Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешімдеріне толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы N 842 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.28. N 544 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттік берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде:

      реттiк нөмiрi 3-жолдың 3-бағаны:

      "байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын;

      "теңiз кемелерiне" деген сөздер "кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмiнде:

      "Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi" деген I бөлiмде:

      25-1-тармақта:

      "байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Теңiз кемелерiне" деген сөздер "Кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзiмi" деген II бөлiмде:

      21-1-тармақта:

      "байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Теңiз кемелерiне" деген сөздер "Кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) күші жойылды
      Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N 610 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3) "Қазақстан Республикасында көлiктегі қызметті лицензиялаудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 17 шiлдедегi N 794 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 243-құжат):

      1-тармақтың 2) тармақшасында:

      "байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын;

      "теңiз кемелерiне" деген сөздер "кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Теңiз кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарында:

      тақырыбында:

      "байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Теңiз кемелерiне" деген сөздер "Кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      бiрiншi абзацта:

      "байланысты теңiз" деген сөздерден кейiн "және өзен" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Теңiз кемелерiне" деген сөздер "Кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) тармақшада:

      "теңiз портының" деген сөздер "теңiз және өзен порттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "теңiз кемелерi" деген сөздер "кемелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "теңiз портында" деген сөздер "теңiз және өзен порттарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Mинистрінің


мiндетiн атқарушы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады