Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық қорғаныс министрлігі арасындағы Әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі тиісті келіссөздер
жүргізсін және қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге
рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен
Германия Федеративтік Республикасының Федералдық қорғаныс министрлігі
арасындағы Әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Жоба
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен
Германия Федеративтік Республикасы Федеральдық қорғаныс
министрлігінің арасындағы Әскери саладағы ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс
министрлiгі мен Германия Федеративтiк Республикасының Федеральдық қорғаныс
министрлiгi,
Париж хартиясы жаңа Еуропа үшiн белгілеген мақсаттарға сәйкес және
қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегі кең аумақты ынтымақтастыққа қол жеткiзуге
ұмтыла отырып,
ұлттық заңнамаларға, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларына
негiзделе және Тараптардың халықаралық мiндеттемелерiн назарға ала отырып,
әскери байланыстарды оңайлату және қолдау жөнiндегi ЕҚЫҰ құжаттарынан
туындайтын мiндеттердi орындау үшiн,
әскери байланыстарды тереңдетуге үлес қоса отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Келісiмнiң мәнi
Осы Келiсiм жүйелi түрде ақпарат пен тәжiрибе алмасудың, сондай-ақ
Тараптардың қарулы күштерiнiң пайдасына әскери ынтымақтастықтың басқа да
нысандары бойынша шеңберiн қамтиды.
2-бап
Ынтымақтастық салалары
1. Тараптар ынтымақтастығы, егер ол келесi салаларда мемлекеттiк және
әскери құпияларды қозғамайтын болса ақпарат пен тәжiрибе алмасу арқылы
мынадай салаларда жүзеге асырылады:
- қауiпсiздiк саясаты мен әскери саясат;
- қарулы күштердiң еркiн демократиялық қоғамға бiрiгуi;
- конституция ережелерi мен әскери саладағы заңнама;
- iшкi басшылықты қолдану салалары;
- қару-жараққа бақылау жасаудың әскери аспектiлерi;
- қарулы күштердiң әскери қызметшiлерi мен азаматтық қызметкерлерiн
оқыту және білiктiлiгiн арттыру;
- әскери әкiмшiлiк пен әлеуметтiк мәселелер;
- қарулы күштердiң ұйымдық құрылымы;
- қарулы күштерді жоспарлау әдістері;
- қарулы күштердiң бейбiт уақытта қызмет етуi;
- қарулы күштердiң медициналық-санитарлық қызметi;
- әскери тарихы;
- әскери географиясы;
- қарулы күштерде қоршаған ортаны қорғау;
- қарулы күштердi табиғи апаттардың салдарын жою щеңберiнде қолдану
және гуманитарлық көмек көрсету;
- қарулы күштердiң тылдық қамтамасыз етiлуi;
- Тараптардың өзара келiсiмi бойынша басқа да салалардағы
ынтымақтастық;
- өзара келiсiм бар барлық салаларда ақпаратпен және тәжiрибемен
алмасу.
2. Тараптар iшiнара резервке шығарылғандармен жұмыс, әскери музыка
және спорт салаларындағы қосымша әскери байланыстардың жеңiлдетiлуi және
қолдау табуы тиiс деген пiкiрге тоқтайды.
3-бап
Ынтымақтастық нысандары
Тараптар арасындағы ынтымақтастық мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
- қорғаныс министрлiктерiнiң жоғары лауазымды әскери және азаматтық өкiлдерiнiң ресми сапарлары;
- штабтық келiссөздер және сарапшылар келiссөздерi;
- делегациялардың ақпараттық және жұмыс сапарлары;
- ұқсас әскери мекемелер арасындағы байланыстар;
- курстарға, тағылымдамаларға, семинарларға, коллоквиумдарға және симпозиумдарға қатысу;
- әскери зерттеулер туралы ақпараттар және материалдармен алмасу;
- мәдени және спорттық шаралар.
4-бап
Iске асыру жөнiндегі ережелер
1. Ынтымақтастық әр кезектi жылға бiрлесiп жасалатын ерекше бағдарламалар негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл бағдарламалар осы Келiсiмдi толықтырады. Тараптар қабылданған жылдық бағдарламаны өзара келiсiм бойынша кез келген уақытта өзгерте алады.
2. Ынтымақтастық шеңберiнде келiсiлген шаралар қабылдаушы елдiң қолданылып жүрген заңнамасын сақтап өткiзiлуi тиiс.
5-бап
Қауiпсiздiк
Тараптар екi жақты байланыстар барысында алынған ақпараттар мен материалдарды қорғауға кепiлдiк бередi. Тараптар бұл ақпараттар мен мәлiметтердi басқа Тараптың мүддесiне зиян келтiрiп қолданбайды.
Тараптардың бiрiнiң осы Келiсiм шеңберiнде алынған ақпарат пен мәлiметтердi үшiншi Тарапқа беруi екiншi Тараптың келiсiмi негiзiнде болуы мүмкiн.
6-бап
Басқа да шарттық мiндеттемелер
Осы Келiсiм Тараптардың олар қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
7-бап
Келісiмге өзгерiстер енгізу
Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен
толықтырулар енгізiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi
болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.
8-бап
Келiспеушiлiктер
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру және қолдану бойынша даулар
туындаған жағдайда тараптар оны келіссөздер мен консультациялар арқылы
шешеді.
9-бап
Бұзу
1. Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
2. Осы Келiсiм белгісiз мерзiмге жасалады. Әр Тарап екiншi Тарапқа
жазбаша хабарлама жасау арқылы осы Келiсiмнiң күшiн тоқтата алады. Келiсiм
екiншi Тараптың хабарлама алған күнiнен бастап алты ай өткен соң өз күшiн
жояды.
_____________ қаласында 200__ жылғы "___" ____________ әрқайсысы
қазақ, немiс және орыс тілдерiнде екi данада жасалды және де барлық
мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде
келiспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге
жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік
Қорғаныс министрлігі үшiн Республикасының Федеральдық
қорғаныс министрлігі үшін
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.