Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнiнде қызмет көрсету үшiн авиабағыттарға конкурс өткiзу және куәлiктер беру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 3 сәуір N 401. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.19 № 1221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнiнде қызмет көрсету үшiн тұрақты халықаралық және iшкi авиабағыттарда бәсекелестiктi одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берілiп отырған Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсету үшiн авиабағыттарға конкурс өткiзу және куәлiктер беру ережесi бекiтiлсiн.
      2. "Iшкi және халықаралық авиажелілерiнде жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған жүйелi авиарейстердi орындау құқығына ашық тендерлер өткiзудің тәртiбi туралы уақытша ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1997 жылғы 8 тамыздағы N 1239 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнің         
2002 жылғы 3 сәуірдегi    
N 401 қаулысымен      
бекiтiлген          

Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнiнде
қызмет көрсету үшiн авиабағыттарға конкурс өткiзу және
куәлiктер беру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнiнде қызмет көрсету үшiн авиабағыттарға конкурс өткiзу және куәлiктер беру ережесi (бұдан әрi - Ереже):
      белгiлi бiр авиабағытта жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнiнде тұрақты авиарейстердi орындау құқығына авиакомпаниялар үшiн конкурс ұйымдастыру тәртiбiн, өткiзу шарттары мен мерзiмдерiн;
      авиабағыттарға арналған куәлiктi берудiң және қайтарудың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      2. Конкурс қаржылық негiздеме ұсынатын әрi әуе кемелерiн резервке қою және техникалық сүйемелдеу жөнiндегi қажеттi талаптардың орындалуын, жолаушылар үшiн тиiстi сервис деңгейiмен қауiпсiз тасымалдау шарттарын және белгiлi бiр авиабағытта тұтынушылар үшiн тиiмдi жағдайды қамтамасыз ете алатын авиакомпанияны анықтау мақсатында өткiзiледi.
      Конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша қызметiнiң қаржылық нәтижелерi, әуе кемелерi паркiнің болуы және ұшу қауiпсiздiгi жай-күйi туралы берiлген құжаттардың, сондай-ақ ол ұсынған конкурстық ұсыныстардың негiзiнде белгiлi бiр бағытта тұтынушылар үшiн қауiпсiз және тиiмдi шарттармен тұрақты рейстердiң орындалуын қамтамасыз ете алатын авиакомпания конкурсты ұтты деп танылады.
      3. Конкурсты өткiзудiң бастамашысы (ұйымдастырушысы) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің Азаматтық авиация комитетi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) болады.
      4. Конкурсқа осы Ережемен белгiленген талаптарға сәйкес келетiн авиакомпания қатыса алады.
      5. Конкурсқа жекелеген авиабағыттар да, авиабағыттардың пакеттерi де ұсынылуы мүмкiн.
      6. Конкурс жеңiмпазы (жеңімпаздары) авиабағыттарды пайдалануға арналған куәлiк алады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12 қаулысымен.
      6-1. Егер конкурсқа шығарылатын бір авиабағыт (авиабағыттар пакеті) бойынша осы Ережеде белгіленген біліктік талаптарына жауап беретін және осы Ереженің 13-тармағында көзделген конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынған кемінде екі конкурсқа қатысушы өтінім берсе, конкурс өтті деп танылады.
      Ескерту. Ереже 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12 қаулысымен.

2. Конкурстық комиссияны құру, оның негізгi мiндеттерi мен қызметтерi

      7. Конкурстың өткiзiлуiн қамтамасыз ету және жеңiмпазды (жеңімпаздарды) анықтау үшiн конкурстық комиссия құрылады (бұдан әрi - комиссия), оның құрамы өкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiледi.
      Комиссия құрамына басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi, сондай-ақ әуе кемелерiнің ұшуларын және жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдануын қамтамасыз етудi ұйымдастыру саласындағы сарапшылар кiре алады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12 қаулысымен.
      8. Конкурстық комиссия мүшелерiнің саны тақ және бес адамнан кем болмауы тиiс.
      9. Комиссия қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қабылдайды және қарайды, конкурсты өткiзедi және жеңiмпаздарды белгiлейдi.

3. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

      10. Осы Ережеге сәйкес конкурсқа қатысуға бiлiктiлiк талаптарға жауап беретiн, өтiнiш пен басқа да қажеттi құжаттарды уақытылы тапсырған авиакомпаниялар жiберiледi.
      11. Конкурсқа қатысу үшiн авиакомпаниялар мынадай бiлiктiлiк талаптарына сай болуы тиiс:
      1) Қазақстан Республикасында тiркелген және тұрақты халықаралық және (немесе) iшкi әуе тасымалдарын жүзеге асыруға пайдаланушы сертификаты мен лицензиясы бар авиакомпания болып табылуы;
      2) бiр сыныпқа жататын саны кемiнде екi әуе кемесiнен тұратын әуе паркiнің болуы, олар уәкiлеттi орган белгiлеген авиабағытты пайдалану шарттарына сай болуы тиiс;
      3) пайдалану сәтiнен бастап алынуы болжанатын кiрiстi есепке алмағанда бiр ай мерзiмде авиабағыт бойынша ұсынылған кестеге сәйкес, ұшуды қамтамасыз ету үшiн қажеттi мөлшерде ұлттық немесе шетел валютасындағы қаржы қаражаттары болуы;
      4) Қазақстан Республикасының Салық Кодексiне сәйкес орындау мерзiмi өзгертiлген немесе тоқтатылған салық мiндеттемелерiн қоспағанда, салық және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша бюджет алдында берешегi болмауы;
      5) халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тiркелгенi және кодтарға ие болғаны туралы куәлiгi болуы;
      6) авиатасымалдарды броньдау және сатудың автоматтандырылған жүйелерінің бiрiнде орындар ресурсын орналастыру және жүргiзуге арналған келiсiмнің болуы.
      Ескерту. 11-тармақ өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.09.25 N 1052, 2004.01.07 N 12 қаулыларымен.
      12. Халықаралық тұрақты рейстерді орындау үшін авиакомпанияның 11-тармақта көрсетілген талаптарға қосымша Халықаралық әуе көлігінің қауымдастығы (ИАТА) берген коды болуы тиіс.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12 қаулысымен.
      13. Конкурсқа қатысу үшін комиссияның атына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) конкурсқа қатысу үшiн белгiленген нысандағы өтiнiш (1-қосымша);
      2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктің көшiрмесi;
      3) азаматтық әуекемелерiн пайдаланушы сертификатының көшiрмесi;
      4) жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаның тұрақты әуе тасымалдарын орындауға арналған лицензияның көшiрмесi;
      5) сақтандырудың мiндеттi түрлерiнің бар екенiн растайтын сақтандыру полистерінің (шарттарының) көшiрмесi;
      6) әуе кемелерiнің паркi туралы мәлiметтер (олардың үлгілерi, саны, борттық тiркеу нөмiрлерi, олардың техникалық жай-күйi бойынша мәлiметтер әуе кемелерінің ұшу жарамдығын қолдау жөнінде жүргiзiлетiн iс-шаралар);
      7) авиатасымалдарды броньдау және сатудың автоматтандырылған жүйесінде ресурстарды орналастыру туралы келiсiмнің көшiрмесi;
      8) халықаралық бағыттар үшін ИКАО-да авиакомпанияның тіркелгені туралы куәліктердің және ИАТА-да берілген кодты алғаны туралы жазбаша растамалардың көшірмелері;
      9) қатаң есептегi бланкiлерінің үлгiлерi (тасымалдау құжаттарының үлгілері);
      10) пайдалану кезеңiнен бастап алынуы болжанатын кiрiстi есепке алмағанда, бiр ай мерзiмде авиабағыт бойынша ұсынылған кестеге сәйкес есепшотта ұшуды қамтамасыз ету үшiн қажеттi мөлшерде ұлттық немесе шетел валютасымен қаржы қаражатының болуы туралы банк анықтамасы;
      10-1) бір ай ішінде авиабағыт бойынша ұсынылатын кестеге сәйкес жоспарланатын жүктемені ескере отырып, ұшуларды орындауға арналған шығыстардың есептемелері;
      11) заңды тұлғаның тiркелу орны бойынша салық органынан бюджет алдында берешегi жоқтығы туралы анықтама;
      12) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12 қаулысымен.
      13) заңды тұлғаның тіркелуі орны бойынша салық органы қабылдаған соңғы бухгалтерлiк теңгерiмнiң көшiрмелерi;
      14) акционерлiк қоғам акцияларын орналастыру туралы соңғы тiркелген есептің көшiрмесi. Қосымша эмиссияны жариялаған жағдайда, акционерлік қоғамның акциялары эмиссиясының проспектiсiн тiркеу туралы куәліктің көшiрмесi және орналастыру туралы есеп тiркелген сәтке дейiн жарғы капиталының өсуiн растайтын төлем құжаттарының көшiрмелерi берiледi.
      15) халықаралық және iшкi тұрақты ұшуларды орындаудың және болжамды бағыттар бойынша жекелеген де, түйiстiрiлген де авиабағыттардың таңдап алынған желiсiн дамытудың бөлек қысқа мерзiмдi (бiр жылғы) және ұзақ мерзiмдi (үш жылғы) бизнес жоспарлары;
      16) жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктi және почтаны конкурсқа шығарылатын авиабағыттар бойынша тасымалдауды ұйымдастырудың негiзгi шарттары мен талаптарын қамтамасыз ету жөнiндегi конкурстық ұсыныстар.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12 қаулысымен.
      14. Конкурсқа қатысу үшiн талап етiлетiн құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде бiр данада тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен берiледi және соңғы бетi заңды тұлғаның мөрiмен расталады.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12 қаулысымен.
      15. 13-тармақтың 10)-16) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар "конкурста ғана ашылсын" деген жазумен жеке жабылған пакетте берiледi.

4. Ашық конкурс өткiзудi ұйымдастыру

      16. Конкурс, осы Ереженің 25-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жылына екі рет, күзгі-қысқы навигация (қазанның соңғы жексенбісі) және көктемгі-жазғы навигация (наурыздың соңғы жексенбісі) басталғанға дейін алдын ала жүргізіледі. Уәкiлеттi орган конкурс өткiзу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн комиссия конкурсқа ықтимал қатысушыларды жазбаша хабардар ету жолымен немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы конкурс өткізiлгенге дейiн 30 күнтiзбелiк күннен (конкурсты қайта өткiзу жағдайында - 15 күнтiзбелiк күннен) кешiктiрмей конкурстың негiзгi шарттарын және оның өткiзiлу мерзiмдерiн жариялайды.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12, өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.02 № 61 Қаулыларымен.
      17. Комиссия ықтимал қатысушылар үшiн конкурсқа шығарылатын авиабағыттар бойынша жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почта тасымалдарын ұйымдастырудың негiзгi шарттары мен талаптарын қамтитын конкурстық құжаттардың пакетiн, сондай-ақ ашық конкурсты өткiзу тәртiбi туралы нұсқаулықты, қызметiнiң қаржылық нәтижелерiнiң бағалауын, ұшулардың қауiпсiздiк жағдайы мен әуе кемелерiнiң паркiн, уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiлетiн ұсынылған конкурстық ұсыныстарды және бiр авиабағыттағы жеңiмпазды немесе бiрнеше жеңiмпазды анықтауды дайындайды.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12 қаулысымен.
      18. Комиссия конкурсты өткiзудің мерзiмдерi мен орнын жариялағаннан кейiн конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiргендер уәкiлеттi органның мекен-жайына қажеттi құжаттарды қоса бере отырып, өтінiм мен конкурстық ұсыныстарды ұсынуға мiндеттi.
      19. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау конкурсты өткiзу күнiнен бiр жұмыс күні бұрын аяқталады.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерne енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12 қаулысымен.
      20. Бiлiктiлiк талаптарына сай емес және/немесе осы Ереженiң 13-тармағында көзделген құжаттарды түгел ұсынбаған қатысушылардың өтiнiмдерiнен конкурстық комиссия бас тартады, оларды бағаламайды және салыстырмайды.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12 қаулысымен.
       21. Өтiнiмдерi қарауға қабылданудан бас тартылған өтінім берушiлердi комиссия бұл туралы себебiн көрсете отырып конкурстық комиссия мәжiлiсi басталған күнiнен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етедi.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12, 2010.02.02 № 61 Қаулыларымен.

5. Ашық конкурсты өткiзу тәртiбi, конкурстық ұсыныстарды
бағалау және жеңiмпазды (жеңімпаздарды) анықтау

      22. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшiн қарауға қабылданған конкурстық ұсыныстарды бағалайды әрi салыстырады және конкурс жеңiмпазын (жеңімпаздарын) мына өлшемдердi ескере отырып, анықтайды:
      ұсынылатын қызметтердiң сапалық сипаттамаларын;
      бiлiктiлiк негiздерiн, беделiн, сенiмдiлiгiн, авиабағытта тұрақты авиарейстер орындаумен айналысатын конкурсқа қатысушы авиакомпаниялар персоналының кәсiби және басқару бiлiктiлiгiн.
      авиабағыттар бойынша әуе тасымалдарына арналған тарифтердің ең төменгі деңгейін.
      Конкурстық комиссияның шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссия мүшелерiнің жалпы санынан көпшiлiк дауыс берiлсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
      Конкурстық комиссия конкурстың қорытындысын конкурстық ұсыныстары бар конверт ашылған күнiнен бастап, 10 жұмыс күнiнен
аспайтын мерзiмде шығарады;
      Осы Ереженiң 13-тармағының тiзбесiне сәйкес, бiрақ оларды ресiмдеуге қойылатын талаптар ескерiлмей құжаттары ұсынылған қатысушы конкурс жеңімпазы деп таныла алмайды.
      Ескерту. 22-тармақ өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.22 N 80, 2004.01.07 N 12 Қаулыларымен.
      23. Комиссия мәжiлiсiнiң соңғы күнiнде комиссия мүшелерінің және конкурсқа қатысушылардың қатысуымен комиссия төрағасы жеңiмпаз (жеңімпаздар) қатысушыны атайды.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12 қаулысымен.
      23-1. Конкурстық комиссия конкурс жеңімпазы анықталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, оған төраға және отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
      Конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей:
      1) хаттаманың мәтінін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады;
      2) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген мәліметтері бар конкурсқа қатысушының жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін қайтарымсыз негізде ұсынады.
      Конкурс қорытындылары туралы хаттамадағы және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтер ақы алмастан барлық мүдделі тұлғалар танысу үшін қол жетімді болуы тиіс.
      Ескерту. Ереже 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.02.02 № 61 Қаулысымен.
      24. Конкурс жеңiмпазының (жеңімпаздарының) және уәкiлеттi органның арасында он күн мерзiмде келiсiм жасалады, ол бойынша конкурс жеңiмпазы (жеңімпаздары) конкурстық ұсыныстарды орындау жөнiнде өзiне мiндеттемелер алады. Конкурс жеңiмпазы уәкiлеттi органмен келiсiм жасаудан бас тартқан кезде, конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазынан кейiн конкурстық ұсынысы жақсы бағаланған қатысушымен келiсiм жасасу жөнiнде келiссөздi бастайды.
      Конкурс жеңiмпазынан кейін конкурстық ұсыныстары жақсы деп танылған конкурсқа қатысушы уәкiлеттi органмен келiсiм жасаудан бас тартқан жағдайда, конкурстық комиссия конкурс өткізiлмедi деп таниды.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12 қаулысымен.
      25. Өтінімдердi қарау нәтижесiмен келiспеген жағдайда, конкурс жеңiмпазы (жеңімпаздары) жарияланған сәттен бастап 14 жұмыс күні iшiнде конкурсқа қатысушылар азаматтардың арыздарын қарау тәртiбi туралы заңнамаға сәйкес шағым беруге құқығы бар.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12, 2010.02.02 № 61 Қаулыларымен.
      25-1. Егер конкурстық комиссия конкурсты өткiзiлмедi деп таныса, бұрын өткізiлген конкурс кезiнде конкурстық комиссия бiлiктілiк талаптарына сай келетін немесе осы Ереженiң 13-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған екеуден аз конкурсқа қатысушылардың өтiнiмдерi ұсынылған авиабағыттарға қайта конкурс өткізу туралы жариялайды. Қайталама конкурс кезiнде, егер бiр авиабағыт (авиабағыттар пакетi) бойынша бiліктілiк талаптарына сай келетiн және осы Ереженiң 13-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған конкурсқа қатысушылардың екеуден аз өтiнiшi берілсе, конкурстық комиссияның шешiмi бойынша конкурс өткiзiлдi деп танылады. Қайтадан конкурс өткiзу кезiнде конкурстық комиссия авиабағыттар пакетін өзгертуi мүмкiн, бiрақ конкурсқа шығарылатын авиабағыттар тiзбесі өзгермейдi.
      Ескерту. 25-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12, өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.02 № 61 Қаулыларымен.

6. Авиабағыттарға арналған куәлiк берудiң тәртiбi

      26. Авиабағыттарға арналған куәлiктер конкурс жеңiмпазы (жеңімпаздары) жарияланған күнiнен бастап 5 күнтiзбелiк күннiң iшiнде конкурс жеңiмпазына берiледi.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12 қаулысымен.
      27. Авиабағытқа арналған куәлiк тасымалдау түрлерiн, аптадағы авиабағыттың ұшу жиiлiгi және көрсетiлген куәлiктiң күшi болатын мерзiмi көрсетiліп, бiр жылдан үш жылға дейiнгi мерзiмге берiледi, есепке алу сериялары мен нөмiрлерi болады және қатаң есеп беру құжаты болып табылады. Авиабағытқа арналған куәлiктiң нысаны осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес белгiленедi.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.02 № 61 Қаулысымен.

7. Авиабағыттарға арналған куәлiктерді қайтарып алу
және олардың қолданылуын тоқтата тұру

      28. Авиабағыттарға арналған куәлiктердi уәкiлеттi орган:
      осы Iшкi тұрақты рейстер үшiн ереженің 11-тармағында және осы Халықаралық тұрақты рейстер үшiн ереженің 12-тармағында белгiленген біліктiлiк талаптарына авиакомпанияның сай келмеуi туындаған;
      авиакомпания конкурс бойынша қабылданған мiндеттемелер туралы келiсiмдi бұзған;
      конкурстық құжаттамада күмәндi ақпарат анықталған жағдайларда қайтарып ала алады.
      29. Авиабағыттарға арналған куәлiк қайтарып алынған кезде уәкiлеттi орган авиакомпанияға:
      халықаралық авиациялық бағыттар үшiн - жоспарлаған күнге дейiн 45 күнтізбелiк күн бұрын;
      ішкi авиациялық бағыттар үшiн - жоспарлаған күнге дейiн 15 күнтізбелiк күн бұрын хабарлама жiбередi.
      Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12 қаулысымен.
      30. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.02.02 № 61 Қаулысымен.
      31. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.02.02 № 61 Қаулысымен.
      32. Авиакомпания куәлiктің қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу туралы шешiмдерiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
      33. Заңды тұлғаны (ол құқықтық мұрагер болып табылған жағдайда) қайта тiркеу кезiнде еркiн нысанда жазылған өтiнiш және осы Ереженiң 13-тармағының 2) - 6) және 8) - 10) тармақшаларында көзделген құжаттар берiлген жағдайда, авиабағыттар куәлiктерiн уәкiлеттi орган бiр ай мерзiмде қайта ресiмдеуi тиiс.
      34. Халықтың үздiксiз авиация қатынасына сұранысын қанағаттандыру үшiн:
      куәландырылмаған авиабағыттарға конкурсты әзiрлеу және өткiзу кезеңiнде;
      ықтимал қатысушылардың болмауына байланысты конкурс өткiзу мүмкiн болмаған жағдайларда уәкiлеттi орган авиабағыттағы тұрақты ұшудың кестесiн осы Ереженің бiлiктiлiк талаптарына сай және осы авиабағытта тұрақты ұшу кестесiнiң жобасын ұсынған авиакомпанияларға уақытша (6 айдан аспайтын мерзiмге) бекiтуге құқылы.
      Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07 N 12 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң       
2002 жылғы 3 сәуiрдегi  
N 401 қаулысымен бекiтiлген
Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк
және почтаны тасымалдау  
жөнiнде қызмет көрсету үшiн
авиабағыттарға конкурс  
өткiзу және куәлiктер беру
ережесi         
1-ҚОСЫМША        

                         ӨТIНIШ

_________________________________________________________________
_______________________________________ тасымалдау мақсатында
(тасымалдау объектiлерi көрсетiледi)
_________________________________________________________ аумағында
   (Қазақстан Республикасы, ТМД елдерi, ХӘЖ)
____________________________________________ авиабағыты бойынша
     (авиабағыттың атауы)
тұрақты авиарейстер орындау құқығына арналған конкурсқа қатысуға
жiберуiңiздi өтiнемiн.    

                      Ұйым туралы мәлiметтер:

1. Меншiк нысаны
__________________________________________________________________
2. Құрылу жылы
__________________________________________________________________
3. Заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiк
__________________________________________________________________
(нөмiрi, кiм және қашан берген)
4. Банктiк деректемелерi
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________
(есепшот N, коресеп шоттар, МФО, банктiң атауы мен орналасқан орны)

5. Заңды мекен-жайы және басқа да деректемелерi
________________________________________________
(почталық мекен-жайы, телефон, телефакс, телекс,
___________________________________________________________________
телетайп, телеграфтық және телефондық шақыру белгiлерi, ИКАО, ИАТА,
                     СИТА, АФТН кодтары)
6._________________________________________________________________
         (кәсiпорын бiрiншi басшысының тегі, аты-жөнi)
7. Қоса берiлiп отырған құжаттар
_____________________________________
Кәсiпорын басшысы: тегi, аты-жөнi, қолы, күнi.

Өтiнiш 2002 жылғы "___"__________ қарауға қабылданды.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң       
2002 жылғы 3 сәуiрдегi  
N 401 қаулысымен бекiтiлген
Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк
және почтаны тасымалдау  
жөнiнде қызмет көрсету үшiн
авиабағыттарға конкурс  
өткiзу және куәлiктер беру
ережесi         
2-ҚОСЫМША        

             ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛТАҢБАСЫ
                АВИАБАҒЫТҚА АРНАЛҒАН КУӘЛIК      _________________________________________________________________
                   (заңды тұлғаның толық атауы) _________________________________________________________________

_________________________________________ тасымалдау мақсатында
   (тасымалдау объектiлерi көрсетiледi)

_________________________________________ авиабағыты бойынша
          (авиабағыт атауы) _________________________________________________________________
       (аптасына ұшудың рұқсат етiлген жиiлiктер саны)

     тұрақты авиарейстердi орындау құқығына берiлдi.

     Авиабағытқа арналған куәлiктi берген орган ______________________
__________________________ (куәлiктi берген органның толық атауы)
_________________________________________________________________

Басшы ___________________________________________________________
          (куәлiктi берген орган басшысының тегi, аты-жөнi)   _________________________________________________________________

     Куәлiктiң берiлген күнi 2002 жылғы "____"____________
     Куәлiктiң нөмiрi _____________ N ________________
                                    __________________ қаласы    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады