Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық
қатынастар мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мақсатында қаулы етемін:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөнiндегi мемлекеттік комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия 2002 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру тұжырымдамасын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
4. Осы Жарлықтың iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы қазандағы
Жарлығына
қосымша
Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөніндегi мемлекеттiк комиссияның құрамы
Жандосов Қазақстан Республикасы Премьер-
Ораз Әлиұлы Министрiнiң орынбасары, төраға
Оспанов Павлодар облысының әкiмiнiң
Мұхаметқали Нығметұлы орынбасары, төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Әбдiрахимов Қазақстан Республикасының
Ғабидолла Рахматоллаұлы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi
агенттiгi төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Адасбаев Қазақстан Республикасының
Еркiн Әбенұлы Экономика және сауда вице-министрi
Айдарханов Қазақстан Республикасының
Арман Тергеуұлы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi
агенттiгi төрағасының орынбасары
Ахметов Ақмола облысының Целиноград
Болат Темiрғалиұлы ауданы Оразақ ауылдық округының
әкiмi
Бәйменов Қазақстан Республикасының Еңбек
Әлихан Мұхамедияұлы және халықты әлеуметтiк қорғау
министрi
Ермұханов Ақтөбе облысы Хромтау ауданының
Әдiлша Мағрұпұлы әкiмi
Ертiлесова Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Жаннат Жұрғалиқызы вице-министрi
Есiмханов Қазақстан Республикасының
Сағындық Өлмесекұлы Парламентi Сенатының депутаты
Жәмiшев Қазақстан Республикасының Iшкi
Болат Бидахметұлы iстер вице-министрi
Жүзенов Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау
Бегiмше Бексұлтанұлы қаласының әкiмi
Жұмағұлов Қазақстан Республикасының Бiлiм
Бақыт Жантұрсынұлы және ғылым бiрiншi вице-министрi
Келiмбетов Қазақстан Республикасының Қаржы
Қайрат Нематұлы бiрiншi вице-министрi
Қосмамбетов Қазақстан Республикасының
Төлебек Қосмамбетұлы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты
Котенко Қазақстан Республикасы Премьер-
Наталья Леонидовна Министрiнiң Кеңсесi Экономикалық
бөлiмiнiң меңгерушiсi
Мамин Қазақстан Республикасының Көлiк
Асқар Ұзақбайұлы және коммуникациялар вице-министрi
Мусина Қазақстан Республикасының Ауыл
Лилия Сәкенқызы шаруашылығы вице-министрi
Омарбаев Алматы облысы Талғар ауданының
Кенжебек Омарбайұлы әкiмi
Оспанов Қазақстан Республикасының
Қанат Төлеуұлы Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi
агенттiгi төрағасының орынбасары
Сухорукова Өскемен қаласының әкімі
Вера Николаевна
Уахитов Қарағанды қаласы Октябрь ауданының
Бекен әкімі
Өтембаев Қазақстан Республикасы
Ержан Әбілқайырұлы Президентінің Әкімшілігі Басшысының
орынбасары
Шүкеев Қостанай облысының әкімі
Өмірзақ Естайұлы
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы қазандағы
N Жарлығымен
бекітілген
Мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық
қатынастар мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ереже 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Мемлекеттiк функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) қызметiн реттейдi.
2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
3. Комиссияның негiзгi мiндетi - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру саласында тиiмді шешiмдерді пысықтау және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру болып табылады.
4. Комиссия заңнамада белгiленген тәртiппен өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттiк органдардың функцияларын талдау негізінде мемлекеттiк басқарудың деңгейлерi арасында оларды оңтайлы бөлу жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
2) мемлекеттiк басқарудың деңгейлерi арасында бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
3) мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнде шешiмдер қабылдауда үлкен дербестiк беру бөлiгiнде мемлекеттiк басқаруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
4) мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң қызмет саласын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындайды.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссия өзiнiң мiндеттерiне сәйкес:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ Комиссияның мiндеттерiн іске асыру үшiн мамандар мен сарапшыларды жұмысқа тартуға;
2) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
3) Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша бiрiншi басшыларды, ал олар болмағанда мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың бiрiншi басшысының мiндетiн атқарушы тұлғаларды Комиссияның мәжілісiне шақыруға және тыңдауға;
4) оның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға және ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
4. Комиссияны қалыптастыру тәртiбi және оның қызметi
6. Комиссияны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады.
Комиссияның құрамына:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелерi;
Парламент депутаттары (келiсiм бойынша);
мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары және (немесе) олардың орынбасарлары;
жекелеген облыстардың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың, ауыспалы негiзде аудандардың әкiмдерi кiредi.
Комиссияның құрамына қажет болған жағдайда басқа да тұлғалар енгiзiлуi мүмкiн.
7. Комиссияның органдары:
1) Комиссияның төрағасы;
2) Комиссия төрағасының орынбасары;
3) Хатшылық.
8. Комиссияның жұмыс органы ретiндегi Хатшылықтың функциясы Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiгiне жүктеледі.
9. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссияның мәжілістерiнде төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiн iске асыру жөнiнде жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауапкершiлiкте болады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функциясын төрағаның орынбасары орындайды.
10. Комиссияның отырысы айына кемiнде 1 рет өткiзiледi.
11. Комиссияның мүшелерiнiң мәжiлiстерге қатысу жөнiндегi өзiнiң өкiлеттiктерiн басқа тұлғаларға табыстауға құқығы жоқ.
12. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелерi шешiмдер қабылдаған кезде тең дауыстарға ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссияның төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
13. Комиссия мәжiлiстерi күн тәртібiнің мәселелерiн қараудың нәтижелерi әрбiр мәселе бойынша дауыс берудiң қорытындылары көрсетiле отырып, тиiстi хаттамаларға енгізiледi. Комиссия қабылдаған шешiм Комиссияның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Комиссияның мүшелерi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда, мәжiлiстiң хаттамасына қосылып тiркелетiн ерекше пiкiрiн жазбаша түрде айтуға құқығы бар.
14. Комиссияның өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында қабылдаған шешiмдерi барлық мемлекеттiк органдардың көрсетiлген мерзiмде мiндеттi қарауына және орындауына жатады.
15. Хатшылықтың функциялары Комиссия мәжілістерiне материалдар дайындау, оларды Комиссия мүшелерiне жiберiп отыру, Комиссия мәжiлiстерiнiң хаттамаларын дайындау, Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау болып табылады.
5. Комиссияның қызметiн тоқтату
16. Комиссияның қызметiн тоқтатуға:
1) Комиссияға жүктелген мiндеттемелердi орындау;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Комиссияның қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдау негiз болып табылады.
17. Осы Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген, Комиссияның қызметiн тоқтатуға әкеп соқтыратын жағдайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасының Президентiне және Қазақстан Республикасының Yкiметiне жасалған жұмыс туралы есеп-хат жiберiледi.