Геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлерге дала жұмысы үшiн ақы төлеудiң мөлшерi туралы

Күшін жойған

Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1991 жылғы қарашаның 5-i N 674. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 шілдедегі N 1097 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.18. N 1097   Қаулысымен.
      
      Қазақ КСР Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлерге дала жұмысы үшiн ақы төлеу туралы Қазақ КСР Еңбек министрлiгi енгiзген Қазақ КСР Қаржы министрлiгiмен келiсiлген ереже бекiтiлсiн.

      Қазақ КСР Премьер-министрi

                                    Қазақ КСР Министрлер Кабинетi
                                    1991 жылғы қарашаның 5-iнде
                                       N 674 қаулысымен
                                           БЕКIТIЛГЕН

Геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлерге дала жұмысы үшiн ақы төлеу туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Дала жұмысы үшiн ақы көтерiңкi шығындардың өтемi мақсатында:
      Қызметкерлерiне дала жұмысы үшiн ақы төленетiн дала ұйымдарының тiзiмiн жоғары тұрған ұйымдар жыл сайын, жылдық жұмыс жоспарларын бекiтумен бiр мезгiлде бекiтедi.
      Тiзiм тиiстi кәсiподақ комитетiнiң келiсумен бекiтiледi. Геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру ұйымдарының (кәсiпорындардың) тiзiмге енгiзiлмеген, бiрақ дала жұмыстарын орындайтын қызметкерлерiне дала жұмысы үшiн ақы осы Ережеде көзделген тәртiппен төленедi.
      Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.16. N 434
               қаулысымен. P020434_
       2. Дала жұмысы үшiн ақы осы Ереженiң 1-тармағында көзделген жұмыстар атқарылған барлық календарлық күнге төленедi және олар штатында тұратын ұйымның бұйрығымен ресiмделедi.
      3. Дала жұмысы үшiн ақы мынадай мөлшерде төленедi:
      - тiкелей даладағы жұмыс учаскелерiнде геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмысымен шұғылданатын қызметкерлерге тәулiктiк командировка шығындарын өтеу нормасының 100 процентi мөлшерiнде;
      - даладағы экспедициялардың базаларында iстейтiн қызметкерлерге тәулiктiк командировка шығындары нормасының 50 процентi мөлшерiнде.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1994.05.23. N 555 қаулысымен.
      4. Салық салынуға жатпайтын далалық жабдықталым ақшасының мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.04.17. N 443 қаулысымен. P020443_
      5. Қызметкерлерге дала жұмысы үшiн ақы:
      а) уақытша жұмысқа жарамсыздығы кезеңiнде;
      б) әйелдер жүктi болуына және босануына байланысты демалыста жүрген уақытында;
      в) мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттердi орындау кезiнде сақталады.
      Аталған жағдайларда дала жұмысы үшiн ақы қызметкерлер дала жұмыстары атқарылған және даладағы ұйымдар орналасқан жерлерде болған жағдайда төленедi.
      6. Қызметкерлер жыл сайынғы демалыста жүрген және санаторий мен курортта емделген уақытында дала жұмысы үшiн ақы төленбейдi.
      7. Қызметкерлер даладағы ұйымнан командировкаға кеткен жағдайда оған дала жұмысы үшiн ақы төлеу тоқтатылады, ал командировкаға байланысты шығындар заңдарға сәйкес өтеледi.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.17. N 443 қаулысымен. P020443_
      8. ЕСКЕРТУ. 8-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.04.17. N 443 қаулысымен. P020443_
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады