Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 сәуір N 439. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1270 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы  N 1270  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1305  P991305_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 405-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ережеде: 
      мәтінде "орталық атқарушы органдары", "орталық атқарушы органдар", "орталық атқарушы органдарына", "орталық атқарушы органдардың" деген сөздер "орталық атқарушы органы", "орталық атқарушы орган", "орталық атқарушы органына", "орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      6-тармақтың бірінші абзацында "өздерінің құзыретіне сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын; 
      8-тармақта "өздерінің" деген сөз "өзінің" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "10. Аттестациялық комиссиялар құрамына мыналар кіреді: 
      1) білім беру саласындағы тиісті мемлекеттік органдар өкілдері; 
      2) қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдар, сондай-ақ орта кәсіптік, жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарын аттестациялауды жүргізу кезінде өздерінің құзыретіне қарай мүдделі орталық атқарушы органдар өкілдері; 
      3) білім беру ұйымдарының өкілдері және Қазақстан Республикасының жетекші педагог қызметкерлері."; 
      11-тармақтың бірінші абзацында мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді; 
      12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Бекітілген аттестациялау кестелеріне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда білім беру ұйымдары осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген мерзімде хабарландырылуы тиіс."; 
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "15. Аттестациялық комиссиялар шешімдері олар шығарылғаннан кейін жеті күннен кешіктірілмей білім беру саласындағы тиісті мемлекеттік органдар бұйрығымен бекітілуге тиіс. 
      Аттестациялық комиссиялар мынадай дәлелді шешімдер қабылдауға құқылы: 
      1) аттестациялау; 
      2) аттестацияламау. 
      "Аттестациялау" деген шешім мынадай реттерде қабылданады, егер: 
      1) білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтері білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандартының тиісті деңгейінің талаптарына сай болса; 
      2) білім беру ұйымдары білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын сақтаса. 
      "Аттестацияламау" деген шешім білім беру ұйымы осы тармақтың алтыншы, жетінші абзацтарында көрсетілген аттестациялау шарттарының біреуін орындамаған жағдайда қабылданады.
     Аттестациялық комиссиялар шешімдері білім беру саласындағы мемлекеттік органдардың қайта қарауына жатпайды.";
     17-тармақта "құқығы бар, республикалық аттестациялық комиссиялар құрылады" деген сөздер "құқығы бар республикалық аттестациялық комиссия құрылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады