жөнiндегi мiндеттемелер болмаған жағдайда қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары жергiлiктi бюджеттi нақтылау туралы мәслихаттың шешiмi негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға бағытталуы мүмкiн.";
      5) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi басқару тәсiмiн өзгерту туралы мәслихаттың шешiмi қабылданған жағдайда әкiмият бюджеттiң атқарылу барысында ағымдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекiту туралы мәслихаттың шешiмiмен бекiтiлген бюджеттiк бағдарламалар бойынша сомалар шегiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыратын жергiлiктi мемлекеттiк органдардың тiзбесiне өзгерiстер енгiзуге құқығы бар.";
      27) 26-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "және кредит берудi" деген сөздер алынып тасталсын;
      28) 29-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану жөнiндегi қызмет туралы" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк мекемелердiң гранттарды алуы және жұмсауы туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

 

     2-тармақтың төртiншi бөлiгi "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына

аудару көлемдерi туралы" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк

мекемелердiң гранттарды алуы және жұмсауы туралы" деген сөздермен

толықтырылсын;

     мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:

     "3-1. Бюджеттiк бағдарламалардың әкімшiлерi Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлiгiне немесе тиiстi жергiлiктi уәкiлетті органға мынадай

есептердi:

     1) ай сайын:

     мемлекеттiк мекемелердiң гранттарды алуы және жұмсауы туралы;

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң белгiлеген басқа да

есептерiн;

     2) тоқсан сайын:

     бюджеттiк бағдарламалардың құжаттарына сәйкес бюджеттiк

бағдарламаларды iске асырудың барысы туралы;

     3) жыл сайын есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей:

     бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына сәйкес бюджеттiк

бағдарламаларды iске асыру туралы;

     мемлекеттiк мекемелердiң гранттарды алуы және жұмсауы туралы;

     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген басқа да

есептерiн табыс етедi.

     3-2. Қазақстан Республикасының, Қаржы министрлiгi немесе жергiлiктi

уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламаларды iске асырудың нәтижелерi туралы

ақпаратты тиiстi бюджеттiк комиссияға белгiленген тәртiппен табыс етедi.".


     2-бап. Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады