"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Z990357_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламасының 2002 жылға арналған паспорты бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылдың 23 қаңтардағы N 80 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі
2002 жылға арналған 030 "Мемлекеттер басшылары мен
жеке лауазымды тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
Паспорты
1. Құны 983826 мың теңге (тоғыз жүз сексен үш миллион сегіз жүз жиырма алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің, Заң күші бар, 1995 жылдың 5 қазанындағы N 2843 "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы" жарлығының 1, 2, 21 және 22-баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылдың 3 қаңтарындағы N 2742 U962742_ жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ереже, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылдың 9 қарашасындағы N 480қ жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің, онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, Президент бекіткен тізім бойынша басқа да мемлекеттік лауазымдық тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында болған кезде шет ел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдар басшыларының (күзетілетін тұлғалар) қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: күзетілетін тұлғалардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқына, бостандығына, жеке басының қадір-қасиетіне және меншігіне қарсы бағытталған қылмыс пен әкімшілік тәртіп бұзушылықты анықтау, олардан сақтандыру және тыйып тастау, күзетілетін тұлғалардың
меншігін күзету, қызметтік жайларда және олар болатын басқа жерлерде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, күзетілетін тұлғалар мен күзету объектілеріне төнген қатерді болжау және анықтау, одан сақтандыру және залалсыздандыру жөніндегі жедел шаралар, кешенін жүзеге асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: --------------------------------------------------------------------------- N!Бағ.!Кіші !Бағдарламаның !Бағдарламаны (кiшi бағдар. !Іске ! Жауапты !дар.!бағд.!(кiшi бағдар. !ламаны) iске асыру жөнiндегi!асыру !орындаушы. !лама!коды !ламаның) атауы!iс-шаралар !мерзімі! лар !коды! ! ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- 1 30 Мемлекеттер Күзет қызметінің жеке Жыл Күзет басшылары мен құрамын ұстау бойы қызметі жеке лауазымды тұлғалардың қауіпсіздігін Ғимараттарды, басқа Жыл Күзет қамтамасыз ету да Күзет қызметінің бойы қызметі тегеріміндегі негізгі құралдарды ұстау Күзет іс-шараларын Жыл Күзет жүргізу бойы қызметі Жедел іздеу қызметін Жыл Күзет жүзеге асыру бойы қызметі Терроризммен және Жыл Күзет экстремизм мен бойы қызметі сепаратизмның басқа да көріністерімен күресудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру Қызметшілерді әскери Жыл Күзет және арнайы дайындау бойы қызметі орталығын салу Материалды-техникалық Жыл Күзет базаны нығайту бойы қызметі -------------------------------------------------------------------------- 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: мемлекет басшысының және басқа да мемлекеттік лауазымдық тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында болған кезде басқа мемлекеттердің күзетілетін тұлғаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің республикалық бюджеттік бағдарламасының 2002 жылға арналған паспортын бекіту туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 қаңтар N 80
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз