Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 840 және 2000 жылғы 7 сәуірдегі N 520 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 20 желтоқсан N 1665

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы K010209_ Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен алымдардың ставкалары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 840 P980840_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 30, 266-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 840 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 сәуірдегі N 457 P990457_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 140-құжат);
      3) "Заңды (мемлекеттік кәсіпорындардан, мемлекеттік мекемелерден және коммерциялық емес ұйымдардан басқа) және жеке тұлғалардың өз фирмалық атауларында, қызмет көрсету белгілерінде, тауарлық таңбаларында "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" деген (толық, сондай-ақ олардан туындайтын кез келген басқа да) сөздерді пайдаланғаны үшін алым есептеудің және төлеуінің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 сәуірдегі N 520 P000520_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 18, 194-құжат).
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өздерінің бұрын

қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерін 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін 
осы қаулыға сәйкес келтірсін.
     3. Осы қаулының 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 
1-тармағынан басқасы, осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады