Қазақстан Республикасы соттарының банкроттық туралы заңды қолданудың кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі N 3 нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 5 нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 02.10.2015 № 5 нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЕСКЕРТУ. Тақырыбы және кіріспе өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы сот тәжiрибесiн жинақтаудың қорытындылары бойынша және соттарда туындайтын мәселелерге байланысты банкроттық туралы күшiндегi заңның нормаларын бiркелкi түсiндiру және қолдану мақсатында, қаулы етедi:

      1. Банкроттық туралы заңдар Қазақстан Республикасы Конституциясына K951000_ негiзделiп, оған Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексi K941000_ Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" Z970067_ Заңы (әрі қарай - Заң), жеке шаруашылық субъектiлерге қатысты банкроттық рәсiмдерiн қолдану ерекшелiктерiн белгiлейтiн өзге Заңдар және нормативтiк құқықтық актiлер кiретiнiне соттардың назары аударылсын.

      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s_

      2. Заңның 2-бабына сәйкес шаруашылық жүргізуші жекелеген субъектілерге қатысты банкроттық рәсімдерді қолданудың ерекшеліктері олардың құқықтық мәртебесі мен қызметінің бағытына қарай Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленуі мүмкін.

      Банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру мен таратудың ерекшеліктері банкілік және сақтандыру (қайта сақтандыру) туралы заңнамамен әрі сақтандыру қызметімен анықталады.

      Астық қабылдау кәсіпорындарын сот арқылы мәжбүрлеп таратудың негіздері, конкурстық массаны сатудың және кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың кезектілігінің ерекшеліктері "Астық туралы" Z010143_ Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.

      Зейнеткерлік қорлар мен ауылшаруашылық ұйымдарына қатысты банкроттық рәсімдердің жекелеген ерекшеліктері де заңнамалық актілермен белгіленген.

      Шаруашылық қызметінің субъектілері - жеке кәсіпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтарының құқықтық жағдайын ескере отырып банкроттық рәсімдерді қолдану Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 21-бабымен (бұдан әрі - АК) және "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабымен реттеледі.

      Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтар мен мемлекеттің, сондай-ақ мемлекеттің бастамасы бойынша банкрот болып танылған ұйымдардың мүдделерін қорғау мақсатында тауар рыногында басым (монополиялық) орны бар не республика экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар және азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал етуге қабілетті, табиғи монополия субъектісі немесе рынок субъектісі болып табылатын ұйым банкрот болған жағдайда конкурстық массаны сатудың ерекше шарты мен тәртібін белгілеуге құқылы.

      Шаруашылық қызметін реттейтін өзге заңнамалық актілердің де шаруашылық субъектілерін олардың дәрменсіздігіне (банкроттығына) байланысты таратудың не басқа негіздер бойынша мәжбүрлеп таратудың жекелеген рәсімдерінің ерекшеліктерін қарастыра алатынын соттардың назарда ұстағандары жөн. Аталған актілер Заңға қайшы келмейтін бөлігінде қолдануға жатады.

      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 11 Нормативтік қаулысымен.

      3. Борышкерді банкрот деп тану туралы тұлғаның өтінішін:

      - егер борышкердің шартқа немесе деликтіге негізделген ақшалай міндеттемесінің орындалмауы негізіндегі несие беруші алдындағы жиынтық берешегі Заңның 3-бабының 4-тармағында белгіленген соманы құраса, борышкердің несие берушісі;

      - егер борышкердің салықтық берешегі, соның ішінде оның филиалдары мен өкілдіктерінің берешегі Заңның 3-бабының 4-тармағында белгіленген соманы құраса, салық органы;

      - Заңның 26-бабы 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшаларымен қарастырылған жағдайларда прокурор беруі мүмкін.

      Егер акционерлер немесе серіктестікке қатысушылар заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаса не жеке кәсіпкер кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаса, бірақ борышкердің несие берушілер алдындағы міндеттемесі заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мүліктері есебінен толық қанағаттандырыла алмайтын болса, борышкер сотқа өзін банкрот деп тану туралы өтініш беруге міндетті.

      Ақша міндеттемесінің сомасына және оны орындау мерзіміне қарамастан, жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішті прокурор немесе борышкердің кез келген несие берушісі бере алады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 11 Нормативтік қаулысымен.

      4. Егер несие берушілердiң борышкерге талаптарының жалпы сомасы жүз елу айлық есептік көрсеткiшiнен жоғары болса, сот осы қаулының үшінші тармағының бірінші абзацында аталған адамдардың борышкердi банкрот деп тану туралы арыздарын қарайды.

      Iстiң сотқа қарастылығы туралы мәселенi шешерде сот, арыз берген кезде несие берушiнiң талаптары сомасы, олардың орындалмағаны үшiн санкцияларды - айыппұлды, өсiмдi, шығындарды санамағанда, ақшалай мiндеттемелерiнiң сомасы бойынша анықталатынын ескеруi керек.

      Егер ақшалай мiндеттемелер жөнiндегi несиелік қарыздың сомасы заңда белгiленген сомадан төмен болса, сот Заңның 3-бабының 4-тармағының және АІЖК-нің K990411_ 153-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының негізінде арызды қабылдамайды.

      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s_

      5. Борышкердiң, оны банкрот деп тану туралы арызын қарауға қабылдаған кезде, арызға арызданушының құрылтайшы құжаттарына сәйкес тиiстi адам (орган) қол қойғанын соттың тексергені жөн.

      Егер борышкерден оны банкрот деп тану туралы арызды қабылдау кезінде сот арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойған не осы адамның өкілеттігін растайтын құжаттар мен Заңның 18, 19-баптарында көрсетілген құжаттар қоса тігілмеген деп тапса, онда сот мұндай арызды аталған Заңның 21-бабының 1-тармағына сәйкес кері қайтарады. Борышкердің сотқа жолдаған өтініші Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша міндетті болған жағдайларда, сот арызды өз өндірісіне қабылдауға, ал жетіспей тұрған құжаттарды істі сот талқылауына дайындау тәртібімен арызданушыдан сұратуға міндетті.

      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен . P02014s_

      6. "Банкроттық туралы" Заңының 22-бабына, "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында сәйкес азаматтық-құқықтық мiндеттемелер бойынша заңды немесе жеке тұлға - несие берушi (несие берушiлер) өтiнiштерiнiң негiзiнде, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша салық органдарының тарапынан банкроттық туралы iс қозғалуы мүмкiн.

      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 , 2008.12.22. N 11 Нормативтік қаулыларымен.

      7. Несие берушiнiң өтiнiшiне оның өкiлi қол қоюы мүмкiн. Мұндайда "Банкроттық туралы" Заңының 22-бабына сәйкес өтiнiшке өкiлдiң несие берушiнiң атынан сотқа тиiстi өтiнiш беруге өкiлеттілiгiн растайтын несие берушiнiң сенiм хаты қоса тiркеледi.

      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s_

      8. "Банкроттық туралы" Заңының 24-бабына сәйкес несие берушi борышкерге қойған бiрнеше талапты бiр өтiнiшке бiрiктiруге құқылы немесе бiрнеше несие берушiлердiң талаптары бiр өтiнiшке бiрiктiрiлуi мүмкін.

      Егер борышкердi дәрменсiз (банкрот) деп тану туралы несие берушiнiң өтiнiшi, сотта басқа несие берушiнiң өтiнiшi негізiнде сол борышкерге қатысты iс қозғалғаннан кейiн келiп түссе, онда сот iс бойынша шешiмдi шығармай тұрып, өтiнiштi бiрiктiрiп қарау үшiн, оны қозғалған өндiрiске қосу туралы ұйғару шығарады.

      Сот борышкердi банкрот деп тану туралы шешiмдi шығарғаннан кейiн және конкурстық өндiрiс қозғалғаннан кейiн келiп түскен өтiнiштi, ҚР АIЖК-нің 153-бабына сiлтеме жасап, қабылдамайды.

      9. Заңды тұлғалардың және жеке кәсiпкерлердiң банкроттығы туралы өтiнiштер ерекше өндiрiс тәртiбiнде қаралатынын, сондықтан борышкердi дәрменсiз (банкрот) деп тану үшiн қажет негiздердiң бар-жоғы сотқа шағымданған кезде анықталатынын соттардың ескергенi жөн.

      Соттың борышкердi банкрот деп танудан бас тартуы немесе заңда көрсетiлген негiздер бойынша (борышкердi таратумен байланысты iс жөнiндегi өндiрiстi қысқартқан жағдайдан басқа) iс жөнiндегi өндiрiстi қысқарту сол борышкердi банкрот деп тану туралы кейiн келiп түскен өтiнiштердi қабылдамауына негiз бола алмайды.

      Кез келген несие берушi, оның iшiнде, борышкердi дәрменсiз (банкрот) деп тану туралы өтiнiшi қанағаттандырылмаған несие берушi, жағдайлардың өзгеруiне (өтiнiш берушiнiң даусыз мiндеттерi көлемiнiң ұлғаюы, борышкердiң қаржы-шаруашылық жағдайының өзгеруi, заңның өзгеруi және т.б.) байланысты сотқа борышкердi дәрменсiз (банкрот) деп тану туралы өтiнiштi қайта беруге құқылы.

      10. Сот борышкердiң дәрменсiздiгі (банкроттығы) туралы iстi қозғаған жағдайда, ол үшiн туындайтын салдардың тiзiмi "Банкроттық туралы" Заңның 28-бабында көрсетiлген, олар - мүлiк иесiн және оның барлық органдарын мүлiктi билеу құқығынан айыру, несие берушiлердiң бiрiне артықшылық жасап, талаптарын қанағаттандыруға тыйым салу (заңда тiкелей көрсетiлген тұлғалардан басқа), бұрын қабылданған сот шешiмдерiн орындауды тоқтата тұру және т.б.

      Алайда, аталған салдарды қолдану мәселесiн шешкен кезде, сот "Банкроттық туралы" Заңның 30-бабына сәйкес несие берушiлердiң талаптарын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қолдану және борышкердiң құқықтарын шектеу туралы ұйғару шығару үшiн бұл туралы несие берушiнiң және iске қатысушы басқа адамдардың өтiнiшi қажет екендiгiн ескергенi жөн.

      Сот қолданған қамтамасыз ету шаралары орынды болып, несие берушiлердiң мүддесiн, мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатына сәйкес келуi тиiс, және азаматтардың өмiрi мен денсаулығына, айналдырған ортаны қорғау және ұлттық қауiпсiздiкке байланысты үздiксiз өндiрiс ретiндегі және маусымдық жұмыстардың жалғасуына кедергi жасамауы тиiс.

      Борышкердiң құқықтарын шектеу (қамауға алу) туралы сот ұйғаруы борышкердiң мүлкiне қатысты меншiк иесiнiң өкiмдерiн орындайтын орган (немесе оның өкiлеттi органы) - қызмет көрсететiн банкке (банктерге), жылжитын және жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркейтiн басқармаларға жiберiледi. Бұрын қабылданған сот шешiмдерiнiң орындалуын тоқтата тұру туралы ұйғарулар атқарушылық іс жүргізетін тиісті органға жолданады.

      Аталған органдардың борышкердiң мүлкiне қатысты шектеулер туралы уақытылы хабардар етiлгенi жөнiндегі дәлелдер iс материалдарына қоса тiркеледi.

      Сот борышкердi банкрот деп танудан бас тартқан жағдайда, борышкер құқықтарын шектеу (жою) жөнiндегі әкiмшiлiк және сот төлемдерi, сондай-ақ осыған байланысты шығындар, несие берушiлердiң талаптарын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қолдану туралы сотқа өтiнiш жасаған несие берушiлер есебiне жатқызылуы мүмкiн.

      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s_

      11. Борышкердiң банкроттығы туралы iс жөнiндегi өндiрiстiң қозғалуы - борышкердiң жауапкер ретiнде қатысқан басқа iстерi жөнiндегі өндiрiстi қысқарту үшiн негiз бола алмайды. Осы шешiмдердi орындау мәселесi, сондай-ақ борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанша заңды күшiне енген басқа да сот шешiмдерiн орындау туралы мәселе "Банкроттық туралы" Заңның 10, 71-баптарында белгiленген тәртiп бойынша шешiледi.

      Сондай-ақ, борышкерге қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы сот шешiмi - борышкер жауапкер ретiнде қатысқан бұрын қозғалған iстер бойынша өндiрiстi қысқартуға негiз болып табылмайды. Оңалту рәсiмдерiн жүргiзген уақытта оңалтылып жатқан заңды тұлғаның барлық органдарының өкiлеттiктерi оңалту басқармасына тапсырылады, ал оңалту рәсiмдерi енгiзiлгенге дейiн және одан кейiн туындаған мiндеттемелерi бойынша несие берушiлердiң талаптары сот арқылы жалпы тәртiп бойынша қаралады.

      Оңалту рәсiмдерi жүргізiлген уақытта шығарылған сот шешiмдерiн борышкердiң орындауы ерекшеліктерi "Банкроттық туралы" Заңының 47, 75-баптарында белгiленген.

      Борышкер талапкер ретiнде қатысқан iстер азаматтық сот өндiрiсiнің ережелерi бойынша ешбiр шектеусiз қаралады.

      12. "Банкроттық туралы" Заңының 68-бабында көрсетiлген борышкердi банкрот деп таныған кезде конкурстық өндiрiс қозғау салдары мiндеттi болып табылады. Борышкер сот шешiмiмен банкрот болып танылғаннан кейiн сотта қаралып жатқан банкроттың жауапкер ретiндегi қатысуымен мүлiктiк даулардың барлығы, егер олар жөнiнде қабылданған шешiмдер заңды күшiне енбесе, қысқартылады. Несие берушiлердiң банкрот-борышкерге қойған барлық мүліктiк талаптары конкурс жүргiзу шеңберiнде ғана қойылуы мүмкiн.

      Конкурстық басқарушы, өндiрiсiнде борышкерге мүлiктiк талаптарын қарау жөнiндегі iстерi бар, барлық соттарды жауапкердiң банкрот болып танылуы туралы хабардар етуi керек және осыған байланысты iстер жөнiндегi өндiрiстi қысқарту туралы өтiнiш жолдауы тиiс.

      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s_

      13. Мiндеттемелердi орындау мерзiмiнен үш ай өткеннен кейiн олар орындалмаған кезде туындайтын төлем қабiлетсiздiгi "Банкроттық туралы" Заңының 4-бабына сәйкес несие берушiнiң оны банкрот деп тану туралы өтiнiш беруi үшiн негiз болып табылады.

      Борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi оны сот тәртiбiмен банкрот деп мәлiмдеу үшiн негiз болып табылады.

      Соттар, қолданудағы банкроттық туралы заңда төлем қабiлетсiздiгi және борышкердi әр-түрлi шаруашылық субъектiлерге қатысты банкрот деп танудың негiздерi ұғымының әр-түрлi болып келетiндiгiн ескергенi жөн.

      1.07.98 жылғы редакциядағы "Банкроттық туралы" Заңының 1-бабына сәйкес заңды тұлғаның төлем қабiлетсiздiгі - борышкердiң ақшалай мiндеттемелерi бойынша несие берушiлердiң талаптарын, оның iшiнде, еңбек ақыны және өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптарын қанағаттандыра алмауы, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдердi қамтамасыз ете алмауы деп анықталған. Шын мәнiнде, аталған заңға сәйкес борышкер-заңды тұлғаның дәрмендiлiгiн - оның төлем қабiлеттілiгі анықтайды.

      Жеке кәсіпкердің қызметі ерікті түрде немесе мәжбүрлеу тәртібімен, сондай-ақ "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңында қарастырылған мән-жайлар туындаған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет туралы" Z952444_ Заңының 71-бабына сәйкес банктi банкрот деп тану үшiн екi белгi қажет - оның төлем қабiлетсiздiгі және дәрмендiлiгi. Бұл орайда борышкер-банктiң дәрмендiлiгiн және төлем қабiлеттiлiгiн анықтау үшiн, пруденциалды қалыптарды және қалыптар мен лимиттердi, банк капиталының мөлшерiн сақтау үшiн қажет өзге де қалыптарды есептеу тәсiлiн ескере отырып жасалған, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қорытындысы қажет, яғни заң бойынша өкiлеттi тұлға кешендi бағалау жұмыстарын жүргiзедi.

      Ауылшаруашылық ұйымының дәрменсіздігі деп борышкердің маусымның кезекті циклы кезінде алдағы жыл туардан бұрын орындау мерзімі келіп жеткен ақшалай міндеттемелер бойынша кредиторлардың талабын оған тиесілі мүлік есебінен қанағаттандыра алмауын түсіну қажет.

      ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 , 2008.12.22. N 11 Нормативтік қаулыларымен.

      14. "Банкроттық туралы" Заңының 36-бабында борышкердiң дәрменсiздiлiгі (банкроттығы) туралы шешiм шығару үшiн негiздердiң толық тiзiмi белгiленген. Сондықтан соттың заңда көрсетiлмеген негiздер бойынша борышкердi банкрот деп жариялауға құқы жоқ.

      "Банкроттық туралы" Заң бұндайда борышкерге өзiнiң құқықтарын қорғауы үшiн бiр мүмкiндiк бередi - ол iс қозғалған кезден бастап екi айдан кешiктiрмей, өз дәрмендiлiгiнiң дәлелдерiн сот талқылауы барысында ұсынуы керек.

      Сонымен бiрге "Банкроттық туралы" Заңының 29-бабында борышкер соттың банкроттық туралы iс қозғау туралы ұйғаруының көшiрмесiн алғаннан кейiн 10 күн мерзiм iшiнде өзiнiң борыштық мiндеттерiн ғана емес, сонымен бiрге, орындалу мерзiмi үш айдан кейiн толатын мiндеттемелерiн орындауға дәрмендiлiгін растайтын құжаттарды қоса тiркеп, жауап ұсынуы мiндеттi екенi көрсетiлген.

      Борышкер өзiн банкрот деп тануға қарсы жауабын және өзiнiң дәрмендiлiгiн дәлелдеу мiндеттерiн сотқа уақытылы жолдаған жағдайда, соттар борышкерге өз құқықтарын қорғау үшiн мүмкiндiк беру мақсатында iстiң қаралуын, "Банкроттық туралы" Заңының 36-бабаның 1-1) тармағында белгiленген мерзiм шеңберiнде, бiрақ "Банкроттық туралы" Заңының 34-бабында көрсетiлгендей арыз сотқа түскен күннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрмей, тағайындауы тиiс.

      15. Іс қозғалған кезден бастап 30 күн мерзiмнен кешiктiрмей, борышкердiң дәрменсiздiгiн тану туралы жауабы немесе борышкердiң банкроттық туралы iс қозғалған кезден бастап 10 күн мерзiм iшiнде өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшi "Банкроттық туралы" Заңының 36-бабының 1-2), 1-3) тармақтарына сәйкес борышкердi банкрот деп тануға негiз болып табылады.

      Борышкердiң мойындау жауабы немесе өтiнiшi түскен жағдайда, соттар жауапқа немесе өтiнiшке қол қойған адамның өкiлеттерiн мiндеттi түрде тексеруi тиiс. Оның өкiлеттiктерiн растайтын құжаттар iс материалдарына қоса тiркелуi керек.

      Соттың, борышкердiң өзiнiң дәрменсiздiгiн мойындауына негiзделген оны банкрот деп тану туралы шешiмi борышкердiң қаржы жағдайы туралы мәліметтердi, сондай-ақ борышкердiң дәрмендiлiгiне мәнiсi бойынша берiлген негiзделген бағаны қамтуы тиiс.

      16. "Банкроттық туралы" Заңына сәйкес сот оңалту рәсiмдерiн, егер борышкердiң төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру үшiн нақты мүмкiндiктер болған жағдайда, тек коммерциялық ұйымдарға қатысты қолдана алады.

      Оңалту рәсiмдерiн қолдану тәртiбi "Банкроттық туралы" Заңда белгiленген. Борышкер оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы өтiнiшiн, оған "Банкроттық туралы" Заңының 43-бабының 3-тармағында көрсетiлген құжаттарды қоса тiркей отырып, өкiлеттi органға жолдайды. Өкiлеттi орган несие берушiлер комитетiн құрып, онымен бiрге борышкердiң өтiнiшiн қарайды. Несие берушiлер комитетi мен өкiлеттi органның оңалту рәсiмдерiн қолдануға келiсiмi сотқа жiберiледi.

      Борышкерге қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы мәселенi шешкен кезде, соттар "Банкроттық туралы" Заң мен ҚР АIЖК-ың кейбiр нормалары бiр-бiрiмен үйлеспейтiндiгiн ескеруi керек. "Банкроттық туралы" Заңының 1-бабына сәйкес оңалту рәсiмдерi тек дәрменсiз борышкерлерге ғана қолданылуы мүмкiн, сондықтан борышкер өкiлеттi органмен бiрге сотқа, заңда көрсетiлген қажеттi құжаттардың барлығын қоса тiркеп, өзiнің төлем қабілетсiздiгi (дәрменсiздiгi) туралы өтiнішті жалпы тәртiп бойынша жолдауы және өзiне оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы өтiнiштi өкiлеттi органға бергенi туралы сотты хабардар етуi тиiс.

      Мұндайда сот бекiтiлген тәртiп бойынша банкроттық туралы iс қозғайды және өкiлеттi органнан борышкердiң өтiнiшiн қарау қорытындыларын сұратып алады.

      Несие берушiлер комитетi борышкерге оңалту рәсiмдерiн қолданудан бас тартқан жағдайда, сот борышкердiң өтiнiшiн мәнiсi бойынша бағалап, "Банкроттық туралы" Заңының 36-бабының 1-4 тармағына сәйкес борышкердiң өзiнiң өтiнiшiн ескере отырып, оны банкрот деп тану туралы шешiм қабылдайды.

      Несие берушiлер комитетi және тиісті уәкілетті орган оңалту рәсiмдерiн қолдануды орынды деп тапқан жағдайда, сот борышкердiң өзiнiң дәрменсiздiгi туралы өтiнiшiн мәнiсi бойынша бағалап, оңалту жоспарымен келiспеген несие берушiлер мүддесiнiң сақталуын тексередi. Өтінiштi қанағаттандыру үшiн негiздер болған жағдайда, сот "Банкроттық туралы" Заңының 36, 43-баптарына сiлтеме жасай отырып, банкроттық туралы iс өндiрiсiн тоқтата тұрады және борышкерге оңалту рәсiмдерiн қолдану және оңалту жоспарын бекiту туралы ұйғару шығарады.

      Несие берушiлер талаптарының орындалуын артқа тарту мақсатында борышкер мүддесi үшiн оңалту рәсiмдерiн қолдану "Банкроттық туралы" Заңға қайшы келедi, сондықтан сот жалпы тәртiп бойынша өздерiнің дәрменсiздiгiн дәлелдемеген шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы ұйғару шығаруға құқы жоқ.

      ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s_

      17-18.

      ЕСКЕРТУ. 17,18-тармақтар алып тасталды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s

      19. "Банкроттық туралы" Заңының 9-бабына сәйкес конкурстық басқарушының құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi көлемi Заң және несие берушілер комитетi мен конкурстық басқарушы бекiткен келiсiм бойынша анықталады.

      Аталған келiсiм, заңмен белгiленген шеңберде тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн анықтайтын азаматтық-құқықтық мәмiле болып табылады және онда конкурстық басқарушының өзiне қабылдаған борышкердi тарату жөнiндегi мiндеттерi, оларды орындау мерзiмдері мен тәртiбi, сондай-ақ конкурстық басқарушы төлейтiн сыйақы мөлшерi қамтылуы тиiс.

      ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s_

      20.

      ЕСКЕРТУ. 20-тармақ алып тасталды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s_

      21. Конкурстық басқарушы кредиторлар комитетімен келiсiм бойынша өзiне алған мiндеттердi заң талаптарына сәйкес орындауға мiндеттi.

      Конкурстық басқарушы борышкердің істері мен мүлкін басқарудан Заңның 9-бабының 4 және 5-тармақтарында белгіленген негіздер бойынша оны тағайындау тәртібіндегідей тәртіппен шеттетіледі. Конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету мәселелері бойынша конкурстық өндіріске қатысушылар арасындағы дауларды банкроттық туралы шешім қабылдаған сот Заңның 67-бабының 5) тармақшасына сәйкес конкурстық өндіріс шеңберінде қарайды.

      Борышкердің істері мен мүлкін басқарудан шеттетуді конкурстық басқарушы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен сотта даулай алмайды. Конкурстық өндірістің белгіленген мерзімінің аяқталуы, егер конкурстық өндірістің мерзімі ұзартылмаса, конкурстық басқарушының барлық құқықтары мен өкілеттіктерін тоқтатады.

      ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s_

      22. Несие берушiлер комитетi мен конкурстық басқарушы бекiткен келісiмде борышкердi тарату жөнiндегі барлық шаралар заңмен бекiтiлген мерзiмде орындалуы туралы шарт көзделуi тиiс. Конкурстық басқарушының кредиторлар комитетімен жасалған келісім бойынша міндеттемелерді орындамауы, оны борышкердің істері мен мүлкін басқарудан шеттету, сондай-ақ мүліктік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін сөзсіз негіз болып табылады.

      Сонымен бiрге, мүлiк көлемi үлкен борышкердi тарату кезiнде, несие берушiлер мүддесi үшiн дебиторлық берешектердi өтеудiң айқын мүмкiндiктерi болған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Yкiметi өз құзыры шеңберiнде мүлiктi сатудың ерекше шарттары мен тәртiбiн белгiлеген жағдайда, конкурстық өндірістің мерзімдері ұзартылуы мүмкін.

      ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s_

      23. Бекiтуге ұсынылған конкурстық басқарушының қызметі туралы есебі мен тарату балансын, сондай-ақ мүліктің пайдаланылуы туралы есепті қараған кезде, тарату балансында көрсетiлген мәлiметтер борышкер балансында активтердiң жоқ екенiн дәлелдейтiндiгiн соттардың ескеруi тиiс. Борышкердiң барлық мүлкi сатылуы немесе несие берушiлерге тапсырылуы тиiс. Несие берушiлер мүлiктi қабылдаудан бас тартқан жағдайда, олар борышкер мүлкiнің меншiк иелерiне немесе құрылтайшыларға (қатысушыларға) тапсырылуға жатады. Айналымнан шығарып алынған мүлiк мемлекеттің өкiлеттi органдарына тапсырылады.

      "Банкроттық туралы" Заңының 13-бабына сәйкес борышкердiң өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешектерi бойынша сот несие берушілер комитетiнен осындай берешектердi есептен шығарғаны дәлелдерiн сұратуы керек.

      Соттың осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген құжаттарды бекiтпестен бұрын конкурстық өндiрiстiң аяқталуы туралы ұйғару шығаруға құқы жоқ.

      ЕСКЕРТУ. 23-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s_

      24. Заңның 10-2-бабының 5) тармақшасына сәйкес конкурстық өндірісте кредиторлар комитетінің құрамын бекіту уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған. Кредиторлар комитетін құрудың тәртібі мен мерзімдері Заңның 11, 70-баптарында көзделген.

      Кредиторлар тізілімінің тиісті кезегінің несие берушілері осы кезек бойынша олардың алдында нақтылы берешек болған жағдайда ғана конкурстық өндірістегі кредиторлар комитетінің құрамына енгізіледі. Уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен кредиторлар комитетінің құрамына, кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтарының қағидалары ескеріле отырып, кредиторлар комитетінің жаңа мүшелері енгізілуі мүмкін.

      ЕСКЕРТУ. 24-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 , ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 11 Нормативтік қаулыларымен.

      25. Банкроттық туралы заңдарда несие берушiлер талаптарының тізiмiн жасау және оны уәкілетті органның бекiтуiне ұсыну туралы конкурстық басқарушының мiндетi белгiленген.

      Несие берушілер талаптарының тiзiмiн бекiту мәселесiн шешкен кезде "Банкроттық туралы" Заңының 71-бабы талаптарына сәйкес жасалғанын тексеру керек. Бұл бапқа сәйкес несие берушiлердiң борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмi шыққан кезден бастап екi ай мерзiмнен кешіктiрiлмей конкурстық басқарушыға мәлiмделген талаптары ғана тiзiмге кiредi.

      Конкурстық басқарушының несие берушiлер талаптарының тiзiмiн борышкер балансына несиелiк берешектердi ашып көрсету негiзiнде қалыптастыруға құқы жоқ, себебi бұл азаматтарға және заңды тұлғаларға өздерiнiң құқықтарын, оның iшiнде қорғалу құқығын өз қалауы бойынша қолдану құқығын беретiн "Банкроттық туралы" Заңға және АIЖК-нiң 8-бабына қайшы келедi. Сондықтан, сот несие берушiлер талаптарының тiзiмiн бекiткен кезде, сот несие берушiлердiң, олардың талаптарын тiзiмнiң тиiстi кезегiне енгiзу үшiн негiз болған өтiнiштерiн тексеруі қажет.

      "Банкроттық туралы" Z970067_ Заңының 71-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн мәлiмделген несие берушiлер талаптары, сондай-ақ несие берушiлер талаптарының тiзiмiн бекiткеннен кейiн, тарату балансы бекiтiлгенше мәлiмделген талаптар "Банкроттық туралы" Заңының 76-бабының 4-тармағында көзделген тәртiпте қанағаттандырылады.

      ЕСКЕРТУ. 25-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 , ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 11 Нормативтік қаулыларымен.

      26. Кепілдігі бар кредиторлар талаптары, конкурстық массада кепілдік мүлік пен тиісінше ресімделіп, тіркелген кепілдік міндеттеме болған жағдайда үшінші кезектегі кредиторлар талаптарының тізіліміне тек кепілмен қамтамасыз етілген бөлігінде ғана енгізілуге жатады. Кепілді кредиторлардың тиісінше ресімделмеген кепілдік міндеттемелерге негізделген, сондай-ақ кепілмен қамтамасыз етілмеген бөліктегі талаптары бесінші кезекте есепке алынады.

      ЕСКЕРТУ. 26-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s_

      27. Екінші кезектегі кредиторлар талаптарының тізілімдерін қалыптастырудың ерекшеліктері Заңның 75-бабының 3-тармағымен және 78-бабымен белгіленген.

      Төлемдердің түрлері бойынша сомалардың көлемін есептеу кезінде қызметкерлердің алдындағы есепке алынып, кредиторлар талаптарының тізілімінің екінші кезегінде қанағаттандырылуға жататын берешекті есептеудің тәртібіне және есепке алынып, кредиторлар талаптарының тізілімінің бесінші кезегінде берілуге жататын сомаларды есептеу мен төлеудің белгіленген тәртібіне назар аудару қажет.

      ЕСКЕРТУ. 27-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s_

      28. 4 және 5 кезектегі тiзiмдердiң дұрыс қалыптасуын тексерген кезде, сот "Банкроттық туралы" Заңында белгiленген борышкердiң несие берушi алдындағы мiндеттемелерi сомасын және мiндеттемелердi, шығындарды орындамағаны үшiн санкцияларды жеке есепке алудың тәртiбiне назар аударған жөн, себебi заң бойынша санкцияларды төлеу және шығындарды өтеу жөнiндегi талаптар мiндеттемелер жөнiндегi берешектер мен тиісті сыйақыны өтелгеннен кейiн қанағаттандырылады.

      ЕСКЕРТУ. 28-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s_

      29. Заңды тұлға-борышкер құрылтайшыларының (қатысушыларының) талаптары және алынбай қалған дивидендтер жөнiндегi акционерлердiң талаптары банкроттық туралы заңдар бойынша несиелiк берешекке жатпайды, сондықтан бұл тұлғалардың талаптарын конкурстық басқарушы қарамайды және олар несие берушiлер талаптарының тiзiмiне енгiзiлмейдi.

      Аталған талаптар "Банкроттық туралы" Заңының 85-бабына сәйкес борышкердің құрылтайшы құжаттарында белгiленген конкурстық өндiрiстен тыс тәртiпте, талаптар қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiк есебiнен, сондай-ақ сатылмай қалған және, егер ол мүлiк заңға сәйкес айналымнан шығарылып тасталмаса, несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру есебiне қабылдамаған мүлкi есебiнен қанағаттандырылуы мүмкiн.

      30. Конкурстық басқарушы "Банкроттық туралы" Заңының 74-бабында белгiленген тәртiпке сәйкес конкурстық массаны қалыптастырады. Сонымен бiрге, борышкердiң "Банкроттық туралы" Заңының 6-бабында көрсетiлген жағдайларда жасаған мәмiлелерiн анықтау және борышкердiң мүлкiн қайтару шараларын қолдану конкурстық басқарушының өкiлеттігiне кiредi.

      Борышкердiң жеке меншiгiндегi жер учаскесi мiндетті түрде конкурстық масса құрамына кiретінiн, ал жердi тұрақты және ұзақ мерзiмде пайдалану құқығы, жер заңнамасында көзделген жағдайларда қоспағанда, конкурстық массаға енгiзiлуге жатады. Шаруа (фермерлiк) қожалықтарға банкроттық рәсiмдерiн қолданған кезде, конкурстық масса құрамы "Шаруа (фермерлiк) қожалықтары туралы" Заңының 1-бабындағы, 9-баптың 4-тармағындағы талаптарды ескере отырып, анықталуы тиiс.

      ЕСКЕРТУ. 30-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s_

      31. Конкурстық масса несие берушiлер талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз етедi, сондықтан конкурстық басқарушының конкурстық массаны қалыптастыру, дебиторлық берешектердi өндiрiп алу жөнiндегi iс-әрекеттерi заң бойынша несие берушiлер комитетiнiң қадағалауында болады. Заңның 13, 84-баптарына сәйкес кредиторлар комитеті өндірілуі мүмкін емес дебиторлық қарызды, сондай-ақ уәкілетті органмен келісілген конкурстық массаны сату жоспарын бекітеді. Несие берушiлер комитетi мен конкурстық басқарушы бекiткен келiсiмнiң шарттарында мүлiктi бағалау тәртiбi мен мерзiмдерi, сондай-ақ оны сату тәртiбi көрсетiлуi мүмкiн. Конкурстық басқарушы несие берушiлер комитетiнiң арнайы шешiмiнсiз өз еркiмен мүлiктi бағалау және сату тәртiбiн орнатуға құқы жоқ.

      ЕСКЕРТУ. 31-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s_

      32. "Банкроттық туралы" Заңының 1-бабына сәйкес конкурстық өндiрiстегi әкiмшiлiк шығындарға банкроттық рәсiмiн жүргiзу жөнiндегi барлық шығындар, оның iшiнде конкурстық басқарушыға төленетiн сыйақы сомасы кiредi. Әкiмшiлiк шығындар борышкер мүлкi есебiнен кезектен тыс өтеледi ("Банкроттық туралы" Заңының 75-бабы).

      Несие берушiлер комитетi мен конкурстық басқарушы бекiткен келiсiмде әкiмшiлік шығындар көлемi және олардың құрылымы белгiленедi. Несие берушiлер комитетi әкiмшiлiк шығындарды өтеуге арналған қаражаттардың мақсаты бойынша қолдануын бақылауды жүзеге асырады.

      Кредиторлардың конкурстық басқарушымен жасасқан келісімімен белгіленген қаржыны тиісті мақсаты бойынша жұмсамау, сондай-ақ әкімшілік шығыстарын белгіленген лимиттен артық жұмсау, конкурстық басқарушыны борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттету үшін ғана емес, сонымен бірге оны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін де негіз болады.

      ЕСКЕРТУ. 32-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s_

      33. Борышкердi қасақана төлем қабiлетсiздiгiне жеткiзу, борышкердiң бiле тұра, несие берушiлердi алдау, несие берушілерге тиесiлi төлемдердiң мерзiмiн ұзарту немесе бөлiп төлеу немесе қарыздары бойынша жеңiлдiктер алу, сондай-ақ сондай мүмкiндiктерi бола тұра, қарыздарын төлемеу мақсатында, өзiн банкрот деп тану туралы сотқа берген жалған өтiнiшi борышкердi банкрот деп тану немесе оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы талаптардан бас тартуға негiз болып табылады.

      Осындай фактiлердi анықтаған жағдайда, сот әдейi және жалған банкроттықты дәлелдейтiн материалдарды, шара қолдану және кiнәлi адамдарды жауапкершiлiкке тарту үшiн тиісті прокурорларға жiбередi.

      ЕСКЕРТУ. 33-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен. P02014s_

      34. Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қолданудың тәртібі Заңның өзінің 106-бабымен белгіленгені және оның нормаларының сот қозғаған істердің өндірістеріне қолданылатыны түсіндірілсін.

      Соттардың 2001 жылғы 11 шілдедегі N 239-II Z010239_ "Банкроттық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгізілгенге дейін шығарған конкурстық басқарушыларды тағайындау туралы, кредиторлар комитеттерінің құрамын және кредиторлар талаптарының тізімдемесін бекіту, конкурстық өндірістердің мерзімдерін белгілеу және ұзарту туралы іс жүргізу құжаттары, егер осы сот актілері аталған заңға қайшы келмесе заңдық күшін сақтайды.

      Соттардың конкурстық басқарушыларды ауыстыру мен кері шақырып алу және конкурстық өндірістің мерзімдерін ұзарту жөнінде Заң күшіне енгізілген уақыттан бастап және Заңда көзделген уәкілетті органдар құрылғанға және олар қызметін бастағанға дейін қабылдаған сот актілері де тап осылай өз күшін сақтайды.

      35. Қолында төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөнінде уәкілетті орган берген лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсіпкердің Заңның 9-бабының 2-1-тармағында оңалтушы конкурстық басқарушы болып тағайындалатыны белгіленген.

      Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, оңалтушы және конкурстық басқарушылар борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған өкілеттіктерді жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс. Лицензиядан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.

      Төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөнінде уәкілетті орган берген лицензиясы бар және соттар Заңға өзгеріс енгізілгенге дейін тағайындалған жеке тұлға - жеке кәсіпкер сот белгілеген конкурстық өндірісті өткізу кезінде өз өкілеттігін сақтайды.

      Сот тағайындаған оңалтушы және конкурстық басқарушыда тиісті лицензия болмаған жағдайда сот, егер осы шеттету Заңның 9-бабының 1-1-тармағына қайшы келмесе, оларды уәкілетті органның кредиторлар комитетімен келісілген арызы бойынша борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі міндеттерден босата алады.

      Бұған қоса, сот тағайындаған оңалтушы және конкурстық басқарушыны мерзімінен бұрын шеттетуді сот Заңның 9-бабының 5-тармағында белгіленген негіздер бойынша жүргізе алады.

      Оңалтушы және конкурстық басқарушыны одан әрі тағайындау уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған.

      Ескерту. 35-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 11 Нормативтік қаулысымен.

      36. Конкурстық өндіріс жағдайында кредиторлар комитетінің құрамын бекіту Заңның 10-1-бабымен уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған.

      Кредиторлар комитетінің құрамына Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі өкілдері, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлар, сондай-ақ конкурстық кредиторлар мен кепілді мүлікпен қамтамасыз етілген және борышкерге қояр ең көп талап сомасы бар міндеттемелер бойынша кредиторлар енеді.

      Сот бұдан бұрын бекіткен кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістерді оған кредиторлар талаптарының екінші, үшінші және төртінші кезектерінің өкілдерін, осы кезектердің талаптары конкурстық өндірісте әлі қанағаттандырылмаған және кредиторлар комитеті мүшелерінің жалпы саны жеті адамнан аспаған жағдайда, қосымша енгізу жолымен уәкілетті орган енгізуі мүмкін. Кредиторлар комитетінің құрамын өзгерту, Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтарының талаптары ескеріле отырып, борышкерге ең көп сомада талап қоятын тиісті кезектің кредиторлардың өтініші бойынша жүргізілуі мүмкін.

      37. Заңның 75-81-баптарымен борышкердің конкурстық массаны бөлу кезегі мен кредиторлармен есеп айырысу тәртібі белгіленген.

      Осы орайда еңбекке ақы төлеу және еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға өтемақы төлеу жөніндегі есеп айырысулардың, оның ішінде еңбекақыдан ұсталған алименттер бойынша қарыздарды, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеудің екінші кезекте жүргізілетінін назарда ұстау қажет.

      Егер Заңға өзгерістер енгізілген сәтте осы кезектегі кредиторлардың талаптары қанағаттандырылмаған болса, кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектің жаңа ережесі бойынша жүргізіледі.

      Алайда, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың кезегі өзгерген жағдайда, үшінші кезектегі кредиторлардың талаптарының тізіліміне 13.08.2001 жылға дейін енгізілген кредиторлардың еңбекақы төлеу жөніндегі талаптары өзгермейді.

      Ескерту. 37-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 11 Нормативтік қаулысымен.

      38. Заңның 10-2-бабымен уәкілетті органның құзыретіне конкурстық өндіріске қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне байланысты мәселелерді шешу жатқызылған.

      Заңның 66-бабымен белгіленген шеңбердегі конкурстық өндіріске қатысушылардың кез келгені конкурстық басқарушының немесе уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, осы шешімді банкроттық туралы шешімді қабылдаған және Заңның 67-бабының 5) тармақшасына сәйкес конкурстық өндіріске қатысушылар арасындағы дауды шешетін сотқа шағымдауға құқылы.

      Заңның 72-бабының 3-тармағына сәйкес, кредиторлар мен конкурстық басқарушы арасындағы кредиторлардың талаптарын тізілімге енгізу мәселелері туралы дауларды сот Заңның аталған бабында белгіленген мерзімде мүдделі тарап берген шағым бойынша қарауы мүмкін.

      ЕСКЕРТУ. 34-37-тармақтармен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы N 14 қаулысымен, 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 11 Нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының Төрағасы

      Пленум хатшысы,

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының судьясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады