"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енуіне байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 5 ақпан N 130

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енуіне байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енуіне байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне толықтырулар енгізілсін:
      1. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 145-құжат):
      26-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлігінде кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды салуға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникамен қайта жарақтандыруға, қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге) арналған алдын ала жобалау құжаттамасының, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының жекелеген түрлері бойынша мемлекеттік сараптама Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі".
      2. "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 18, 368-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 20, 728-құжат; N 23, 931-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат):
      1) 10-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "-өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды салуға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникамен қайта жарақтандыруға, қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге) арналған жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізуге қатысу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі";
      2) 18-баптың бесінші абзацы "және" деген сөзден кейін "жобалардың мемлекеттік сараптамасының ерекше құзыретіне кіретін сараптау жұмыстарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
      3. "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 6, 67-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат):
      13-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды салуға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникамен қайта жарақтандыруға, қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге) арналған алдын ала жобалау құжаттамасының, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының жекелеген түрлері бойынша мемлекеттік экологиялық сараптау қорытындыларының тұжырымдары жобалардың мемлекеттік сараптамасының жинақталған қорытындысына енгізіледі және оның міндетті құрамдас бөлігі болып табылады".

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады