Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 20 қараша N 1223. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 140 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2017 № 140 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға;

      Белоног Анатолий Александрович - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, төрағаның орынбасары;

      Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;

      Жақыпов Қабиболла Қабенұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі;

      Хамзин Рүстем Назымбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар департаментінің директоры;

      мына:

      "Ержанов Аманияз Қасымұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының орынбасары;

      Шығанбаев Ерғали Әбдімомынұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Кеден режимдері мен кедендік ресімдеуді бақылауды ұйымдастыру бас басқармасының бастығы;

      Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі;

      Әбусейітов Қайрат Қуатұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі;

      Сармұрзина Раушан Ғайсақызы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару департаментінің директоры" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ержанов Аманияз Қасымұлы - Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;

      Шығанбаев Ерғали Әбдімомынұлы - Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаменті бастығының орынбасары;

      Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі;

      Әбусейітов Қайрат Қуатұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер бірінші вице-министрі;

      Сармұрзина Раушан Ғайсақызы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік активтерді технологиялық дамыту және басқару департаментінің директоры";

      көрсетілген құрамнан Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов, Арман Тергеуұлы Айдарханов, Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, Болат Ахашбекұлы Жұмабеков, Вадим Павлович Зверьков, Сұлтанғали Қабденұлы Кесікбаев, Мұстафина Сабила Сапарқызы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады