Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 24 қазандағы N 713 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы
24 қазандағы N 713 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы
Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның жұмысын оңтайландыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы" 2001 жылғы 24 қазандағы N 713 Жарлығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) 3-тармақтағы "1 сәуiрге" деген сөздер "1 желтоқсанға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшада:
Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрі
Нағманов - Қазақстан Республикасының Көлiк
Қажымұрат Ыбырайұлы және коммуникациялар министрi;
мына жолдар:
"Павлов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Александр Сергеевич Министрiнiң орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi, төрағаның орынбасары"
"Есенбаев - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы Экономика және сауда министрi"
"Кәкiмжанов - Қазақстан Республикасының
Зейнолла Халидоллаұлы Мемлекеттiк кiрiс министрi"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Павлов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Александр Сергеевич Министрiнiң бiрiншi орынбасары,
төрағаның орынбасары"
"Есенбаев - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы Индустрия және сауда министрi"
"Кәкiмжанов - Қазақстан Республикасының
Зейнолла Халидоллаұлы Қаржы министрi";
көрсетiлген құрамнан мыналар шығарылсын: Бейсембетов Ескендiр Қалыбекұлы, Мырзахметов Абылай Исабекұлы;
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы ережеде:
8-тармақтағы "Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiгiне" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Комиссияның отырысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанда кемiнде бiр рет өткiзiледi".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi