Әуеайлақтар мен әуежайларды тарату немесе көшiру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 4 қараша N 1167. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1398 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 25.12.2013 № 1398 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығының 87-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Әуеайлақтар мен әуежайларды тарату немесе көшiру ережесi бекiтілсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2002 жылғы 4 қарашадағы
N 1167 қаулысымен   
бекiтiлген      

Әуеайлақтар мен әуежайларды тарату
немесе көшiру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әуеайлақтар мен әуежайларды тарату немесе көшiру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығына (бұдан әрi - Жарлық) сәйкес әзiрленген және әуеайлақтар мен әуежайларды тарату немесе көшiру тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
      әуеайлақты (әуежайды) тарату - әуеайлақтың (әуежайдың) объектілерiн бөлшектеу және таратылған әуеайлақты (әуежайды) пайдаланудан шығару;
      әуеайлақты (әуежайды) көшiру - әуеайлақты (әуежайды), олардың жабдықтарын, әуеайлаққа, әуежайға меншiк нысанын және қызмет түрiн сақтай отырып, басқа орынға көшiру.

2. Әуеайлақтарды, әуежайларды тарату
немесе көшiру шарттары

      3. Әуеайлақты (әуежайды) тарату немесе көшiру мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:
      1) тарату немесе көшiру азаматтар мен ұйымдардың әуеайлаққа (әуежайға) қатысты құқықтарын немесе мүдделерiн бұзбаса;
      2) тарату немесе көшiру азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiне, қоршаған ортаға қатер төндiрмейтiн болса;
      3) әуеайлақты (әуежайды) тарату немесе көшiру ұшу қауiпсiздiгiн және/немесе авиациялық қауiпсiздiктi бұзбаса.

3. Әуеайлақты (әуежайды) тарату
немесе көшiру тәртiбi

      4. Әуеайлақты (әуежайды) тарату немесе көшiру туралы шешiмдi (бұдан әрi - шешiм) әуеайлақтың (әуежайдың) меншiк иесi қабылдайды, жазбаша түрде ресiмдейдi және таратудан немесе көшiруден 3 (үш) ай бұрын уәкiлеттi органға келiсуге жiбередi.
      Осы тармақ мемлекеттiк меншiк нысанындағы әуеайлақтарға (әуежайларға) қолданылмайды.

      5. Шешiмде мынадай ережелер болуы тиiс:
      1) әуеайлақтың (әуежайдың) пайдаланушысының атауы;
      2) әуеайлақтың (әуежайдың) меншiк иесi (меншiк иелерi) туралы деректер;
      3) тарату немесе көшiру негiздерi;
      4) әуеайлақты (әуежайды) тарату немесе көшiру мерзiмдерi.
      Меншiк иесi (немесе оның тапсырмасымен - пайдаланушы) көрсетiлген шешiмiмен бiрге объектiлердi және жабдықтарды бөлшектеу, құрастыру тәртiбiн (бұдан әрi - бөлшектеу, құрастыру тәртiбi) әзiрлейдi, әуеайлақтың (әуежайдың) аумағында меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде мүлкi бар заңды немесе жеке тұлғалардың келiсiмiн алады және келiсу үшiн уәкiлеттi органға жiбередi.
      Уәкiлеттi органның көрсетiлген құжаттарды келiсу мерзiмi оларды алған күннен бастап 15 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс.
      Осы Ереженiң 3-тармағында көзделген шарттар сақталмаған жағдайда уәкiлеттi орган шешiмге және бөлшектеу, құрастыру тәртiбiне келiсiм беруден бас тартуы мүмкiн.

      6. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттiң мүдделерiн, азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету үшiн мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша әуеайлақты (әуежайды) тарату немесе көшiру жөнiнде комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрады. Комиссияны құру мерзiмi уәкiлеттi органмен шешiмдi және бөлшектеу, құрастыру тәртiбiн келiскен күннен бастап 30 күннен аспауға тиiс.
      Комиссия құрамына уәкiлеттi органның, мүдделi мемлекеттiк органдардың, әуеайлақтың (әуежайдың) меншiк иесiнiң өкiлдерi кiредi. Комиссия құрамына тиiстi ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестiру институттарының (ұйымдарының) өкілдерi мiндеттi тәртiппен кiруi тиiс.
      Таратылатын немесе көшiрілетiн әуеайлақ (әуежай), не олардың мүлкiнiң бiр бөлiгi мемлекеттiң меншігі болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң немесе оның аумақтық органдарының өкiлдерi Комиссия құрамына енгiзiледi.

      7. Уәкiлеттi орган Комиссияның қарауына келiсiлген шешiм мен бөлшектеу, құрастыру тәртiбiн енгiзедi.

      8. Комиссия құрылған күнiнен бастап 30 күн iшiнде:
      1) таратуға немесе көшiруге жататын объектiнi тексерудi жүргiзедi, құжаттаманы зерделейдi, оның техникалық және пайдалану жай-күйiн белгiлейдi;
      2) осы әуеайлақты (әуежайды), сондай-ақ оның жекелеген объектiлерi мен жабдықтарын одан әрi пайдалану мүмкiндігін (мүмкiн еместігін) анықтайды;
      3) осы Ереженiң 3-тармағында көзделген тарату, көшiру шарттарының сақталуын тексередi;
      4) осы Ереженiң қосымшасына сәйкес жұмыс нәтижесi бойынша әуеайлақты (әуежайды) тарату немесе көшiру мүмкiндігі (мүмкiн еместiгi) туралы қорытындысы бар әуеайлақты (әуежайды) тарату (көшiру) актiсiн жасайды.

      9. Әуеайлақтың (әуежайдың) меншiк иесi (немесе оның тапсырмасымен пайдаланушы) Комиссия талабы бойынша:
      таратылатын, көшiрілетiн әуеайлаққа (әуежайға) қатысты қажеттi ақпарат бередi;
      әуеайлақ (әуежай) толық таратылғанға немесе көшiрілгенге дейiн әуеайлақ ауданында ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды.

      10. Комиссия:
      1) таратылатын, көшiрілетiн әуеайлаққа (әуежайға) немесе олардың объектiлерiне, жабдықтарына қатысты қажеттi ақпаратты, құжаттаманы сұратады;
      2) әуеайлақ (әуежай) объектiлерiне олардың техникалық жай-күйiн қарау, тексеру және анықтау мақсатында барады;
      3) ұшу қауiпсiздiгiн, мемлекет мүддесiнiң сақталуын, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында қажеттi шаралар қабылдайды.

      11. Актiде әуеайлақтың (әуежайдың) объектілерiн қарау, тексеру нәтижелерiнiң көрсетiлуi, оның толық сипаттамасы және 3-тармақта жазылған шарттарды сақтай отырып, әуеайлақты (әуежайды) тарату немесе көшiру мүмкiндiгі (мүмкiн еместігі) туралы қорытындысы болуы тиiс.
      Комиссияның шешiмi бойынша Актiде таратылатын, көшiрiлетін әуеайлаққа (әуежайға) қатысты басқа да қосымша деректер көрсетiлуi Комиссия әуеайлақты (әуежайды), сондай-ақ оның жекелеген объектiлерi мен жабдықтарын одан әрi пайдалану мүмкiндiгін анықтау үшiн тиiстi ғылыми-зерттеу, жобалау-iздестiру институттарын және олардың өкiлдерiн, сондай-ақ жабдықтарды жасаушы зауыттардың өкiлдерiн тартуы мүмкiн.

      12. Актi әуеайлақ (әуежай) меншiк иесi және уәкiлеттi орган үшiн бiр-бiр данадан жасалады және оған Комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.

      13. Әуеайлақтың (әуежайдың) объектiлерiн, жабдықтарын тексеру нәтижелерi бойынша Актiге қоса берілетiн олардың техникалық жай-күйiн бағалау ведомосi, объектiлердi, жабдықтарды есептен шығару актiлерi жасалады.

      14. Пайдалану шарттарын, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу салдарынан әуеайлақ (әуежай) таратылатын немесе көшiрiлетін жағдайда қажет болған кезде Қазақстан Республикасының тиiстi құқық қорғау органдарына жiберiлетiн осы бұзушылықтар жөнiндегi деректер Актiге қоса берiледi.

      15. Әуеайлақты (әуежайды) тарату, көшiру анықталғаннан кейiн меншiк иесi (немесе оның тапсырмасымен пайдаланушы) Актiге және бөлшектеу, құрастыру тәртiбiне сәйкес уәкiлеттi органға әуеайлақтың (әуежайдың) таратылуы, көшiрiлуi туралы есептi жiбередi.

      16. Әуеайлақтың (әуежайдың) меншiк иесi Комиссия қорытындысымен, уәкiлеттi органның шешiмiмен келiспеген жағдайда барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.

Әуеайлақтар мен әуежайларды    
таратудың немесе көшiрудiң ережесiне
қосымша              

Әуеайлақты (әуежайды) тарату (көшiру)
АКТIСI

      Тарату (көшiру) жөнiндегi комиссия мына құрамда:
Комиссия төрағасы ________________________________________________
Комиссия мүшелерi: _______________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
әуеайлағын (әуeжайын) тарату (көшiру) туралы шешiм қабылдау
мақсатында оның объектiлерiне, жабдықтарына тексеру жүргiздi.
Әуеайлақтың (әуежайдың) заңды мекен-жайы _________________________
Әуеайлақтың (әуежайдың) меншiк иесi ______________________________
Әуеайлақтың (әуежайдың) пайдаланушысы ____________________________
Әуеайлақтың сыныбы _______________________________________________
Әуеайлақтың (әуежайдың) өткiзу қабiлетi __________________________
Пайдаланудың басталу күнi ________________________________________
Пайдалану басталғаннан бергi күрделі жөндеу саны _________________
Соңғы күрделi және ағымдағы жөндеу күнi __________________________
Негiзгi өндiрiстiк қорлардың (жалпы) құны ___________________ теңге
Негiзгi өндiрiстiк қорлардың есептелген тозу сомасы _________ теңге
Негiзгi өндiрiстік қорлардың қалдық құны ____________________ теңге
Негiзгi өндiрiстiк қорларды есептен шығарудан (тарату, авария немесе
табиғи апаттар жағдайында) болған шығындар ___________ теңге
Әуеайлақтың (әуежайдың) негiзгi өндiрiстiк қорларының әрбiр объектiсi,
жабдықтары бойынша қалдық құны: _______________________
__________________________________________________________________
Әуеайлақты (әуежайды) таратуға немесе көшiруге қажетті шығындар
_____________________________________________________________ теңге
Әуеайлақтың (әуежайдың) техникалық жай-күйінің сипаттамасы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Комиссия қорытындысы ________________________________________
___________________________________________________________________

       Комиссия төрағасы:
 

            Комиссия мүшелері:
 

            М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады