Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Қазақстан Республикасы соттарының банкроттық туралы заңды қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2000 жылғы 28 сәуірдегі N 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 5 нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 02.10.2015 № 5 нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Сот практикасында мәселелердің туындауына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі N 3 P00003s_ қаулысын қолданыстағы банкроттық туралы заңнамаға сәйкестендірудің қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Қазақстан Республикасы соттарының банкроттық туралы заңды қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2000 жылғы 28 сәуірдегі N 3 P00003s_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Тақырыптағы "Пленумының қаулысы" деген сөздер "Нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Кіріспедегі "Пленумы" деген сөз "жалпы отырысы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. 1-тармақтағы "Жалпы бөлім" деген сөздер алынып тасталсын. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздерден кейін "(әрі қарай - Заң)" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 2-тармақ мына редакцияда жазылсын:

      "Заңның 2-бабына сәйкес шаруашылық жүргізуші жекелеген субъектілерге қатысты банкроттық рәсімдерді қолданудың ерекшеліктері олардың құқықтық мәртебесі мен қызметінің бағытына қарай Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленуі мүмкін.

      Банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру мен таратудың ерекшеліктері банкілік және сақтандыру (қайта сақтандыру) туралы заңнамамен әрі сақтандыру қызметімен анықталады.

      Астық қабылдау кәсіпорындарын сот арқылы мәжбүрлеп таратудың негіздері, конкурстық массаны сатудың және кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың кезектілігінің ерекшеліктері "Астық туралы" Z010143_ Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.

      Зейнеткерлік қорлар мен ауылшаруашылық ұйымдарына қатысты банкроттық рәсімдердің жекелеген ерекшеліктері де заңнамалық актілермен белгіленген.

      Шаруашылық қызметінің субъектілері - жеке кәсіпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтарының құқықтық жағдайын ескере отырып банкроттық рәсімдерді қолдану Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің K941000_ 21-бабымен және "Жеке кәсіпкерлік туралы" Z970135_ Қазақстан Республикасы Заңының 38-45-баптарымен реттеледі.

      Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтар мен мемлекеттің, сондай-ақ мемлекеттің бастамасы бойынша банкрот болып танылған ұйымдардың мүдделерін қорғау мақсатында тауар рыногында басым (монополиялық) орны бар не республика экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар және азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал етуге қабілетті, табиғи монополия субъектісі немесе рынок субъектісі болып табылатын ұйым банкрот болған жағдайда конкурстық массаны сатудың ерекше шарты мен тәртібін белгілеуге құқылы.

      Шаруашылық қызметін реттейтін өзге заңнамалық актілердің де шаруашылық субъектілерін олардың дәрменсіздігіне (банкроттығына) байланысты таратудың не басқа негіздер бойынша мәжбүрлеп таратудың жекелеген рәсімдерінің ерекшеліктерін қарастыра алатынын соттардың назарда ұстағандары жөн. Аталған актілер Заңға қайшы келмейтін бөлігінде қолдануға жатады".

      5. 3-тармақта:

      бірінші абзацта "Банкроттық туралы" деген сөздер алынып тасталсын;

      екінші абзац алынып тасталсын;

      үшінші абзац мына редакцияда жазылсын:

      "Ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 P011508_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті банкроттық рәсімдердің жүргізілуіне бақылау жасайтын уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Комитет осы Ереженің 14-тармағының 6) тармақшасына сәйкес тек конкурстық өндірістің мүддесін көздеп арызбен сотқа жүгінуге, соттың конкурстық өндіріске қатысушылар арасындағы дауларды қарауы кезінде сот отырысына қатысуға құқылы, бірақ ол сотқа борышкерді дәрменсіз (банкрот) деп тану туралы арыз беруге құқылы емес. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкімшілік белгілейтін уәкілетті органдар да осындай құқықтар мен өкілеттіктерге ие".

      6. 4-тармақта:

      бірінші абзацта "сот" деген сөзден кейін "осы қаулының үшінші тармағының бірінші абзацында" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзацта ""Банкроттық туралы" Заңының 3-бап 4-тармағына, ҚР АІЖК-нің 153-бап 1-1) тармағына сілтеп, арызды қабылдамайды" деген сөздер "Заңның 3-бабының 4-тармағының және АІЖК-нің K990411_ 153-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының негізінде арызды қабылдамайды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. 5-тармақта:

      екінші абзац алынып тасталсын;

      үшінші абзац мына редакцияда жазылсын: "Егер борышкерден оны банкрот деп тану туралы арызды қабылдау кезінде сот арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойған не осы адамның өкілеттігін растайтын құжаттар мен Заңның 18, 19-баптарында көрсетілген құжаттар қоса тігілмеген деп тапса, онда сот мұндай арызды аталған Заңның 21-бабының 1-тармағына сәйкес кері қайтарады. Борышкердің сотқа жолдаған өтініші Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша міндетті болған жағдайларда, сот арызды өз өндірісіне қабылдауға, ал жетіспей тұрған құжаттарды істі сот талқылауына дайындау тәртібімен арызданушыдан сұратуға міндетті".

      8. 6-тармақта бірінші сөйлем "өтініштерінің негізінде" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша салық органдарының тарапынан" деген сөздермен толықтырылсын; екінші сөйлем алынып тасталсын.

      9. 7-тармақта:

      екінші абзац алынып тасталсын.

      10. 10-тармақта:

      төртінші абзацта "Сот орындаушылары департаментіне" деген сөздер "атқарушылық іс жүргізетін тиісті органға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. 12-тармақта:

      бірінші абзац "және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім

     

      қабылдаған сот қарайды." деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацта "Сот тағайындаған" деген сөздер алынып тасталып,

      "конкурстық" деген сөз бас әріппен басталып жазылсын.

      12. 13-тармақта:

      жетінші абзац мына редакцияда жазылсын:

      "Ауылшаруашылық ұйымының дәрменсіздігі деп борышкердің маусымның

      кезекті циклы кезінде алдағы жыл туардан бұрын орындау мерзімі келіп

      жеткен ақшалай міндеттемелер бойынша кредиторлардың талабын оған тиесілі

      мүлік есебінен қанағаттандыра алмауын түсіну қажет".

      13. 16-тармақта алтыншы абзац "Несие берушілер комитеті" деген

      сөздерден кейін "және тиісті уәкілетті орган" деген сөздермен

      толықтырылсын.

      14. 17, 18-тармақтар алынып тасталсын.

      15. 19-тармақта:

      екінші абзац "сондай-ақ" деген сөзден кейін "конкурстық басқарушы"

      деген сөзбен толықтырылып, "төленетін" деген сөз "төлейтін" деп түзетіліп

      оқылсын;

      үшінші абзац алынып тасталсын.

      16. 20-тармақ алынып тасталсын.

      17. 21-тармақта:

      бірінші абзацта "несие берушілермен" деген сөздер "кредиторлар

      комитетімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші және үшінші абзацтар мына редакцияда жазылсын:

      "Конкурстық басқарушы борышкердің істері мен мүлкін басқарудан Заңның 9-бабының 4 және 5-тармақтарында белгіленген негіздер бойынша оны тағайындау тәртібіндегідей тәртіппен шеттетіледі. Конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету мәселелері бойынша конкурстық өндіріске қатысушылар арасындағы дауларды банкроттық туралы шешім қабылдаған сот Заңның 67-бабының 5) тармақшасына сәйкес конкурстық өндіріс шеңберінде қарайды.

      Борышкердің істері мен мүлкін басқарудан шеттетуді конкурстық басқарушы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен сотта даулай алмайды. Конкурстық өндірістің белгіленген мерзімінің аяқталуы, егер конкурстық өндірістің мерзімі ұзартылмаса, конкурстық басқарушының барлық құқықтары мен өкілеттіктерін тоқтатады".

      18. 22-тармақта:

      бірінші абзацта екінші және үшінші сөйлемдер мына редакцияда жазылсын: "Конкурстық басқарушының кредиторлар комитетімен жасалған келісім бойынша міндеттемелерді орындамауы, оны борышкердің істері мен мүлкін басқарудан шеттету, сондай-ақ мүліктік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін сөзсіз негіз болып табылады";

      екінші абзацта "сот кредиторлар комитетінің тарату шараларын орындаудың нақты мерзімдерін көрсетіп берген негізді өтініші бойынша конкурстық өндіріс мерзімін ұзартуға құқылы" деген сөздер "конкурстық өндірістің мерзімдері ұзартылуы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. 23-тармақта:

      бірінші абзацта "балансты" деген сөз "конкурстық басқарушының қызметі туралы есебі мен тарату балансын, сондай-ақ мүліктің пайдаланылуы туралы есепті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацта "тарату балансын" деген сөздер "осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген құжаттарды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      20. 24-тармақта:

      бірінші және екінші абзацтар мына редакцияда жазылсын:

      "Заңның 10-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес конкурстық өндірісте кредиторлар комитетінің құрамын бекіту уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған. Кредиторлар комитетін құрудың тәртібі мен мерзімдері Заңның 11, 70-баптарында көзделген.

      Кредиторлар тізілімінің тиісті кезегінің несие берушілері осы кезек бойынша олардың алдында нақтылы берешек болған жағдайда ғана конкурстық өндірістегі кредиторлар комитетінің құрамына енгізіледі. Уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен кредиторлар комитетінің құрамына, кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтарының қағидалары ескеріле отырып, кредиторлар комитетінің жаңа мүшелері енгізілуі мүмкін";

      үшінші абзац алынып тасталсын.

      21. 25-тармақта:

      бірінші абзацта "несие берушілер" деген сөзден кейін "талаптарының" деген сөзбен толықтырылсын; "соттың" сөзі "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацта "шешкен кезде" деген сөздерден кейін тыныс белгісі мен "сот оның" деген сөздер алынып тасталсын; осы абзацта "тексеруі керек" деген сөздер "тексеру керек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацта "тексереді" деген сөз "тексеруі қажет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші абзацта "сот" деген сөз алынып тасталсын; "несие берушілер" деген сөздерден кейін "талаптарының" деген сөзбен толықтырылсын.

      22. 26-тармақ мына редакцияда жазылсын:

      "Кепілдігі бар кредиторлар талаптары, конкурстық массада кепілдік мүлік пен тиісінше ресімделіп, тіркелген кепілдік міндеттеме болған жағдайда үшінші кезектегі кредиторлар талаптарының тізіліміне тек кепілмен қамтамасыз етілген бөлігінде ғана енгізілуге жатады. Кепілді кредиторлардың тиісінше ресімделмеген кепілдік міндеттемелерге негізделген, сондай-ақ кепілмен қамтамасыз етілмеген бөліктегі талаптары бесінші кезекте есепке алынады.".

      23. 27-тармақ мына редакцияда жазылсын:

      "Екінші кезектегі кредиторлар талаптарының тізілімдерін қалыптастырудың ерекшеліктері Заңның 75-бабының 3-тармағымен және 78-бабымен белгіленген.

      Төлемдердің түрлері бойынша сомалардың көлемін есептеу кезінде қызметкерлердің алдындағы есепке алынып, кредиторлар талаптарының тізілімінің екінші кезегінде қанағаттандырылуға жататын берешекті есептеудің тәртібіне және есепке алынып, кредиторлар талаптарының тізілімінің бесінші кезегінде берілуге жататын сомаларды есептеу мен төлеудің белгіленген тәртібіне назар аудару қажет.".

      24. 28-тармақта "берешектер" деген сөзден кейін "мен тиісті сыйақыны" деген сөздермен толықтырылсын.

      25. 29-тармақта:

      бірінші абзацта "соттардың назарда ұстағандары жөн" деген сөздер алынып тасталсын.

      26. 30-тармақта:

      екінші абзацта "жататынын" деген сөз "жатады." деген сөзбен ауыстырылып, "соттар ескергендері жөн" деген сөздер алынып тасталсын; ""Жер туралы" Жарлығының 39-бап 3-т., 44-бап 3-т. белгіленгендерді қоспағанда" деген сөздер "жер заңнамасында көзделген жағдайларда" деген сөздермен ауыстырылсын.

      27. 31-тармақта екінші сөйлем мына редакцияда жазылсын: "Заңның 13, 84-баптарына сәйкес кредиторлар комитеті өндірілуі мүмкін емес дебиторлық қарызды, сондай-ақ уәкілетті органмен келісілген конкурстық массаны сату жоспарын бекітеді"; төртінші сөйлемде "оны бағалау және сату жөнінде шарттар бекітуге" деген сөздер алынып тасталсын.

      28. 32-тармақта:

      үшінші абзац алынып тасталсын;

      төртінші абзац мына редакцияда жазылсын:

      "Кредиторлардың конкурстық басқарушымен жасасқан келісімімен белгіленген қаржыны тиісті мақсаты бойынша жұмсамау, сондай-ақ әкімшілік шығыстарын белгіленген лимиттен артық жұмсау, конкурстық басқарушыны борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттету үшін ғана емес, сонымен бірге оны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін де негіз болады".

      29. 33-тармақта:

      бірінші абзац алынып тасталсын;

      үшінші абзацта "өкілетті мемлекеттік органдарға" деген сөздер "тиісті прокурорларға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      30. Нормативтік қаулының мәтініндегі "бап", "т." деген қысқарған сөздер тиісінше "бабының", "бабына", "бабы", "тармағы", "тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      31. Мына мазмұндағы 34-38-тармақтармен толықтырылсын:

      "34. Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қолданудың тәртібі Заңның өзінің 106-бабымен белгіленгені және оның нормаларының сот қозғаған істердің өндірістеріне қолданылатыны түсіндірілсін.

      Соттардың 2001 жылғы 11 шілдедегі N 239-II Z010239_ "Банкроттық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгізілгенге дейін шығарған конкурстық басқарушыларды тағайындау туралы, кредиторлар комитеттерінің құрамын және кредиторлар талаптарының тізімдемесін бекіту, конкурстық өндірістердің мерзімдерін белгілеу және ұзарту туралы іс жүргізу құжаттары, егер осы сот актілері аталған заңға қайшы келмесе заңдық күшін сақтайды.

      Соттардың конкурстық басқарушыларды ауыстыру мен кері шақырып алу және конкурстық өндірістің мерзімдерін ұзарту жөнінде Заң күшіне енгізілген уақыттан бастап және Заңда көзделген уәкілетті органдар құрылғанға және олар қызметін бастағанға дейін қабылдаған сот актілері де тап осылай өз күшін сақтайды.

      35. Қолында төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөнінде уәкілетті орган берген лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсіпкердің Заңның 9-бабының 2-1-тармағында оңалтушы конкурстық басқарушы болып тағайындалатыны белгіленген.

      Осыған байланысты бұдан бұрын конкурстық басқарушылар тағайындаған заңды тұлғаларды босату туралы мәселелерді соттар олардың өкілеттік мерзімдері аяқталғанға дейін Заңның 9-бабы 5-тармағының 3)тармақшасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органдардың немесе конкурстық өндіріске қатысушылардың арызы бойынша мерзімінен бұрын шешкендері жөн.

      Төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөнінде уәкілетті орган берген лицензиясы бар және соттар Заңға өзгеріс енгізілгенге дейін тағайындалған жеке тұлға - жеке кәсіпкер сот белгілеген конкурстық өндірісті өткізу кезінде өз өкілеттігін сақтайды.

      Сот тағайындаған оңалтушы және конкурстық басқарушыда тиісті лицензия болмаған жағдайда сот, егер осы шеттету Заңның 9-бабының 1-1-тармағына қайшы келмесе, оларды уәкілетті органның кредиторлар комитетімен келісілген арызы бойынша борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі міндеттерден босата алады.

      Бұған қоса, сот тағайындаған оңалтушы және конкурстық басқарушыны мерзімінен бұрын шеттетуді сот Заңның 9-бабының 5-тармағында белгіленген негіздер бойынша жүргізе алады.

      Оңалтушы және конкурстық басқарушыны одан әрі тағайындау уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған.

      36. Конкурстық өндіріс жағдайында кредиторлар комитетінің құрамын бекіту Заңның 10-1-бабымен уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған.

      Кредиторлар комитетінің құрамына Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі өкілдері, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлар, сондай-ақ конкурстық кредиторлар мен кепілді мүлікпен қамтамасыз етілген және борышкерге қояр ең көп талап сомасы бар міндеттемелер бойынша кредиторлар енеді.

      Сот бұдан бұрын бекіткен кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістерді оған кредиторлар талаптарының екінші, үшінші және төртінші кезектерінің өкілдерін, осы кезектердің талаптары конкурстық өндірісте әлі қанағаттандырылмаған және кредиторлар комитеті мүшелерінің жалпы саны жеті адамнан аспаған жағдайда, қосымша енгізу жолымен уәкілетті орган енгізуі мүмкін. Кредиторлар комитетінің құрамын өзгерту, Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтарының талаптары ескеріле отырып, борышкерге ең көп сомада талап қоятын тиісті кезектің кредиторлардың өтініші бойынша жүргізілуі мүмкін.

      37. Заңның 75-81-баптарымен борышкердің конкурстық массаны бөлу кезегі мен кредиторлармен есеп айырысу тәртібі белгіленген.

      Осы орайда еңбекке ақы төлеу және еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға өтемақы төлеу жөніндегі есеп айырысулардың, оның ішінде еңбекақыдан ұсталған алименттер бойынша қарыздарды, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеудің екінші кезекте жүргізілетінін назарда ұстау қажет.

      Заңның 106-бабының 2-тармағы негізге алына отырып, егер Заңға өзгерістер енгізілген сәтте осы кезектегі кредиторлардың талаптары қанағаттандырылмаған болса, кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектің жаңа ережесі бойынша жүргізіледі.

      Алайда, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың кезегі өзгерген жағдайда, үшінші кезектегі кредиторлардың талаптарының тізіліміне 13.08.2001 жылға дейін енгізілген кредиторлардың еңбекақы төлеу жөніндегі талаптары өзгермейді.

      38. Заңның 10-1-бабымен уәкілетті органның құзыретіне конкурстық өндіріске қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне байланысты мәселелерді шешу жатқызылған.

      Заңның 66-бабымен белгіленген шеңбердегі конкурстық өндіріске қатысушылардың кез келгені конкурстық басқарушының немесе уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, осы шешімді банкроттық туралы шешімді қабылдаған және Заңның 67-бабының 5) тармақшасына сәйкес конкурстық өндіріске қатысушылар арасындағы дауды шешетін сотқа шағымдауға құқылы.

      Бұған қоса, Заңның 72-бабының 3-тармағына сәйкес, кредиторлар мен

     

      конкурстық басқарушы арасындағы кредиторлардың талаптарын тізілімге енгізу

      мәселелері туралы дауларды кредитордың таңдауы бойынша сот немесе

      уәкілетті орган қарай алады. Егер кредитор дауды шешу жөнінде уәкілетті

      органға жүгініп, оның шешімімен келіспеген жағдайда, ол бұл шешімді Заңның

      67-бабында және АІЖК-нің

      K990411_

      27-тарауында белгіленген тәртіппен сотқа

      шағымдай алады.

      32. Қазақстан Республикасы Конституциясының

      K951000_

      4-бабына сәйкес

      осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқықтық құжаттардың қатарына

      енгізіледі әрі жалпыға міндетті болып табылады және ол ресми жарияланған

      күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының Төрағасы

      Жалпы отырыстың хатшысы,

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының судьясы

      Мамандар:

      Қасымбеков Б.А.

      Жұманазарова А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады