"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 2001 жылғы 15 маусымдағы N РЕ/04178120437 келiсiм-шарт бойынша Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлiгi үшiн "Рособоронэкспорт" федералдық мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорны (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) беретiн арнайы мүлiктiң қосымшаға сай номенклатурада және санда Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Арнайы жүктердiң және әскери мақсаттағы өнiмдердiң тасымалы туралы 1995 жылғы 26 мамырдағы Z990368_ келiсiмге және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес ерекше қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, арнайы мүлiктiң Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiр жол көлiгiмен транзиттiк тасымалын жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден
комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы арнайы мүлiктiң транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі осы
қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 24 қаңтардағы
N 96 қаулысына
қосымша
2001 жылғы 15 маусымдағы N РЕ/04178120437 келiсiм-шарт
бойынша Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлiгi үшiн
"Рособоронэкспорт" федералдық мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорны
(Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) беретiн арнайы мүлiктiң
номенклатурасы мен саны
---------------------------------------------------------------------------
! Берілетін арнайы мүліктің !Бірлігінің!Жинақ.! Мүліктің !Ескертпе
! номенклатурасы мен атауы ! бағасы, !тама. ! құны, !
! ! Ресей !лардың! Ресей !
! ! рублімен ! саны ! рублімен !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6
---------------------------------------------------------------------------
1 РВР РЛС 5Н84АЭ-2
(N 2114488) жүргізу үшін
мүлік 567271,24 1 567271,24
2 РВР РЛС 5Н84А
(N 4412163) жүргізу үшін
мүлік 1121607,41 1 1121607,41
3 П-18 бұйымдары
РВР 5-ін жүргізу үшін
мүлік:
3.1. П-18 бұйымы (N 010806), 178239,53 1 178239,53
3.2. П-18 бұйымы (N 032790), 199835,99 1 199835,99
3.3. П-18 бұйымы (N 032290), 194506,44 1 194506,44
3.4. П-18 бұйымы (N 011401), 772767,74 1 772767,74
3.5. П-18 бұйымы (N 011549), 144145,84 1 144145,84
4 ТҚ жүргізуге арналған
мүлік ПРВ-13 бұйымдары:
4.1. ПРВ-13 бұйымы (N Е1118), 509458,05 1 509458,05
4.2. ПРВ-13 бұйымы (N 0205), 239158,11 1 239158,11
4.3. ПРВ-13 бұйымы (N 1722), 149825,37 1 149825,37
5 5Н84А, 5Н84АЭ-2 және
П-18 бұйымдарына РВР
жүргізуге арналған жұмсау
материалдары 31533,94 1 31533,94
Жиыны 4108349,62
---------------------------------------------------------------------------
Бағыты: Кунцево-2 станциясы (Ресей Федерациясы) - Аламедин станциясы
(Қырғыз Республикасы).
Шекаралық өтуі: Илецк-1 станциясы (Ресей Федерациясы), Луговая
станциясы (Қазақстан Республикасы).
Көлік құралдарының саны: үш 20 пұттық контейнер.
Жөнелтуші: "Гранит" МӨТК" ФМБК (Ресей Федерациясы).
Алушы: Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі.
Арнайы жүктің транзиті 2002 жылғы 1 тоқсанға жоспарланған.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қобдалиева Н.М.