Ауыл шаруашылығы өндірісін ауылдық несие серіктестіктері жүйесі арқылы несиелендіру ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 мамыр N 537


     "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан 
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715  

P011715_

  қаулысына сәйкес Қазақстан 
Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өндірісін ауылдық несие 
серіктестіктері жүйесі арқылы несиелендіру ережесі бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                            2002 жылғы 20 мамырдағы
                                          N 537 қаулысымен бекітілген
     
     Ауыл шаруашылығы өндірісін ауылдық несие серіктестіктері жүйесі
                     арқылы несиелендіру ережесі
     
                          1. Жалпы шарттар
     


      1. Осы Ереже "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 P011715_ қаулысына сәйкес N 087 "Ауылдық несие серіктестіктері арқылы ауыл шаруашылық өндірісін несиелендіру" бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 641340000 (алты жүз қырық бір миллион үш жүз қырық мың) теңге сомасында (бұдан әрі - Ресурстар) жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өндірісін ауылдық несие серіктестіктері жүйесі арқылы несиелендіру тәртібі мен шарттарын белгілейді.
      2. Ресурстарды республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Қаржымині) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 137 P010137_ қаулысымен мақұлданған ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қаржы ресурстарын тарта отырып несиелендірудің Пилоттық жобасына сәйкес, ауыл шаруашылығы өндірісін (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді) ауылдық серіктестіктері жүйесі арқылы несиелендіру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан "Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Корпорация) береді.
      3. Ресурстар Корпорацияға мерзімділігі, қамтамасыз етілуі және қайтарылымдылығы жағдайында сыйақының нөлдік ставкасы бойынша 5 (бес) жыл мерзімге жарғылық капиталына Корпорацияның қатысуымен құрылған ауылдық несие серіктестіктерін (бұдан әрі - Серіктестіктер) несиелендіру үшін беріледі.
      4. Қаржымині Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі - Әкімші) және Корпорациямен Корпорацияға республикалық бюджеттен Ресурстар бөлудің тәртібін, қайтарымдылығын қамтамасыз етуді, Корпорацияның Ресурстарды республикалық бюджетке қайтаруының тәртібі мен мерзімін регламенттейтін тиісті несие келісімін (бұдан әрі - Несие келісімі) жасасады.
      5. Ресурстар Әкімшіге Корпорацияның кейіннен жөнелтуі үшін Корпорация мен Серіктестіктер арасындағы несие келісімдерінің көшірмелерін қоса бере отырып, Әкімшінің өтінімі негізінде бөлінеді.
      6. Корпорацияның Ресурстарды қайтаруы төлемдердің кезеңділігі мен мөлшерін белгілейтін Несие келісімінің ажырамас бөлігі болып табылатын кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Корпорацияның Ресурстарды республикалық бюджетке қайтаруын қамтамасыз етуі Корпорация мен Серіктестіктер арасында жасалған несие шарттары бойынша Қаржы министрлігіне ұсынылатын борыштық талап ету құқығын кепілге салу шарттары болып табылады.
      8. Корпорацияның Серіктестіктерді несиелендіруі мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық пен қамтамасыз етілуі жағдайында қолданыстағы заңнамаға және Корпорацияның ішкі несие саясатына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, несие ресурстарын бергені үшін Корпорацияның сыйақы ставкасы жылдық 5 (бес) пайыздан аспауы тиіс.

                2. Қаражаттың пайдаланылуын бақылау

      9. Корпорация Ресурстардың мақсатты пайдаланылуын және олардың

республикалық бюджетке уақытылы қайтарылуын қамтамасыз етеді.
     10. Корпорация Қаржымині белгілеген нысандарда:
     1) ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қаржымині 
мен Әкімшіге бөлінген несие қаражатының пайдаланылуы туралы есеп береді;
     2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен 
кешіктірмей Қаржымині мен Әкімшіге түпкі заемшылардан төлемдердің түсімі 
туралы есеп береді.
     11. Қаржымині мен Әкімші Ресурстардың игерілуін, мақсатты 
пайдаланылуын, республикалық бюджетке уақытылы әрі толық өтелуін бақылауды 
жүзеге асырады.
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады