Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.18 N 1070 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес, сондай-ақ азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы заңнаманы одан әрі жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу ережесi;
2) Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды және олар көрсететiн қызметтердi сертификаттау ережесi;
3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.09.26 N 891 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен;
4) Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.09.26 N 891 Қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
N 106 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттiк тiркеу
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының, "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиiстi халықаралық шарттарды ескере отырып, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзiрленген.
Ереже Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу және олардың Мемлекеттік тiзiлімiн (бұдан әрi - Тiзілiм) жүргізу, әуе кемесiнің Тiзілiмге енгізiлгенiн куәландыратын құжат болып табылатын азаматтық әуе кемелерi, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктi (бұдан әрi - Куәлiк) беру тәртiбiн анықтайды. Куәлiк кеме құжаты болып табылады.
Ереже аса жеңіл авиацияның әуе кемелерiне де қолданылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.12. N 934 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының барлық азаматтық әуе кемелерi, сондай-ақ оларға арналған құқықтар және олармен жасалатын мәмiлелер мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Сондай-ақ мәмiлелер мен өзге де заңи фактiлердiң нәтижесiнде азаматтық әуе кемелерiне арналған құқықтардың (ауыртпалықтардың) өзгеруi және тоқтатылуы тiркеуге жатады.
3. Осы Ережеге сәйкес уәкілеттi орынға берiлетiн барлық құжаттар азаматтық әуе кемесiн пайдаланудың бүкiл мерзiмi iшiнде сақталуға жатады.
4. Азаматтық әуе кемелерiн тiркеу, Куәлiктердi ауыстыру, Куәлiктердiң телнұсқаларын беру жөніндегі, азаматтық әуе кемесiн Тiзiлiмнен алып тастау туралы Куәліктердi беру жөнiндегi құжаттар азаматтық әуе кемесiн есептен шығарған соң бiр жыл өткенге дейiн сақталады. Есептен шығарғаннан кейiн бiр жыл өткен соң құжаттар белгіленген тәртiппен жойылады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелерді мемлекеттiк тiркеу тәртiбi
5. Азаматтық әуе кемесiн мемлекеттiк тiркеу уәкілетті орган немесе басқа мемлекеттің тиiсті органы берген және Қазақстан Республикасында жарамды деп танылған, азаматтық әуе кемесiнiң Ұшу жарамдылығының сертификаты, Үлгi сертификаты болғанда ғана жүзеге асырылады.
6. Азаматтық әуе кемесiнiң меншiк иесi немесе пайдаланушы оны мемлекеттік тiркеу үшін уәкілетті органға тиiстi құжаттарды қоса ұсына отырып, өтiнiш бередi.
7. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынылатын құжаттардың тiзбесiн уәкiлеттi орган белгілейдi.
8. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу қажеттi құжаттар қоса ұсынылған өтiнiш берiлген күннен бастап 15 жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiледi.
9. Құжаттардың толық емес пакетi ұсынылған жағдайда уәкiлеттi орган қайтару себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге құжаттарды қайтарады.
10. Уәкiлеттi органның анықтаған кемшiлiктерiн жойған кезде өтiнiш берушi азаматтық әуе кемесiн мемлекеттiк тiркеу үшiн уәкілеттi органға қайтадан өтiнiш бере алады. Бұл ретте мемлекеттiк тiркеу үшін алым төлеу талап етілмейді.
11. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алынған қаражат республикалық бюджетке аударылады.
3. Тiзілім жүргiзу тәртібi
12. Тiзiлімді жүргiзудi уәкiл орган жүзеге асырады.
13. Шетелдік азаматтық әуе кемелерi, сондай-ақ оларға арналған құқықтар және олармен жасалатын мәмiлелер туралы мәлiметтер Тiзiлiмге оларды шетел мемлекетi әуе кемелерiнiң тiзiлiмiнен шығарғаннан кейiн ғана енгiзiледi.
14. Егер азаматтық әуе кемесi екiншi шолу радиолокаторының S режимiне ие болса, онда оған тiркеу кезiнде әуе кемесiнiң 24-биттік адресi берiледi.
15. Тiзiлiмге енгiзiлген азаматтық әуе кемесi Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігінде де, сол сияқты одан тысқары жерде де ұшуға жiберіледi.
16. Азаматтық әуе кемесi Тізілімнен мынадай жағдайларда шығарылады:
1) азаматтық әуе кемесi пайдалану есебiнен шығарылса немесе алынса, азаматтық әуe кемесi бұзылса және оны қалпына келтіру мүмкiн болмаса немесе із-түзсіз жоғалса, егер оны iздестiру тоқтатылса;
2) азаматтық әуе кемесi белгiленген тәртiппен шетелдік мемлекетке, шетелдiк заңды немесе жеке тұлғаға сатылса немесе берiлсе;
3) азаматтық әуе кемесi мемлекеттiк немесе эксперименталдық санатқа ауыстырылса;
4) әуе кемелерін тiркеу рәсiмдерiнде көзделген басқа да жағдайларда.
17. Азаматтық әуе кемесiн Тiзiлiмнен шығару үшiн меншiк иесi немесе иеленушi уәкілеттi орынға тиiстi құжаттарды қоса ұсына отырып өтініш бередi.
Азаматтық әуе кемесiн Тiзiлiмнен шығару үшiн ұсынылатын құжаттардың тізбесін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
18. Тiзiлiмнен шығарылған азаматтық әуе кемесiнің куәлігі, сондай-ақ Тiзiлімде осы кемеге қатысты жасалған барлық жазбалар күшiн жояды және Тiзiлiмнен шығарылған сәттен бастап он күндiк мерзімде уәкілетті органға қайтаруға жатады.
4. Куәлiкті беру тәртiбi
19. Ұсынылған құжаттардың негiзiнде уәкілеттi орган азаматтық әуе кемесін Тізілімге енгiзедi және Куәлiк (қосымша) бередi және тағайындауына байланысты азаматтық әуе кемесiне мына атаулардың бiрi беріледi:
1) жолаушылар;
2) көліктік;
3) айырбасталымды;
4) жүк-жолаушылар;
5) арнайы қолдану;
6) санитарлық;
7) жаттығу.
20. Куәлік ұшулар кезiнде азаматтық әуе кемесiнiң бортында болуы тиiс. Борттық құжаттарды көшірмеге ауыстыруға рұқсат етілмейді.
21. Куәліктің "Азаматтық әуе кемесiн табыстау туралы белгiлер" бөлiмiне мынадай жағдайларда тиiстi өзгерістер енгiзiледi:
1) егер Тiзiмге енгiзiлген азаматтық әуе кемесiне берiлген меншік құқығы немесе өзге құқық, сондай-ақ осы құқыққа түсетін ауыртпалықтар басқа заңды немесе жеке тұлғаға ауысатын болса;
2) азаматтық әуе кемесiнiң пайдаланушысы өзгерген болса.
22. Куәлiкке өзгерiстер енгiзу үшiн уәкілеттi органға тиiстi құжаттар қоса ұсынылған өтiнiш берiледi. Куәлiкке өзгерiстер енгiзу үшін тиiстi құжаттардың тiзбесiн уәкілеттi орган бекiтедi.
23. Куәлiкке өзгерiстер енгiзу туралы өтiнiштi қарау мерзiмi 10 жұмыс күнiн құрайды.
24. Куәлiкке өзгерiстер енгiзу алым өндiрiп алмай жүзеге асырылады.
25. Азаматтық әуе кемесiн қайта жабдықтағаннан кейiн қызметi өзгерген кезде оған жаңа Куәлiк берiледi. Пайдаланушы Куәлікті ауыстыру үшiн уәкілеттi органға азаматтық әуе кемесiн қайта жабдықтау туралы құжаттар ұсынады.
26. Азаматтық әуе кемесiне:
1) абайсыз бүлдiрiп алған;
2) жоғалтқан;
3) ұрлатқан жағдайларда Куәлiктiң көшiрмесi берiледi.
27. Куәлiктi абайсыз бүлдiрген жағдайда, ол ауыстыруға жатады.
28. Куәлiктi жоғалтып алған немесе оны ұрлатып алған кезде, азаматтық әуе кемесiн пайдалану телнұсқасын алғанға дейiн дереу тоқтатылады. Телнұсқа алу үшiн өтiнiшке жоғалу немесе ұрлану фактiлерiн растайтын құжаттар қоса берiлуi қажет.
Уәкілеттi орган өтiнiш түскен күннен бастап 7 күн ішінде Куәлiктiң телнұсқасын берудi жүргiзедi.
Куәліктің телнұсқасын бергенi үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерде мемлекеттiк тiркегені үшiн алым алынады.
29. Тiзiлiмге енгiзiлген азаматтық әуе кемесiнің меншiк иесi немесе пайдаланушысы уәкiлеттi органға азаматтық әуе кемесiне меншiк құқығы мен басқа да құқықтардың, сондай-ақ сол құқықтарға ауыртпалықтардың, жалдау шарттарының барлық өзгерiстерi, төтенше жағдайлар, азаматтық әуе кемесiнiң жоғалуы, сынуы туралы хабарлайды.
30. Куәлiкке өзгерту енгiзудi немесе оны ауыстыруды талап ететiн барлық жағдайларда, сондай-ақ Пайдаланушы сертификатының қолданылуы тоқтатылған кезде, Куәлiк өзінің күшiн жояды және инспекторлық ұйғарымды берген кезден бастап он күндiк мерзiмде уәкiлеттi органға қайтаруға жатады.
31. "Азаматтық әуе кемесiн табыстау туралы белгілер" бөлiмi толық толтырылған Куәлiк кезектi ауыстыру кезiнде әуе кемесiнiң iс қағазында өзге тiркеу құжаттарымен бiрге сақтауға қалдырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 30 қаңтардағы
N 106 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемелерi, оларға
арналған құқықтарды және
олармен жасалатын мәмілелердi
мемлекеттiк тiркеу ережесiне
қосымша
ЕЛТАҢБА
____________________________________________________________
Уәкiлеттi орган
АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕСIН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
КУӘЛIК
N_____
_____________________________________________________________
1. Мемлекеттiк 2. Азаматтық әуе 3. Азаматтық әуе
және тiркеу кемесiнiң үлгiсi және кемесiнiң сериялық
айырым белгiлерi тағайындауы (зауыттық) нөмiрi
UN
_____________________________________________________________
4. Меншiк иесi: _______________________
5. Пайдаланушы ________________________
6. Осымен осы азаматтық әуе кемесiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi түрде енгiзiлгендiгi куәландырылады.
7. Осы Куәлiк тiркеу мақсаты үшiн берiлген және азаматтық әуе кемесiне меншiк құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
М.О. Уәкiлеттi органның басшысы
_______ _______
(қолы) (Т.А.Ә.)
Берілген күнi 200____ жылғы "_____"________
АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕСІН ТАБЫСТАУ ЖӨНІНДЕГІ БЕЛГІЛЕР
Меншік иесі _________________________________________
Пайдаланушы _________________________________________
Негіздеме ___________________________________________
М.О. Уәкілетті органның басшысы
____________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Берілгені күні 200 ____ ж. "____" _________
_____________________________________________________
Меншік иесі _________________________________________
Пайдаланушы _________________________________________
Негіздеме ___________________________________________
М.О. Уәкілетті органның басшысы
____________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Берілгені күні 200 ____ ж. "____" _________
_____________________________________________________
Меншік иесі _________________________________________
Пайдаланушы _________________________________________
Негіздеме ___________________________________________
М.О. Уәкілетті органның басшысы
____________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Берілгені күні 200 ____ ж. "____" _________
_____________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 30 қаңтардағы
N 106 қаулысымен
бекiтілген
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау
ЕРЕЖЕСI
Ескерту. Мәтінге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.12. N 934 Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды және олар көрсететiн қызметтердi сертификаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының, "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиiстi халықаралық шарттарды ескере отырып, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрленген.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларға, сондай-ақ жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаның әуе тасымалын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету және авиациялық жұмыстарды орындау жөнiнде аталған пайдаланушылар көрсететiн қызметтерге сертификаттар бepу тәртібiн белгiлейдi.
Осы Ереже аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiн пайдаланушыларға қолданылмайды.
3. Осы Ережеде қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) өтiнiм - өтiнiш берушiнiң сертификаттық тексеру рәсiмдерiнен өту үшiн уәкілетті органға жазбаша өтiнiшi;
2) өтiнiш берушi - Азаматтық әуе кемесiн пайдаланушының сертификатын алу үшiн уәкiлетті органға өтінiш жасаған жеке немесе заңды тұлға;
3) сертификаттық талаптар - азаматтық авиацияны сертификаттау саласында нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгіленген талаптар;
4) сертификаттық тексеру - уәкiлеттi орган жүзеге асыратын авиациялық қызмет көрсету жөнiндегi құралдардың, жабдықтардың, пайдалану рәсiмдерiнiң, технологиялық процестердің, құжаттамалардың, ұйымдық құрылымдардың, сондай-ақ өтініш берушінің әкімшілік, ұшу және жердегi персоналы құзыреттiлiгiнiң сертификаттық талаптарға сай екендiгiн тексеру.
4. Сертификаттаудың мақсаты адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн авиациялық қызметтердiң қауіпсiздігін қамтамасыз ету болып табылады.
5. Авиациялық қызметтер сертификаттаудың объектiлерi болып табылады.
6. Азаматтық әуе кемесiн пайдаланушының сертификаты (бұдан әрі - Пайдаланушы сертификаты) иелiктен шығарылмайтын болып табылады және басқа заңды тұлғаға берiлмейдi.
7. Пайдаланушы сертификаты қолданылу саласын және мерзiмiн көрсете отырып, 2 жылдан аспайтын мерзiмге берiледi (1-қосымша).
7-1. Аса маңызды ұшуларды жүзеге асыратын (коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз) және сертификаттық талаптарға сәйкес келетін қазақстандық авиакомпанияларға коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз Пайдаланушының сертификаты (1-1-қосымша) берілуі мүмкін.
Ескерту. Ереже 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.28. N 1695 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
8. Пайдаланушы сертификатын берудi, есепке алуды, сондай-ақ сертификаттық талаптардың сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Сертификаттауды жүргізу тәртібі
9. Сертификаттауды жүргiзудiң мынадай тәртiбi белгiленедi:
1) уәкiлеттi органға өтiнiш берушiнiң сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттармен бiрге өтінiмдi беруi;
2) уәкiлетті органның алдын ала бағалауы және өтiнiм жөнiнде шешiм қабылдауы;
3) уәкiлеттi органның сертификаттық тексеру жүргiзуi;
4) шешім қабылдау және Пайдаланушы сертификатын беру (беруден бас тарту).
10. Сертификаттаудың жалпы мерзiмi 3 (үш) айдан аспауы тиiс.
3. Өтiнiмдi беру және алдын-ала бағалау
11. Өтiнiш берушi уәкiлеттi органға сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн уәкілеттi орган бекiткен тiзбе бойынша растайтын құжаттармен бiрге белгiленген нысандағы (2-қосымша) өтінiмдi жiбередi.
12. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды және 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде ол туралы өтініш берушіге хабарланатын олар бойынша тиісті шешім (3-қосымша) қабылдайды. <*>
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.12.03. N 1265 қаулысымен.
13. Өтінiмдi алдын ала бағалау рәсiмдермен, өтiнiш берушiнiң құжаттарында берiлген тәжiрибемен және әдiстермен жалпы танысуды және олардың сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн тексерудi қамтиды.
Бұл pетте мынадай мәселелер қаралады:
1) басқарудың ұйымдық құрылымы, практикасы және негiзгi қағидаттары;
2) ұшуды ұйымдастыру мен қамтамасыз етудегi басшы құрамның тәжiрибесi, сондай-ақ ұшу қауіпсiздігін қамтамасыз етумен тiкелей байланысты басшы құрам мен мамандар бойынша деректердiң болуы (6-қосымша);
3) авиациялық персонал штатының жинақталуы және даярлау жүйесi;
4) өтінiш берушiнiң өзге ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге және әуе кемелерiн жөндеуге, сондай-ақ авиациялық персоналды оқытуға жасасқан келiсiмдерiнiң болуы;
5) әуе кемелерiн пайдалану құқықтарына келiсiмдердiң болуы және олардың мазмұны (ондайлар болған жағдайда);
6) авиациялық техникаға қызмет көрсетуге және әуе тасымалын жүзеге асыруға арналған үй-жайдың болуы;
7) ұшуларды жүргiзу жөнiндегi (4-қосымша) және әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi (5-қосымша) басшылықтардың болуы.
14. Егер өтiнiш беруші мынадай талаптарға сәйкес болса уәкiлетті орган өтініш бойынша Пайдаланушының сертификатын беру туралы шешiм қабылдай алады:
1) міндетті сақтандыруды жүзеге асырса;
2) әуе кемелерінің ұшуы, техникалық пайдаланылуы мен ұшу қауіпсiздігiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi персоналы, жабдықтары, құрылыстары, құжаттамасы, ғимараттары, сертификатталған бөлiмшелері болса;
3) сертификатталған әуе кемелері болса.
15. Уәкiлеттi орган өтінiштi қарау барысында мынадай рәсiмдердi жүзеге асырады:
1) ұсынылған әуе тасымалдарының және (немесе) авиациялық жұмыстардың көлемiн, әуе кемелерiнiң үлгiлерiн, басқару және басшылық ету әдістерiн, өтiнiш берушiнiң басшы орындарды алып отырған мамандарының құқықтарын және міндеттерiн бағалау;
2) авиациялық персоналдың даярлық дәрежесін анықтау;
3) ұшу, инженерлік-техникалық құрамның және басқа да мамандардың біліктілігін арттыру және жаттықтыру (тағылымдамадан өткiзу) бағдарламаларының авиациялық талаптарға және азаматтық авиация кадрларын даярлау әрі қайта даярлау жөнiндегi ережелерге сәйкестiгiне алдын-ала бағалау жүргiзу;
4) өтiнiш беруші ұсынған әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және ұшу пайдаланымын инспекциялау (бақылау), әуе қозғалысын ұйымдастыру, әуе кемелерiнiң және өзге жабдықтардың техникалық жағдайын, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз ететiн қызметтердің жүйесiн және бағдарламасын алдын-ала талқылауды жүргiзу;
5) өтiнiш беруші орындауы қажет көрсетілiмділік және (немесе) дәлелдi (техникалық) ұшуларды анықтау;
6) өтінім бойынша шешiм қабылдау.
16. Егер өтiнiм осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмесе немесе сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттар толық көлемде бермесе, өтiнiм жөнiндегi шешiмде қайтарылу себептерi көрсетiлiп мұндай өтiнiм қайтаруға жатады.
17. Өтінім бойынша ескертулер болмаған кезде (ескертулер жойылғаннан кейiн), өтінім жөнiндегi шешiмнiң негiзiнде уәкілетті орган сертификаттық тексерудi жүргізу үшiн комиссия құрады.
4. Сертификаттық тексеру
18. Осы тексеру барысында өтiнiш берушi ол мәлiмдеген авиациялық қызметтердің сертификаттық талаптарға сай екендігін растауы тиіс.
19. Сертификаттық тексеру уәкілетті орган бекiтетiн сертификаттық тексерудiң үлгi бағдарламасына сәйкес жүргiзiледi.
20. Өтiнiш берушіні сертификаттық тексеру оның қызметiнің, ең алдымен, ұшу қауіпсiздiгін қамтамасыз ететiн мәселелермен байланысты аспектілерiн қамтиды.
21. Өтiнiш беруші өзiнiң қызметiн ұшуларды қамтамасыз етудiң барлық түрлері бойынша сертификаттық талаптарды ескере отырып ұйымдастырады, оларға мыналар жатады:
1) құқықтық қамтамасыз ету;
2) қаржылық-экономикалық қамтамасыз ету;
3) ұшуда пайдаланылуын қамтамасыз ету;
4) инженерлiк-авиациялық қамтамасыз ету;
5) әуе қозғалысын қызмет көрсетумен қамтамасыз ету;
6) штурмандық қамтамасыз ету;
7) аэронавигациялық қамтамасыз ету;
8) метеорологиялық қамтамасыз ету;
9) әуеайлақтық және әуежайлық қамтамасыз ету;
10) медициналық қамтамасыз ету.
Қамтамасыз етудiң көрсетiлген түрлері бойынша (құқықтық қамтамасыз етудi, ұшуда пайдаланылуын қамтамасыз етудi, инженерлiк-авиациялық қамтамасыз етудi қоспағанда) сертификаттық талаптарды iске асыруда өтiнiш берушi қызметін дербес жүзеге асырады және заңнамаға сәйкес осы қызметтік жүзеге acыру үшін басқа тұлғаларды тарта алады.
22. Ұшу, жердегi қызметтер мен құралдардың жұмысын тексеру қойылған мiндеттерді шешу үшiн жеке құрамның дайындық деңгейiнiң, жердегi құралдардың және жабдықтардың сәйкестiгiн анықтау мақсатында жүргiзіледі.
23. Бұл ретте ғимараттар мен құрылыстардың тиiстi түрде жабдықталғаны, күзет дабылы, хабардар eту құралдары бар екендiгi және олардың тiкелей арналымы бойынша пайдаланылатындығы тексерiледi және расталады.
Ангар құрылыстарының, зертханалардың, авиатехниканы жөндеу және оларға қызмет көрсету жөнiндегi цехтардың, әкiмшiлiк ғимараттардың, жолаушы кешендерiнiң, қоймалардың және басқа да құрылыстардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексерiледi.
24. Ұшу жұмыстарын ұйымдастыру, ұшу құрамының дайындығы және бiлiктiлiк ұшуларды жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс. Экипаж мүшелерiнiң азаматтық авиация саласында тиiстi кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын күшi бар куәлiктерi тиiс.
25. Өтінiш берушінiң мынадай құжаттамасы тексеруге жатады:
1) ұшуларды ұйымдастыру және орындау жөнiндегi;
2) ұшуларды қамтамасыз ету жөнiндегі;
3) экипаж мүшелерiнiң жеке iстерi;
4) экипаждың ұшу және жұмыс уақытын есепке алу;
5) пайдаланымдық және борттық жазулар.
26. Өтініш берушiнiң өз құрылымында авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiнде сертификатталған қызметінің болуы немесе сертификатталған ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге және авиациялық техниканы жөндеуге тиiсті шарттар жасасуы тиiс.
27. Егер өтiнiш беруші басқа мемлекетте тiркелген әуе кемелерiн пайдаланса, онда әуе кемелерiнiң иесiмен әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығын сақтау үшiн жауапкершiлiктi белгiлейтiн тиiстi келiсiмдер (шарттар) жасасуы тиiс.
28. Өтiнiш берушіде барлық пайдаланылатын әуе кемелерiне ұшуға жарамдылық сертификаты немесе Қазақстан Республикасында жарамды деп танылған шетел мемлекетінің ұшуға жарамдылық сертификаты болуы тиiс.
29. Халықаралық ұшуларды орындау кезiнде өтiнiш бeруші басқа елдердiң әуежайларында өз өкілдерiнiң немесе басқа елдердiң әуежайларында өкілдіктерi бар азаматтық авиация ұйымымен шарт жасасу арқылы техникалық қызмет көрсетудi көздеуі тиiс. Басқа елдердiң әуежайларында техникалық қызмет көрсету тиiстi мемлекеттiң әуежайларында техникалық қызметтi ұйымдастырудың белгiленген тәртібiне сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
30. Сертификаттық тексеру нәтижелерi бойынша өтiнiш берушінiң объектiлерiнің нақты жағдайын, пайдаланушы сертификатын беру мүмкіндігі (мүмкiн еместiгi) туралы тұжырымдарды, ұсынымдарды көрсетiп, 2 данада сертификаттық тексеру актiсiн (7-қосымша) жасайды. Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және танысу үшiн өтiнiш бepушігe беріледі.
31. Комиссияның сертификаттық тексеру мерзiмi 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын болуы тиiс.
5. Пайдаланушы сертификатын беру, беруден бас тарту, қолданылуын тоқтата тұру, қайтарып алу және жарамсыз деп тану
32. Пайдаланушы сертификатын беру үшiн Пайдаланушы сертификатын беру мүмкiндiгi туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актiсi негiз болып табылады.
Пайдаланушы сертификатын беру мүмкiндiгі туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актiсi жасалғаннан кейiн уәкiлеттi орган он күндiк мерзiмде Пайдаланушы сертификатын ресiмдейдi және бередi.
33. Пайдаланушы сертификатын беруден бас тарту мынадай жағдайларда жүргiзiледі:
1) заңнамалық кесiмдермен осы санаттағы тұлғалар үшін азаматтық әуе кемелерiн пайдалану жөнiнде қызметтер көрсетуге тыйым салынғанда;
2) өтiнiш берушi ұсынатын қызметтер көрсету сертификаттық талаптары сәйкес келмегенде;
3) өтiніш берушiге қатысты қызметтердiң осы түрлерiн көрсетуге тыйым салатын соттың шешiмi болғанда.
34. Пайдаланушы сертификатын беруден бас тартқан кезде өтiнiш бepушігe бас тарту себептерi көрсетiлген дәлелдi жауап берiледi.
35. Пайдаланушы сертификатының қолданылуы мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
1) пайдаланушы ұсынатын қызметтеp көрсету сертификаттық талаптарға сәйкес болмағанда;
2) пайдаланушының өтiнiшi бойынша;
3) авиациялық қызметтер көрсету саласындағы сертификаттық талаптар өзгерген кезде;
4) авиациялық қызметтер көрсетудiң технологиялық процесi өзгерген кезде.
36. Уәкілетті орган тоқтата тұру себептерiн көрсетiп, Пайдаланушы сертификатының қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата алады.
Пайдаланушы сертификаты олардың негiзiнде тоқтатыла тұрған себептер жойылмаған жағдайда, ол қайтарып алынады.
37. Пайдаланушы сертификатының қолданылуын қайта қалпына келтiрудi (оны тоқтата тұру жағдайында) уәкiлеттi орган пайдаланушы анықталған кемшiлiктердi жойғаннан кейiн, сондай-ақ ол уәкiлеттi органға растайтын құжаттарды бергеннен және уәкiлеттi орган қажеттi тексерулерді жүргiзгеннен кейiн ғана жүзеге асырады.
38. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңында көзделген жағдайларда Пайдаланушы сертификаты жарамсыз деп танылады.
39. Пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұру, қайтарып алу немесе жарамсыз деп тану жағдайында уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы пайдаланушыға және аэронавигациялық ақпарат қызметiне дереу хабарлайды.
40. Пайдаланушының сертификатын қайтарып алу, жарамсыз деп тану кезiнде пайдаланушы уәкiлетті органға Пайдаланушы сертификатын дереу қайтаруға тиiс.
6. Пайдаланушы сертификатына өзгерiстер енгізу және телнұсқасын беру
41. Пайдаланушының атауы, оның мәртебесi, ведомстволық тиесiлiлiгi өзгергенде және егер сертификаттық талаптарға сәйкессiздiктерге әкеп соқтырмайтын жағдайларда Пайдаланушы сертификатына және Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерге тиiстi өзгерiстер енгiзiледi. <*>
Ескерту. 41-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.03. N 1265 қаулысымен.
42. Пайдаланушы сертификаты бүлiнген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда уәкiлеттi орган оның өтiнiшi негiзiнде пайдаланушыға телнұсқасын бередi.
43. Пайдаланушы сертификатына өзгерiстер енгiзу немесе телнұсқасын алу үшiн пайдаланушы қажеттi негіздемелерiмен және бұрын берiлген Пайдаланушы сертификатын қоса бере отырып, уәкiлеттi органға еркiн нысандағы өтініш бередi (жоғалғаннан (ұрланғаннан) басқа жағдайларда).
7-тарау. Бақылау
44. Пайдаланушылардың сертификаттық талаптарды сақтауына бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 30 қаңтардағы
N 106 қаулысымен бекітiлген
Азаматтық әуе кемелерiн
пайдаланушыларды және олар
көрсететiн қызметтердi
сертификаттау ережесiне
1-қосымша
Ескерту. Қосымшаның мәтіні бойынша "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың қызметтерін" деген сөздер "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.03 N 1265, өзгерту енгізілді - 2007.10.12 N 934, 2009.12.30 № 2310 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
-- Елтаңба --
_____________________________________________________________________
Уәкілетті орган
ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ СЕРТИФИКАТЫ
№ _____
Қолданылу мерзімінің аяқталу күні: |
Пайдаланушының атауы |
Пайдаланудағы жедел байланыс |
Осы сертификат пайдаланушы _________________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережелерінің талаптарын, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптары мен Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго қаласы, 1944 жыл) ережелерін қанағаттандыратынын куәландырады.
Пайдаланушы ____________________ қоса беріліп отырған Пайдалану жөніндегі арнайы ережелерде белгіленгендей, ұшуды орындау жөніндегі басшылыққа сәйкес коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыру құқығы берілген.
Осы Сертификат табыстауға жатпайды және ол кері қайтарып алынғанға немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейін күшінде болады.
Инспекциялық бақылауды ________________________________ жүзеге
(уәкілетті органның атауы)
асырады.
МО Уәкілетті органның басшысы
______________ _____________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Күшіне енген күні: ___ ж. «____» _______
Уәкiлеттi орган
_______________________________________________________________
(пайдаланушының атауы N ____ сертификат)
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi) А бөлiгi - Жалпы ережелер
1. Қолданылуы. Осы Пайдалану жөнiндегi арнайы ережелер (шектеулер) Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтердi сертификаттау ережесiне және әуе кеңiстiгiнде ұшулар орындалатын шетел мемлекетiнiң нормативтiк құжаттарына сәйкес берiледі.
2. Анықтамалар мен қысқартулар. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесiнде белгіленген барлық сөздер, сөз орамдары мен қысқартулар, осы пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерде де сондай мәнде қолданылады.
3. _________________________________________________берiлген
N ____ пайдаланушы сертификаты бар пайдаланушы "____________"
ұшуды орындауға даярланған.
4. Әуе кемелерiн пайдалануға рұқсат.
Пайдаланушыға - "____________" ___________________________
(авиациялық қызметтердiң түрлерi) орындау үшін мынадай жасаушылары мен модельдердің әуе кемелерiн пайдалануға рұқсат етiледi:
_____________________________ желілерде ұшу үшiн:
_________________________________________________________
Жасаушы Моделі Ең жоғары жүк көтергiштiгi
және жолаушы сыйымдылығы
_________________________________________________________
1 2 3
1-бағанда әуе кемелерiн жасаушы зауыт көрсетiледі; 2-бағанда әуе кемесiнiң үлгiсi және мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, 3-бағанда тоннамен берiлетiн көрсеткiш және жолаушылар саны көрсетiледі.
_________________ ___________________
(лауазымы) (қолы)
____жылғы "_____"________
Уәкiлеттi орган
___________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, N____ сертификат)
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi) А бөлiгі - Жалпы ережелер (жалғасы)
_______________ және _______________________ бойынша ұшуды
орындау үшiн экипажды пайдалану жөнiндегi шектеулер.
Пайдаланушыға "_________" мәлiмделген әуе кемелерін
___________________ бойынша және _________________________
төмендегідей ұшу құрамымен ұшуларды орындауы үшiн пайдалануына
pұқсат етіледі:
___________________________________________________________
р/с N Лауазымы Т.А.Ә.
___________________________________________________________
1
___________________________________________________________
2
___________________________________________________________
3
___________________________________________________________
_____________ ____________________
(лауазымы) (қолы)
___ жылғы "______"_______
Уәкiлеттi орган
__________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, N___ сертификат)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
№ 106 қаулысымен бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыларды және олар
көрсететін қызметтерді
сертификаттау ережесіне
1-қосымшасының
В бөлігі
Ескерту. В бөлігі жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2310 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Уәкілетті орган
_________________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, Сертификат № ____)
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулері) В бөлігі - Бағыттардағы рұқсаттар және шектеулер
Беретін өкілетті орган туралы байланыс ақпараты |
||||
Коммерциялық атауы: ______________________ |
||||
Әуе кемесінің моделі: |
||||
Ұшу түрлері: Комерциялық әуе тасымалдары: - Тұрақты; |
||||
Ұшу аудан(дар)ы: |
||||
Арнайы шектеулер: |
||||
Арнайы рұқсаттар: |
Иә |
Жоқ |
Арнайы бекітулер |
Ескертулер |
Қауіпті жүктер |
- |
- |
||
Нашар көрінетін жағдайларда ұшу: |
||||
Қонуға кіру және қону; |
- |
- |
КАТ ___; RVR: ___ м; |
|
Ұшу |
- |
- |
RVR: ___ м |
|
RVSM |
- |
- |
||
ETOPS |
- |
- |
Қосалқы әуеайлаққа дейінгі ұшудың ең ұзақ уақыты:__минут |
|
PBN жағдайларында ұшу үшін навигациялық ерекшеліктер |
- |
- |
||
Ұшу жарамдылығын сақтау |
- |
- |
||
Өзгелері |
- |
- |
__________________ ________________
(лауазымы) (қолы)
МО
________ жылғы «___» _____________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
№ 106 қаулысымен бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыларды және олар
көрсететін қызметтерді
сертификаттау ережесіне
1-қосымшасының
С бөлігі
Ескерту. C бөлігі жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2310 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Уәкілетті орган
__________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, № сертификат)
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулері) С бөлігі - Әуеайлақтардағы рұқсаттар мен шектеулер
1. Жалпы ережелер. Пайдаланушы «______» Азаматтық әуеайлақтар тізіліміне және аэронавигациялық ақпарат жинақтарына енгізілген Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтық авиация әуеайлақтарын пайдалану құқығы беріледі. Әуеайлақтар мемлекет аумағынан тыс жерде орналасқан жағдайда оларды пайдалану тәртібі сол мемлекеттің аэронавигациялық ақпарат құжаттарына сәйкес белгіленеді.
2. Аспаптар бойынша қонуға кіру тәртібі және әуеайлақтарды пайдалану минимумдары.
а) Аспаптар бойынша қонуға кіру жүйелері:
Пайдаланушыға аспаптар бойынша қонуға кірудің мынадай жүйелерін қолдануға рұқсат етіледі:
- қонуға кірудің дәл емес жүйелері: VOR, VOR/DME, NDB, PAR
- қонуға кірудің дәл жүйелері: ILS, I санат
ILS, II санат
б) Аспаптар бойынша қонуға кірудің рұқсат етілген минимумдары:
Әуе кемесінің үлгісі |
Қонуға кіру жолдары |
||||
ILS |
PAR+2NDB |
2NDB VOR/DME |
PAR |
NDB, VOR |
|
__________________________________ ________________
(уәкілетті органның басшысы) (қолы)
______жылғы «___»____________
Ескерту: егер осы әуеайлақ үшін уәкілетті орган әуе кемелерінің үлгілері бойынша әуеайлақтың ұшу және қону минумын белгілемесе, пайдаланушы мәлімделген әуе кемелері мен әуеайлақтар үшін минимумдардың есептерін ұсынады.
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi) D бөлiгi - Техникалық қызмет көрсету
"___________" пайдаланушының әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi Техникалық қызмет көрсету жөнiндегi басшылық бекiткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында техникалық қызмет көрсетудi және регламенттiк жұмыстарын жүргiзудi реттейтін стандарттарға, нормалар мен ережелерге сәйкес және _______ жылғы N___ техникалық қызмет көрсету шарты бойынша жүзеге асыруға рұқсат етiледі.
Күрделi және қалпына келтiру жөндеулерiн осы жұмыс түрлерiн орындау құқығына сәйкестiк куәлiгi бар авиакәсiпорындар мен жөндеу зауыттарында ғана жүргiзуге рұқсат етіледі.
________________ ______________
(лауазымы) (қолы)
___ жылғы "_____"__________
Шетелге ұшуларды жүзеге асыратын пайдаланушылар үшiн мынадай толықтырулар жасалады:
- шетелдік әуежайларда техникалық қызмет көрсетудi орындау Халықаралық әуе желiлерiндегi ұшуларды инженерлiк-авиациялық қамтамасыз ету туралы ереженiң талаптарына сәйкес мәлімделген әуе кемелерiнің үлгiлерiнде дербес техникалық қызмет көрсетуге қолданыстағы рұқсаты бар инженерлiк-техникалық персоналға техникалық қызмет көрсетулердiң қолданылып жүрген регламенттерiне және технологияларына сәйкес рұқсат етіледі.
Уәкiлеттi орган
__________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, N___ сертификат)
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi) Е бөлiгi - Әуе кемелері салмағының рұқсат етілген стандарттық сандық нормалары, теңдестірулер және олардың шектеулері
_____________________________________________________________
ӘК үлгісі Шекті Шекті теңдестіру (% есебімен САХ)
салмақ
_____________________________________________________________
артқы алдыңғы
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Шектеулер: Әуе кемелерін шекті салмақтан және теңдестіру шектеулерінен артық пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
__________________ ________________
(лауазымы) (қолы)
__ жылғы "____"_________
Ескерту: Егер жекелеген әуе кемелерінің үлгілік әуе кемелерінен ерекше сипаттамасы болса, онда олар бөлек тізіммен көрсетіледі.
Уәкiлеттi орган
__________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, N___ сертификат)
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi) F бөлігі - Әуе кемелерiмен және жабдықтармен алмасу
Пайдаланушы Әуе кемелерiмен алмасу туралы А пайдаланушы ____________ мен Б пайдаланушы арасындағы (күнi) шарттың талаптарына cәйкec рұқсат етілген ұшуларды пайдалану нормативтерi мен ережелерiнiң қолданылатын қағидаларына сәйкес орындай алады.
Мұндай ұшуларды жүзеге асыру _______ және _________ алмасу пункттерi арасында А пайдаланушының пайдалану талаптарының В бөлiгiнде көрсетiлген бағыттар бойынша, Б пайдаланушының пайдалану талаптарында көрсетiлген әуеайлақтарда және авиациялық персонал мен әуе кемелерiнде рұқсат етiледi.
Ұшулар Б пайдаланушының әуе кемелерiнiң үлгiсiн және ұшу экипажын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Б пайдаланушы осы ұшуларға басшылық үшiн жауап бередi.
Мұндай ұшулар үшiн пайдаланылатын әуе кемелерiн пайдалану мен техникалық қызмет көрсету А пайдаланушының ұшуларды орындау және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi басшылығына және пайдалану талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
__________________ ________________
(лауазымы) (қолы)
__ жылғы "____"_________
Уәкiлеттi орган
__________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, N___ сертификат)
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi) G бөлігі - Жалға алынатын әуе кемелерiн пайдалану
(ӘК жалға алу бойынша шектеулер)
_____________________________________ пайдаланушыға _________
_______ _______________ әуе кемелерiн пайдалануға, пайдалану нормативтерi мен ережелерiне, сондай-ақ осы пайдалану талаптарына сәйкес ______ жылғы "_____"_______ (А) _________ мен (Б) __________ арасындағы жалдау туралы шарт бойынша жалға алу құқығымен рұқсат етіледі.
Мұндай ұшуларды жүзеге асыpу осы талаптардың В бөлiмде көрсетiлген бағыттар бойынша және аудандарда және С бөлiгiнде аталған тиiстi әуеайлақтарды пайдалана отырып және осы пайдалану талаптарында көрсетiлген пайдалану минимумдарына сәйкес рұқсат етiледi.
Мұндай ұшулар (А) пайдаланушының әуе кемелерiнiң үлгiсiн және ұшу экипаждарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
(А) пайдаланушы осындай ұшуларға басшылық үшiн жауап бередi.
__________________ ________________
(лауазымы) (қолы)
__ жылғы "____"_________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
№ 106 қаулысымен бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыларды және олар
көрсететін қызметтерді
сертификаттау ережесіне
1-1-қосымша
Ескерту. Ереже 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.28 N 1695 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2310 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
-- Елтаңба --
_____________________________________________________________________
Уәкілетті орган
ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ СЕРТИФИКАТЫ
коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз
№ _____
Қолданылу мерзімінің аяқталу күні: |
Пайдаланушының атауы |
Пайдаланудағы жедел байланыс |
Осы сертификат пайдаланушы ________________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережелерінің талаптарын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптары мен Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго қаласы, 1944 жыл) қосымшаларын қанағаттандыратынын куәландырады.
Пайдаланушы ____________________ қоса беріліп отырған Пайдалану жөніндегі арнайы ережелерде белгіленгендей, ұшуды орындау бойынша басшылыққа сәйкес ұшуларды жүзеге асыру құқығы берілген.
Осы Сертификат тапсыруға жатпайды және ол қайтарып алынғанға немесе оның қолданылуы тоқтатылғанға дейін күші бар.
Инспекциялық бақылауды ________________________________ жүзеге
(уәкілетті органның атауы)
асырады.
МО Уәкілетті органның басшысы
_________ _____________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Күшіне енген күні: ___ж. «____» ________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
N 106 қаулысымен бекiтiлген
Азаматтық әуе кемелерiн
пайдаланушыларды және олар
көрсететiн қызметтердi
сертификаттау ережесiне
2-қосымша
Уәкiлетті орган басшысына
_________________________
Пайдаланушы сертификатын алу үшін (Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерге өзгерiстер енгiзуге)
ӨТIНIМ
________________________________________________________
(ішкі (халықаралық) әуе желілерінде ұшуды oрындау үшін Пайдаланушы сертификатын алу, қолданылу мерзiмiн ұзарту, Пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерге өзгерiстер енгізу) мақсатында _________________________________ сертификаттау жүргізудi сұраймын
(өтінiм берушінің толық аты-жөнi)
ұшуды бастау жоспарланған күн
______________________________________________________________
______________________________________________________________
(ұзарту/өзгерiстер енгiзу кезiнде тиiсiнше қолданылып жүрген
Пайдаланушы сертификатының аяқталу мерзiмi немесе жаңа пайдалану жағдайындағы ұшуды бастау жоспарланған күн көрсетіледi)
өтiнiш берушi:
сертификаттау рәсiмдерiн орындауға;
сертификаттау талаптарына жауап беруге және уәкілеттi органға ұшулардың ұйымдастырылуын, қамтамасыз етiлуiн және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге;
сертификаттау жөнiндегi шығыстарды төлеуге мiндеттенедi.
Басшы ________________________
(лауазымы / қолы / күнi)
МО
Бас бухгалтер ______________
(қолы/күні)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
N 106 қаулысымен бекiтiлген
Азаматтық әуе кемелерiн
пайдаланушыларды және олар
көрсететiн қызметтердi
сертификаттау ережесiне
3-қосымша
Ескерту. Қосымша тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.12.03. N 1265 қаулысымен.
Пайдаланушының сертификатын алуға арналған өтінім
бойынша шешім
____ жылғы "_____"________N ____
________________________________________________________
(авиациялық қызметтердің түрлерi)
________________________________________________________
орындауға Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын алуға
________________________________________________________
________________________________________________________
(өтiнiш берушiнің атауы)
өтiнiмiн қарап
Хабарлаймыз:
1. Сiз ұсынған құжаттар сертификаттық талаптарға сәйкес (сәйкес емес) (сәйкес келмеген жағдайда сәйкессiздiк тармағы көрсетіледi)
________________________________________________________
2. Сертификаттау _________________________________
(нормативтік құжаттардың атаулары) талаптарына сәйкестікке жүргiзiледi
3. Инспекциялық бақылауды
_______________________________________ жүзеге асырады
Уәкiлеттi органның басшысы
________________
Мөр___________
(қолы)
____ жылғы "_____"________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
№ 106 қаулысымен бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыларды және олар
көрсететін қызметтерді
сертификаттау ережесіне
4-қосымша
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2310 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Ұшуды орындау жөніндегі үлгі басшылық
1. Ұшуды орындау жөніндегі басшылықты өтініш беруші қолданыстағы ережелерге, нұсқаулықтарға және ИКАО 93 76-AN 914/құжатын және төменде келтірілген Ұшуды орындау жөніндегі үлгі басшылықты әдістемелік оқулық ретінде пайдалана отырып, әуе кемелерін пайдалануды реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірлейді:
Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаның В толықтыруында; Әуе кемелерін пайдалану, I бөлім. Халықаралық коммерциялық көлік. Ұшақтар - ұшақтарды пайдаланушы өтініш берушілер үшін;
Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшаның Н толықтыруында. Әуе кемелерін пайдалану, III бөлім. Халықаралық ұшу. Тікұшақтар - тікұшақтарды пайдаланушы өтініш берушілер үшін.
2. Ұшуды орындау жөніндегі басшылықтың құрылымы мынадай:
А бөлігі. Жалпы ережелер;
В бөлігі. Әуе кемесін пайдалану жөніндегі ақпарат;
С бөлігі. Аудандар, бағыттар және әуеайлақтар;
Д бөлігі. Дайындық.
3. Ұшақтарды пайдаланатын өтініш берушілер үшін Басшылықта мынадай ақпарат болуы тиіс:
А бөлігі. Жалпы ережелер.
1-тарау. Әкімшілік және Ұшуды орындау жөніндегі басшылықты бақылау.
2-тарау. Ұшуды орындауға қатысы бар персоналдың міндеттері жалпы түрде баяндалған нұсқаулықтар.
3-тарау. Ұшу уақыты мен қызметтік ұшу уақытын нормалау ережесі және ұшу экипажы мүшелері мен бортсеріктер үшін жеткілікті демалу уақытын көздейтін ережелер.
4-тарау. Сипаттамаларға негізделген навигацияны пайдалану ұйғарылған әуе кеңістігінде ұсынуды жүргізуге қатысты кез келген талаптарды қоса алғанда, бортта болуы тиіс навигациялық жабдықтың тізбесі.
5-тарау. Қозғалтқыштың істен шығуына байланысты алыс навигация ережелерін ETOPS-ты орындау рәсімін пайдалануға жататын тиісті ұшу үшін, сондай-ақ қосалқы әуеайлақтарды тағайындау және пайдалану.
6-тарау. Радиожиіліктерді тыңдау қажет жағдайлар.
7-тарау. Ұшудың ең төменгі абсолютті биіктіктерін анықтау әдісі.
8-тарау. Әуеайлақтардың пайдалану минимумдарын анықтау әдістері.
9-тарау. Бортта жолаушылар болғанда отын құю уақытында қабылданатын сақтық шаралары.
10-тарау. Жер үстінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру және оның рәсімдері.
11-тарау. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 12-қосымшада айтылған оқиға куәлары болған әуе кемелері командирлерінің іс-қимыл тәртібі.
12-тарау. Орындалатын ұшудың әрбір үлгісі үшін ұшу экипажының құрамы, оның ішінде басшылықтың сабақтастық тәртібі.
13-тарау. Барлық ұшу шарттарын, оның ішінде бағытта бір немесе бірнеше қозғалтқыштардың ашылып кетуі мен істен шығу мүмкіндігін ескере отырып, бактарда болуы қажет отын мен май мөлшерінің есебі жөніндегі дәл нұсқаулар.
14-тарау. Оттегі қолданылатын жағдайлар және оттегі қоры.
15-тарау. Салмақ пен орталықтағышты бақылауға қатысты нұсқаулар.
16-тарау. Мұздануды жоюға/алдын алуға және осы операциялардың орындалуын бақылауға қатысты нұсқаулар.
17-тарау. Ұшудың жұмыс жоспарына қойылатын техникалық талаптар.
18-тарау. Ұшудың әрбір кезеңіне арналған стандартты пайдалану рәсімдері (SOP).
19-тарау. Қарапайым бақылау тізбелерін пайдалануға және оларды пайдалану уақытына қатысты нұсқаулар.
20-тарау. Күтпеген жағдайларда ұшып шығу ережелері.
21-тарау. Абсолюттік биіктік туралы ақпаратқа және абсолюттік биіктік туралы автоматтық құралдармен немесе ұшу экипажы мүшелерінің хабарлауына қатысты нұсқаулар.
22-тарау. Қарапайым метеожағдайларда автопилоттарды және тартқыш автоматтарын пайдалануға қатысты нұсқаулар.
23-тарау. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органының рұқсаттарын, атап айтқанда елді мекеннен ұшып өтуге қатысты рұқсаттарды нақтылауға және қабылдауға қатысты нұсқау.
24-тарау. Ұшуға және қонуға кіруге қатысты нұсқаулық өткізу.
25-тарау. Аудандармен, бағыттармен және әуеайлақтармен танысу рәсімдері.
26-тарау. Қонуға тұрақтандырылған кіру рәсімі.
27-тарау. Жер бетіне таяу төмендеудің жоғары жылдамдықтарын шектеу.
28-тарау. Қонуға аспаптар бойынша бет алуды бастау немесе жалғастыру үшін қажетті жағдайлар.
29-тарау. Қонуға аспаптар бойынша дәл және дәл емес бет алуды орындауға қатысты нұсқаулар.
30-тарау. Міндеттерді ұшу экипажы арасында бөлу және қонуға бет алуды және қонуды түнгі уақытта аспаптар бойынша және қарапайым метеожағдайларда орындау кезінде экипажға түсетін жұмыс жүктемесін реттеу рәсімі.
31-тарау. Жарамды әуе кемесінің жермен соқтығысуын болдырмау әдістеріне оқытуға арналған нұсқаулар және талаптар, сондай-ақ жердің таяу екені туралы ескерту жүйесін (GPWS) пайдалану қағидаттары.
32-тарау. Соқтығысудың алдын алу әдістеріне оқытуға және соқтығысудың алдын алудың борттық жүйесін (БСПС) пайдалануға арналған қағидаттар, нұсқаулар, ережелер және талаптар.
33-тарау. Азаматтық әуе кемелерін басып алуға қатысты ақпарат пен нұсқаулар, оның ішінде:
а) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 2-қосымшада жазылған басып алынатын әуе кемелері командирлерінің іс-қимыл тәртібі; және
b) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 2-қосымшадан алынған басып алатын және басып алынатын әуе кемелерінің пайдалануы үшін көрінетін сигналдар.
34-тарау. 15 000 м-ден (49 000 фут) астам биіктікте пайдалануға жататын ұшақтар үшін:
а) ғарыштық күн радиациясы әсер еткен жағдайда ұшқышқа оңтайлы іс-қимыл барысын анықтауға мүмкіндік беретін ақпарат; және
b) төмендеу туралы шешім қабылданған жағдайда мыналарды көздейтін іс-қимыл тәртібі:
1) әуе қозғалысына қызмет көрсететін тиісті органды қалыптасқан жағдай және төмендеуге уақытша рұқсат алу туралы ескертудің қажеттігі; және
2) әуе қозғалысына қызмет көрсететін органмен байланыс орнату мүмкін болмаған немесе бұл байланыс үзілген жағдайда, қабылдануы қажет іс-қимыл.
35-тарау. Авиациялық оқиғаларды болдырмау бағдарламасы және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы егжей-тегжейлі мәліметтер.
36-тарау. Авариялық ахуал туындаған жағдайда қабылдануы тиіс іс-қимылды қоса алғанда, қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі ақпарат пен нұсқаулықтар.
37-тарау. Қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтар мен нұсқаулар.
38-тарау. Ұшақты тінту ережесінің бақылау тізбесі.
В-бөлігі. Әуе кемесін пайдалану жөніндегі ақпарат.
1-тарау. Сертификаттық шектеулер мен пайдаланудағы шектеулер.
2. Ұшу экипажының қалыпты, штаттық емес және авариялық жағдайлардағы іс-қимыл тәртібі және оған байланысты бақылау карталары.
3-тарау. Барлық жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштарымен бірге биіктікке көтерілу сипаттамалары туралы ақпарат және пайдалану жөніндегі нұсқаулық.
4-тарау. Тартымның/қуаттың және жылдамдықтың әртүрлі белгіленген мәндері бар ұшу алдындағы ұшуды жоспарлау мен ұшуды жоспарлау деректері.
5-тарау. Пайдаланылатын ұшақтардың әрбір үлгісі үшін желдің бүйірден соққан және бағыттас құрамдастарының ең жоғарғы мәндері және желдің екпінін, нашар көрінімді, ҰҚЖ бетінің жай-күйін, экипаждың тәжірибесін, авиапилотты пайдалануды, штаттық емес немесе авариялық жағдайларды немесе ұшуды байланысты кез келген басқа факторларды ескере отырып пайдалануға жататын азайтылған мәндері.
6-тарау. Салмақты және орталықтағышты есептеуге арналған нұсқаулық пен деректер.
7-тарау. Әуе кемесіне тиеу және жүкті арқандап байлау жөніндегі нұсқаулық.
8-тарау. Әуе кемесінің жүйелері, тиісті басқару органдары мен оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулық.
9-тарау. Сипаттамаларға негізделген навигацияны пайдалануға нұсқама берілген, әуе кеңістігінде ұшуды орындауға қатысты кез келген талаптарды қоса алғанда, ұшақтардың пайдаланылатын үлгілері мен рұқсат етілген арнайы ұшулар үшін ең аз жабдықтың тізбесі мен конфигурациялардан ауытқулардың тізбесі.
10-тарау. Авариялық және құтқару жабдығының бақылау тізбесі, сондай-ақ оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық.
11-тарау. Ахуал түрлер бойынша арнайы рәсімдерді, экипаждың іс-қимылын үйлестіруді, авариялық жағдайларда экипаж мүшелеріне олардың жұмыс орындарын бекітуді және экипаждың әрбір мүшесіне тапсырылған авариялық міндеттерді қоса алғанда, авариялық эвакуация ережесі.
12-тарау. Қызмет көрсетуші экипаждың қалыпты, штаттық емес және авариялық жағдайлардағы іс-қимыл тәртібі, оған байланысты бақылау карталары, сондай-ақ ұшу және қызмет көрсетуші экипаждардың іс-қимылын үйлестірудің қажетті рәсімдерінің сипаттамасын қоса алғанда, белгіленген талаптарға сәйкес әуе кемесінің жүйелері туралы ақпарат.
13-тарау. Түрлі бағыттарға арналған құтқару және авариялық жабдық пен оттегінің қолда бар және қажетті қорын анықтау рәсімін қоса алғанда, ұшып шығу алдындағы оның қалыпты жұмысын тексерудің қажетті рәсімдері.
14-тарау. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 12-косымшадан алынған, тірі қалғандардың пайдалануын арналған «жер-әуе» көрінетін сигналдарының коды.
С-бөлігі. Бағыттар мен әуеайлақтар
1-тарау. Ұшу экипажын әрбір ұшу кезінде байланыс құралдары, навигация құралдары, әуеайлақтар, әрбір нақты ұшуды орындауға қажетті аспаптар бойынша қонуға бет алу, аспаптар бойынша ұшып келу және аспаптар бойынша ұшып шығу туралы мәліметтермен және пайдаланушы ұшудың дұрыс орындауы үшін қажет деп есептейтін басқа да мәліметтермен қамтамасыз етуге арналған бағыттық анықтамалық деректер.
2-тарау. Әрбір белгіленген бағыттағы ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі.
3-тарау. Белгіленген қону айлақтары немесе қосалқы айлақтар ретінде пайдалану болжанатын әуеайлақтардың әрқайсысының пайдалану минимумы.
4-тарау. Қонуға бет алуды қамтамасыз ету құралдарының немесе әуеайлақ құралдарының жұмысы нашарлаған жағдайда әуеайлақтардың пайдалану минимумдарын ұлғайту туралы ақпарат.
5-тарау. Өзгелермен қатар мыналарды:
1) ҰҚЖ беті құрғақ, ылғалды және ластанған жағдайларда ұшып көтерілген кезде ҰҚЖ ұзындығына қойылатын талаптарды, соның ішінде ұшып көтерілу қашықтығына әсер ететін жүйелердің істен шығумен негізделген талаптарды;
2) ұшып көтерілген кезде биіктік алуды шектеулерді;
3) бағыт бойынша ұшу кезінде биіктік алуды шектеулерді;
4) қонуға бет алған және қонған кезде биіктік алуды шектеулерді;
5) ҰҚЖ беті құрғақ, ылғалды және ластанған жағдайларда қонған кезде, оның ішінде қону қашықтығына әсер ететін жүйелер істен шыққан кезде ҰҚЖ ұзындығына қойылатын талаптарды; және
6) қосымша ақпаратты, мысалы пневматик жылдамдығын шектеулерді айқындауды қоса алғанда, ережелерде көзделген ұшулардың барлық бейіндерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат.
Д-бөлігі. Дайындық.
1-тарау. Ұшу экипажын даярлау бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер.
2-тарау. Бортсеріктерді міндеттерін орындауға даярлау бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер.
3-тарау. Өз функцияларын ұшуды орындауды бақылауды жүзеге асыру әдісіне сәйкес орындайтын ұшуды орындауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерді/диспетчерді даярлау бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер.
4-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін авиациялық персоналды даярлау бағдарламасы.
5-тарау. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі авиациялық персоналды даярлау бағдарламасы.
4. Тікұшақтарды пайдаланатын өтініш берушілер үшін Басшылық мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
А бөлігі. Жалпы ережелер
1-тарау. Әкімшілік және Ұшуды орындау жөніндегі басшылықты бақылау.
2-тарау. Ұшуды жүргізуге қатысы бар персоналдың міндеттері жалпы түрде баяндалған нұсқаулықтар.
3-тарау. Ұшу уақыты мен қызметтік ұшу уақытын нормалау ережесі және ұшу экипажы мүшелері мен бортсеріктер үшін жеткілікті демалу уақытын көздейтін ереже.
4-тарау. Сипаттамаларға негізделген навигацияны пайдалану ұйғарылған әуе кеңістігінде ұшуды жүргізуге қатысты кез келген талаптарды қоса алғанда, бортта болуы тиіс навигациялық жабдықтың тізбесі.
5-тарау. Радиожиіліктер тыңдалуы қажет жағдайлар.
6-тарау. Ұшудың ең төменгі абсолютті биіктіктерін анықтау әдісі
7-тарау. Тікұшақ айлақтарының пайдалану минимумдарын анықтау әдістері.
8-тарау. Бортта жолаушылар болғанда отын құю уақытында қабылданатын сақтық шаралары.
9-тарау. Жер үстінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру және оның рәсімдері.
10-тарау. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 12-қосымшада айтылған оқиға куәлары болған әуе кемелері командирлерінің іс-қимыл тәртібі.
11-тарау. Орындалатын ұшудың әрбір үлгісі үшін ұшу экипажының құрамы, оның ішінде басшылықтың сабақтастық тәртібі.
12-тарау. Барлық ұшу шарттарын, оның ішінде бағытта бір немесе бірнеше қозғалтқыштардың ашылып кетуі мен істен шығу мүмкіндігін ескере отырып, бактарда болуы қажет отын мен май мөлшерінің есебі жөніндегі дәл нұсқаулар.
13-тарау. Оттегі қолданылатын жағдайлар және оттегі қоры.
14-тарау. Салмақ пен орталықтағышты бақылауға қатысты нұсқаулар.
15-тарау. Мұздануды жоюға/алдын алуға және осы операциялардың орындалуын бақылауға қатысты нұсқаулар.
16-тарау. Ұшудың жұмыс жоспарына қойылатын техникалық талаптар.
17-тарау. Ұшудың әрбір кезеңіне арналған стандартты пайдалану рәсімдері (SOP).
18-тарау. Әдеттегі бақылау тізбелерін пайдалануға және оларды пайдалану уақытына қатысты нұсқаулар.
19-тарау. Күтпеген жағдайларда ұшып шығу ережелері.
20-тарау. Абсолюттік биіктік туралы ақпаратты қамтамасыз етуге қатысты нұсқаулар.
21-тарау. Әуе қозғалысына қызмет корсету органының рұқсаттарын, атап айтқанда елді мекеннен ұшып өтуге қатысты рұқсаттарды нақтылауға және қабылдауға қатысты нұсқаулар.
22-тарау. Ұшып шығуға және қонуға бет алуды орындауға қатысты нұсқама.
23-тарау. Бағытпен және межелі пунктпен танысу.
24-тарау. Қонуға аспаптар бойынша бет алуды бастау немесе жалғастыру үшін қажетті жағдайлар.
25-тарау. Қонуға аспаптар бойынша дәл және дәл емес бет алуға қатысты нұсқаулар.
26-тарау. Міндеттерді ұшу экипажы арасында бөлу және қонуға бет алуды және қонуды түнгі уақытта аспаптар бойынша және қарапайым метеожағдайларда орындау кезінде экипажға түсетін жұмыс жүктемесін реттеу рәсімі.
27-тарау. Азаматтық әуе кемелерін басып алуға қатысты ақпарат пен нұсқаулар, оның ішінде:
1) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 2-қосымшада жазылған басып алынған әуе кемелері командирлерінің іс-қимыл тәртібі;
2) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 2-қосымшасындағы басып алатын және басып алынатын әуе кемелерінің пайдалануына арналған көрінетін сигналдар.
28-тарау. Авиациялық оқиғаларды болдырмау бағдарламасы және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы егжей-тегжейлі мәліметтер.
29-тарау. Авариялық ахуал туындаған жағдайда қабылдануы тиіс іс-қимылды қоса алғанда, қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі ақпарат пен нұсқаулар.
30-тарау. Қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтар мен нұсқаулар.
31-тарау. Тікұшақты тінту ережелерінің бақылау тізбесі.
В бөлігі. Әуе кемесін пайдалану жөніндегі ақпарат.
1-тарау. Сертификаттық шектеулер және пайдаланудағы шектеулер.
2-тарау. Ұшу экипажының әдеттегі, штаттық емес және авариялық жағдайлардағы іс-қимыл тәртібі және оған байланысты бақылау карталары.
3-тарау. Тартымның/қуаттылықтың және жылдамдықтың әр түрлі белгіленген мәндері бар ұшу алдындағы және ұшуды жоспарлауға арналған ұшуды жоспарлау деректері.
4-тарау. Салмақ пен орталықтағышты есептеуге арналған деректер мен нұсқаулықтар.
5-тарау. Әуе кемесіне тиеу және жүкті арқандап байлау жөніндегі нұсқаулықтар.
6-тарау. Әуе кемесінің жүйелері, тиісті басқару органдары және оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулық.
7-тарау. Сипаттамаларға негізделген навигацияны пайдалануға нұсқама берілген, әуе кеңістігінде ұшуды орындауға қатысты кез келген талаптарды қоса алғанда, тікұшақтардың пайдаланылатын үлгілері мен рұқсат етілген арнайы ұшуларға арналған ең аз жабдықтар тізбесі.
8-тарау. Авариялық және құтқару жабдықтарының бақылау тізбесі, сондай-ақ оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық.
9-тарау. Ахуал түрлер бойынша арнайы рәсімдерді, экипаждың іс-қимылын үйлестіруді, авариялық жағдайларда экипаж мүшелеріне олардың жұмыс орындарын бекітуді және экипаждың әрбір мүшесіне тапсырылған авариялық міндеттерді қоса алғанда, авариялық эвакуация ережесі.
10-тарау. Кабинадағы экипаждың қалыпты, штаттан тыс және апаттық жағдайлардағы іс-қимылдар тәртібі, оған байланысты бақылау карталары, сондай-ақ ұшу және қызмет көрсету экипаждарының іс-қимылын үйлестірудің қажетті рәсімдерін сипаттауды қоса алғанда, белгіленген талаптарға сәйкес әуе кемесінің жүйелері туралы ақпарат.
11-тарау. Әр түрлі бағыттарға арналған құтқару және авариялық жабдықтар мен оттегінің қажетті және қолда бар қорын айқындау рәсімдерін қоса алғанда, ұшып көтерілу алдындағы оның қалыпты жұмысын тексерудің қажетті рәсімдері.
12-тарау. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 12-қосымшадан алынған, тірі қалғандардың пайдалануын арналған «жер-әуе» көрінетін сигналдарының коды.
С бөлігі. Бағыттар мен әуеайлақтар
1-тарау. Ұшу экипажын әрбір ұшуда нақты ұшуды орындау үшін қажетті байланыс құралдары, навигациялық құралдары, әуеайлақтары, аспаптар бойынша қонуға бет алулар, аспаптар бойынша ұшып келулер мен аспаптар бойынша ұшып шығулар туралы мәліметтермен және пайдаланушы ұшуларды дұрыс орындау үшін қажет деп есептейтін өзге де мәліметтермен қамтамасыз ету үшін бағыттық анықтамалық деректер.
2-тарау. Әрбір белгіленген бағыттардағы ұшудың ең төменгі абсолютті биіктіктері.
3-тарау. Қону белгіленген тікұшақ айлақтары немесе қосалқы тікұшақ айлақтары ретінде пайдалану жоспарланған тікұшақ айлақтарының әрқайсысының пайдалану минимумдары.
4-тарау. Қонуға бет алуды қамтамасыз ететін құралдардың немесе тікұшақ айлағы құралдарының жұмыстары нашарлаған жағдайда тікұшақ айлақтарының пайдалану минимумдарын ұлғайту туралы ақпарат.
Д. Дайындық
1-тарау. Ұшу экипажын дайындау бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер және қойылатын талаптар.
2-тарау. Бортсеріктерді міндеттерін орындауға даярлау бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер.
3-тарау. Өз функцияларын ұшуды орындалуды бақылауды жүзеге асыру әдісіне сәйкес орындайтын қызметкерді/диспетчерді даярлау бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер.
4-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдау үшін авиациялық персоналды даярлау бағдарламасы.
5-тарау. Авиациялық қауіпсіздік бойынша авиациялық персоналды даярлау бағдарламасы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
N 106 қаулысымен бекiтiлген
Азаматтық әуе кемелерiн
пайдаланушыларды және олар
көрсететiн қызметтердi
сертификаттау ережесiне
5-қосымша
Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi үлгi басшылық
Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi басшылық жалпы құжаттамадан және әрбiр әуе кемесiне арналған ақпараттан тұрады.
1. Жалпы құжаттамада:
1) Инженерлік-авиациялық қызметтің құрылымдық схемасын қоса алғандағы әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру туралы ақпарат.
2) Инженерлік-авиациялық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың міндеттерi, жауапкершiлiгi мен өкiлеттіктерi.
3) Инженерлiк-авиациялық қызметтiң басшы құрамының және ИАҚ құрылымдық бөлiмшелерi басшыларына кәсiптiк даярлығы туралы қысқаша деректер.
4) Әуе кемелерiне ТҚК процесiне тiкелей қатысатын инженерлік-техникалық құрам тұлғаларының тiзiмi, олардың бiлiмi, атқарып отырған қызмет, авиатехникаға техникалық қызмет көрсетуге рұқсатының бар болуы көрсетiледi.
5) Олардың негiзiнде инженерлiк-авиациялық қызмет жұмысы ұйымдастырылған негiзгi құжаттардың тiзбесi.
6) Инженерлiк-техникалық құрамды авиациялық техникада жұмыс iстеуге жiберудің тәртiбi, осы жұмыстарға рұқсат етудi растайтын құжаттардың бар болуы туралы ақпарат.
7) Ұшу және инженерлiк-техникалық құрамның авиациялық-техникалық дайындығын ұйымдастыру.
8) Инженерлiк-техникалық құрамның қозғалтқышты iске қосу мен сынауға, әуе кемелерiн тiркеп cүйреуге және т.б. жiберiлуi туралы ақпарат.
9) Инженерлiк-авиациялық қызмет орындайтын техникалық қызмет көрсету түрлерiнiң тізбесi.
10) Халықаралық ұшуларды орындау үшін қосымша жабдықтарды орнатуға байланысты әуе кемелерiнiң әрбiр үлгiсiне техникалық қызмет көрсету регламенттерiн және технологиялық нұсқауларды толықтыру туралы ақпарат.
11) Халықаралық ұшуларды орындау кезiнде әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру туралы ақпарат.
12) Авиациялық техниканың жай-күйін бақылау, оның сенiмділігін және әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудiң сапасын қамтамасыз ету туралы ақпарат.
13) Объективтi бақылау құралдарын пайдаланып ұшу ақпаратын жинауды, ашуды және пайдалануды ұйымдастыру туралы ақпарат.
14) Басшылық, нөмiрлiк және өндiрiстiк-техникалық құжаттаманы қоса алғанда пайдалану құжаттамасын жүргiзу туралы ақпарат. Басшылық құжаттамаға толықтырулардың түсуін ұйымдастыру.
15) Әуе кемелеріне басқа ұйымдардың техникалық қызмет көрсетуi жөнiнде жұмыс жүргiзілуiн растайтын құжаттар (шарттар) қамтылуы тиiс.
2. Әрбiр әуе кемесiне арналған ақпарат:
1) Халықаралық ұшуларды орындау үшiн орнатылған қосымша жабдықтардың тiзбесi.
2) Әуе кемесінің жеке ерекшелiктерi (қажет болғанда);
3) Әуе кемелерінің, оның қозғалтқыштарының тағайындалған ресурсы. Әуе кемесiнің және оның қозғалтқыштарының нақты пайдаланымы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
N 106 қаулысымен бекiтiлген
Азаматтық әуе кемелерiн
пайдаланушыларды және олар
көрсететiн қызметтердi
сертификаттау ережесiне
6-қосымша
Ұшу қауіпсіздігiн қамтамасыз етумен тiкелей байланысты басшылық құрам және мамандар жөніндегi деректер
1. Tегi, аты, әкесiнің аты, атқарып отырған қызметi.
2. Туған жылы.
3. Бiлiмi.
4. Арнайы бiлiмi.
5. Басшылық қызметтегі жұмысы (атқарып отырған қызметтегi жұмыс өтілін көрсетіп).
6. Азаматтық авиация маманы куәлігінің нөмiрi, оның қолданылу мерзiмi.
7. Біліктiлiгін арттыру (күнi, оқу орны, бiлiктiлiктi арттыру бағдарламасы).
8. Мерзiмдi аттестациядан өту, қорытынды.
Басшы _____________________
(күнi, қолы)
Ескерту: Бiлiмi және арнайы дайындығы туралы құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну қажет.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
N 106 қаулысымен бекiтiлген
Азаматтық әуе кемелерiн
пайдаланушыларды және олар
көрсететiн қызметтердi
сертификаттау ережесiне
7-қосымша
Сертификаттық тексеру актісінің үлгі нысаны
____________________________ 2003 жылғы "____"____________
(уәкілетті органның атауы)
N ____ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия
Төраға: ______________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
Комиссия мүшелері: ________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
____________________________________________________ азаматтық
(ұйымның атауы)
әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау жүргізілді
қорытынды мәтіні
Төраға: __________________ _______________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Комиссия мүшелері: ___________ _______________
(Т.А.Ә.) (қолы)
___________ _______________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйымның басшысы ___________ _______________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
N 106 қаулысымен бекiтiлген
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi қызметтердi сертификаттау
ЕРЕЖЕСI
Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.09.26 N 891 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
N 106 қаулысымен бекiтiлген
Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесi
Ескерту. Ережеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.12. N 934 Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының, "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының талаптарына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының аса жеңiл авиация саласында сертификаттау жүргiзудiң құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгiлейдi.
Осы Ереже метеорологиялық мақсатта қолданылатын шар-ұшқыштарға, сондай-ақ басқарылмайтын ұшқышсыз аэростаттарға қатысты қолданылмайды.
2. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
1) аса жеңiл авиация қауымдастығы және (немесе) федерациясы - Қазақстан Республикасының аса жеңiл авиация субъектiлерiнiң қызметін үйлестiру үшiн заңды тұлғаларды бiрiктiру жолымен құрылған коммерциялық емес ұйымдар;
2) өтiнiм - өтiнiш берушiнiң сертификаттық зерттеудiң рәсiмдерiн өту үшiн уәкілеттi органға жазбаша өтiнiшi;
3) өтiнiш берушi - аса жеңiл авиация саласында сертификаттау жүргiзу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш бiлдiрген жеке немесе заңды тұлға;
4) сертификаттық талаптар - азаматтық авиацияны сертификаттау саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерде белгiленген талаптар.
3. Сертификаттық тексерiстiң тәртiбi мен үлгi бағдарламасын, сондай-ақ өтiнiш берушi ұсынатын құжаттар тiзбесiн уәкілеттi орган бекiтедi.
4. Өтінiш беруші ұсынатын құжаттардың көшiрмелерін нотариус куәландырған болуы тиiс.
5. Өтінiш берушi шетел мемлекеттері берген құжаттарды ұсынған жағдайда, олар мемлекеттік немесе орыс тiлдерiне аударылуы тиiс. Шетел тiлiнен аударманы нотариус куәландырған болуы тиiс.
6. Сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізу өтінiш берушiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Сертификаттау бойынша жұмыстар жүргiзу үшiн алынған қаражат республикалық бюджетке аударылады.
7. Сертификаттардың берiлуiн, есепке алынуын, сондай-ақ сертификаттық талаптардың сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң данасын немесе үлгiсiн сертификаттау
8. Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң данасын немесе үлгiсiн сертификаттауды әуе кемелерiн әзiрлеушiнiң және тиiстi федерациялар мен қауымдастықтардың қатысуымен уәкілеттi орган жүзеге асырады.
9. Аса жеңіл авиация әуе кемесiнің данасын немесе үлгiсiн сертификаттауды жүргiзу үшін өтiнiш берушi уәкiлетті органға осы әуе кемесi оған сәйкес жасалған техникалық құжаттаманы және двигательдер мен жабдықтарды алдын ала сынау нәтижелерiн қоса ұсына отырып, өтiнiм береді.
10. Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау үшiн аса жеңіл авиация тиiстi қауымдастықтары мен федерациялары уәкілеттi органмен келiсiм бойынша аса жеңіл авиация әуе кемелерiн тексеру жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн техникалық комиссия (бұдан әрi - техникалық комиссия) құрады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2310 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
11. Техникалық комиссия тексеру кезiнде аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң аэродинамикалық және барлық сипаттамалары, конструкциясы, оның жасалу (күрделi жөндеу) сапасы, техникалық жай-күйi бағаланады. Аса жеңiл авиацияның барлық әуе кемелерi үшiн тиiстi техникалық құжаттама тексерiледi.
12. Техникалық комиссия тексеру нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган өтініш берушiге аса жеңiл авиация әуе кемесi данасының немесе (және) үлгiсiнiң сертификатын (1, 2-қосымша) беруi үшiн негiздеме болып табылатын, ұшуда пайдалану жөнiндегi басшылыққа енгiзiлген ұшу шектеулерiн ескере отырып, аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау актiсiн береді.
Әуе кемесiн әзiрлеушi Аса жеңiл авиация әуе кемесiнің үлгiсi немесе данасы сертификатының (бұдан әрi - Үлгі сертификаты) иесi болып табылады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.03 N 1265 қаулысымен.
3. Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы сертификатын беру
13. Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығы сертификаты (3-қосымша, бұдан әрi - Ұшу жарамдылығының сертификаты) мiндеттi кеме құжаты болып табылады және оны көшiрмеге ауыстыруға рұқсат етілмейді. Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң бортында қабылдау-тапсыру актiсi және ұшуға тапсырма болғанда ғана аса жеңiл авиация әуе кемесiн оны жасайтын зауыттан, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөнiндегi орталықтан тұрақты орналасу орнына дейiн айдауға қолданыстағы ұшу жарамдылығының сертификатынсыз рұқсат етіледi.
14. Ұшу жарамдылығының сертификатын алу (ұзарту) үшін өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледі:
Үлгi немесе дана сертификаты;
техникалық комиссия берген аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын анықтау және техникалық жай-күйін тексеру актiсi;
аса жеңiл авиация әуе кемесiн пайдалану құқығын беретiн сатып алу-сату шартының немесе өзге де шарттың көшiрмесi;
аса жеңiл авиация әуе кемесiн қабылдау-тапсыру актiсiнiң көшiрмесi;
аса жеңiл авиация әуе кемесiн әзiрлеушінің немесе аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң ресурсын анықтайтын конструкторлық бюроның құжаты.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2310 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
15. Ұшу жарамдылығының сертификаты екі жылдан аспайтын мерзiмге берiледі.
16. Ұшу жарамдылығы сертификатының қолданылуын ұзарту үшін аса жеңіл авиация әуе кемесi жыл сайын техникалық комиссияның куәландыруына жатады, оның нәтижесі оң болған кезде ұшу жарамдылығы сертификатының қолданылу мерзiмi бір жылдан аспайтын мерзiмге ұзартылады.
17. Ұшу жарамдылығының сертификаты мынадай жағдайларда керi қайтарылып алынуы мүмкiн:
1) Yлгi сертификаты керi қайтарылғанда;
2) пайдалану процесінде ұшу жарамдылығына әсер ететiн жойылмайтын ақаулар табылғанда;
3) аса жеңiл авиация әуе кемесiнің, оның ұшу жарамдылығының бұзылуына әкеп соқтырған зақымдануында;
4) осы үлгідегi аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң бүкіл паркін, сериясын, данасын немесе үлгiсiн пайдалануды тоқтату туралы белгiленген тәртіппен шешiм қабылданғанда;
5) әзірлеуші көздемеген ұшу жарамдылығына әсер ететiн жетiлдiрулердi, пайдаланатын нұсқаға қайта жабдықтау жүргізу үшiн ұшуды тоқтатқан жағдайларда.
18. 17-тармақта аталған жағдайларда пайдаланушы дереу ұшуды тоқтатады және ұшу тоқтатылған күннен бастап он күн мерзiмде уәкiлетті органға тиістi ұшу жарамдылығы сертификатын қайтарады. <*>
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.03. N 1265 қаулысымен.
19. Ұшу жарамдылығының сертификаты абайсызда зақымдалған немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда өтiнiшке сәйкес телнұсқа беру жолымен ауыстыруға жатады.
20. Ұшу жарамдылығы сертификатының телнұсқасын алу үшін пайдаланушының ұшу жарамдылығы сертификатының жоғалу немесе ұрлану фактісін растайтын құжаттарды өтiнiшке қоса беруi қажет.
21. Ұшу жарамдылығының сертификаты абайсызда зақымдалған, жоғалған (ұрланған) кезде аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiн пайдалану дереу тоқтатылуы тиiс.
22. Шетел мемлекетi берген аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығының сертификаты (куәлiгi), оларға сәйкес ол берiлген немесе оған күш берiлген талаптар Қазақстан Республикасында белгiленген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес болған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
4. Аса жеңiл авиация әуе кемелерiн пайдаланушыларды және олар көрсететiн қызметтердi сертификаттау
23. Авиациялық қызметтер сертификаттау объектiлерi болып табылады.
24. Аса жеңiл авиация әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты (4-қосымша, бұдан әрі - Пайдаланушы сертификаты) иелiктен шығарылмайтын болып табылады және басқа тұлғаға берілуі мүмкiн емес.
Пайдаланушы сертификаты қолданылу саласы мен мерзiмi көрсетіліп, 2 жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
25. Пайдаланушы қайта сертификаттау үшiн қолданыстағы Пайдаланушы сертификаты қолданылу мерзiмiнiң аяқталуынан кем дегенде бір ай бұрын өтiнiм бередi. Олар бойынша өзгерiстер болмаған (немесе жаңарту талап етiлмеген) құжаттарды бiрiншi басшы куәландырған және өтiнiм берген күнмен сәйкес келетiн күнi көрсетiлген көшiрмелер түрiнде ұсынуға рұқсат етiледі.
26. Сертификаттауды жүргiзудiң мынадай тәртiбi белгiленедi:
1) уәкiлеттi органға өтiнiш иесiнiң сертификаттық талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса ұсына отырып өтiнiм бepуі;
2) өтiнiм бойынша алдын ала бағалау және уәкiлетті органның шешiм қабылдауы;
3) уәкілеттi органның әуе кемесiн әзiрлеушiнің және аса жеңiл авиацияның қауымдастықтарының және (немесе) федерацияларының қатысуымен сертификаттық тексерiс жүргiзуi;
4) шешiм қабылдау және пайдаланушы сертификатын беру (беруден бас тарту).
27. Пайдаланушы аса жеңiл авиация әуе кемелерiнiң белгiлi бiр үлгiлерiн пайдалануға және белгiлi бiр авиациялық жұмыстарды орындауға қосымша сертификаттауды мынадай жағдайларда өтедi:
1) аса жеңiл авиация әуе кемелерiнiң басқа үлгiлерiн сатып алғанда;
2) авиациялық жұмыстардың басқа түрлерiн орындауға ниетi болғанда.
28. Сертификаттаудың жалпы мерзiмi бiр айдан аспауы тиiс.
29. Өтінiм иесi Пайдаланушы сертификатын алу үшін уәкiлеттi органға сертификат талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса ұсына отырып өтінiм жiбередi.
30. Уәкiлеттi орган сертификат талаптарына сәйкестiктi растайтын құжаттары бap өтiнiмдi 20 (жиырма) күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде қарайды және өтiнiш берушiге өтiнiм бойынша шешiмдi хабарлайды.
31. Уәкiлеттi орган өтiнiм бойынша Пайдаланушы сертификатын беру туралы шешiмдi, егер өтінiш берушi мынадай талаптарға сәйкес болса қабылдайды:
1) қызмет көрсетулердiң қажеттi деңгейiн ұсынады;
2) Аса жеңiл авиация әуе кемесiн ұшуға пайдалану жөнiндегi басшылықтың талаптарына сәйкес аса жеңiл авиация әуе кемелерiн пайдалануды қамтамасыз етедi және бұл ретте тиiстi бақылауды жүзеге асырады;
3) аса жеңіл авиация әуе кемелерiнiң қолда бap үлгiлерiне сәйкес ұшулар түрлерiн, әуе жолдарын және әуеайлақтарды таңдайды;
4) аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудiң және авиациялық-техникалық құрам даярлығының тиiстi деңгейiне ие болады;
5) тиiстi аспаптармен немесе жоспарланатын авиациялық жұмыстар үшiн жабдықпен жарақтандырылған аса жеңiл авиацияның сертификатталған әуе кемелерi бар;
6) мәлiмделген ұшулардың қауiпсiз орындалуын қамтамасыз етедi;
7) авиациялық жұмыстар үшiн келiсiлген аудандар, бағыттар мен әуеайлақтары бар;
8) ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi басшы құрамның мiндеттерi мен жауапкершiлiк аясын белгiлейді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырады.
32. Өтiнiмді алдын ала бағалау барысында уәкiлеттi орган мынадай рәсiмдерді жүзеге асырады:
1) ұсынылатын авиациялық қызметтердiң көлемiн, аса жеңiл авиация әуе кемелерiнiң үлгiлерiн, өтiнiш берушiнің басшы лауазымдарын атқаратын мамандарының басқару және жетекшiлiк жасау әдістерiн, құқықтары мен мiндеттерiн бағалау;
2) авиациялық персоналдың даярлық деңгейiн анықтау;
3) өтiнiш берушi ұсынған аса жеңiл авиация әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және ұшуда пайдаланылуын, әуе қозғалысын ұйымдастыруды, аса жеңіл авиация әуе кемелерiнiң және басқа да жабдықтардың, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз ететiн қызметтердiң техникалық жағдайына инспекциялық тексеру (бақылау) жүргiзу жүйесi мен бағдарламасын бағалау;
4) өтінiш берушiнiң орындау қажет демонстрациялық немесе дәлелдеу (техникалық) ұшуларын анықтау;
5) өтінiм бойынша шешiм қабылдау және оны өтiнiш берушiге жіберу.
33. Егер өтiнiм осы Ереже талаптарына сәйкес болмаған немесе сертификат талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, өтiнiм жөнiндегi шешiмде қайтарылу себептерi көрсетiле отырып, өтiнiм керi қайтарылуға жатады.
34. Өтiнiм бойынша ескертулер болмаған кезде (ескертулер жойылғаннан кейiн) өтiнiм жөнiндегi шешiмнiң негiзiнде, уәкiлетті орган басшысының бұйрығымен сертификаттық тексерiс жүргiзу үшiн аса жеңіл авиация қауымдастығының және (немесе) федерациясының қатысуымен комиссия құрылады.
35. Өтiнiш беруші өзiнiң қызметiн ұшуды қамтамасыз етудiң барлық түрлерi бойынша сертификаттық талаптарды ескере отырып ұйымдастырады, оларға:
1) құқықтық қамтамасыз ету;
2) ұшуда пайдаланылуын қамтамасыз ету;
3) авиациялық-техникалық қамтамасыз ету;
4) әуе қозғалысына қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
5) штурмандық қамтамасыз ету;
6) аэронавигациялық қамтамасыз ету;
7) метеорологиялық қамтамасыз ету;
8) әуеайлақтық және әуежайлық қамтамасыз ету;
9) медициналық қамтамасыз ету жатады.
Ұшуды қамтамасыз етудiң көрсетiлген түрлері бойынша сертификаттық талаптарды iске асыру кезiнде өтiнiш берушi қызметiн дербес жүзеге асырады және заңнамаға сәйкес осы қызметтi жүзеге асыру үшiн өзге де тұлғаларды тарта алады.
36. Ұшу жұмысын ұйымдастыру, ұшу құрамының даярлығы және бiлiктiлiгi ұшудың жүзеге асырылуын реттейтін нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс. Экипаж мүшелерiнiң аса жеңiл авиация саласындағы тиiстi кәсiби қызметiн жүзеге асыруға құқығын куәландыратын қолданыстағы куәліктерi болуы тиiс.
37. Өтiнiш берушiнің мынадай құжаттамасы мiндеттi тексеруге жатады:
1) ұшуларды ұйымдастыру мен орындау бойынша;
2) ұшуларды қамтамасыз ету бойынша;
3) экипаж мүшелерiнiң жеке iстерi;
4) экипаждардың ұшу мен жұмыс уақыттарын eceпке алу бойынша;
5) пайдаланымдық және борттық жазбалары.
38. Өтiнiш берушi аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығын сақтау жөнiндегi жұмыстарды сертификатталған өз күшiмен не аса жеңiл авиация сапасында жұмыстардың осы түрлерiн орындауға сертификаты бар болса, өзге тұлғаларды тарту арқылы орындайды. Бұл ретте өтiнiш берушi мен аса жеңiл авиация әуе кемесiне техникалық қызмет көрсетілуін жүргiзетiн ұйым арасында ұшулар қауіпсiздігiн қамтамасыз ету үшiн жауапкершiлiктiң бөлiнуі көзделедi.
39. Егер өтiнiш бeруші басқа мемлекетте тiркелген аса жеңіл авиация әуе кемесiн пайдаланса, онда аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң иесiмен аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығын сақтауға жауапкершiлікті белгілейтiн тиiсті келiсiм (шарт) жасалуы тиiс. Өтінiш иесiнде аса жеңiл авиацияның барлық пайдаланылатын әуе кемелерiнде қолданылатын ұшу жарамдылығы сертификаты немесе Қазақстан Республикасында күші бар деп танылған шетел мемлекетінiң ұшу жарамдылығы сертификаты (куәлігі) болуы тиiс.
40. Сертификаттық тексерiс нәтижелерi бойынша өтiнiш берушiнiң объектілерiнiң нақты жай-күйi, пайдаланушы сертификатын беру мүмкiндiктерi (мүмкiн еместiгi) туралы тұжырымдары, ұсынымдары мен қорытындылары көрсетілген сертификат тексерiсiнiң актiсi екi данада жасалады. Уәкiлетті орган құратын комиссияның барлық мүшелерi актiге қол қояды және ол өтінiш иесiне танысу үшiн ұсынылады.
41. Комиссияның сертификаттық тексеру мерзiмi 10 (он) күннен аспауы тиiс.
42. Пайдаланушы сертификатын беру мүмкiндiгi туралы қорытындысы бар сертификаттық тексерiс актiсi жасалғаннан кейiн уәкілеттi орган бес күн мерзiмде пайдаланушы сертификатын ресiмдеудi және берудi жүргiзедi.
43. Пайдаланушы сертификатын беруден бас тарту мынадай жағдайларда жүргiзiледі, егер:
1) аса жеңіл авиация әуе кемелерiн пайдалану жөнiндегi қызметтердi көрсетуге заңнамалық кесiмдермен осы санаттағы тұлғалар үшiн тыйым салынса;
2) өтiнiш берушi ұсынатын қызметтер сертификат талаптарына сәйкес келмесе;
3) өтiнiш берушiге қатысты оған осы қызмет түрiн көрсетуге тыйым салынған сот шешiмi болса.
44. Пайдаланушы сертификатын беруден бас тартқан жағдайда өтiнiш берушіге бас тарту себебi көрсетiлген дәл жауап берiледі.
45. Пайдалану сертификатының қолданылуы мынадай негiздер бойынша тоқтатыла тұруы мүмкiн:
1) пайдаланушы ұсынатын қызметтер сертификат талаптарына сәйкес келмеген кезде;
2) пайдаланушының өтiніші бойынша;
3) авиациялық қызмет саласындағы сертификат талаптары өзгерген кезде;
4) авиациялық қызмет көрсетудiң технологиялық процесi өзгерген кезде.
46. Уәкiлеттi орган тоқтату себебiн көрсете отырып, алты айға дейiн мерзiмге Пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұра алады.
Пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiм, егер пайдаланушы уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде тоқтату себептерiн жоя алатын болса ғана қабылданады. Керi жағдайда Пайдаланушы сертификаты керi қайтарылады.
47. Пайдаланушы сертификатының қолданылуын қалпына келтiрудi уәкiлеттi орган пайдаланушы анықталған кемшiлiктерi жойғаннан, пайдаланушы уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынғаннан және уәкілеттi орган қажетті тексерiстерi жүргiзгеннен кейiн ғана жүзеге асыруы мүмкiн.
48. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңында көзделген жағдайларда Пайдаланушы сертификаты жарамсыз деп танылады.
49. Пайдаланушы сертификатын керi қайтарып алғаннан соң немесе оны жарамсыз деп танығаннан кейiн Пайдаланушы сертификатын алуға өтiнiм берген кезде қайта сертификаттау осы Ережеде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
50. Берілген Пайдаланушы сертификаттарын қайта ресiмдеу пайдаланушының атауы, оның мәртебесi, ведомстволық бағыныстылығы өзгергенде және басқа да өзгерiстер болу жағдайында, егер олар сертификаттық талаптарға сәйкессіздікке әкелмейтiн болса жүргiзiледi.
51. Пайдаланушы сертификаты бүлiнген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда уәкiлеттi орган пайдаланушыға оның өтінiмiнің негiзiнде тел-нұсқасын береді.
52. Пайдаланушы сертификатына өзгерiстер енгiзу немесе тел-нұсқасын алу үшін пайдаланушы уәкiлеттi органға еркiн нысанда қажетті негiздемелердi және бұрын берiлген Пайдаланушы сертификатын қоса ұсына отырып (жоғалған немесе ұрланған жағдайдан басқа) өтiнiш бередi.
53. Өзгерiстер мен толықтырулар, сондай-ақ телнұсқалар Пайдаланушылар сертификаттарының тiзiлiмiнде белгiленедi, одан кейiн Пайдаланушы сертификаты (Пайдаланушы сертификатының телнұсқасы) пайдаланушыға берiледі.
54. Сертификаттық талаптардың сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Уәкiлетті орган сертификаттық қызметтердің жай-күйі мен сапасының тұрақтылығына байланысты тексеру жүргiзуiн мерзiмдiлiгін белгiлейді.
55. Тексеру жүргізудің мақсаты:
1) пайдаланушы қызметінің сертификат талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
2) сертификат талаптарына пайдаланушы объектiлерiнiң, құжаттамасының сәйкестiгiн тексеру болып табылады.
56. Тексеру нәтижелерi бойынша пайдаланушы және тексерудi жүзеге асыратын тұлға (тұлғалар) қол қоятын екі данада акті жасалады.
Уәкiлеттi орган тексеру нәтижелерi бойынша осы Ережеге сәйкес Пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұра немесе керi қайтара алады.
57. Пайдаланушы сертификатының қолданысы тоқтатылғанда, керi қайтарылғанда немесе жарамсыз деп танылғанда уәкілеттi орган пайдаланушыға және аэронавигациялық ақпарат қызметiне қабылданған шешiм туралы хабарлайды.
58. Пайдаланушы сертификатын керi қайтару, жарамсыз деп тану туралы шешiм оның Пайдаланушы сертификаттары есебiнен шығарылған кезiнен бастап күшiне енеді.
59. Пайдаланушы сертификаты керi қайтарылған, жарамсыз деп танылған кезде пайдаланушы уәкiлеттi органға Пайдаланушы сертификатын дереу қайтаруы тиiс.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 30 қаңтардағы
N 106 қаулысымен бекiтiлген
Аса жеңiл авиация саласындағы
сертификаттау ережесiне
1-қосымша
-----Елтаңба-----
____________________________________________________________
Уәкiлеттi орган
АСА ЖЕҢIЛ АВИАЦИЯНЫҢ ӘУЕ КЕМЕСI ҮЛГIСIНIҢ CEРТИФИКАТЫ
N_______
Осымен аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ___________үлгi конструкциясының сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн куәландырады.
Аса жеңiл авиацияның әуе кемесi үлгiсiнiң негiзгi пайдалану шектеулерi және сипаттамалары осы сертификаттың ажырамас бөлiгi болып табылатын деректер картасында қамтылған.
МО Уәкiлеттi
органның басшысы
________ _______
(қолы) (Т.А.Ә.)
Күшiне енген күнi: ___ж. "____"______
Қолданылу мерзiмi: ___ж. "____"______ дейiн
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 30 қаңтардағы
N 106 қаулысымен бекiтiлген
Аса жеңiл авиация саласындағы
сертификаттау ережесiне
2-қосымша
-----Елтаңба-----
____________________________________________________________
Уәкiлеттi орган
АСА ЖЕҢIЛ АВИАЦИЯНЫҢ ӘУЕ КЕМЕСI ДАНАСЫНЫҢ CEРТИФИКАТЫ
N_______
Осымен аса жеңiл авиацияның әуе кемесi данасының _________ үлгi конструкциясының сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн куәландырады.
Аса жеңiл авиацияның әуе кемесi данасының негiзгi пайдалану шектеулерi және сипаттамалары осы сертификаттың ажырамас бөлiгi болып табылатын деректер картасында қамтылған.
МО Уәкiлеттi
органның басшысы
________ _______
(қолы) (Т.А.Ә.)
Күшiне енген күнi: ___ж. "____"______
Қолданылу мерзiмi: ___ж. "____"______ дейiн
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 30 қаңтардағы
N 106 қаулысымен бекiтiлген
Аса жеңiл авиация саласындағы
сертификаттау ережесiне
3-қосымша
Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.12. N 934 Қаулысымен.
-----Елтаңба-----
____________________________________________________________
Уәкiлеттi орган
АСА ЖЕҢIЛ АВИАЦИЯНЫҢ ӘУЕ КЕМЕСI ҰШУ ЖАРАМДЫЛЫҒЫНЫҢ CEРТИФИКАТЫ
N_______
___________________________________________________________
1. Әуе кемесінің 2. Мемлекеттік және тіркеу 3. Сериялық
үлгісі мен тану белгілері (зауыттық)
мақсаты UN нөмірі
___________________________________________________________
4. Әуе кемесi Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне __ж. "____"________N_____ енгiзiлген.
5. Осы сертификат жоғарыда көрсетiлген әуе кемесiне "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго қаласы, 1944 ж.) сәйкес берiлген.
Осы әуе кемесi, егер ол көрсетiлген құжаттарға және белгiленген пайдалану шектеулерiне сәйкес күтiп ұсталатын және пайдаланылатын болса, ұшуларға жарамды деп есептеледі.
6. Конструкцияның салмағы (массасы-кг) ________________
7. САХ % теңдестіру ___________________________________
МО Уәкiлеттi
органның басшысы
________ _________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Күшiне енген күнi: ___ж. "____"______
Қолданылу мерзiмi: ___ж. "____"______ дейiн
____________________________________________________________
Сертификаттың қолданылу мерзімі _________дейін ұзартылған
Негіздеме
МО Уәкiлеттi
органның басшысы
________ _________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Ұзарту күні _________________
_____________________________________________________________
Сертификаттың қолданылу мерзімі _________дейін ұзартылған
Негіздеме
МО Уәкiлеттi
органның басшысы
________ _________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Ұзарту күні _________________
_____________________________________________________________
Сертификаттың қолданылу мерзімі _________дейін ұзартылған
Негіздеме
МО Уәкiлеттi
органның басшысы
________ _________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Ұзарту күні _________________
_____________________________________________________________
Пайдалану процесінде болған өзгерістер ______________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 30 қаңтардағы
N 106 қаулысымен бекiтiлген
Аса жеңiл авиация саласындағы
сертификаттау ережесiне
4-қосымша
Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.12. N 934 Қаулысымен.
-----Елтаңба-----
____________________________________________________________
Уәкiлеттi орган
АСА ЖЕҢIЛ АВИАЦИЯНЫҢ ӘУЕ КЕМЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ CEРТИФИКАТЫ
АЖА N_______
Осымен пайдаланушы
____________________________________________________________
____________________________________________________________
(пайдаланушының атауы)
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң ____N____ қаулысымен бекiтiлген Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесiнiң және Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердің талаптарын қанағаттандыратындығын куәландырады.
Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго қ., 1944 ж.) қосымшаларына, сондай-ақ қоса берiлiп отырған Пайдалану жөнiндегi арнайы ережелердегi пайдалану талаптарымен шектеулерiне сәйкес (авиациялық қызметтердiң түрлерi, халықаралық ұшулар және т.б.) жүзеге асыруға қабiлеттi.
Осы Сертификат табыстауға жатпайды және оны қолдану белгiленген тәртіпке сәйкес тоқтатыла тұрғанға немесе басқа да жолмен тоқтатылғанға дейiн күшiнде болады.
Инспекциялық бақылауды __________________________ жүзеге (уәкiлеттi органның атауы)
асырады.
МО Уәкiлеттi
органның басшысы
________ _________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Күшiне енген күнi: ___ж. "____"______
Қолданылу мерзiмi: ___ж. "____"______ дейiн