Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі N 935 және 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1654 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1465 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.05 № 1465 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) <*>
      Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.08.07. N  883 қаулысымен. 
      2) "Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N  1691 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 488-құжат):
      1-тармақта:
      Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:     

Мәсімов                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы            Министрінің орынбасары, төраға

Досаев                     - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ерболат Асқарбекұлы          монополияларды реттеу, бәсекелестікті
                             қорғау және шағын бизнесті қолдау
                             жөніндегі агенттігінің төрағасы,
                             төрағаның орынбасары     

Мырзахметов                - Қазақстан Республикасының Көлік және 
Абылай Исабекұлы             коммуникациялар министрі

      көрсетілген құрамнан Ораз Әлиұлы Жандосов, Берік Мәжитұлы Имашев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады