Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 8 шiлдедегi N 737 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 маусымдағы N 511 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi арасында Қырғыз Республикасынан цемент жеткiзуге қатысты бағалар бойынша мiндеттемелер жөнiнде келiсiм жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 8 шiлдедегi N 737 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      жоғарыда көрсетiлген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi арасындағы Қырғыз Республикасынан цемент жеткiзуге қатысты бағалар бойынша мiндеттемелер жөнiндегi келiсiмнiң жобасында:
      5-баптың 3-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Тарапы бастапқы кезең үшiн осы Келiсiмге қол қойылған сәттен бастап қолданылатын Қазақстан Республикасының шекарасына дейiнгi көлiктiк шығыстарды ескере отырып, бiр тоннасы үшiн 21,06 (жиырма бiр АҚШ доллары және алты цент) АҚШ долларына тең бағаны белгiлейдi. Салық салу тараптардың ұлттық заңнамасына және олар қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүргiзiледi";
      қорытынды ережелерде "үш" деген сөз "екi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетiлген Келiсiмге 3-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен Қырғыз Республикасының
Yкiметi арасындағы Қырғыз Республикасынан
цемент жеткiзуге қатысты бағалар бойынша
мiндеттемелер жөнiндегi келiсiмге 3-қосымша

_______________________________________________________________
     Жоспарланған      Келiссөздер күнi       Қолданылатын
     түзетулердiң                         бағаның күшіне енетiн
        саны                                     күнi
_______________________________________________________________
         1                                 Келiсiмнiң 13-бабының
                                           1-тармағына сәйкес
         2             2003 жылғы 1 тамыз  2003 жылғы 1 қыркүйек
         3             2003 жылғы 1 қараша 2003 жылғы 1 желтоқсан
         4             2004 жылғы 1 ақпан".
_______________________________________________________________

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi арасындағы Қырғыз Республикасынан цемент жеткiзуге қатысты бағалар бойынша мiндеттемелер жөнiндегi келiсiмнiң жобасына тиiстi өзгерiстер енгiзудi Қазақстан тарапының мақұлдағаны туралы Қырғыз тарапын хабардар етсiн және оған қол қою күнi мен орнын келiссiн.

      3. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi "Қырғыз Республикасынан цемент импорты кезiнде демпингке қарсы уақытша баж енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 10 мамырдағы N 620 қаулысына сәйкес Қырғыз Республикасынан цементтiң импорты кезiнде демпингке қарсы уақытша баж алу нәтижесiнде алынған ақшаны депозиттен республикалық бюджетке енгiзсiн.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi арасындағы Қырғыз Республикасынан цемент жеткiзуге қатысты бағалар бойынша мiндеттемелер жөнiндегi келiсiм күшiне енген күннен бастап қолданысқа енгiзiлетiн 3-тармақтан басқа, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады