Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 92 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
"Бюджеттік кіші бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтағы кестеде:
5-баған "жабдықтарды жеткізіп беруді" деген сөздерден кейін "және жабдықтарды орнатуға арналған үй-жайларды қайта жабдықтауды" деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтағы кестеде:
5-бағанда:
"70" деген сан "210" деген санмен ауыстырылсын;
"59 бірлік" деген сөздер "154 бірлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
"лицензиялармен бағдарламалық қамтамасыз ету - 8 бірлік" деген сөздер "қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді (Астана қаласы бойынша ҚСжАО базасындағы алғашқы жоба) әзірлеу" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі