Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi арасында Қырғыз Республикасынан цемент жеткiзуге қатысты бағалар бойынша мiндеттемелер жөнiнде келiсiм жасасу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 8 шілде N 737

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасынан цемент жеткiзуге қатысты бағалар бойынша мiндеттемелер жөнiндегi  келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз  Республикасының Үкiметi арасында Қырғыз Республикасынан цемент жеткiзуге қатысты бағалар бойынша мiндеттемелер жөнінде келiсiм жасалсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Жоба 

         Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының
Үкiметi арасындағы Қырғыз Республикасынан цемент жеткiзуге қатысты бағалар бойынша мiндеттемелер жөнiндегi келiсiм

     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi,
     Қазақстан Республикасының цемент рыногында адал бәсекелестiктi қамтамасыз ету мақсатында,
     төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап. Негiзгi ұғымдар

      Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiру мақсатында төмендегі терминдер мыналарды білдiредi:
      1. "келiсiм-шартты тiркеу сертификаты" - осы Келiсiмнің 1-қосымшасына сәйкес Қырғыз Тарапының құзыреттi мемлекеттiк органы беретiн, соның негізiнде Қазақстан Республикасына Қырғыз Республикасынан цемент экспортына рұқсат етілетiн құжат;
      2. "импорттық лицензия" - соның негiзiнде Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына цемент импорты жүзеге асырылатын құжат;
      3. "цемент" - осы Келiсiмнің 2-қосымшасында анықталған, сондай-ақ "сауда заты" ретiнде де аталатын өнім; 
      4. "транзит" - Қазақстан Республикасының ұлттық кеден  заңнамасына және Тараптар қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасының  аумағы арқылы үшiншi елдерге цемент экспорты; 
      5. "қолданылатын баға" - Қазақстан Тарапы есептеген Қазақстан Республикасына цемент экспорты кезiнде қолданылатын баға;
      6. "кезең" - үш айға тең уақыт бөлiгі;
      7. "өзара тәуелдi тараптар" - болжаммен демпинг заты болып табылатын тауарды жеткiзушiлермен байланысты немесе өздерi жеткiзушiлер болып табылатын өндiрушiлер немесе сатып алушылар (мәмілеге қатысушылар). Өзара тәуелдi деп олардың арасындағы қатынастар, олардың қызметiне немесе олардың өкiлi болып табылатын тұлғалардың қызметiнiң жағдайына немесе экономикалық нәтижелерiне тiкелей әсер етуi мүмкiн жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалар танылады, атап айтқанда:
      - бiр тұлға басқа тұлғаның мүлкіне қатысады және осындай қатысудың үлесi 33-тен (отыз үш) астам пайызды құрайды;
      - тұлғалар Тараптардың неке және отбасы туралы заңнамасына сәйкес некелік қатынастарда, туысқандық немесе жекжаттық, бала асырап алушы және асырап алынған бала, сондай-ақ қамқоршы және қамқорға алынушы қатынастарында тұрады;
      8. "Қазақстан Республикасындағы сатып алушы" - қырғыз өндiрушiсiнің немесе экспорттаушысының өзара тәуелдi тараптары болып табылмайтын заңды немесе жеке тұлға, сондай-ақ басқа да клиенттер;
      9. "бұзушылық" - шарттардың орындалмауы осы Келісім мақсаттарының елеулi бұзылуына әкеп соқпайтындай шамалы және қасақана жасалмаған болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы Келiсiмнің шарттарын iс-әрекеттiң немесе әрекетсiздiктiң салдарынан орындамау.

2-бап. Бағалар жөніндегi міндеттемелер

     Бағалар жөніндегi мiндеттеме:
     1) Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына цементтiң экспорты кезiнде келiсiм-шартты тiркеу сертификатын алуды;
     2) Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына цементтiң импорты кезiнде импорттық лицензияны алуды көздейдi. 

3-бап. Бағалар жөніндегi міндеттемелердің қолданылуы

     1. Қырғыз Тарапы өзiне қабылдаған бағалар бойынша мiндеттемелердi адал орындаған жағдайда Қазақстан Тарапы демпингке қарсы анықтауды тоқтатуға құқылы.
      2. Бағалар бойынша міндеттеме материалдық залалға әкеп соғып отырған демпингке қарсы iс-әрекет жасау үшiн қажеттi уақыт аралығында және мөлшерінде күшінде қалдырылады.
      3. Демпингтiң немесе материалдық залалдың жоқтығы бағалар бойынша қабылданған міндеттемелердiң салдары болып табылатын жағдайларды қоспағанда, демпингтiң немесе материалдық залалдың немесе оның қаупi жоқтығы туралы шешiм қабылданса, бағалар бойынша мiндеттеме жойылуы мүмкiн.

4-бап. Тауардың қолданылатын бағасын анықтау

     1. Тауардың қолданылатын бағасын Қазақстан Тарапы экспорттаушы және (немесе) өндiрушi елде тұтынуға арналған осыған ұқсас тауарға қарапайым сауда операциялары процесінде белгіленетiн бағалар негiзiнде анықтайды.
      2. Тәуелдiлiк фактiсi тауар құнына әсер етпегендiгiне дәлелдер ұсынылған жағдайларды қоспағанда, өзара тәуелдi тараптар арасындағы сату қарапайым сауда операциялары шеңберiнде жүргiзiлген ретiнде қаралмайды және қолданылатын бағаны анықтау кезінде назарға алынбайды.
      3. Егер тауарлар Қазақстан Республикасына Қырғыз Республикасынан емес, басқа елден жеткiзiлсе, Қазақстан Тарапы қолданылатын бағаны осы экспорттаушы елде (бұдан әрi - экспорт елi) төленген немесе төлеуге жататын баға негiзiнде белгiлейдi.
      Қолданылатын баға шыққан елдегi баға бойынша мынадай жағдайларда белгiленедi:
      1) тауарлар тек экспорт елi арқылы өткiзілсе;
      2) осыған ұқсас тауарлар экспорт елiнде өндiрілмесе;
      3) экспорт елiнде оларға салыстырмалы бағалар болмаса.
      4. Экспорттаушы және (немесе) өндiрушi елдің iшкi рыногындағы бағаларына негiздей отырып, онда осыған ұқсас тауардың сатылуының болмау себебi бойынша тауарға қолданылатын бағаны анықтау мүмкiн болмаған жағдайда немесе мұндай сату ерекше нарықтық ахуалға немесе экспорттаушы және (немесе) өндiрушi елдің iшкi рыногындағы сату көлемінің шағын болуына орай тиiсiнше салыстыру жүргiзуге мүмкіндік бермесе, Қазақстан Тарапы тауардың қолданылатын бағасы ретiнде:
      1) осы тауарды сату жеткiлiктi көлемде жүзеге асырылған жағдайда үшiншi елге экспортталатын осыған ұқсас тауарға арналған бағаны, сондай-ақ жеткiзу шартын (DAF - Қазақстан Республикасының шекарасы);
      2) әкiмшілік, сауда және жалпы шығындарды (шығын) қосумен өндiрiс шығындарын қоса қамтитын бағаны, сондай-ақ жеткiзу шартын (DAF - Қазақстан Республикасының шекарасы) қолдана алады.

5-бап. Қолданылатын бағаны есептеу

     1. Қырғыз Тарапы Қазақстан Республикасына цемент экспортын қолданылатын баға бойынша қамтамасыз етуге міндеттенедi.
      2. Қолданылатын бағаны осы Келiсiмнің 4-бабының 1-тармағына сәйкес жеткiзудi ескере отырып (DAF - Қазақстан Республикасының шекарасы) белгiленедi.
      Қолданылатын баға болмаған жағдайларда не қолданылатын баға экспорттаушы мен импорттаушының немесе үшiншi тараптың арасындағы байланыстың немесе өтем жасау туралы уағдаластықтың болуы себебiнен сенiмсiз болғанда, қолданылатын баға жеткiзiлетiн тауарды жеткiзушiден немесе сатушыдан тәуелсiз сатып алушыға алғашқы қайта сату бағасының негiзінде есептеледi.
      3. Қазақстан Тарапы бастапқы кезең үшiн осы Келiсiмге қол қойылған сәттен бастап қолданылатын Қазақстан Республикасының шекарасына дейiнгi көлiктiк шығыстарды ескере отырып, бiр тоннасы үшiн 21,06 (жиырма бiр АҚШ доллары және алты цент) АҚШ долларына тең бағаны белгiлейдi. Салық салу тараптардың ұлттық заңнамасына және олар қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүргiзiледi. <*>
      Әрбiр келесi кезең үшiн қолданылатын бағаны Қазақстан Тарапы қосымша түзететiн болады.
      Қолданылатын бағаны түзету кестесi осы Келiсiмнің 3-қосымшасында келтiрiлген.
      Түзету нәтижесi Қырғыз Тарапына кезектi кезең аяқталғанға дейiн 30 күн бұрын жiберілуi тиiс.
      Консультацияларды өткiзу кестесi осы Келiсiмнiң 4-қосымшасында келтiрiлген.
      4. Егер Қырғыз Тарапы қолданылатын бағаны мақұлдамаса және консультациялар өткiзуден бас тартса, онда Қазақстан Тарапы Қырғыз Тарапына тиiстi хабарлама жiбере отырып, уақытша демпингке қарсы шараларды қолдануға құқылы.
      Ескерту. 5-бап өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.02. N 511 қаулысымен.

6-бап. Цемент экспорты мен импортының тәртiбi

     1. Қырғыз Республикасынан цемент экспортын келiсiм-шартты тiркеу сертификаты мен тауардың шыққан тегi сертификатын ұсынған жағдайда заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады.
      Келiсiм-шартты тiркеу сертификатында мыналар қамтылуы тиiс: келiсiм-шартты тiркеу сертификаты берiлген цементтiң СЭҚ TH коды, тоннадағы көлемi, ерекшелiгi, жеткiзiлу шарттарындағы (DAF - Қазақстан Республикасының шекарасы) баға және сатылу құны. Келiсiм-шартты тiркеу сертификатына қосымша ақпарат енгiзiлуi мүмкін.
      2. Қазақстан Республикасының аумағына цемент импортын Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес берiлген импорттық лицензияны және Қырғыз Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес берiлген тауардың шыққан тегi сертификатын ұсынған жағдайда заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы цемент транзитi Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

7-бап. Тараптардың міндеттемелерi

      1. Қырғыз Тарапы мынадай шарттардың сақталуын қамтамасыз етедi:
      1.1. Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына цементтiң экспорттық бағасын бағалар бойынша міндеттемелердiң қолданылуының кез келген кезеңі ішінде сатуды жүзеге асыру күнiне қолданылып отырған бағадан төмен қолданбау;
      1.2. тоқсан сайын осы Келiсiмнің орындалуына қатысты ақпараттың толық салыстырылуын жүзеге асырады. Мұндай салыстырулар консультациялар өткiзу кестесiне сәйкес жүргiзiлетiн болады;
      1.3. осы Келiсiмдi Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдары тиiмдi орындауы мақсатында барлық белгiленген рәсімдердi жүзеге асыруын қамтамасыз етедi;
      1.4. егер кез келген қырғыз компаниясы осы Келiсімде белгiленген талаптарды толық көлемде орындамаған жағдайда, осы Келiсiмге сәйкес қатаң санкциялар қолданады және цемент экспортына бақылауды жүзеге асырады;
      1.5. цемент экспортына арналған келiсiм-шартты тiркеу сертификатын алған кезде, белгiленген пунктке тәуелсіз қырғыз цемент экспорттаушыларының:
      1) осы Келiсiм бойынша Қазақстан Республикасына цементті үшінші ел арқылы келiсiм-шартты тiркеу сертификатынсыз жеткiзуге;
      2) осы Келiсiммен белгiленген цементтi осы Келiсiммен белгiленбеген қатаң санкциялар цементпен соңғысын Қазақстан Республикасына әкелу үшiн айырбастауды жүзеге асыру қызметiне қатыспауға келiсiмiн растайды.
      Алмасу енгiзiледi, бiрақ шектелмейді:
      "меншiк құқығын алмасу" - заттай берусiз цементке меншiк құқығын алмасу. Бұл процесс тараптардың өзiне әртүрлi елдердегi өнiмге меншiк құқығын алу үшiн түрлi елдерде цементке меншiк құқығын алмасуды немесе тараптар шыққан тегi әртүрлi өнiмге меншiк құқығын алуы үшiн әртүрлi елдерде өндiрiлетiн цементке меншiк құқығын алмасуын қамти алады;
      "жалау алмасу" - өзiне меншiк құқығын өзгертусiз цементi шыққан елiмен алмасуын қамтиды;
      "алмастыру" - өзiне Қырғыз Республикасынан цементтi - делдал елге (елдерге) сатуды немесе жеткiзудi және одан әрі экспорттық сатылуы туралы бiлетiн қырғыз экспорттаушысын қамтиды, бұл осы цементтi Қазақстан Республикасына сатуға немесе жеткiзiлуiне әкеп соғады;
      1.6. бұзушылық туралы мәлiмдеме алған жағдайда, Қазақстан Тарапының мәлiмдемесiн қоса алғанда, 15 (он бес) күн iшiнде тез арада тергеу жүргiзу және Қазақстан Тарапын тергеу аяқталғаннан кейiн 10 (он) күн iшiнде оның нәтижелерiнен хабардар ету;
      1.7. Қырғыз Тарапы осы Келiсiмнің шарттарын бұзатын мәмiлеге қырғыз компаниясының қатысқаны туралы шешiм шығарса, Тараптар дереу консультациялар өткiзедi.
      2. Қазақстан Тарапы мынадай шарттардың сақталуын қамтамасыз етедi:
      2.1. күнтізбелік жылдың әрбiр кезеңiне бағаларды қайта қарайды және белгiлейдi;
      2.2. Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына цементтi қолданылатын бағадан төмен бағамен әкелiнген кезде немесе келісім-шарттың тiркеу сертификаты болмаған кезде, Қазақстан Тарапы Қырғыз Тарапын осы әкелу туралы хабардар етедi және Қырғыз Тарапына әкелуге қатысты барлық қолда бар ақпаратты бередi. Қырғыз Тарапы 20 (жиырма) күн iшiнде жауап беруге мiндеттi.
      3. Осы Келiсiммен белгiленген қолданылатын баға бұзылған цемент рыногындағы алмастыру жағдайында мынадай фактiлер қабылдануы мүмкiн:
      3.1. кез келген ауызша немесе жазбаша уағдаластық;
      3.2. тараптардың өзара тәуелділiгi;
      3.3. баспа-бас айырбас операциялары.
      Егер Тараптар 15 (он бес) күн iшінде өзара қолайлы шешiмге қол жеткiзе алмаған жағдайда, Қазақстан Тарапы Қазақстан Республикасының демпингке қарсы заңнамасына сәйкес тиiстi шаралар қолдануға құқылы.
      Мұндай шараларды қабылдау алдында Қазақстан Тарапы өзiнiң ниетінің себебi туралы Қырғыз Тарапын хабардар етедi. Қырғыз Тарапы 15 (он бес) күн iшiнде түсіндірме бере алады.

8-бап. Мониторинг және хабардар ету

     1. Қырғыз Тарапы мониторингті жүзеге асыру үшiн тоқсан сайын Қазақстан Тарапына мынадай ақпаратты:
      1) осы Келiсiмге 4-қосымшада белгіленген формат көлемiнде Қазақстан Республикасына экспорт жөнiндегi ақпаратты;
      2) Қазақстан Республикасындағы негізгі тұтынушылардың тiзiмiн;
      3) келісім-шарттарды тiркеу сертификаттарының көшiрмелерiн берiп отырады.
      2. Қырғыз Тарапы өзіне мәлiм болған осы Келiсiмнің кез келген бұзушылықтары және осы бұзушылықтарға қатысты қолданылған шаралар туралы Қазақстан Тарапын хабардар етуге міндеттi.
      3. Тараптар мониторинг жүргiзудің, тоқсан сайын консультациялар өткiзудiң, Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес қосымша мәлiметтер берудің қажеттігін таниды. Қазақстан Тарапы тоқсан сайын Қырғыз Тарапына Қырғыз Республикасынан цемент импорты туралы ақпарат берiп отырады.

9-бап. Құпиялылық

      1. Осы Келiсiмнің қолданылуымен байланысты құпия ақпаратты жария етуге, Тараптардың лауазымды тұлғаларының жеке мақсаттарына пайдалануына, үшiншi тұлғаларға, сондай-ақ Тараптардың ұлттық заңнамаларымен көзделген жағдайлардан басқа, өзге де мемлекеттiк органдарға беруге болмайды.
      2. Тараптар цемент экспорттаушылардың (импорттаушылардың) коммерциялық қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының демпингке қарсы ұлттық заңнамасына сәйкес ақпарат алмасады.
      3. Осы Келiсiм қолданысы кезеңiнде туындаған мәселелер жөнінде Тараптардың әрқайсысы консультация жүргізілуiн талап ете алады.

10-бап. Консультациялар жүргiзу

      1. Егер Қазақстан Тарапы Қазақстан өндiрушiлерiнің Қазақстан Республикасының рыногында адал бәсекелесуiне қолданылатын баға мүмкiндiк бермейдi деген шешiм шығарған жағдайда, Тараптар рынокта қалыптасқан жағдайды және қолданылатын бағаның сәйкестігін қайта қарау үшін дереу консультациялар жүргізеді.
      2. Тараптар осы Келiсiмнің орындалуына (қолдану бағасын есептеп шығаруды қоса алғанда) және атқарылуына қатысты әр кезеңде консультациялар жүргiзедi.
      3. Осы Келiсiмнің кез келген мәнiсi бойынша қосымша консультациялар Тараптарға сұрау салынғаннан кейiн ең қысқа мерзімдерде жүргiзiледi.

11-бап. Бағалар бойынша мiндеттемелердiң
орындалуын бақылау

      1. Қазақстан Тарапы осы Келiсiмнің орындалмауына немесе бұзылуына қатысты өзiне мәлiм болған кез келген ақпаратты, Қырғыз Тарапына бұзушылықтар туралы тергеу жүргiзу мен тиiстi ақпарат жинау қажеттiлiгi туралы хабарлай отырып тексередi.
      2. Егер Қазақстан Тарапы осы Келiсiм бұзылып отыр немесе бұзылды деген шешiм қабылдаған жағдайда, Қазақстан Тарапы Қазақстан Республикасының демпингке қарсы заңнамасына сәйкес іс-қимыл жасайды.
      3. Қазақстан Тарапы Қырғыз Тарапынан бағалар бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалғандығы туралы мәліметтер беруiн талап етуге, сондай-ақ олардың шынайылығын тексеруге құқылы.

12-бап. Дауларды реттеу

     1. Осы Келiсiмнің ережелерiн түсіндiру немесе қолдану кезiнде даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар және келiссөздер жүргiзу жолымен шешетiн болады.
      2. Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнің ажырамас бөлiгі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделедi.

13-бап. Күшіне енуі

      1. Осы Келiсiм оған қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және бiр жыл iшінде қолданылатын болады.
      2. Осы Келiсiмнің қолданылуын тоқтату ниетi туралы Тараптардың бiрi жазбаша хабар алған күннен бастап отыз күн өткеннен кейiн осы Келiсiм өзiнің қолданылуын тоқтатады.
________ жылғы "__" ___________ әрқайсысы ____________ қаласында,

қазақ, қырғыз және орыс тілдерiнде екі түпнұсқа данада жасалды және барлық мәтiннiң күшi бiрдей. <*>
     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
      Ескерту. 13-бап өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.02. N 511 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының               Қырғыз Республикасының
          Үкiметi                                 Үкiметi

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз    
Республикасының Yкiметi арасындағы Қырғыз      
Республикасының цемент жеткiзуге қатысты       
бағалар бойынша міндеттемелер жөніндегi        
келiсiмге                           
1-қосымша                           

N Келiсiм-шартты тiркеу сертификаты

1. Өтiнiш берушi ұйым және оның           ЭКСПОРТ/ИМПОРТ
      мекен-жайы                        3. _____ "___"__________   

                                         N келiсiм-шарт

                              Қолдану мерзiмi ____"___"_____бастап

                              "___"_____ дейін

2. Сатып алушы/сатушы және     4. Өтiнiш берушiнiң банкi және оның
   оның мекен-жайы                мекен-жайы, шот нөмiрi

5. Сатып алушының/сатушының    8. Сатып алушының/сатушының банкi
   елі                            және оның мекен-жайы, шот нөмiрi

6. Мәмiленiң сипаты                  9. Төлем шарты

7. Жеткiзiлiм базисi

10. Тауардың  11. Өлшем   12. Саны 13. Төлем  14. Бiрлiк 15. Құны
    СЭҚ ТН        бiрлiгi              валютасы   үшiн бағасы
    бойынша коды,
    тауардың атауы
    мен сипаты

16. Ерекше белгілер         17. Қырғыз Республикасы ХБСП басшысы
                                Лауазымы
                                А.Ә.Т.
                                Қолы және мөрi        Күнi

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз       
Республикасының Yкiметi арасындағы Қырғыз        
Республикасының цемент жеткiзуге қатысты         
бағалар бойынша міндеттемелер жөніндегi          
келiсiмге                            
2-қосымша                            

Баға жөнінде міндеттемелер қабылданған цементтің
СЭҚ TH бойынша кодтары

--------------------------------------------------------------------     СЭҚ TH коды         Сипаттамасы
--------------------------------------------------------------------     2523 10 000         Цемент клинкерлерi
     2523 21 000         Ақ цемент жасанды боялған немесе боялмаған
     2523 29 000         Өзге де портландцемент
     2523 30 000         Балшықты цемент
     2523 90             Гидравликалық өзге де цементтер
--------------------------------------------------------------------

Қазақстан Республикасының Yкiметi      
мен Қырғыз Республикасының          
Yкiметi арасындағы Қырғыз Республикасынан   
цемент жеткiзуге қатысты бағалар бойынша    
мiндеттемелер жөнiндегi келiсiмге        
3-қосымша                     

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.06.02. N 511 қаулысымен. _______________________________________________________________
     Жоспарланған      Келiссөздер күнi       Қолданылатын
     түзетулердiң                         бағаның күшіне енетiн
        саны                                     күнi
_______________________________________________________________
         1                                 Келiсiмнiң 13-бабының
                                           1-тармағына сәйкес
         2             2003 жылғы 1 тамыз  2003 жылғы 1 қыркүйек
         3             2003 жылғы 1 қараша 2003 жылғы 1 желтоқсан
         4             2004 жылғы 1 ақпан". _______________________________________________________________

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз      
Республикасының Yкiметi арасындағы Қырғыз      
Республикасының цемент жеткiзуге қатысты        
бағалар бойынша міндеттемелер жөніндегi        
келiсiмге                           
4-қосымша                            

Консультациялар жүргізу кестесi

--------------------------------------------------------------------
Жоспарланған    !  Қазақстан Тарапы      ! Қырғыз Тарапы жоспарлаған
кездесулер саны !  жоспарлаған өткiзулер ! өткiзулер
--------------------------------------------------------------------         1                  бірінші кезең
         2                                       екiншi кезең
         3                  үшiншi кезең
         4                                      төртіншi кезең
Жоспардан тыс   Осы Келiсiмнiң қолданылу   Осы Келiсiмнiң қолданылу
кездесулер      мерзiмi iшiнде             мерзiмi iшiнде
--------------------------------------------------------------------

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз    
Республикасының Yкiметi арасындағы Қырғыз      
Республикасының цемент жеткiзуге қатысты       
бағалар бойынша міндеттемелер жөніндегi        
келiсiмге                         
5-қосымша                         

Мониторинг жүргізу үшін ақпарат беру нысаны

--------------------------------------------------------------------
КЖД N !Жөнелтушінің !Алушының !Тауардың !Көлемі !Құны     !Келісім-
мен   !атауы        !атауы    !СЭҚ ТН   !(тонна)!(мың АҚШ !шарттың N
күні  !             !         !бойынша  !       !доллары) !мен оны
      !             !         !коды,    !       !         !тіркеу
      !             !         ! тауардың!       !         !сертифика
      !             !         ! атауы   !       !         !тының
      !             !         !         !       !         !күні
--------------------------------------------------------------------
  1   !      2      !   3     !   4     !   5   !     6   !    7 --------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады