"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 қараша N 1533

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне прокурорлық

қадағалау мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                                 Жоба

                      Қазақстан Республикасының Заңы

         Қазақстан Республикасының прокурорлық қадағалау мәселелерi

        жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне толықтырулар мен өзгерiстер

                              енгiзу туралы

     1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне толықтырулар

мен өзгерiстер енгiзiлсiн:


 
       1. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 8 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 8, 131-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 23, 931-құжат):
      1) 15-бапта:
      он алтыншы, он жетiншi абзацтар "тоқтатуға" деген сөздiң алдынан "жиырма төрт сағаттың ішiнде прокурорға мiндеттi түрде хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      он сегiзiншi, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бiрiншi абзацтар "тыйым салуға" деген сөздердiң алдынан "жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндетті түрде хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екіншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Он алтыншы - жиырма бiрiншi абзацтармен көзделген хабарламаны ала отырып, прокурор жүргiзiлген iс-әрекеттердiң заңдылығын тексередi және олардың заңсыздығы жағдайында өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды.";
      2) 17-бапта:
      төртiншi бөлiк "ерекше жағдайларда" деген сөздерден кейiн "жиырма төрт сағаттың ішiнде прокурорға мiндетті түрде хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Төртiншi бөлiкпен көзделген хабарламаны ала отырып, прокурор жүргiзiлген іс-әрекеттердiң заңдылығын тексередi және олардың заңсыздығы жағдайында өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды.".
      2. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Z944000_ Заңына (Жоғарғы Кеңестiң Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; 2001 жылы 22 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне қылмыстық-атқару жүйесiн реформалау және осы жүйе қызметкерлерiнiң мәртебесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Z010244_ Заңы):
      1) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы в-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "в-1) өздерi жүргiзетiн қадағалау тексерулерi бойынша прокурордың қаулылары;";
      2) 11-баптың 3-тармағының бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "- бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазу, сондай-ақ телефондармен және басқа да сөйлесу құрылғыларымен жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазу;";
      3) 12-бапта:
      4-тармақтың бiрiншi бөлiгi "Заңмен қорғалатын" деген сөздерден кейiн "жеке адамға тиiспеушiлiк," деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ "рұқсат етiледi" деген сөздердiң алдынан ", сөздердi тыңдауға және жазып алуға," деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 25-бап мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың тарапынан заңдылықты бұзушылықтарды анықтау мақсатында прокурор прокуратура органдарының қызметкерлерiн және арнаулы техникалық құралдарды пайдаланып, өзге де мамандарды тартуға құқылы.".
      3. "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Z960048_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 18, 368-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 20, 728-құжат; N 23, 931-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат):
      10-бапта:
      төртiншi бөлiктiң сегiзiншi абзацы "iшiнара немесе толық" деген сөздердің алдынан "жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы бөлiк "рұқсат етiледi" деген сөздердiң алдынан "жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы баптың төртiншi бөлiгiнің сегiзiншi абзацы мен алтыншы бөлiгiнде көзделген хабарламаны ала отырып, прокурор жүргiзiлген іс-әрекеттердiң заңдылығын тексередi және олардың заңсыздығы жағдайында өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды.".
      4. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Z970067_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1993 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 жылы 3 тамызда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылы 2 тамызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне банкроттық мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi Z010239_ Заңы):
      1) 27-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Банкроттық туралы iс қозғау жөнiндегi ұйғарымға шағым берiлуi немесе азаматтық іс жүргiзу заңдарымен белгіленген тәртiппен наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.";
      2) 30-баптың бiрiншi абзацы "Несие берушiнiң немесе" деген сөздерден кейiн "прокурордың не" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 31-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы "несие берушiлерге" деген сөздерден кейiн ", прокурорға" деген сөзбен толықтырылсын.
      5. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Z952368_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 13, 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 18, 367-құжат; 1997 ж., N 11, 144-құжат; N 12, 189-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 46-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 20, 717-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; N 10, 244-құжат; N 18, 338-құжат; 2001 жылы 16 қазанда "Егемен Қазақстан" "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу және оларды әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қаңтардағы Z010247_ Заңы):
      1) 100-баптың үшiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: "Оң қорытынды алғаннан кейiн кеден органдары тауарлар жойылғанға дейiн бұл туралы прокурорға жиырма төрт сағаттың ішiнде хабарлауға мiндеттi. Хабарламаны ала отырып, прокурор жүргiзiлген iс-әрекеттердiң заңдылығын тексередi және олардың заңсыздығы жағдайында өз қаулысымен кеден органы шешiмiнiң күшiн жояды.";
      2) 140-бапта:
      алтыншы бөлiк:
      "шешiм" деген сөздiң алдынан "прокурор рұқсат беретiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: "Прокурордың рұқсат беруi талап етiлетiн iс-әрекеттер кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, онсыз, бiрақ оны кейiн жиырма төрт сағаттың iшiнде хабарлай отырып, жүргiзiлуi мүмкiн. Көрсетiлген хабарламаны ала отырып, прокурор жүргiзiлген іс-әрекеттердің заңдылығын тексередi және олардың заңсыздығы жағдайында өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды." деген сөздермен толықтырылсын;
      жетiншi бөлiк:
      "болмаған жағдайда" деген сөздерден кейiн "жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: "Көрсетiлген хабарламаны ала отырып, прокурор жүргiзiлген іс-әрекеттердің заңдылығын тексередi және олардың заңсыздығы жағдайында өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшін жояды.";
      3) 207-бапта:
      "кез келген тұлғаның" деген сөздерден кейiн "прокурор кiруге рұқсат беретiн үй-жайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: "Прокурордың рұқсат беруi талап етiлетiн iс-әрекеттер кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, онсыз, бiрақ оны кейiн жиырма төрт сағаттың iшiнде хабарлай отырып, жүргiзiлуi мүмкін. Көрсетiлген хабарламаны ала отырып, прокурор жүргiзiлген iс-әрекеттердiң заңдылығын тексередi және олардың заңсыздығы жағдайында өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды." деген сөздермен толықтырылсын.
      6. "Банкiлер және банктiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Z952444_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат):
      51-баптың 1-тармағында:
      екiншi бөлiктегі "прокурорға мiндеттi түрде хабарлай отырып," деген сөздер "прокурордың рұқсат беруiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Z952709_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 15, 208-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2001 жылы 16 қазанда "Егемен Қазақстан" "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне әскери қызметшiлердің, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң еңбегіне ақы төлеу және оларды әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қаңтардағы Z010247_ Заңы):
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
      2) кiрiспе алынып тасталсын;
      3) бүкiл мәтiн бойынша "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықпен", "Жарлыққа" деген сөздер тиiсiнше "Заң", "Заңның", "Заңмен", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 6-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) прокурорлардың қадағалау қызметiн және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн өзге де қажеттi шаралар қабылдауға мiндетті.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Прокурорлардың өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың меншiк нысанына қарамастан үй-жайларына кедергiсiз кiруiне, олардың басшыларымен және басқа да лауазымды алаңдармен тексеру мәселелерi бойынша дереу қабылдануына, құжаттар мен материалдарға қол жеткiзуiне, сот iстерiмен танысуына және оларды талап етiп алдыруына құқығы бар.";
      мынадай мазмұндағы 6-8-тармақтармен толықтырылсын:
      "6. Лауазымды адамдар мен азаматтар прокурордың талап етуi бойынша айғақтар беру үшiн олар белгiлеген мерзiмде келуге мiндеттi. Шақыру жазбаша хабарлама-шақырумен ресiмделедi және қолхат алынып, тапсырылады. Хабарлама, сондай-ақ телефонограммамен, жеделхатпен немесе оның тиiсiнше берiлуiн қамтамасыз ететiн басқа да байланыс құралдары пайдаланыла отырып жiберiлуi мүмкiн.
      7. Прокурордың талаптарын орындамау заңмен көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады. Прокурор өзiнiң ұйғарымдары мен қаулылары орындалмаған жағдайда, өз құзыретi шегiнде оларды мәжбүрлеп орындатуға жіберуге құқылы.
      8. Прокурор оның іс жүргiзуiнде жатқан істер мен материалдардың мәнiсi бойынша заңда көзделген басқа жағдайлар мен тәртiптi қоспағанда, қандай да бiр түсiнiктемелер беруге, сондай-ақ кiмге де болсын танысу үшiн беруге мiндеттi емес. Ешкiмнiң де iс жүргiзуiнде жатқан тексеру материалдары мен iстердi олар аяқталғанға дейiн прокурордың рұқсатынсыз жария етуге құқығы жоқ.";
      5) 8-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Прокурордың талаптары мен актiлерiне шағым беру олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың әрекетіне немесе

 

актiсiне арыз (шағым) бойынша шешiм шығарылғанға дейiн олардың орындалуын

тоқтатып тұра алады.";

     мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

     "3. Жоғары тұрған прокурор азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары

бойынша не өз бастамасы бойынша төменгi прокурордың актiлерiнiң күшiн жоя

не керi қайтара алады.";

     6) 11-бапта:

     мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

     "4-1) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық

актiлердi қабылдайды;";

     мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

     "11-1) сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер беру туралы

Жоғарғы Соттың Жалпы отырысының қарауына ұсыныстар енгiзедi;";

     7) 12-бапта:

     3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "3. Бас прокуратураның құрылымын және оның қызметкерлерiнiң

өкiлеттiктерiн Бас прокурор белгiлейдi.";

     4-тармақ алынып тасталсын;

     8) 18-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

     "1-1. Нормативтiк құқықтық актiлердің күшiн тоқтата тұратын

прокурорлық қадағалау актiлерi жариялауға жатады.";

     9) 20-бапта:

     2-тармақта:

     "тастау," деген сөзден кейiн "қарау" деген сөзбен толықтырылсын;


 
       "тоқтата тұру туралы" деген сөздерден кейiн "прокурордың талабын мәжбүрлеп орындату туралы, жеткiзу (әкелу) туралы," деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Прокурордың қаулысын уәкiлеттi органның немесе лауазымды адамның заңмен белгiленген мерзiмде, ал мұндай мерзiм болмағанда, прокурордың белгiлеген мерзiмiнде мiндеттi орындауына жатады. Қаулының орындалу нәтижелерi туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың қаулысын белгiленген мерзiмдерiнде орындамау заңмен көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.";
      10) 21-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-1) бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазу, сондай-ақ телефондармен және басқа да сөйлесу құрылғыларымен жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазу;
      5-2) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң лауазымды адамдарын қоспағанда) банктiк құпиялары бар құжаттарға қол жеткiзу;
      5-3) жеке және заңды тұлғалардың банктерде тұрған ақшалары мен басқа да мүлкiне тыйым салу және жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарына шығыс (корреспонденттiктен басқа) операцияларды тоқтата тұру;";
      2-тармақ "санкция сұрауға" деген сөздердiң алдынан "жиырма төрт сағаттың iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 23-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Прокурор өз қаулысымен арызды сотта қарағанға дейiн наразылық бiлдiрiлген актiнiң күшін тоқтата тұруға құқылы.";
      12) 24-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Заңды бұзу ашық сипаттағы және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне егер дереу жойылмайтын болса, елеулi зиян келтiруi мүмкiн болған жағдайларда ұйғарым енгiзiледi. Ұйғарым нормативтiк құқықтық актiлерге шығарыла алмайды.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Ұйғарым прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi орындауға жатады. Ұйғарымның орындалуы туралы прокурорға дереу хабарланады. Прокурордың ұйғарымын орындамау заңмен көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.";
      мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
      "4. Ұйғарымға жоғары тұрған прокурорға не сотқа шағым берiлуi мүмкiн. Ұйғарымға шағымның берiлуi оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
      5. Жоғары тұрған прокурор немесе сот шағым бойынша шешiм қабылданғанға дейiн ұйғарымның орындалуын тоқтата алады.";
      13) 25-баптың 2-тармағының бiрiншi сөйлемiнде "Ұсынысты лауазымды адам немесе орган" деген сөздерден кейiн "заңдылықтың бұзылуын болдырмау, сондай-ақ оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы шараларды мiндеттi түрде қабылдай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      14) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
      "26-1-бап. Прокуратураның құқықтық актілерiн мәжбүрлеп орындау шаралары
      1. Прокурордың қаулылары мен ұйғарымдарын ерiктi түрде орындамаған жағдайда, ол мүлкiнен мәжбүрлеп айыруды көздейтiндерiн қоспағанда, прокурордың талаптарын мәжбүрлеп орындау туралы қаулы шығаруға және оны орындау үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жiберуге құқылы.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар прокурордың тиiстi қаулысын алуына қарай оның орындалуына дереу шаралар қабылдауға мiндеттi.
      3. Прокуратура органдарына айғақ беру үшiн келуден лауазымды адам, азамат бас тартқан жағдайда, прокурор мұндай адамды жиырма төрт сағаттың ішінде ішкi істер органдарымен орындалатын прокуратура органдарына жеткiзу (әкелу) туралы қаулы шығаруға құқылы.";
      15) 29-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жүргiзiлетiн тексерiс мәселелерi бойынша азаматтар мен лауазымды адамдарды шақыруға және олардан көрсетімдер алуға";
      мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-1) банктерден жүргiзiлетiн тексеру мәселелерi бойынша заңды және жеке тұлғалардан операциялар мен шоттар бойынша мәлiметтер алуға;
      2-2) жасырын қылмыстарды анықтау мақсатында құзыреттi органдардан олардың нәтижелерi туралы хабарлап, жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыруды талап етуге;";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) қауiпсiздiктi және қадағалау қызметiн қамтамасыз ету үшін басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн тексерудi жүзеге асыруға тартуға;";
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) сараптама тағайындауға;";
      2-тармақтың 3) тармақшасы "құқық бұзушылық туралы іс жүргiзу" деген сөздерден кейiн ", прокурордың талабын мәжбүрлеп орындату, жеткiзу (әкелу)" деген сөздермен толықтырылсын;
      16) 30-баптағы "(кассациялық)" деген сөз алынып тасталсын;
      17) 33-баптағы "Пленумына" деген сөз "жалпы отырысына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 48-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Прокурор - өз құзыретi шегiнде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң нақты және бiрыңғай қолданылуына, жедел iздестiру қызметiнiң, анықтаудың, тергеу мен сот актiлерiнiң заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестiң барлық сатыларында қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға.";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "Мыналар прокурорлар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, ерекше тапсырма жөнiндегi көмекшiлерi, прокуратура органдары департаменттерiнiң, басқармаларының және бөлiмдерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, қадағалау саласы бойынша прокурорлар, аға прокурорлар және прокуратура органдары басқармалары мен бөлiмдерiнiң прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкiлеттi және арнаулы прокурорлар.";

 

     мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

     "2-1. Прокуратура органдарындағы қызмет мемлекеттiк қызметтiң арнаулы

түрi болып табылады.";

     19) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:

     "49-бап. Прокуратура органдарының сыныптық шендерi, әскери атақтары

және нысанды киiмдерi

     1. Прокуратура органдарының қызметкерлерiне атқаратын қызметiне,

бiлiктiлiгiне және арнаулы қызметтегi өтiлiне сәйкес мынадай сыныптық

шендер мен әскери атақтар берiледi:

     жоғары сыныптағы мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi;

     1 сыныптағы мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-полковнигі;

     2 сыныптағы мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-лейтенанты;

     3 сыныптағы мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-майоры;

     аға әдiлет кеңесшiсi, әдiлет полковнигi;

     әдiлет кеңесшiсi, әдiлет подполковнигі;

     кiшi әдiлет кеңесшiсi, әдiлет майоры;

     1 сыныптағы заңгер, әдiлет капитаны;

     2 сыныптағы заңгер, аға әдiлет лейтенанты;

     3 сыныптағы заңгер, әдiлет лейтенанты;

     кiшi заңгер, прапорщик, мичман.


 
       2. Жоғары сыныптағы мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсiнiң, 1, 2 және 3 сыныптағы мемлекеттiк әдiлет кеңесшiлерiнiң сыныптық шендерiн, әдiлет генералдарының әскери атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
      3. Сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiлген прокуратура органдарының қызметкерлерi нысанды киiмдермен тегiн қамтамасыз етiледi.
      4. Айырым белгiлерi мен нысандардың үлгілерi, нысанды киiмдердi киiп жүрудiң тәртiбi және қамтамасыз ету нормасы, сондай-ақ сыныптық шендерiн немесе әскери атақтарын беру және айыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережемен белгіленедi.
      5. Сыныптық шендерi немесе әскери атақтары бар адамдарға заңға сәйкес сыныптық шендерi үшiн қосымша ақы немесе әскери атақтары бойынша жалақы белгiленедi.".
      8. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 U952707_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 жылы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылы 16 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне Қазақстан Республикасының Ішкі iстер министрi мен Қазақстан Республикасының IIМ iшкi әскерлері қолбасшысы өкiлеттiктерiнiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 маусымдағы Z010208_ Заңы; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде 2001 жылы 22 тамызда жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне қылмыстық-атқару жүйесiн реформалау және осы жүйе қызметкерлерiнiң мәртебесi мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Z010244_ Заңы; 2001 жылы 16 қазанда "Егемен Қазақстан" "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне әскери қызметшiлердің, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу және оларды әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қаңтардағы Z010247_ Заңы):
      10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) азаматтар мен лауазымды адамдарды мәжбүрлеп жеткізу (әкелу) туралы прокурордың қаулыларын орындауға, сондай-ақ прокурордың өзге де жазбаша тапсырмалары мен оның құзыретi шегiнде шығарылған талаптарын орындауға;".
      9. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ұлттық қауiпсiздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Z952710_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 жылы 16 қазанда "Егемен Қазақстан" "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне әскери қызметшiлердiң құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнің еңбегiне ақы төлеу және оларды әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 қаңтардағы Z010247_ Заңы):
      12-бап мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
      "21) олардың қадағалау функцияларын жүзеге асыруына байланысты прокурордың жазбаша талаптарын орындауға мiндеттi.".
      10. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 U952727_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 168-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 21, 277-құжат):
      18-бап мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Құқықты тiркеу прокурорлық қадағалау актiлерiнiң негiзiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн.".
      11. "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Z970078_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 5, 53-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; 2001 жылы 19 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бағалы қағаздар рыногы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi Z010237_ Заңы):
      28-бапта:
      2-тармақ "шот иеленушiнiң жазбаша келiсiмi негiзiнде кез келген үшiншi тұлғаға" деген сөздерден кейiн "не тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде прокурорға" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ "уәкiлеттi органның" деген сөздерден кейiн үтiр қойылып, "прокурордың" деген сөзбен толықтырылсын.
      12. "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Z970098_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 9, 91-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат):
      11-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "прокурордың талабы бойынша сұралатын ақпаратты ақысыз беруге.".
      13. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Z970160_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 213-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 жылы 8 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылы 7 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 4 маусымдағы Z010205_ Заңы):
      77-бапта:
      2-тармақтың сегiзiншi абзацы "тоқтата тұру туралы" деген сөздерден кейiн "жиырма төрт сағаттың ішiнде прокурорға мiндеттi түрде хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтың төртiншi бөлiгi "аталған мерзiмге" деген сөздерден кейін "жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Осы баптың екiншi және үшiншi тармақтарында көзделген хабарламаларды ала отырып, прокурор жүргiзiлген іс-әрекеттердің заңдылығын тексередi және олардың заңсыздығы жағдайында өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды.".
      14. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қылмыстық K970167_ кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 54-құжат):
      14-тарау мынадай мазмұндағы 321-1-баппен толықтырылсын:
      "321-1-бап. Прокурордың қызметiне кедергi жасау және заңды талаптарын қасақана орындамау
      Егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқтырса, прокурорлық қадағалау актiлерiн қасақана орындамау, сол сияқты оның қызметiне кедергi жасау, -
      есептiк айлық көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде немесе айыпталушының екi айдан алты айға дейiнгi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұлмен не 180-нен 240 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартумен не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алумен не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырумен жазаланады.".
      15. "Атқарушылық іс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Z980253_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 13, 195-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 23, 922-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат):
      1) 5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) прокурордың талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы оның қаулысы;";
      2) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) прокурордың қаулылары - үш айдың ішiнде.".
      16. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi Z980267_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат; 1999 ж., N 21, 174-құжат; 2000 ж., N 5, 116-құжат; 2001 жылы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылы 16 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 маусымдағы Z010206_ Заңы; 2001 жылы 20 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2001 жылы 17 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қаржы полициясы органдарының қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Z010240_ Заңы):
      1) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген органдар олардың өкiлеттiктерiнен туындайтын шараларды қабылдауға және жауапты мемлекеттiк лауазымдағы адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтаудың барлық жағдайлары туралы құқықтық статистика және ақпарат органдарына дереу мәлiметтер жiберуге мiндеттi.";
      2) 16-баптың 1-тармағы "салық органдарына" деген сөздердiң алдынан

 

"құқықтық статистика және ақпарат органдарына," деген сөздермен

толықтырылсын.

     17. "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19

қазандағы 


Z000085_
 

  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы,

2000 ж., N 14, 281-құжат):

     19-баптың 5-тармағы "прокуратураға" деген сөзден кейiн "жиырма төрт

сағаттың iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын.

     2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

     Қазақстан Республикасының

             Президентi


     Мамандар:

       Багарова Ж.А.,

       Қобдалиева Н.М.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады