Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.25 № 962 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күші бар Жарлығының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1386 қаулысымен
бекітiлген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ
КЕМЕЛЕРIНІҢ ҰШУ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ СЕРТИФИКАТЫН БЕРУ
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) уәкiлеттi органның азаматтық әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын үлгi сертификаты негiзiнде ұшу жарамдылығы сертификатын беру тәртiбiн белгілейдi.
2. Ұшу жарамдылығы сертификаты азаматтық әуе кемесiнiң мiндеттi құжаты болып табылады. Ұшу жарамдылығының қолданыстағы сертификатынсыз тек әуе кемелерiн жасаушы зауыттан, авиажөндеу кәсіпорнынан немесе басқа ұйымдардан алған кезде әуе кемесiнiң бортында қабылдау-өткiзу актiсi және ұшуға тапсырма болғанда оны тұрақты орналасатын жерiне дейiн айдап апаруға ғана рұқсат етiледi.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) уәкілеттi орган - өзінің құзыретi шегiнде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк саясатты, азаматтық және эксперименттiк авиацияның қызметiн мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен реттеудi және әуе кеңiстiгiн пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органы;
2) ұшу жарамдылығы сертификаты - азаматтық әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін куәландыратын үлгi сертификаты негiзiнде уәкiлеттi орган берген құжат;
3) үлгi сертификаты - уәкiлеттi орган берген, әуе кемесi, авиация кемесi, авиациялық қозғалтқыш үлгiсінің және жаңа үлгілердегi әуе винтiнiң ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;
4) әуе кемесiнiң, қозғалтқыштар мен негiзгi агрегаттардың формуляры - авиациялық техниканың пайдаланымын (күнтiзбелiк, сағаттық және қонулар бойынша) және оның техникалық жай-күйiн есепке алуға арналған негiзгi құжаттар.
2. Ұшу жарамдылығы сертификатын беру тәртібi мен шарттары
4. Ұшу жарамдылығы сертификатын осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган бередi. Ұшу жарамдылығы сертификатын алу үшін өтiнiш берушi уәкілеттi органға осы Ереженiң 2-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес өтiнiш және мынадай құжаттар ұсынады:
1) үлгi сертификатының көшiрмесi;
2) азаматтық әуе кемесiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
3) уәкілеттi орган бекiткен нысан бойынша әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау актiсi;
4) егер әуе кемесi жалданатын болса, жалға алу туралы шарттың немесе сатып алу-сату шартының көшiрмесi;
5) қабылдау-өткiзу актісiнiң көшiрмесi;
6) ұшуға жарамдылығы туралы экспорттық куәліктің көшiрмесi (егер әуе кемесi Қазақстан Республикасына импортталса);
7) техникалық қызмет көрсету және авиация техникасын жөндеу жөнiндегi қызметтерге сертификаты бар ұйымдар берген, әуе кемесiнiң ресурсын анықтайтын құжаттың түпнұсқасы.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.12. N 1193 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
5. Әуе кемесiнiң шетелдiк мемлекет берген ұшу жарамдылығы сертификаты оларға сәйкес ол берілген немесе күшіне eнген талаптар Қазақстан Республикасы белгiленген стандарттарға жауап берген жағдайда Қазақстан Республикасында күшiнде деп танылады.
6. Әуе кемесiне шетелдiк мемлекет берген ұшу жарамдылығының Қазақстан Республикасында күшiнде деп танылған сертификатына уәкiлетті орган осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы сертификатын күшінде деп туралы шешiм бередi.
Азаматтық әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығының сертификатын күшіндe деп тану туралы шешiм алу үшін өтініш берушi уәкiлетті органға осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш, сондай-aқ мынадай құжаттарды ұсынады:
1) әуе кемесiн тiркеу туралы куәлiк;
2) ұшу жарамдылығы сертификаты;
3) пайдаланушы сертификатының көшiрмесi және оның пайдалануға рұқсаты бар әуе кемелерiнiң үлгілерi көрсетілген толықтырулары;
4) әуе кемесiнiң ұшулардың зиянды әсерiнен қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкестiгi сертификаты;
5) экспорттаушы мен импорттаушының авиациялық билiк органдары арасындағы әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығын сақтау рәсiмдерiн анықтау жөнiндегi келiсiм;
6) әуе кемесiн және қозғалтқыштарды жасаушылармен Ұшу және техникалық пайдалану бюллетендерi бойынша басшылыққа барлық түзетулердi, әуе кемесiн қауiпсiз пайдалануға қатысты ұшу жарамдылығы директиваларын уәкілеттi органға мiндеттi түрде жiберу туралы шарттың көшiрмелерi;
7) әуе кемесiн қайта жабдықтау жөнiндегi құжаттардың көшірмелерi (егер үлгi қайта жабдықталса).
7. Өтініш берушi ұсынылған құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде белгiленген жауапкершілiк алады.
Өтiнiш берушi құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган оларды 7 жұмыс күнiнiң iшiнде өтiнiш берушiге қайтарады. Бұл ретте, өтiнiш берушi уәкілеттi органға қайтадан өтiнiш беруге құқылы.
Уәкiлетті орган осы Ережеге сәйкес өтiнiш берушi ұсынған барлық құжаттарды алған күннен бастап 30 күннен кешiктiрмей, ұшу жарамдылығы сертификатын беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
8. Ұшу жарамдылығы сертификатын абайсызда бүлдiріп алған, жоғалтқан, ұрлатқан жағдайда әуе кемесiн пайдалану дереу тоқтатылуы тиiс. Ұшу жарамдылығы сертификатының көшiрме нұсқасын алу үшiн өтiнiш берушi уәкiлетті органға осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш және өтiнiш бepушi жүргiзген қызметтiк тексеру материалдарын ұсынады.
9. Уәкілеттi органға қарауға берілетiн құжаттардың көшiрмелерi нотариалды расталған болуы тиiс.
3. Әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы сертификатының талаптарына сәйкестiгiн бақылау (тексеру)
10. Әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы сертификатының талаптарына сәйкестiгiн бақылауды (тексерудi) жүзеге асыру кезiнде уәкілеттi органның өкiлi:
әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн;
әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестiгiн;
әуе кемесiнiң, қозғалтқыштар мен негiзгi агрегаттардың формулярын;
әуе кемесiне бюллетендердiң және түзетулердiң орындалуын;
регламенттiк жұмыстардың, әуе кемесiн жөндеудiң немесе ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстардың орындалуын;
әуе кемесiнiң және оның агрегаттарының pecурстары мен қызмет ету мерзiмдерiн тексередi.
Әуе кемелерiн бақылауды (тексерудi) уәкiлетті орган жылына кемiнде екi рет, көктемгі-жазғы және күзгi-қысқы навигациялар кезiнде жүзеге асырады.
Әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы сертификатының талаптарына сәйкестiгiн бақылау пайдаланушының инженерлiк-техникалық персоналының тiкелей қатысуымен жүзеге асырылады.
11. Әуе кемесiнің ұшу қауiпсiздігі сертификатының талаптарына сәйкессiздiгi анықталған жағдайда ұшу жарамдылығы сертификаты заңнамада белгiленген тәртіппен қайтарылып алынуы немесе ұшу жарамдылығы сертификатын берген мемлекеттiк орган оның күшін уақытша тоқтата тұруы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1386 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық
әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы
сертификатын беру ережесіне
1-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ
АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ ҰШУ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ СЕРТИФИКАТЫ
N 0000
-------------------------------------------------------------------
1. Әуе кемесінің түрі|2. Ұлттық және тіркеу|3. Сериялық (зауыттық)
мен қолданылуы | белгілері | нөмірі
| UN-0000- | 000000
-------------------------------------------------------------------
4. ________________ Ұшу жарамдылығы сертификаты (аттестаты)
5. Әуе кемесі Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеліміне _____________ N ____ болып енгізілді.
6. Әуе кемесіне Солтүстік Атлантика тректерінің ұйымдасқан жүйесінде (OTS) ____________ бастап ұшуға рұқсат етілді.
7. Әуе кемесі ұшуға ИКАО-ның _______ санаты бойынша жіберілді.
8. Осы сертификат жоғарыда аталған әуе кемесіне Қазақстан Республикасы Президентінің "Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы "20.12.1995 ж. заң күші бар Жарлығына және 07.12.1944 ж. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес берілді.
Осы әуе кемесі аталған құжаттарға және белгіленген пайдалану шектеулеріне сәйкес ұсталса және пайдаланылса, ұшуға жарамды деп есептеледі.
9. Сертификаттың қолданылу мерзімі ______ дейін
Азаматтық авиация
комитетінің төрағасы _________________ М.О.
(Қолы, аты-жөні)
Берілген күні _____________
-------------------------------------------------------------------
Радиостанцияны мынадай шақыру сигналдарымен пайдалануға рұқсат етіледі: телеграфпен ___________ телефонмен ____________
Конструкцияның салмағы (масса - кг) ____________
Орталықтау % ОАХ ____________ М.О.
Азаматтық авиация
комитетінің төрағасы ____________
Берілген күні ____________
-------------------------------------------------------------------
Сертификаттың қолданылу мерзімі _______ дейін ұзартылды
Негіздеме _________________________________________________
___________________________________________________________
Азаматтық авиация
комитетінің төрағасы _________________ М.О.
(Қолы, аты-жөні)
Берілген күні _____________
-------------------------------------------------------------------
Сертификаттың қолданылу мерзімі _______ дейін ұзартылды
Негіздеме _________________________________________________
___________________________________________________________
Азаматтық авиация
комитетінің төрағасы _________________ М.О.
(Қолы, аты-жөні)
Берілген күні _____________
-------------------------------------------------------------------
Сертификаттың қолданылу мерзімі _______ дейін ұзартылды
Негіздеме _________________________________________________
___________________________________________________________
Азаматтық авиация
комитетінің төрағасы _________________ М.О.
(Қолы, аты-жөні)
Берілген күні _____________
-------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1386 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық
әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы
сертификатын беру ережесіне
2-қосымша
ӨТІНІШ
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
_____________ тиесілі _____________________________________________
______________________________________________________әуе кемесіне
(әуе кемесінің түрі, тану белгісі)
Ұшу жарамдылығы сертификатын беруіңізді сұраймын.
Әуе кемесі тізілімге ___ ж. "___" _________ N ____ болып енгізілді.
Әуе кемесі туралы деректер:
1. Әуе кемесiнiң түрi _______________ қолданылуы _________________
2. Ұлттық және тiркеу белгiлерi __________________________________
3. Әуе кемесінің сериялық (зауыттық) нөмiрi ______________________
4. Әуe кемесiнiң жасалған күні ___________________________________
5. Үлгi сертификаты немесе балама құжат және оның нөмiрi _________
6. Әуе кемесiне ИКАО-ның _____ санаты бойынша ұшуға рұқсат етiлдi.
7. Соңғы жөндеу жүргiзiлген күнi және орны _______________________
8. Әуе кемесінің ұшуы
- пайдалану басталғаннан берi:_____ сағ. ______ қонуы _____ жыл
- соңғы жөндеуден кейiн: _____ сағ. ______ қонуы _____ жыл
9. Жөндеуге дейiнгi ресурс қалдығы: __ сағ. ______ қонуы _____ жыл
10. Массасы, кг ____________ Орталықтау, % ОАХ ____________
11. Пайдаланушының тех.жағдайды тексеру актiсiн бекiткен күнi ____
12. Техникалық байқауды кiм жүргiздi _____________________________
13. Әуе кемесiн жетiлдiрудi, өзгертудi орындаған ұйым, орындаған күнi _____________________________________________________________
14. Пайдалану-техникалық деректерге енгiзiлген, жүргiзiлген жетiлдiрудiң нәтижесi болған өзгерiстер көрсетiлсін (егер орын алса)
- ұшуға пайдалану жөнiндегi басшылық: ____________________________
- техникалық пайдалану жөнiндегi басшылық: _______________________
- техникалық қызмет көрсету регламентi: __________________________
15. Пайдаланушының заңды мекен-жайы, телефоны, факсi _____________
__________________________________________________________________
16. Сертификатты қандай мерзiмге беру (ұзарту) талап етiледi: ____
М.О. __________________________
(лауазымы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1386 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық
әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы
сертификатын беру ережесіне
3-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
КӨЛIК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРЛIГI
АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ ҰШУ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ СЕРТИФИКАТЫН ЖАРАМДЫ ДЕП ТАНУ
ТУРАЛЫ ШЕШІМ
__________________________________________________________ берiлдi
Қазақстан Pecпубликасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының ұшу жарамдылығы нормалары талаптарының барабарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация комитеті берілген ________________________________________________
_______________________________________ жарамды деп таниды.
Азаматтық әуе кемесінің
N ____ Ұшу жарамдылығы сертификаты
Сериялық (зауыттың) нөмірі __________________
Мемлекеттік және тіркеу тану белгісі _______________
Азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификаты мен оны жарамды деп тану туралы осы қорытынды Қазақстан Республикасының аумағында 200 ж. __________ дейінгі кезеңге әуе кемесінде көліктік ұшуды орындауға құқық береді.
Қорытынды 200 ж. _________ дейін жарамды
Азаматтық авиация
комитетінің төрағасы _________________ М.О.
(қолы)
Берілген күні _____________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1386 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық
әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы
сертификатын беру ережесіне
4-қосымша
ӨТІНІШ
_____________ тиесілі _____________________________________________
(мемлекет атауы)
_____________ тізіліміне __ ж. "____" ______ N ______________ болып
енгізілген ____________________________________________әуе кемесіне
(әуе кемесінің түрі, тану белгісі)
N _____ Ұшу жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану туралы шешім беруіңізді сұраймын.
Әуе кемесі туралы деректер:
1. Үлгi сертификаты немесе балама құжат және оның нөмiрi
а) әуе кемесi __________________
б) қозғалтқыштар ________________
в) әуе бұрандалары ______________
2. Мемлекеттік және тiркеу белгiлерi _____________________________
3. Әуе кемесінің түрі мен қолданылуы _____________________________
4. Әуe кемесiнiң жасалған күні мен сериялық нөмiрi _______________
5. Соңғы жөндеу жүргiзiлген күн мен орын _________________________
6. Әуе кемесінің ұшуы
- пайдалану басталғаннан берi:_____ сағ. ______ қонуы _____ жыл
- соңғы жөндеуден кейiн: _____ сағ. ______ қонуы _____ жыл
7. Жөндеуге дейiнгi ресурс қалдығы: __ сағ. ______ қонуы _____ жыл
8. Қозғалтқыштардың түрі және саны _______________________________
9. Әуе бұрандаларының түрі _______________________________________
10. Мыналардың: а) ұшып көтерілудің ___; б) қонудың ________ ең
жоғары массасы
11. Орындар саны: а) жолаушылар _________; б) экипаж _____________
12. Жердегі шу жөніндегі куәлік __________________________________
13. Әуе кемесінің меншік иесі және оның мекен-жайы _______________
__________________________________________________________________
14. Әуе кемесін пайдаланушы, пайдаланушы куәлігінің нөмірі және заңды мекен-жайы _______________________________________________________
15. Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымның атауы
__________________________________________________________________
__________________________
(лауазымы)
М.О. __________________________
(қолы, аты-жөні)
200_ ж. "____" ____________
Авиакомпанияның инженерлік-авиациялық қызметі басшысының әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы
__________________________________________________________________
__________________________
(лауазымы)
М.О. __________________________
(қолы, аты-жөні)
200_ ж. "____" ____________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1386 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық
әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы
сертификатын беру ережесіне
5-қосымша
ӨТІНІШ
__________________________________________________________ тиесілі
тізілімге ____ж. "___" __________ N ___ болып енгізілген _________
_____________________________________________әуе кемесіне берілген
(әуе кемесінің түрі, тану белгісі)
N ___ әуе кемесінің Ұшу жарамдылығы сертификатына көшірме нұсқа беруіңізді сұраймын.
Ауыстыру (көшірме нұсқа беру себебі) ______________________________
___________________________________________________________________
Әуе кемесі туралы деректер:
1. Әуе кемесiнiң түрi _______________ қолданылуы _________________
2. Ұлттық және тiркеу белгiлерi __________________________________
3. Әуе кемесінің сериялық (зауыттық) нөмiрi ______________________
4. Әуe кемесiнiң жасалған күні ___________________________________
5. Үлгi сертификаты немесе балама құжат және оның нөмiрi _________
6. Әуе кемесi ұшуға ИКАО-ның _____ санаты бойынша жіберілді
7. Соңғы жөндеу жүргiзiлген күнi мен орны ________________________
8. Әуе кемесінің ұшуы
- пайдалану басталғаннан берi:_____ сағ. ______ қонуы _____ жыл
- соңғы жөндеуден кейiн: _____ сағ. ______ қонуы _____ жыл
9. Жөндеуге дейiнгi ресурс қалдығы: __ сағ. ______ қонуы _____ жыл
10. Массасы, кг ____________ Орталықтау, % ОАХ ____________
11. Пайдаланушының тех.жағдайды тексеру актiсiн бекiткен күн _____
12. Пайдаланушының заңды мекен-жайы, телефоны, факс _____________
__________________________________________________________________
16. Сертификатты қандай мерзiмге беру (ұзарту) талап етiледi: ____
__________________________
(лауазымы)
М.О. __________________________
(қолы, аты-жөні)
200_ ж. "____" ____________
Авиакомпанияның инженерлік-авиациялық қызметі басшысының әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы
__________________________________________________________________
__________________________
(лауазымы)
М.О. __________________________
(қолы, аты-жөні)
200_ ж. "____" ____________