Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы N 415 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 желтоқсан N 1576

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін Ресей Тарапының Қазақстан Тарапына жалгерлік ақының бір бөлігін 1999 жылғы кезең үшін тауарлармен төлеу жөніндегі есеп айырысудың тәртібі мен нысаны туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы N 415 P010415_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Есенбаев Мәжит

 

Төлеубекұлына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық

ресурстар министрі Владимир Сергеевич Школьникке" деген сөздермен

ауыстырылсын;

     көрсетілген қаулыға қосымшада:

     4-бапта:

     бірінші абзацтағы "тоқсан сайын екі бөлікте:" деген сөздер "2001

жылдың төртінші тоқсанында 65 миллион АҚШ долларына баламалы сомада жүзеге

асырылады." деген сөздермен ауыстырылсын;

     үшінші және төртінші абзацтар алынып тасталсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады