"Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 қараша N 1405

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан

Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                            жоба


                  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

          АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ


     Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын мемлекеттiк

реттеудiң құқықтық және ұйымдастыру негіздерiн бекiтедi.


                 1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


     1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

     Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:


 
       1) авиациялық қызметтер - жолаушылардың, теңдеме жүктiң, жүктiң, почтаның әуе тасымалдарын ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге, авиация жұмыстарын орындауға байланысты азаматтық авиацияның қызметтерi;
      2) авиация техникасы - азаматтық әуе кемелерi, олардың жабдығы, жинақтаушы бұйымдары, қозғалтқыштары, тренажерлерi және азаматтық әуе кемелерiнiң жерде қызмет көрсету құралдары;
      3) авиациялық бағыт (авиабағыт) - бекiтiлген пункттер арасында әуе қатынасы үстiнде жүзеге асырылатын жер бетiнiң географиялық сипаттамасы немесе географиялық сипаттамалар құрамдастырылымы;
      4) ұшу қауiпсiздiгi - азаматтық әуе кемесiнiң және авиациялық қызметтер мен/немесе жұмыстардың адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатерсiз ұшуды орындауға қабiлеттiлiгiн анықтайтын кешендi сипаттамасы;
      5) әуе тасымалдары - заңды, жеке тұлғалардың азаматтық әуе кемелерімен жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктi және почтаны тасымалдау жөнiндегi қызметi;
      6) азаматтық әуе кемесi - азаматтық авиацияда пайдаланылатын әуе кемесi;
      7) ұшу жарамдылығы - азаматтық әуе кемесiнiң уәкiлеттi орган бекiтетiн азаматтық әуе кемесiнің ұшу-техникалық сипаттамаларына, параметрлерiне және ұшу қасиеттерiне жауап беретiн техникалық жай-күйi;
      8) тағайындалған әуе тасымалдаушысы - екi жақты немесе көп тарапты әуе қатынасы туралы халықаралық келiсiмнiң талаптарына сәйкес әуе тасымалдарына жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасынан тағайындалған әуе тасымалдаушысы;
      9) ұшу қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету - мемлекеттiк органдар, азаматтық авиация ұйымдары және авиация қызметшiлерi жүзеге асыратын, авиациялық оқиғалардың алдын алуға және оларды болдырмауға бағытталған шаралар жиынтығы;
      10) азаматтық авиация ұйымы - азаматтық авиация саласында қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға, соның iшiнде авиакомпания, сондай-ақ әуе кемесiне қызмет көрсететiн, техникалық қызмет көрсететiн және авиациялық техниканы жөндейтiн, таңдап алған қызметке сәйкес келетiн мемлекеттiк сертификаты мен лицензиясы бар заңды тұлға;
      11) авиабағытқа арналған куәлiк - уәкiлеттi орган авиакомпанияға авиация бағыттарын пайдалану құқығына берген құжат;
      12) авиабағыттарды қаражаттандыру - авиакомпанияларға осы Заңда анықталған мақсаттар үшiн мемлекеттiк бюджеттен бөлiнетiн өтемсiз және қайтарымсыз төлемдер;
      13) уәкiлеттi орган - мiндеттерi мен функциялары азаматтық авиация қызметiн мемлекеттiк реттеу мен бақылау және азаматтық авиация саласында әуе кеңiстiгiн пайдалану болып табылатын мемлекеттiк орган.
 
          2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының
                қызметiн мемлекеттiк реттеу туралы заңдар
 
      1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын мемлекеттiк реттеу туралы заңдар Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, әуе кеңiстiгiн пайдалану мәселелерiн реттейтiн заң актiлерiнен және соларға сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

 

     Қазақстан Республикасының заң актiлерiндегі осы Заңның ережелерiне

қайшы келген жағдайда азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы заң

нормалары Заңға тиiстi өзгерiстер енгiзілгеннен кейiн ғана қолданылуы

мүмкiн.

     2. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың оның

заңдары алдында басымдылығы бар және халықаралық шарттан, оны қолдану үшiн

жеке заң шығару қажет етiлгеннен басқа жағдайда тiкелей қолданылады.


         3-бап. Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк реттеу

                              объектiлерi


     Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк реттеу объектiлерiне

азаматтық авиация ұйымдары, пайдаланушылар, сондай-ақ қызметi ұшуды

орындау мен қамтамасыз етуге байланысты авиация қызметшiлерi жатады.


          2-ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

           САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТI


      4-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң азаматтық авиацияны

               мемлекеттiк реттеу саласындағы өкiлеттiгi


     Қазақстан Республикасы Yкiметінің азаматтық авиация саласындағы

өкiлеттiгiне:

     1) азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының

халықаралық ынтымақтастығы;

     2) азаматтық авиациядағы қызмет түрлерiн лицензиялау ережелерiн

бекiту;

     3) авиабағыттар бойынша қаражаттандыру ережелерiн бекiту;

     4) авиабағытқа арналған куәлiктердi беру ережелерi мен шарттарын

анықтау;

     5) флагмандық әуе тасымалдаушысын анықтау және оны анықтау ережелер

бекiту;

     6) заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен

жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.


            5-бап. Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу

               саласындағы уәкiлеттi органның құзыреті


     1. Уәкiлеттi органның құзыретiне:

     1) азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қолдауды бақылау;

     2) ұшу қауіпсiздiгiнiң, авиация қауiпсiздiгiнiң және азаматтық

авиация саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың сақталуын бақылау;

     3) тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру, сондай-ақ тұрақты

емес ұшуды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережелерiн және беруден бас

тарту үшiн негіздердi анықтау;

     4) азаматтық әуе кемелерінiң ұшу-техникалық сипаттамаларын,

параметрлерiн және ұшу сапарларын бекiту;

     5) халықаралық әуе тасымалдарының жүзеге асырылуын бақылау;

     6) тұрақты ұшу кестесiн бекiту;

     7) азаматтық авиация қызметiн реттейтiн нормативтік актiлер әзірлеу;

     8) авиабағытты пайдалану шарттарын анықтау;

     9) авиация қызметшiлерiн қайта даярлау бағдарламаларын бекiту;

     10) азаматтық авиация саласындағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру;

     11) әуе қатынасы мәселелерi жөнiндегі халықаралық шарттарды iске

асыру;

     12) халықаралық азаматтық авиация ұйымдарындағы Қазақстан

Республикасының өкілдiгi;

     13) Қазақстан Республикасының заңдарымен уәкiлеттi органның

құзыретiне кiретiн өзге де мәселелер жатады.

     2. Уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары:


 
       1) авиациялық қауiпсiздiктi және ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды тұлғалары мен пайдаланушыларға орындалу мерзiмiн белгiлеумен нұсқау және инспекторлық ұйғарым беруге;
      2) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды тұлғаларынан және

 

пайдаланушылардан қажеттi ақпаратты, құжаттарды, соның iшiнде қаржылық

құжаттарды сұрауға, сондай-ақ өз функцияларын орындау үшiн қажеттi

түсiнiктемелер мен материалдарды талап етуге;

     3) авиациялық қызметшiлердiң куәлiктерiн, кеме, ұшу, әуеайлақтық және

өзге де құжаттаманы тексеруге;

     4) борттық құжаттаманың болуын, сондай-ақ шетелдiктi қоса алғанда

азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығының талаптарына сәйкестiгiн

тексеруге құқылы.


            3-ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ


            6-бап. Азаматтық авиациядағы қызметті лицензиялау


     1. Азаматтық авиациядағы жекелеген қызмет түрлерi лицензия негізiнде

жүзеге асырылады.

     2. Азаматтық авиацияда лицензиялауға қызметтiң мынадай түрлерi жатады:

     1) әуежайлық қызмет;

     2) авиациялық жұмыстар мен қызметтер;

     3) авиация техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiнде

қызметтер ұсыну;

     4) азаматтық әуе кемелерiмен қауiптi жүктердi тасымалдау;

     5) азаматтық әуе кемелерiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдау.


 
       3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген азаматтық авиациядағы қызмет түрлерiн лицензиялау ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
 
                         7-бап. Авиакомпаниялар
 
      1. Азаматтық әуе кемелерімен жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктердi, почтаны тасымалдауды жүзеге асыратын және/немесе авиациялық жұмыстарды орындайтын авиакомпаниялар осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, азаматтық заңдарда белгіленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында ғана құрылуы мүмкiн.
      2. Авиакомпанияның ресми мәртебесi әдiлет органдарында заңды тұлғаның

 

мемлекеттiк тiркелуiмен, пайдаланушыда уәкiлеттi орган берген сертификат

пен тиiстi лицензия болғанда анықталады.

     Авиакомпанияның ресми мәртебесi жоқ бiрде бiр заңды тұлға

"авиакомпания" деп атала алмайды немесе өзiн әуе тасымалдарын және/немесе

авиациялық жұмыстарды жүзеге асырушы деп сипаттай алмайды.

     3. Шетел авиакомпаниялары Қазақстан Республикасының аумағында өз

қызметiн Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына

сәйкес жүзеге асырады.


                8-бап. Азаматтық авиация ұйымдарының аудитi


     Азаматтық авиация ұйымдары қаржы есебiне жыл сайын аудит жүргiзуге

мiндеттi.


                           9-бап. Рұқсаттар


     Азаматтық авиация ұйымдары авиациялық техниканы, әуеайлақтарды,

әуежайларды меншiкке, мүліктiк жалға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға

алуға, сондай-ақ пайдаланудың өзге де құқығына уәкiлеттi органнан рұқсат

алуға мiндеттi.


 
       Ұшу жарамдылық нормаларына, мемлекеттiк стандарттарға сәйкес келмегенде, тиiстi сертификат болмаған жағдайда уәкiлеттi орган рұқсат беруден бас тартады.
      Рұқсаттар беру ережелерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
 
              10-бап. Азаматтық әуе кемелерiмен құқықтарды
                         және мәмiлелерді тiркеу
 
      1. Азаматтық әуе кемелерiне арналған құқықтар мен олармен жасалатын

 

мәмiлелер азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде уәкiлеттi

органмен мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады. Меншiк құқығы мен басқа да

құқықтарды, сондай-ақ азаматтық әуе кемесiне ауыртпалықтарды Азаматтық әуе

кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде уәкiлеттi органның есепке алу рәсiмi

мемлекеттiк тiркеу болып табылады.

     2. Мемлекеттiк тiркеу объектілерi азаматтық әуе кемелерiне құқықтар

болып табылады. Тiркеуге:

     1) меншiк құқығы;

     2) шаруашылық жүргізу құқығы;

     3) жедел басқару құқығы;

     4) алты айдан астам мерзiмге мүлiктi жалға алу құқығы;

     5) алты айдан астам мерзiмге сенiмгерлiкпен басқару құқығы;

     6) кепiл зат;

     7) азаматтық әуе кемелеріне өзге де құқықтар, сондай-ақ осы

құқықтардың ауыртпалықтары жатады.

     3. Тiркеуге, сондай-ақ мәмiлелердің және өзге де заң фактiлерiнiң

нәтижесiнде болған азаматтық әуе кемелерi құқықтарының өзгертiлуi және

жойылуы жатады.


 
       4. Азаматтық әуе кемелерiн тiркеу ережелерiн, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын құжаттардың тiзбесiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
 
             11-бап. Авиабағыттар, оларды қаражаттандыру және
                       авиабағытқа арналған куәлiк
 
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның шешiмiмен жүзеге асырылатын авиабағыттар бойынша тұрақты тасымалдар, сондай-ақ жергілiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүзеге асырылатын, авиакомпанияның тиiмдi жұмыс атқаруы үшiн қажеттi кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтiн тасымалдар тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қаражаттандыруға жатады.
      Авиабағыттар бойынша тасымалдарды қаражаттандыру ережелерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      2. Авиабағыттар халықаралық және iшкi авиабағыттардан тұрады. Халықаралық авиабағыттар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес анықталады. Iшкi авиабағыттарды уәкiлеттi орган анықтайды.
      3. Авиабағытқа арналған куәлiк авиакомпаниялардың белгілi бiр авиабағытта жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктi және почтаны тасымалдауды орындау құқығын куәландырады.
      Тасымалдау түрлерi мен аталған куәлiктiң қолданылу мерзiмi көрсетiлген авиабағыт куәлiгiн уәкiлеттi орган бередi.
      Авиакомпанияның авиациялық қызметтер мен/немесе жұмыстардан түскен кірiстi есепке алмағанда, бекiтiлген кестеге сәйкес бiр ай iшiнде ұшуды қамтамасыз ету үшiн қажеттi қаржы қаражаты болмаған жағдайда, авиабағытқа куәлiк беруден бас тартылуы мүмкiн.
      Авиабағытқа арналған куәлiктi беру шарттары бұзылған жағдайда, уәкiлетті органның авиабағытқа куәлiк беруден бас тартуы мүмкiн.
      4. Авиабағытқа арналған куәлiктi алу шарттары мен беру ережесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
 
                         12-бап. Уақытша басқару
 
      1. Ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiн қорғау және азаматтық авиацияның тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықаралық авиарейстерге қызмет көрсетуге рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушыға қатысты уақытша басқаруды енгiзу құқығы бар.
      2. Халықаралық авиарейстерге қызмет көрсетуге рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының уақытша басқаруы халықаралық авиарейстерге қызмет көрсетуге рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушыға қатысты әкiмшiлiк, заңгерлiк, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де кешенді шаралар мен рәсімдерді мәжбүрлі түрде жүргізу болып табылады.
      Уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмдi уәкiлеттi орган дербес қабылдайды. Уақытша басқаруды енгiзу үшiн негiз заңдарда белгiленген тәртiппен пайдаланушыдағы әуежай қызметтерiне арналған лицензияны тоқтата тұру немесе керi қайтару болып табылады.
      3. Халықаралық авиарейстерге қызмет көрсетуге рұқсат берілген әуежайды пайдаланушының уақытша басқаруын уақытша әкiмшiлiк жүзеге асырады.
      Халықаралық авиарейстерге қызмет көрсетуге рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының уақытша басқаруы өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Халықаралық авиарейстерге қызмет көрсетуге рұқсат берілген әуежайды пайдаланушыға уақытша басқару кезеңiнде заңсыз iс әрекеттермен келтiрiлген зиян үшiн уақытша әкiмшiлiк мүшелерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауапкершiлiкте болады.
      5. Халықаралық авиарейстерге қызмет көрсетуге рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының уақытша басқаруын енгiзу туралы уәкiлетті органның шешiмi бұйрық ретiнде ресiмделеді және мыналарды қамтуы тиiс:
      1) халықаралық авиарейстерге қызмет көрсетуге рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының атауы, оның орналасқан жерi мен мекен-жайы;
      2) уақытша басқаруды енгiзу үшін негіздер;
      3) уақытша басқару әрекетiнiң басталуы және оның мерзiмi;
      4) халықаралық авиарейстерге қызмет көрсетуге рұқсат берiлген уақытша басқару режимiндегі әуежайды пайдаланушының басқарма қызметкерлерiне олардың жұмыстары жөнiндегi есебiн дайындау туралы және осы құжаттардың уақытша әкiмшiлiкке берiлуi туралы ұйғарымы.
      6. Уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмге сот тәртiбiнде әуежай иесінің, пайдаланушы немесе пайдаланушы акционерлерiнiң жалпы жиналысымен уәкiлеттiк берiлген тұлғаның шағым беруi мүмкiн. Аталған шешiмге шағым беру уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмнiң әрекетiн уақытша тоқтатпайды.
      7. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмi бұқаралық ақпарат құралдарында үш жұмыс күнi ішінде осы баптың 4-тармағында аталған қаржы есебiнен, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде кемiнде екi газетте жарияланады.
 
                   13-бап. Уақытша әкiмшiлiк
 
      1. Уақытша басқару енгізiлiп жатқан әуежай иесi мен пайдаланушының өкiлдерi құрамына кiре алатын уақытша әкiмшiлiктi уәкiлеттi орган дербес құрады.
      2. Халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының уақытша басқару iс-әрекетi мерзiмiне:
      1) әуежайды пайдаланушының басқару жөнiндегі барлық өкілеттiгi уақытша әкiмшiлiкке берiледi;
      2) халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды басқару жөнiндегі пайдаланушының құқықтары уақытша тоқтатылады;
      3) халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының басқару органдарының және оның басқарушы қызметкерлерiнiң өкiлеттiгi уақытша тоқтатылады;
      4) халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының атынан және есебiнен уақытша әкiмшіліктің рұқсатынсыз және жазбаша келiсiмiнсiз жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады.
      3. Уақытша әкiмшiлiк:
      1) осы Заңмен анықталған құзыретi шегiнде халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушы қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша дербес шешiм қабылдауға;
      2) халықаралық авиарейстерді орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының атынан құжаттарға қол қоюға және шарттар жасасуға;
      3) халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының атынан және оның мүддесiндегі өкiлдiктi сотта да жүзеге асыруға;
      4) халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдалануға байланысты өндiрiстiк мәселелердi бағалау үшiн тәуелсiз сарапшыларды шақыруға;
      5) халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының уақытша басқару мерзiмiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығаруға құқылы.
      4. Халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының уақытша басқару мерзiмi аралығында уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн бақылауды мынадай құқықтары бар уәкiлеттi орган жүзеге асырады:
      1) халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының уақытша басқару кезiндегі уақытша әкiмшiлiк қызметiнiң негізгi бағыттары туралы ұсынымдар беру;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының қызметi мен уақытша әкiмшіліктiң қызметi жөнiндегі ақпараттың ұсынылуын талап ету;
      3) уақытша әкiмшiлiктiң iстеген жұмысы туралы есебiн тыңдап, бекiту;
      4) уақытша басқарудың енгiзiлу себептерi жойылмаған жағдайда, мерзiмiн ұзарту.
      5. Уақытша әкiмшiлiктi құру, оның қызметiн ұйымдастырудың өзге де мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталады.
      6. Уақытша әкiмшiлiк мүшелері мен авиакәсіпорын қызметкерлерiнің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен анықталады.
 
                 14-бап. Уақытша басқаруды тоқтату
 
      1. Халықаралық авиарейстерді орындауға рұқсат берілген әуежайды пайдаланушының уақытша басқаруы мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
      1) уәкiлеттi органның шешiмiмен уақытша басқарудың белгiленген мерзiмiнiң өтуi;
      2) уақытша басқаруды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы уәкiлеттi органның шешiм қабылдауы;
      3) заң күшiне енген сот шешiмi.
      2. Халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушының уақытша басқаруын, оның енгізiлуiне ықпалын тигiзген себептiң жойылуына байланысты (соның iшiнде мерзiмiнен бұрын) тоқтату халықаралық авиарейстердi орындауға рұқсат берiлген әуежайды пайдаланушыға қатысты уақытша әкiмшiлiк немесе уәкiлеттi орган белгiленген барлық шектеулердiң жойылуына әкеледi.
 
                15-бап. Флагмандық әуе тасымалдаушысы
 
      Қазақстан Республикасының флагмандық әуе тасымалдаушысын уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тағайындалған әуе тасымалдаушыларының iшiнен Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайды.
      Қазақстан Республикасының флагмандық әуе тасымалдаушысын анықтау ережесiн Қазақстан Республикасының Yкіметi бекiтедi.
 
          16-бап. Әуежайлар мен авиакомпаниялардың авиациялық
             қауiпсiздiк қызметтерінің қызмет ерекшеліктерi
 
      1. Әрбiр әуежай мен авиакомпанияның өз құрылымында тиiстi қажетті техникалық құралдар мен кадр құрамы мен толықтырылған авиациялық қауiпсiздiк қызметi болуы міндеттi.
      Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметтерiнiң жұмыстары уәкілеттi органмен, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органымен, құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдарымен олардың құзыретiне сәйкес өзара ынтымақтастықта жүзеге асырылады.
      Авиациялық қауiпсiздіктi қамтамасыз ету үшiн әуежай және авиакомпанияның бiрiншi басшысы, сондай-ақ авиациялық қауiпсiздiк қызметтерiнiң басшылары жеке жауапкершілікте болады.
      2. Азаматтық авиацияның барлық ұйымдары авиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету жөнiндегi авиациялық қауіпсiздiк қызметтерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн авиациялық қауiпсiздiк қызметтерiне қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi. Азаматтық авиация ұйымдары авиациялық қауiпсiздiк қызметтерiнiң қызметтік мiндеттерiн орындауын кедергi жасауға құқығы жоқ.
      3. Әуежайлар мен авиакомпаниялардың авиациялық қауiпсiздiк қызметтерi, уәкiлеттi орган белгiлеген авиациялық қауiпсiздік жөнiндегi ережелерге сәйкес, азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу әрекетiнен қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      4. Қазақстан Республикасының азаматы ғана авиациялық қауiпсiздiк

 

қызметiнiң басшысы болуы мүмкiн. Әуежайлар мен авиакомпаниялардың

авиациялық қауiпсiздік қызметтерiнiң басшыларын тағайындау және орнынан

босату уәкiлеттi органның және ұлттық қауiпсiздiк органдарының келiсiмiмен

жүргiзiледi.

     5. Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметтерiнiң

басшылары мен мамандарының қызметтерiне қойылатын бiлiктілiк талаптарын

ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсе отырып уәкiлеттi орган бекiтедi.


                          4-ТАРАУ.

                    ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР


         17-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі


     Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады