"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына 2000 жылғы 29 қарашадағы N РВ/086096062117/10/3-69 келісім-шарт және 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 186035022104 қосымшаға сәйкес номенклатурада және санда Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрлігі үшін (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы) "Рособоронэкспорт" федералдық мемлекеттік біртұтас кәсіпорны (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) беретін арнайы мүліктің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен арнайы мүліктің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 17 қаңтардағы
N 41 қаулысына
қосымша
Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
үшін (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы)
"Рособоронэкспорт" федералдық мемлекеттік біртұтас
кәсіпорны (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) беретін
арнайы мүліктің номенклатурасы мен саны
-------------------------------------------------------------------
Р/с | Арнайы | СЭҚ ТН | Өлшем | Саны | Бірлігінің | Сомасы
N | мүліктің | коды |бірлігі| | бағасы |
| атауы | | | | АҚШ |
| | | | | долларымен |
-----|----------|----------|-------|------|------------|-----------
1 М-204Д 8543899000 жиынтық 32 19605,0 627360,0
бұйымы
2 М-205 8543899000 дана 500 11,59 5795,0
бұйымға
РУ 6.394.
001
привод
белдігі
-------------------------------------------------------------------
Жиыны 633155,00
-------------------------------------------------------------------
Жөнелту пункті: Санкт-Петербург қаласы (Ресей Федерациясы),
Баратын пункті: Ташкент қаласы (Өзбекстан Республикасы),
Шекаралық өту пункттері: Илецк-1 (Ресей Федерациясы),
Сарыарқа (Қазақстан Республикасы).