"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 27 желтоқсан N 1382

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

      Қаулы етемін:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1997 жылғы 20 тамыздағы N 3621  Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 39, 367-құжат);
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 тамыздағы N 3621 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" 1998 жылғы 14 шілдедегі N 4013 Жарлығы ;
      3) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 тамыздағы N 3621 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 323 Жарлығы ;
      4) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 тамыздағы N 3621 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 14 желтоқсандағы N 512 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 54, 592-құжат).

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады