"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне терроршылдыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 3 желтоқсан N 1557

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне терроршылдыққа қарсы

күрес мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi

Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                             Жоба


                    Қазақстан Республикасының Заңы


    "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне терроршылдыққа

       қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар

                            енгiзу туралы"


     Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен

толықтырулар енгiзiлсiн:

     1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық

кодексiне 


K970167_


  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж.,

N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж.,

N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8,

53-құжат):

     1) 164-бапта:

     бiрiншi бөлiкте:

     "жүз" деген сөз "бiр мың" деген сөздермен ауыстырылсын;

     "бiр айға" деген сөздер "он айға" деген сөздермен ауыстырылсын;

     "дәл сол мерзiмге" деген сөздер "бес жылға дейiнгi мерзiмге" деген

сөздермен ауыстырылсын;

     екiншi бөлiкте:

     "жүзден үш жүз" деген сөздер "бес жүзден үш мыңға" деген сөздермен

ауыстырылсын;

     "бiр айдан үш айға" деген сөздер "бес айдан бiр жылға" деген

сөздермен ауыстырылсын;

     "дәл сол мерзiмге" деген сөздер "екi жылдан алты жылға дейiнгi

мерзiмге дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

     2) 167-бап мынадай редакцияда жазылсын:

     "167-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қастандық жасау

     Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне оның мемлекеттiк

қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында қастандық

жасау, -

     он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға

не өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

     3) 170-бапта:

     бiрiншi бөлiкте "үш жылға" деген сөздер "бес жылға" деген сөздермен

ауыстырылсын;

     екiншi бөлiкте "бес жылға" деген сөздер "жетi жылға" деген сөздермен

ауыстырылсын.

     4) 233-бап мынадай редакцияда жазылсын:

     "233-бап. Терроризм

     1. Адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғамға

қауiптi басқа зардаптардың болу қаупiн төндiретiн жарылыс жасау, өрт қою

немесе өзге де iс-әрекеттер жасау, егер осы iс-әрекеттер қоғамдық

қауiпсiздiктi бұзу, халықты қорқыту не Қазақстан Республикасы мемлекеттiк

органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiм қабылдауына

ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған iс-әрекеттердi дәл осы

мақсатта жасаймын деп қорқыту, -

     төрт жылдан он жылға дейiн бас бостандығынан айыруға жазаланады.

     2. Дәл сол әрекет:

     а) бiрнеше рет;

     ә) атыс қаруын қолдана отырып жасалса, -

     жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге жазаланады.

     3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер,

егер оларды:


 
       а) жаппай қырып-жоятын қаруды, радиоактивтiк материалдарды қолдануға немесе қолданамын деп қорқытуға және жаппай уландыруды, эпидемия мен эпизоотияны таратуды, сондай-ақ адамдардың жаппай опат болуына әкеп соғуы мүмкiн өзге де іс-әрекеттердi қолдануға және қолданамын деп қорқытуға ұштасса;
      ә) абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
      он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      4. Қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты қорқыту не Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өмiрiне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта, сондай-ақ оның мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек ету мақсатында мемлекеттiк немесе қоғамдық қайраткердiң өмiрiне қастандық жасау, -
      он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге не өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Терроризм актiсiн дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттiк органдарды дер кезiнде ескертуімен немесе басқа жолмен терроризм актiсiнiң жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер оның iс-әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершiлiктен босатылады.".
      5) мынадай редакциядағы 233-1, 233-2-баптармен толықтырылсын:
      "233-1-бап. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария шақыру
      1. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария шақыру, сондай-ақ көрсетiлген мазмұндағы материалдарды тарату, -
      бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланып не қоғамдық бiрлестiктiң басшысы не бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып дәл сол әрекеттердi жасаған адамдар, -
      үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      233-2-бап. Террорлық топты құру және оған басшылық ету
      1. Террорлық мақсатты көздейтiн қылмыстарды жасау үшiн топ құру, сондай-ақ оған басшылық ету -
      мүлiктi тәркiлей отырып немесе онсыз сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Террорлық топтың қызметiне немесе ол жасаған террорлық актiлерге қатысу, -
      мүлiктi тәркiлей отырып немесе онсыз алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдалана отырып жасаған адам не қоғамдық бiрлестiктiң басшысы осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi жасаса, -
      мүлiктi тәркiлей отырып немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
      6) 242-баптың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау,-".
      7) 247-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "247-бап. Радиоактивтiк материалдармен заңсыз жұмыс iстеу
      1. Радиоактивтiк материалдарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, қолдану, бүлдiру немесе көму, -
      екi жылға дейiнгi мерзiмге бостандығын шектеуге, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Радиоактивтiк материалдарды заңсыз сату, сондай-ақ сату мақсатымен

 

радиоактивтiк материалдарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, -

     екi жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға

жазаланады.

     3. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан

осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, -

     үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға

жазаланады.".

     2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық іс

жүргiзу 


Z970206_


  кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы,

1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4,

66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат):

     192-бапта:

     бiрiншi бөлiкте:

     "223" деген саннан кейiн "233-1, 233-2," деген сандармен

толықтырылсын;

     "242-244" деген сандар "243, 244" деген сандармен ауыстырылсын;

     екiншi бөлiкте:

     ", 164" деген сан алынып тасталсын;

     "241" деген саннан кейiн "242" деген санмен толықтырылсын;

     "250-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздер алынып

тасталсын;

     "259 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "259

(екiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

     "307, 308" деген сандар "307 (бiрiншi бөлiгiнде), 308 (бiрiншi

бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

     "311" деген сандар "311 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген

сөздермен ауыстырылсын;

     4-1-бөлiгi мынадай мазмұнда толықтырылсын:


 
       "4-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 164, 250 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 259 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 307 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 308 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 311 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын-ала тергеудi қылмыстық iс қозғаған iшкi iстер немесе ұлттық қауiпсiздiк органдары жүргiзедi.".
      3. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Z944000_ Заңына (Жоғарғы Кеңестiң Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; 2001 жылғы 22 тамыздағы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесiн реформалау және осы жүйе қызметкерлерiнiң мәртебесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Z010244_ Заңы):
      1) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "- ақпаратты заңсыз алуға қондырғы iздеу";
      2) 12-баптың 5-тармағындағы "ұйымдарының" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ терроризмнiң" деген сөздермен толықтырылсын.
      4. "Терроршылдыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Z990416_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1999 ж., N 19, 649-құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "терроршылдық - қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты қорқыту, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң және халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекеттiк, не қоғамдық қызметкерлердiң қызметiн тоқтату немесе осындай қызмет үшiн кек ету мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты қылмыстық жазаланатын зорлық жасау немесе зорлық жасаймын деп қорқыту;";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) халықаралық терроршылдық қызметi - терроршылдық қызмет:
      терроршыл немесе терроршылдық ұйымдармен кемiнде бiрнеше мемлекеттiң аумағында немесе бiрнеше мемлекет мүддесiне шығын келтiретiн;
      бiр мемлекеттiң азаматтарымен басқа мемлекеттiң азаматтарына немесе басқа мемлекеттiк аумағына қатысты;
      терроршыл да және терроршылдық құрбаны да бiр және сол мемлекеттiң немесе әртүрлi мемлекеттiң азаматтары болып табылған жағдайда, бiрақ қылмыс осы мемлекеттердiң аумағының шегiнде жасалғанда;";
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) террорлық акция - террорлық актiсiн тiкелей немесе террорлық мақсаттарды көздейтiн Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген өзге де қылмыстар.";
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) террорлық акт - жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де iс-әрекеттер, адамдардың қаза табуы, едәуiр мөлшерде мүлiктiк залал келтіру немесе қоғамға қауiптi зардаптардың тууы, егер сондай iс-қимылдар қоғам қауiпсiздiгiн бұзу, халықты қорқыту, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң және халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауына ықпал ету мақсатында, сондай-ақ адам өмiрiне, сондай мақсатта жасалған, сондай-ақ мемлекеттiк немесе қоғамдық қайраткердiң өмiрiне қастандық жасау, оның мемлекеттiк немесе саяси қызметiн тоқтату немесе осындай қызмет үшiн кек ету мақсатында жасалған немесе жасаймын деп қорқыту;";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) терроршылдық ұйымдар - терроршылдық қызметтi жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзiнiң қызметiнде терроршылдықты пайдалану мүмкiндiгiн мойындайтын ұйым. Ұйым, егер ұйымның басқаратын органының бiрi бiлгенде, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң бiрi террорлық қызметтi жүзеге асырғанда террорлық болып табылады;";
      8) тармақшадағы "терроршылдарды зиянсыздандыру," деген сөздерден кейiн "жарылғыш қондырғылар," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 7-бапта:
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан өтуге әрекеттенген, мемлекеттiк шекара арқылы заңсыз қару-жарақ, жарылғыш, уландыратын, психотроптық заттарды, радиоактивтiк материалдарды және террорлық акция жасау үшiн пайдалануы мүмкiн өзге де заттарды орналастыруды" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi әуе, су және жер

 

кеңiстiгiнiң қауiпсiздiгiн, терроршылдыққа қарсы операциялар жүргізуді

қамтамасыз етуге қатысады.".

     3) 21-бапта:

     бiрiншi абзацтағы:

     "Терроршылдыққа қарсы күрестi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi

мемлекеттiк орган" деген сөздер алынып тасталсын;

     "Қазақстан Республикасы Бас прокурорының" деген сөздерден кейiн

"қолданыстағы заңдарға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

     төртiншi абзац алынып тасталсын.


     Қазақстан Республикасының

             Президентi


     Мамандар:

       Багарова Ж.А.,

       Қобдалиева Н.М.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады