Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 17 шiлдедегi N 969 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 тамыз N 876. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.05.20. N 462 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Тоқтап тұрған кәсiпорындарды және тиiмдiлiгi шамалы өндiрiстердi саралаудың, кейiннен оларды белгiленген тәртiппен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне берудiң 2001-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 17 шiлдедегi N 969 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 26, 330-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тоқтап тұрған кәсiпорындарды және тиiмдiлiгi шамалы өндiрiстердi саралаудың, кейiннен оларды белгiленген тәртiппен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне берудiң 2001-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасында:
     "бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген 8-бөлiмде:
     реттiк нөмiрi 8.4.1-жол алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады