"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 28 қараша N 1266

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

    Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтыру енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2001 жылғы 26 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 28 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне заңсыз көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 22 ақпандағы Заңы ):
      173-бап мынадай мазмұндағы 16-бөлікпен толықтырылсын:
      "16. Міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға міндетті немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу -
      лауазымды адамға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.".

      2-бап. Осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады